Директорлар кеңесінің 2025 жылы атқарған жұмысы

2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі 23 отырыс өткізіп, олардың барысында 254 мәселе қаралды.

Есепті кезеңде ҚМГ Директорлар кеңесі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды басқару, тұрақты даму, ішкі аудит пен тәуекелдерді басқару мәселелеріне, менеджменттің негізгі тиімділік көрсеткіштерін әзірлеуге, сондай‑ақ қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл‑ ауқатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі негізгі тәуекелдер туралы ақпаратты тұрақты түрде алып отырды, олардың Компания стратегиясы мен бизнес‑жоспарларына ықпалын талдап, тиісті шаралар қабылдады. Сонымен қатар Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің өзі айқындаған қағидаттар мен тәсілдерге сәйкес ұйымдастырылғанына және оның қойылған міндеттерге сай тиімді жұмыс істейтініне көз жеткізіп отырды.

Комитеттер бөлінісінде:

  • Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитеті (ТжСК) – 16 отырыс, 100 мәселе;
  • Директорлар кеңесінің Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеті (СПБК) – 12 отырыс, 122 мәселе;
  • Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған орта және тұрақты даму жөніндегі комитеті (ҚЕҚҚОҚ және ТДК) – 9 отырыс, 61 мәселе;
  • Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті (АК) – 19 отырыс, 168 мәселе.
Қаралған мәселелер саны
Отырыстар саны
2025 жылы Директорлар кеңесі қараған мәселелер, санаттар бойынша
Есептер
  • ҚМГ Басқарма төрағасының ҚМГ қызметіндегі негізгі өзгерістер туралы есебі (оның ішінде ҚМГ‑дағы еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері және ҚМГ‑ның қаржы‑шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы ақпарат)
  • 2024 жыл және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларын іске асыру мониторингі туралы есеп, ҚМГ компаниялар тобының инвестициялық жобаларын іске асыру мәртебесі туралы ақпарат
  • ҚМГ Директорлар кеңесі комитеттері төрағаларының есептері
  • 2024 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметі туралы есептер
  • KMG International N.V. және KazMunayGas Trading AG компанияларының қаржылық жағдайы туралы ақпарат
  • ҚМГ Басқармасы шешім қабылдаған мүдделілік бар мәмілелер туралы есеп
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімдері мен тапсырмаларының орындалуы және ҚМГ Директорлар кеңесімен өзара іс‑қимыл тәртібі туралы есеп
  • Мемлекеттік стратегиядағы немесе саясаттағы өзгерістер туралы ақпарат
  • ҚМГ‑ның 2024–2028 жылдарға арналған шоғырландырылған даму жоспарын іске асыру туралы 2024 жылғы есеп
  • ҚМГ компаниялар тобының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп
  • ҚМГ тәуекелдері мен қаржылық тәуекелдері бойынша тоқсан сайынғы есеп.
Стратегиялық мәселелер
  • Жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру
  • ҚМГ‑ның компанияларды құруға қатысуы
  • ҚМГ‑ның 2024 жылға арналған аудиттелген шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту
  • ҚМГ‑ның корпоративтік негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) және олардың нысаналы мәндерін бекіту
  • ҚМГ‑ның басшы қызметкерлеріне арналған мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері карталарын және олардың нысаналы мәндерін бекіту
  • ҚМГ орталық аппаратының құрылымын бекіту
  • ҚМГ‑ның 2022–2031 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру туралы 2024 жыл және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері
  • ҚМГ‑ның мұнай сатып алу және мұнай өнімдерін сатып алу‑сату жөніндегі мәмілелерді жасасуы
  • ҚМГ облигацияларын шығару және олардың шығарылым шарттарын айқындау
  • ҚМГ‑ның облигациялық қарыздар беруі
  • Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ кепілдіктерін ұсыну
  • 2047 және 2048 жылдары өтеуге жататын орта мерзімді жаһандық ноталарды мерзімінен бұрын өтеу (қайта сатып алу) және олардың мерзімінен бұрын өтеу (қайта сатып алу) бағасын айқындау
  • ҚМГ‑ның 2024 жылғы таза кірісін бөлу тәртібі және ҚМГ‑ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін айқындау
  • ҚМГ‑ның стратегиялық емес активтерін шығару жөніндегі жол карталарын бекіту және ҚМГ‑ның стратегиялық емес активтерінің тізбесін бекіту
  • ҚМГ‑ның 2022–2031 жылдарға арналған даму стратегиясының өзектілігін қарау
  • ҚМГ‑ның 2026–2030 жылдарға арналған шоғырландырылған даму жоспарын (бизнес‑жоспарын) бекіту.
Корпоративтік басқару мәселелері
  • ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналыстарын шақыру
  • Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің жұмыс жоспарын, сондай‑ақ Директорлар кеңесі мен оның комитеттері отырыстарының кестесін бекіту
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің аға тәуелсіз директорын сайлау
  • ҚМГ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамын айқындау
  • ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің кәсіби даму бағдарламасын бекіту
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің ҚМГ Басқармасымен бірлесіп, қызметкерлермен кездесулер өткізу және ҚМГ‑ның негізгі өндірістік нысандарына бару мерзімдерін белгілеу
  • ҚМГ‑ның 2024–2025 жылдарға арналған корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс‑шаралар жоспарының орындалу мәртебесі
  • ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің корпоративтік басқару мәселелері бойынша оқытуға деген қажеттілігі (халықаралық және/немесе ұлттық стандарттар бойынша сертификат алу мақсатында)
  • 2024 жылы ҚМГ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштері және оларды қарау нәтижелері
  • ҚМГ‑ның 2024 жылға арналған жылдық есебін бекіту
  • ҚМГ‑ның 2024 жылға арналған орнықты даму жөніндегі есебін бекіту
  • ҚМГ Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдау
  • ҚМГ‑дағы тұрақты даму жүйесі және төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру мәртебесі
  • ҚМГ компаниялар тобы мен мердігер ұйымдарда өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру, жарақаттанудың алдын алу және оны азайту, сондай‑ақ ҚМГ‑ның корпоративтік талаптары мен стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар
  • ҚМГ‑ның тәуекел‑тәбетін және толеранттылық деңгейлерін, тәуекелдер картасын, тәуекелдер тізілімін, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс‑шаралар жоспарын және негізгі тәуекел көрсеткіштерін бекіту
