Сабақтастық, лауазымға кіріспе және біліктілікті арттыру
Компанияда ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету саясаты әзірленіп, бекітілген. Бұл құжат білім, дағдылар, тәжірибе және мінез‑құлықтың тиісті жиынтығына сүйене отырып, объективті әрі тәуелсіз пайым жасауға және ҚМГ мен оның стейкхолдерлерінің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін салмақты шешімдер қабылдауға қабілетті Директорлар кеңесінің кәсіби әрі тиімді құрамын қалыптастыруға, сақтауға және дамытуға бағытталған негізгі қағидаттар мен рәсімдерді айқындайды.
ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары мыналарды қамтиды:
- Теңгерімділік қағидаты: ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамы білімі, дағдылары және тәжірибесі жеткілікті адамдардан қалыптастырылады. Бұл Директорлар кеңесіне жүктелген негізгі міндеттерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді, соның ішінде:
- ҚМГ‑ның стратегиялық басқаруын қамтамасыз ету;
- тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін айқындау;
- компанияның Жарғысына сәйкес ҚМГ Директорлар кеңесінің құзыретіне сәйкес Басқарма қызметін бақылау;
- ҚМГ қызметіне жалпы басшылық жасау бойынша өзге де функцияларды іске асыру. ҚМГ қызметінің негізгі мәселелері бойынша жан‑жақты бағалауды жүзеге асыру үшін ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері әртүрлі кәсіптік салаларда жоғары құзыреттілік дәрежесіне ие, сондай‑ақ мұнай‑газ саласы мәселелерінде жеткілікті білімге ие.
- Үнемі жетілу принципі: Өз қызметінің тиімділігін арттыру үшін ҚМГ Директорлар кеңесі (дербес немесе сыртқы сарапшыларды тарта отырып) ҚМГ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің жұмысына жыл сайынғы бағалау жүргізеді. ҚМГ Директорлар кеңесінің жыл сайынғы бағалауы оның құрамын, әртүрлілігі мен тиімділігін, сондай‑ақ ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері мақсаттарға жету үшін бірге жұмыс істейтінін ескереді. Жеке бағалау әр директордың өзінің тиімді үлесін қосуды жалғастыратындығын көрсетеді.
- Жан‑жақтылық қағидаты: ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерін тағайындау және сабақтастық жоспарын қалыптастыру еңбегі мен объективті өлшемдеріне негізделеді. Сонымен қатар гендерлік, әлеуметтік және этникалық тегінің, сондай‑ақ когнитивтік және жеке қасиеттерінің әртүрлілігі ескеріледі.
2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2025–2026 жылдарға арналған сабақтастық жоспарын бекіту жоспарланған болатын. Алайда Директорлар кеңесі мүшелігіне кандидаттар бойынша ұсыныстардың болмауына байланысты бұл мәселе ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына шығарылған жоқ.
ҚМГ‑да 2017 жылы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2019 және 2020 жылдары енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін лауазымға енгізу бағдарламасы (бұдан әрі‑бағдарлама) қолданылады. ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен 2020 жылғы маусымда бағдарлама компанияның функционалдық блоктарының басшыларымен, сондай‑ақ Директорлар кеңесі комитеттерінің төрағаларымен кездесулер өткізу қажеттілігі туралы тармақпен толықтырылды
Корпоративтік хатшы бағдарламаның орындалуына, яғни ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің өзі көздеген барлық іс‑шараларға нақты қатысуына мониторингті жүзеге асырады. Бағдарлама шеңберінде құжаттарды өзектендіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
2025 жылы бағдарламаға сәйкес лауазымға енгізу рәсімінен ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған төрағасы Н.Қ. Жақыпов өтті.
ҚМГ‑да Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі саясат қолданылады.
ҚМГ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 26–27 мамырдағы шешімімен (№ 9/2025 хаттама, № 4 мәселе) ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2025–2026 жылдарға арналған кәсіби даму бағдарламасы бекітілді. Директорлар кеңесінің мүшелері өз біліктілігін тұрақты түрде жетілдіріп отырады және өткен оқыту бағдарламалары мен тренингтер туралы ақпарат ұсынады. Бұл мәліметтер Компанияның ресми веб‑сайтында жарияланады.