Басқарма
Басқарма құрамы
2025 жылғы 31 желтоқсандағы Басқарма құрамы
2025 жылға арналған Жылдық есепті бекіту кезіндегі Басқарма құрамы
Басқарма мүшелерінің өмірбаяндары
Туған күні: 1983 жыл 13 қазан.
Білімі
- Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мамандығы «мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау»
- Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті, мамандығы «менеджмент».
Жұмыс тәжірибесі
- Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ (Қызылорда қаласы) мұнай және газ өндіру цехының 3‑разрядтағы операторы болып бастаған.
- 2006 жылдан 2010 жылға дейін «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан вице‑президент қызметіне дейінгі жолдардан өтті.
- 2010 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бас маманы, басшысы қызметтерін атқарды.
- 2011‑2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай‑газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы.
- 2014 жылдан 2019 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мұнай‑химиясы және техникалық реттеу департаментінің және Мұнай‑газ‑химия өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры.
- 2019 жылдан 2022 жылға дейін – «Ойл Проект Сервис» ЖШС Басқарушы директоры, «KLPE» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары.
- 2022 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика вице‑министрі болды. Бұл лауазымда жер қойнауын пайдалану және мұнай‑газ химиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті, сонымен бірге Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияны басқарды.
- 2024 жылдың мамыр айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ-ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәмілелер жасамаған.
Туған күні: 1965 жыл 11 мамыр.
Білімі
- В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, мамандығы «тау‑кен инженер‑геологы»
- Геология‑минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар
Жұмыс тәжірибесі
- Еңбек жолын 1985 жылы «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының (РИТС‑2) оператор‑коллекторы болып бастады.
- 1985‑1993 жылдары «Ембімұнай» ӨБ №1 терең барлау бұрғылау экспедициясының инженер‑геологы, операторы, геологы болып жұмыс істеді.
- 1993 жылдан 1995 жылға дейін — 2‑санатты геолог, «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасының ЦИТС жетекші геологы болып жұмыс жасады.
- 1995 жылдан 2003 жылға дейін — «Қазақойл‑Ембі» ААҚ мұнай алуды ұлғайту және ұңғымаларды күрделі жөндеу басқармасы бас геолог‑директорының орынбасары.
- 2003 жылдан 2004 жылға дейін — «Ембімұнайгаз» ААҚ Геология және мұнай‑газ кен орындарын игеру департаментінің директоры.
- 2004 жылдан бастап Өндірістік‑техникалық сараптама департаменті директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Геология және әзірлеу департаменті директорының орынбасары, директоры, Мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директоры, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, операциялық емес активтер жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және перспективті жобалар жөніндегі орынбасары –бас геолог.
- 2015 жылдан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз «Барлау және Өндіру» АҚ, Ақтау қаласындағы «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ өкілдігі, «Kalamkas — Khazar Operating» ЖШС түрлі лауазымдарды атқарды.
- 2024 жылғы 17 мамырдан қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
- Әл‑Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Құрмет» орденімен, «ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы» және «Мұнай‑газ саласының еңбек сіңірген қайраткері» төсбелгілерімен марапатталған.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
Туған күні: 1976 жыл 16 тамыз.
Білімі
- Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мамандығы «өндірісті басқару және ұйымдастыру», «мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану»
Жұмыс тәжірибесі
- 1999‑2000 жылдары — «Өзенмұнайгаз» ААҚ, №1 мұнай‑газ өндіру басқармасында ҰКЖ операторының көмекшісі, ҰКЖ цехының нормалаушысы, бірінші санатты инженер‑экономист.
- 2000‑2002 жылдары — «Өзенмұнайгаз» өндірістік басқармасының жетекші инженер‑экономист, жоспарлау, еңбек және жалақы бөлімінің бастығы.
- 2003‑2004 жылдары — «Өзенмұнайгаз» ААҚ активтерді басқару бөлімінің бастығы, бақылау сараптама департаменті директорының орынбасары, бақылау‑сараптама департаментінің директоры.
- 2004‑2005 жылдары — «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ‑ның филиалы – «Өзенмұнайгаз» өндірістік басқармасында қаржы департаментінің директоры.