  • 2026 жылға арналған ҚМГ‑ның контрагент‑банктер бойынша ішкі лимиттерін белгілеу.
Мәмілелер жасасу мәселелері
  • Мүдделілік бар мәмілелерді жасасу
  • Құны тиісті кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамына (базалық сценарий) сәйкес айқындалатын бағам бойынша теңгемен 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ долларына баламалы шектен асатын мүлікті ҚМГ‑ның иеліктен шығаруына (немесе шығару мүмкіндігіне) әкелетін мәмілелерді келісу.
Еншілес және тәуелді ұйымдар мәселелері
  • Еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) байқау кеңестері / директорлар кеңестері мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін тоқтату
  • ЕТҰ‑ның жаңа компанияларды құруға қатысуы
  • ЕТҰ жарғылық капиталдарының мөлшерін өзгерту және олардың жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС‑нің корпоративтік қызметтің басты көрсеткіштерін (KPI) келісу
  • ЕТҰ‑дағы қатысу үлестерін иеліктен шығару
  • ЕТҰ‑ға қарыз беру
  • «ҚазТрансОйл» АҚ қызметі туралы есеп
  • «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС қызметі туралы есеп
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметі туралы ақпарат
  • KMG International N.V. қызметі туралы ақпарат
  • Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде ЕТҰ мәмілелерін жасасуды келісу, сондай‑ақ құны тиісті кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамына (базалық сценарий) сәйкес айқындалатын бағам бойынша теңгемен 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ долларына баламалы шектен асатын мүлікті ЕТҰ‑ның иеліктен шығаруына (немесе шығару мүмкіндігіне) әкелетін мәмілелерді келісу.
Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту
  • ҚМГ‑ның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда мақұлдау
  • ҚМГ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережесін жаңа редакцияда мақұлдау
  • ҚМГ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдау
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасының, мүшелерінің және корпоративтік хатшысының қызметін бағалау туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • ҚМГ Іскерлік әдеп кодексін жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ‑ның Адам құқықтары саласындағы саясатын бекіту
  • ҚМГ және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі саясатын жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ‑ның аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатын жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің 2026–2028 жылдарға арналған қызмет стратегиясын бекіту
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ Комплаенс қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ‑да ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ‑ның Ақтау қаласындағы өкілдігі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарында үшінші тұлғаларды комплаенс‑тексеру қағидаларын бекіту
  • ҚМГ басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қағидаларын жаңа редакцияда бекіту және ҚМГ Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақы мөлшерін айқындау
  • ҚМГ‑дағы CEO‑1 лауазымдарына кандидаттарды іздеу және іріктеу қағидаларын жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ компаниялар тобына кіретін заңды тұлғалардың атқарушы органдары басшыларын іздеу және іріктеу, тағайындауды (сайлауды) келісу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту
  • ҚМГ ішкі аудит, корпоративтік хатшы, комплаенс және омбудсмен қызметтері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қағидаларын, сондай‑ақ аталған қызметтердің лауазымдық жалақы схемаларын жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ ішкі аудит, корпоративтік хатшы, комплаенс және омбудсмен қызметтері қызметкерлерін бағалау қағидаларын бекіту
  • ҚМГ ішкі аудит, комплаенс, корпоративтік хатшы және омбудсмен қызметтеріне персоналды қабылдау және бейімдеу қағидаларын бекіту
  • ҚМГ‑да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл жөніндегі нұсқаулықты бекіту.
Кадрлық мәселелер және сыйақы
  • ҚМГ Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің лауазымдарын бағалауды бекіту
  • ҚМГ Басқарма мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және оларды сайлау, сондай‑ақ Басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақы мөлшерін, еңбекақы төлеу шарттарын, сыйақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын айқындау
  • 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша ҚМГ басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы мәселені қарау
  • ҚМГ Басқарма мүшесіне тәртіптік жаза қолдану.
Директорлар кеңесі бөлімшелерінің мәселелері
  • ҚМГ Комплаенс қызметінің, Ішкі аудит қызметінің және Омбудсмен қызметінің есептері
  • ҚМГ Комплаенс қызметі мен Омбудсмен қызметінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарларын бекіту
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған жылдық аудит жоспарын бекіту
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің, Комплаенс қызметінің, Корпоративтік хатшы қызметінің және Омбудсмен – ҚМГ Омбудсмен қызметінің басшысы лауазымдарының бағалауын бекіту
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлерінің өкілеттіктерін тоқтату және оларды тағайындау, сондай‑ақ олардың лауазымдық жалақы мөлшерін, еңбекақы төлеу шарттарын, сыйақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын айқындау
  • ҚМГ Комплаенс қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін тоқтату және оларды тағайындау, сондай‑ақ олардың лауазымдық жалақы мөлшерін, еңбекақы төлеу шарттарын, сыйақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын айқындау
  • ҚМГ Корпоративтік хатшы қызметінің қызметкерінің өкілеттіктерін тоқтату
  • ҚМГ омбудсменінің қызмет нәтижелерін бағалау және ҚМГ омбудсменін қайта сайлау (ҚМГ Омбудсмен қызметінің басшысы – қолданыстағы омбудсменнің өкілеттіктерін ұзарту туралы шешім қабылдау арқылы)
  • 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша ҚМГ Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі басшыларына, корпоративтік хатшыға және омбудсменге төленетін сыйақы мөлшерін айқындау.

