Мұнай‑газ химиясы

Полипропилен өндірісі (KPI)

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) — 2022 жылы Атырау облысында пайдалануға берілген Қазақстандағы алғашқы және жалғыз интеграцияланған газ‑химия кешенінің операторы. Жоба саланың жетекші ірі компанияларымен ынтымақтастықта жүзеге асырылуда (ҚМГ — 49,5 %, «СИБУР Холдинг» ЖАҚ — 40 %, «Samruk‑Kazyna Ondeu» ЖШС — 9,5 %, «Алмэкс Плюс» фирмасы» ЖШС — 1 %).

2025 жылғы өндірістік көрсеткіштер

Есепті жылы зауыттың операциялық көрсеткіштері айтарлықтай өсім көрсетті.

  • Өндіріс көлемі: 377 мың тонна полипропилен шығарылды.
  • Өнім түрлерін кеңейту: 15 маркалы өнімнің өндірісі игерілді, олардың бесеуі — жаңа марка, бұрын‑соңды кәсіпорында шығарылмаған.
  • Импортты алмастыру: зауыт ішкі нарықтың қажеттіліктерін толығымен жапты, отандық қайта өңдеуші компанияларға 39 мың тонна өнім жеткізілді (нарықтың жалпы көлемі – 58,3 мың тонна).
Экспорттық жеткізілімдер

2025 жылы экспортқа 326 мың тонна жөнелтілді, негізгі өткізу нарықтары – Еуропа, Түркия, Қытай және Ресей. Өнімдер омологациядан сәтті өтті, яғни қауіпсіздік пен сапаның барлық қажетті стандарттарына сәйкестігін растады, сондай‑ақ халықаралық өңдеушілердің сұранысына ие.

Халықаралық тасымалдаушылармен серіктестік

Қытайға, Түркияға және Еуропаға экспорттық маршруттар ұйымдастырылды, бұл жеткізу тізбегінің тұрақтылығын арттырды.

Елдер бойынша полипропиленді жеткізу, тонна
Бағыт 2023 2024 2025
Қазақстан 9 516 22 887 38 810
Қытай 95 598 89 001 82 014
Еуропа 33 297 29 413 110 809
Түркия 11 524 63 756 74 630
Ресей 25 409 44 237 55 335
Барлығы 175 344 249 294 361 598
Ішкі нарыққа ықпалы

2022 жылы KPI зауыты іске қосылып, өнімдері сатыла бастағаннан кейін Қазақстан нарығындағы жергілікті полипропиленнің үлесі 67 % дейін өсті, ал полипропиленнің импорты айтарлықтай төмендеді (8 % дейін).

«Форсаж» бағдарламасы

Бағдарлама аясында қайта өңдеушілерді ынталандыру үшін арнайы коммерциялық жағдайлар жасалды:

  • импортты алмастыратын форсаж — импортты алмастыру үшін өнімді қолдау;
  • экспорттық форсаж — шетел нарықтарында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету;
  • салалық форсаж — құндылығы бар ұсыныстың дәстүрлі ұсыныспен салыстырғандағы артықшылығы;
  • инвестициялық форсаж — инвестициялардың және кредиттік мөлшерлемелерді қолдаудың өтемақысы.
Бағалар динамикасы

2025 жылы Қазақстандағы полипропиленнің орташа бағасы (ҚҚС‑ты қоса алғанда) алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,5 % өсіп, тоннасына 559,6 мың теңгені құрады (2024 жылы — 506,6 мың теңге). Бағаның өсуіне инфляция факторлары мен нарықта сұраныстың артуы ықпал етті.

Логистика және қойма инфрақұрылымы

Логистиканы оңтайландыру:

  • зауыт FCAFCA шарттары бойынша өнімді жеткізу – сатушының тапсыру құжаттарын ресімдеу бойынша барлық қажетті талаптарды орындайтынын және тауарды сатып алушы тағайындаған жүк тасымалдаушыға немесе келісімшартта келісілген жерде және уақытта сенімді тұлғаға беретінін білдіреді. жағдайларында жеткізілімдерді қамтамасыз етті (KPI‑дің Атырау, Алматы және Астанадағы қоймалары);
  • Алматы мен Астана қалаларында қоймалар ашылды, бұл:
    • Қазақстанның оңтүстік аймақтарында сату көлемдерін ұлғайтуға (желтоқсан айындағы өсім — 979 тонна),
    • Қазақстанның солтүстік өңірлерінде сату көлемдерін ұлғайтуға (желтоқсан айындағы өсім — 264 тонна),
    • теміржол инфрақұрылымы жоқ қайта өңдеуші компаниялардың логистикалық шығындарын төмендетуге мүмкіндік берді.

2025 жылы Алматы мен Астанадағы қоймаларға жеткізілген өнім көлемі, сәйкесінше, 6,5 мың тоннаны және 1,4 мың тоннаны құрады.