- 2005‑2007 жылдары — «ШИНЖИР ЖШС директоры.
- 2007‑2008 жылдары — «АРНАОЙЛ» ЖШС‑де өкілдік басшысының бірінші орынбасары.
- 2008‑2009 жылдары — «Матин» БК» ЖШС бас директоры.
- 2009‑2016 жылдары — «Каспий мұнай» АҚ бас директоры, Басқарма төрағасы.
- 2016‑2017 жылдары — «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
- 2017‑2018 жылдары — «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры.
- 2018‑2020 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі.
- 2020‑2021 жылдары — «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ бас директорының ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі орынбасары, Басқарма төрағасының геологиялық барлау және өндіру жөніндегі орынбасары.
- 2020‑2022 жылдары — «Отан Газ» ЖШС бас директоры қызметін қатар атқарды.
- 2024 жылы — «ЕМГ Стройсервис» ЖШС директорының кеңесшісі.
- 2024 жылғы қыркүйектен бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
Туған күні: 1987 жыл 7 сәуір.
Білімі
- Қазақстан‑Британ техникалық университеті, мамандығы «мұнай және газ орындарын игеру».
- 2010 жылы Турин политехникалық университетінің (Италия) магистратурасын бітіріп, мұнай инженериясы саласының ғылым магистрі дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі
- Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы NADLoC жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінде бастады.
- 2011‑2013 жылдары «Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (Аджип ККО) инженері болды.
- «Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (Аджип ККО).
- 2013‑2024 жылдары «PSA» ЖШС‑да әртүрлі қызмет атқарды: менеджер, бас менеджер, техникалық департамент директоры, Солтүстік Каспий жобасы бойынша бас менеджер (Басқарма мүшесі).
- 2024 жылы шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
- Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай‑ақ «Мұнай‑газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
Туған күні: 1981 жыл 24 наурыз.
Білімі
- Халықаралық бизнес университеті – «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы
- «Сколково» Мәскеу басқару мектебі– «Іскерлік басқару шебері (MBA)»
Жұмыс тәжірибесі
- Кәсіби мансабын 2000 жылы «ҚазТрансОйл» ҰТКН АҚ әкімшілік департаментінің маманы қызметінен бастаған.
- 2002 жылы «ҚазМұнай Газ» ҰК АҚ активтерді басқару департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.
- 2003‑2005 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ активтерді басқару департаментінің бас менеджері болды, бұдан әрі активтерді басқару директорының орынбасары болып тағайындалды.
- 2005‑2021 жылдары «M&ЅЕ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2010‑2013 жылдары «Отан» ЖЗҚ АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор), 2010‑2013 жылдары «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы»АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болды.
- 2014‑2017 жылдары «Оптима Банк» ААҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) болып сайланды.
- 2016 – 2020 жылдары «Қазақстан Шахмат федерациясы» РҚБ вице‑президенті қызметін атқарды.
- 2020‑2022 жылдары «Бөген Холдинг» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы.
- 2023‑2025 жылдары «Қазтрансойл»АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (Тәуелсіз директор) болды.
- 2025 жылдың сәуір айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
Туған күні: 1976 жыл 16 шілде.
Білімі
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы «халықаралық валюта‑қаржы қатынастары»
- Данди университеті (Шотландия), мамандығы «мұнай және газ экономикасы»
Жұмыс тәжірибесі
- 1999–2009 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ‑да стратегиялық жоспарлау департаментінің маманы, жобаларды басқару департаментінің менеджері, бас менеджер, директордың орынбасары, кейін көліктік логистика департаментінің директоры, перспективалық даму департаментінің директоры, бас директордың даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
- 2009–2011 жылдары – «ҚМГ‑Транскаспий» ЖШС бас директорының орынбасары, бас директоры.
- 2012–2016 жылдары – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының кеңесшісі, өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, бас директордың даму жөніндегі орынбасары және активтер жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
- 2016–2018 жылдары – «KMG Systems & Services» ЖШС бас директорының кеңесшісі.
- 2018 жылдан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау департаментінің директоры, мұнай тасымалдау басқармасының бастығы.