Есепті жыл ішінде ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына ҚМГ қызметінің аса маңызды проблемаларына байланысты мәселелер шығарылды. ҚМГ Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралған осындай проблемалардың қатарына: санкциялық тәуекелдер (атап айтқанда, «Қаламқас‑теңіз – Хазар» жобасына қатысты), өндірістік жарақат алу тәуекелдері (оның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ‑дағы жағдай), ірі инвестициялық жобалардың («ПМХЗ» ЖШС) құнын ұлғайту және мерзімдерін бұзу тәуекелдері кірді, сондай‑АҚ KMG International N. V.‑ге салық талаптарына байланысты мәселелер 2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі барлығы 254 мәселені қарады, оның басым бөлігі (шамамен 10‑15) аталған маңызды мәселелер бойынша шешімдерді іздеу мен талдауға тікелей арналды.

2025 жылғы стратегиялық сессия

2025 жылғы 2 шілдеде ҚМГ Директорлар кеңесінің кесте бойынша жоспарланған отырысы өткізілді. ҚМГ Директорлар кеңесінің бұл отырысы ҚМГ Директорлар кеңесінің, ҚМГ Басқармасының төрағасы мен мүшелерінің, сондай‑ақ энергетикалық нарықтар мен стратегиялық консалтинг саласындағы шақырылған сыртқы халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткізілді.

