Компания туралы
ҚМГ бүгін
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — Қазақстан Республикасының вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай‑газ компаниясы.
Компания 2002 жылы құрылған, мұнай‑газ саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға атсалысады, сондай‑ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттарға үлестік қатысу арқылы мемлекеттің мүддесін қорғайды.
ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады.
- мұнай өндіру бойынша
- мұнай тасымалдау бойынша
- мұнай өңдеу бойынша
ҚМГ Қазақстанның ірі жұмыс берушілерінің қатарына жатады және 52 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтып отыр
Акционерлер
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акционерлері – «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Қор, «Самұрық‑Қазына» АҚ) — 67,42 %, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – 20 %, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – 9,58 %, Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – KASE) мен Astana International Exchange‑де (AIX) еркін айналымдағы акциялар саны – 3 %. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі акциялар «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына берілген.
«Самұрық‑Қазына» АҚ – Қор тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді бағасын (құндылығын) арттыру және Қор тобының активтерін тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл‑ауқатын арттыруға бағытталған дербес қор.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – қаржы саласында басшылық ететін мемлекеттің орталық атқарушы орган. Сонымен қатар заңнамада көзделген шегінде өзінің құзыретіне жататын салааралық үйлестiруді жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық Банкі – Қазақстан Республикасының орталық банкі және еліміздегі банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.