- 2022 жылдың мамыр айынан бастап – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбырын салу жөніндегі орынбасары.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
Туған күні: 1979 жыл 20 наурыз.
Білімі
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «халықаралық валюта‑қаржы қатынастары» мамандығы (үздік тәмамдаған)
- Йокогама ұлттық университетінің (Жапония) МВА дәрежесі
- London Business School (Ұлыбритания), «корпоративтік қаржыландыру» мамандығы
Жұмыс тәжірибесі
- Кәсіби мансабын 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және бақылау басқармасының жетекші экономисі қызметінен бастаған.
- 2004‑2005 жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкінің банк мәселелері жөніндегі ассистенті болып жұмыс істеді.
- 2006 ‑ 2007 жылдары — Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің энергетика саласындағы жобалардың үйлестірушісі.
- 2007 – 2012 жылдары «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ компаниясында түрлі лауазымдарды атқарды: корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, директоры, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.
- 2012 ‑ 2016 жылдары ‑ «KMG Drilling&Services» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, қаржы директоры.
- 2016 – 2023 жылдары «PSA» ЖШС мұнай‑газ операциялары шоттарына ревизия жүргізу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
- 2023 жылы сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
Туған күні: 1972 жыл 28 қараша.
Білімі
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы, мамандығы «отын‑энергетика салаларындағы экономика және басқару»
Жұмыс тәжірибесі
- 1994 жылдан бастап 1998 жылға дейін «Теңізмұнайгаз» АҚ‑да экономист, 2‑санаттағы экономист, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
- 1998‑2001 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде түрлі қызметтер атқарды: Салық және тариф саясаты департаментінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, директордың орынбасары, Мемлекеттік активтерді басқару департаменті директорының орынбасары.
- 2001 жылғы ақпаннан 2001 жылғы қазанға дейін — «Қазақойл» ЖАҚ бас менеджері.
- 2001‑2002 жылдары — «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ директорының орынбасары.
- 2002‑2004 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ департамент директорының орынбасары, директор.
- 2004‑2006 жылдары — «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары.
- 2006‑2008 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ тың БК‑да үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директор.
- 2008‑2010 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице‑министрі.
- 2010‑2011 жылдары — ҚР Мұнай және газ вице‑министрі.
- 2011‑2012 жылдары — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры.
- 2012‑2016 жылдары — «KAZENERGY» ЗТБ бас директоры
- 2016‑2017 жылдары — ҚР Энергетика вице‑министрі.
- 2017‑2019 жылдары — «KAZENERGY» ЗТБ бас директоры.
- 2019‑2023 жылдары — ҚР Энергетика вице‑министрі.
- 2023‑2024 жылдары — ҚР Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
- 2024 жылы — «Мұнай‑газ машиналарын жасауды дамытудың халықаралық орталығының» бас директоры.
- 2024 жылғы қыркүйектен бастап ‑ «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
Туған күні: 1980 жыл 28 қазан.
Білімі
- Қарағанды бизнес, басқару және құқық университеті, мамандығы «құқықтану», біліктілігі «заңгер»
- Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы «қаржы және кредит»
- И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Халықаралық бизнес мектебі, «мұнай‑газ бизнесін басқару» МВА, «іскерлік әкімшілеу магистрі»
- Ресей Федерациясының президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, мамандығы «салық құқығы және салық салу»
Жұмыс тәжірибесі
- Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шағым‑талап жұмысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
- 2002 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің бас маманы, талап‑арыз жұмысы бөлімінің бастығы, халықаралық салық салу басқармасы бастығының орынбасары, заң басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.
- 2008 жылдан 2020 жылға дейін — Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған басқармасының басшысы.
- 2020‑2021 жылдары «BTS Digital Ventures Fund» ЖМ салық мәселелері бойынша сарапшы қызметін атқарды.
- 2021‑2022 жылдары — «KAZENERGY» мұнай‑газ және энергетика ұйымдары ЗТБ фискалдық реттеу департаментінің атқарушы директоры.
- 2022‑2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры.
- 2024‑2025 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бизнес‑серіктесі.
- 2025 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.