Сессияда қаралған басты бағыттар мен тақырыптар:

  1. Сыртқы орта мен жаһандық трендтерді талдау. Негізгі баяндамаларды шақырылған сарапшылар – «S&P Global Commodity Insights» компаниясының «Upstream Energy» тобының вице‑президенті және бас стратегі Боб Фриклунд және «Rystad Energy» компаниясының Лондон кеңсесінің директоры Саймон Шьотун баяндады. Пікірталас барысында геосаяси жағдайдың әлемдік энергетикалық нарықтарға әсері, мұнай мен газға сұраныс пен бағаның болжамдары, капиталды бөлу және декарбонизация саласындағы жетекші әлемдік мұнай‑газ компанияларының стратегиялары, сондай‑ақ саланы трансформациялаудағы жасанды интеллектінің рөлі мен әлеуеті мәселелері қаралды.
  2. Қолданыстағы Стратегияның өзектілігі. ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері мен менеджменті мұнай‑газ‑химия бизнесіне кіруді, газ тасымалдау активін бөлуді, сондай‑ақ энергетикалық ауысуға жаһандық трендті қоса алғанда, 2021 жылдан бері орын алған сыртқы және ішкі ортадағы өзгерістер контексінде компанияның ағымдағы стратегиялық бағытына жан‑жақты талдау жүргізді.
  3. Стратегияны басты бағыттар бойынша іске асырудың жай‑күйі:
  • Ірі мұнай‑газ жобалары: «Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» кен орындарындағы жобалардың ағымдағы жай‑күйі мен перспективалары егжей‑тегжейлі қаралды.
  • Мұнай‑газ химиясы: «Полиэтилен», «Газ сепарациялау кешені», «Карбамид» және «Полиэтилентерефталат» жобаларының іске асырылу барысы туралы ақпарат тыңдалды. EPC‑келісімшарттар жасасу мерзімдеріне, стратегиялық серіктестерді тартуға және Қазақстанда полимерлік өнімдерді өткізу нарығын дамытуға ерекше назар аударылды.
  • Қаржылық тұрақтылық: компанияның борыштық жүктемесінің динамикасы және алдағы ауқымды инвестициялық бағдарлама контекстіндегі «таза қарыз / EBITDA» коэффициентінің болжамды мәндері талданды.
  • Цифрландыру және жасанды интеллект: өндірісті оңтайландыру («Су айдау тәсілін басқару»), жабдықты болжамды талдау, қауіпсіздікті бақылау («TUMAR» автоматтандырылған интеллектуалды жүйесі) және бизнес‑процестердің тиімділігін арттыру (ЖИ‑ассистенттер) жүйелерін қоса алғанда, жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша жобалар портфелі ұсынылған.

Сессия қорытындысы бойынша әзірленген негізгі ұсынымдар мен шешімдер:

  1. Стратегияның өзектілігі расталды.
  2. ҚМГ менеджментіне:
  • компанияның қаржылық тұрақтылығын бақылауды күшейту бойынша;
  • жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша;
  • мұнай‑газ‑химиясы жобалары бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.

Стратегиялық сессияның қорытындылары мен тапсырмалары инвестициялық жобалардың Жол карталарын жаңарту кезінде, сондай‑ақ 2026 жылға арналған ҚМГ бюджетін жасау процесінде ескерілді.

Директорлар кеңесінің тұрақты даму мәселелеріне арналған отырысы

2025 жылғы 4 желтоқсанда ҚМГ Директорлар кеңесінің жоспарлы отырысы аясында тұрақты даму мәселелері қаралды, оның ішінде:

  • ҚМГ‑дағы тұрақты даму жүйесі және төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асырудың ағымдағы жай‑күйі;
  • ҚМГ компаниялар тобы мен мердігер ұйымдарда өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру, жарақат алуды алдын алу және оны азайту, сондай‑ақ ҚМГ‑ның корпоративтік талаптары мен стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан шаралар.

Компанияның негізгі мәселелерінің іске асырылуын бақылау

ҚМГ‑ның стратегиялық бастамаларын бақылауды қамтамасыз ету, уақытылы түзету шараларын қабылдау, сондай‑ақ маңызды мәселелер бойынша ақпарат алу мақсатында 2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі тұрақты түрде төменде көрсетілген есептер мен ақпараттарды тыңдап, қарады:

  • ҚМГ Басқарма төрағасының Компания қызметіндегі негізгі өзгерістер туралы есептері;
  • еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ақпарат;
  • қаржы‑шаруашылық қызметінің алдын ала нәтижелері туралы есептер;
  • ҚМГ Басқармасы шешім қабылдаған мүдделілік бар мәмілелер туралы есептер;
  • Стратегияны, негізгі тиімділік көрсеткіштерін және инвестициялық жобаларды іске асыру мәртебесіне шолулар;
  • ҚМГ‑ның шоғырландырылған даму жоспарын іске асыру туралы есеп;
  • ҚМГ компаниялар тобының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептер;
  • ҚМГ‑ның негізгі тәуекелдері мен қаржылық тәуекелдері бойынша есептер;
  • ҚМГ Директорлар кеңесі комитеттері төрағаларының есептері;
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің тапсырмалары мен шешімдерінің орындалуы туралы есептер және Директорлар кеңесімен өзара іс‑қимыл тәртібі туралы ақпарат;
  • ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің қызметі туралы есептер.

ҚМГ корпоративтік басқару саласындағы үздік тәжірибелерге сәйкес болуға ұмтылады және жоғары корпоративтік басқару стандарттары мен ашықтық Компанияның инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тиімділігін арттырудың маңызды факторлары екенін түсінеді. Бұл өз кезегінде әлеуетті инвесторлар, контрагенттер және өзге де стейкхолдерлердің сенімін нығайтуға, Компания ресурстарын тиімсіз пайдаланумен байланысты тәуекелдерді азайтуға, оның құнын арттыруға және жалпы әл‑ауқаттың өсуіне ықпал етеді. Осыған байланысты 2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі Компаниядағы корпоративтік басқару тәжірибесінің тиімділігіне бақылау жүргізді.

Компания Жарғысына сәйкес, ҚМГ Директорлар кеңесі – ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысына есеп беретін басқару органы. Ол ҚМГ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және алқалы атқарушы орган – ҚМГ Басқармасының қызметін бақылауды қамтамасыз етеді. Осылайша, Директорлар кеңесі мен ҚМГ Басқармасы арасындағы өзара іс‑қимылдың нақты белгіленген тәртібі және тұрақты түрде өткізілетін отырыстар арқылы ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері Компанияның ірі акционерлерінің ұстанымы туралы уақтылы хабардар болып отырады.

Осылайша, 2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі Компания қызметінің негізгі мәселелерін қарауға белсенді қатысты. Атап айтқанда, Компания үшін маңызды шешімдерді жедел қабылдау, сондай‑ақ ҚМГ менеджментіне Компанияда іске асырылып жатқан процестер мен жобалардың тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар мен ұсынымдар беру арқылы өз функцияларын жүзеге асырды.

Директорлар кеңесі мүшелерінің 2025 жылы Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің отырыстарына қатысуы Бірінші сан Директорлар кеңесі мүшесі қатысқан отырыстардың санын, екінші сан – Директорлар кеңесі мүшесі қатыса алатын отырыстардың жалпы санын көрсетеді.
Директорлар кеңесінің мүшелері 2025 жылғы отырыстар
Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған орта және тұрақты даму жөніндегі комитеті
Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы2025 жылғы 27 наурыздан бастап ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. 4/4
Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы, Төраға2025 жылғы 5 мамырда ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 16/16
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы 23/23 12/12 9/9
Отыншиев Елжас Мұратұлы 21/23 0/12
Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы 23/23 15/16 12/12 9/9
Холланд Филип Малкольм 23/23 19/19 16/16 10/12
Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы 23/23 19/19 12/12 9/9
Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы 23/23 19/19 16/16 12/12
Шәкіров Асқар Оразалыұлы 23/23 16/16 12/12
Хасенов Асхат Ғалымұлы 20/23
2025 жылы Директорлар кеңесі отырыстарына Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуы
Директорлар кеңесі отырысының күні мен нөмері 1/2025 ‑ 11.02.2025 2/2025 ‑ 13.02.2025 3/2025 ‑ 05.03.2025 4/2025 ‑ 19.03.2025 5/2025 ‑ 03‑04.04.2025 6/2025 ‑ 10‑11.04.2025 7/2025 ‑ 24.04.2025 8/2025 ‑ 26.05.2025 9/2025 ‑ 26‑27.05.2025 10/2025 ‑ 18.06.2025 11/2025 ‑ 23.06.2025 12/2025 ‑ 02.07.2025 13/2025 ‑ 30.07.2025 14/2025 ‑ 05.08.2025 15/2025 ‑ 10.09.2025 16/2025 ‑ 08.10.2025 17/2025 ‑ 16.10.2025 18/2025 ‑ 05‑06.11.2025 19/2025 ‑ 21.11.2025 20/2025 ‑ 29.1101.12.2025 21/2025 ‑ 04.12.2025 22/2025 ‑ 18‑19.12.2025 23/2025 ‑ 26.12.2025 Қатысу үлесі, %
Директорлар кеңесінің мүшесі
Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы2025 жылғы 27 наурыздан бастап ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. + + + + 100
Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы, Төраға2025 жылғы 5 мамырда ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Отыншиев Елжас Мұратұлы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 91
Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Холланд Филип Малкольм + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Шәкіров Асқар Оразалыұлы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Хасенов Асхат Ғалымұлы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 87