Басты инвестициялық жобалар

Инвестициялық портфельге шолу

ҚМГ‑ның 2022–2031 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес компания ұзақ мерзімді өсуді, тұрақтылықты және технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық портфельді жүйелі түрде қалыптастыруда. Бүгінде бұл портфель бизнесті әртараптандыруға, өнім түрлерін кеңейтуге, құн тізбегінің тиімділігін арттыруға және ресурстық базаны нығайтуға бағытталған бірқатар жобаларды қамтиды. Портфель дәстүрлі бағыттардағы жобаларды — геологиялық барлау, мұнай тасымалдау және өңдеу бастамаларын — қамтумен қатар, мұнай‑газ химиясы, баламалы энергетика және қолданыстағы активтердің көміртегі ізін азайту сияқты жаңа даму бағыттарын да біріктіреді.

2025 жылдың соңында компания қатысатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 62 499 млрд теңгені құрады, оның ішінде ҚМГ үлесі 22 354 млрд теңгені құрайдыҚМГ‑ның мегажобаларға (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) және бірлескен кәсіпорындарға қатысуын ескере отырып..

ҚМГ ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру және бәсекелестік позицияларды нығайту мақсатында 2025 жылы инвестициялық қызметті белсенді жалғастырды. Есепті жылы жалпы құны 544 млрд теңге болатын жобалар бойынша түпкілікті инвестициялық шешімдер қабылданды, оның 531 млрд теңгесі компания үлесіне тиесілі.

2025 жылы олар бойынша FID қабылданған жобалар, ҚМГ‑ның жобаға қатысу үлесімен
Атауы ҚМГ үлесі Жалпы сомасы (бекітілген), млрд теңге ҚМГ үлесіне құны, млрд теңге
2025 жылы олар бойынша түпкілікті инвестициялық шешімСоңғы инвестициялық шешім. қабылданған жобалар: 544 531
Алғашқы интеграцияланған газ‑химия кешенінің құрылысы. Екінші кезең (Магистраль құбыржолдарын салу (этан, пропан) 100 % 339 339
«ПМХЗ» ЖШС‑нің үш жылдық тоқтаусыз жөндеуаралық кезеңге көшу бағдарламасы 100 % 110 110
«АМӨЗ» ЖШС‑нің үш жылдық тоқтаусыз жөндеуаралық кезеңге көшу бағдарламасы 100 % 37 37
«АМӨЗ» ЖШС‑нің тиімділігін арттыру 100 % 33 33
«ПҚОП» ЖШС‑нің кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге көшу бағдарламасы 50 % 24 12
Инвестициялық жобалардың портфелі
Қызмет бағыты Инвестициялық портфельдің жалпы құны, млрд теңгеҚМГ‑ның мегажобаларға (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) және бірлескен кәсіпорындарға қатысуын ескере отырып. Жобалар бойынша тарихи шығындарды және бағамдық айырмашылықты ескере отырып. Деректер жобаларды одан әрі іске асыруды ескеретін геологиялық барлау жобалары бойынша алдын ала құнын қамтиды. ҚМГ үлесіне тиесілі инвестициялық портфельдің құны, млрд теңге
31.12.2024 31.12.2025 31.12.2024 31.12.2025
Геологиялық барлау және мұнай‑газ өндіру 42 747 52 300 13 216 16 451
ESG жобалар 991 728 363 200
Мұнай тасымалдау 368 411 136 154
Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерінің маркетингі 587 573 501 364
Мұнай химиясы 6 460 8 353 5 063 5 051
Басқалары 117 134 111 134
Барлығы 51 270 62 499 19 390 22 354

Геологиялық барлау және мұнай‑газ өндіру

«Бес учаскеде озық сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын геологиялық зерттеу» жобасы

(ЖГЗ 1.0)

Жоба аясында Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы Мұғалжар, Березовский, Жарқын, Болашақ және Солтүстік өзен учаскелері бойынша жаңа сейсмикалық барлау деректерін өңдеу және түсіндіру жұмыстары аяқталды.

«Үш учаскеде озық сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын геологиялық зерттеу» жобасы

(ЖГЗ 2.0)

2025 жылы Ұлытау және Атырау облыстарындағы Оңтүстік Шу‑Сарысу және Береке учаскелері бойынша далалық сейсмикалық барлау жұмыстары, сондай‑ақ Ақтөбе облысындағы Шығыс учаскесі бойынша сейсмикалық барлаудың тарихи деректерін қайта өңдеу жұмыстары аяқталды.

Қаламқас‑теңіз, Хазар кен орындарын игеру жобасы

2025 жылы негізгі жобалау аяқталды және Қаламқас‑теңіз және Хазар жобасы бойынша іске асырудың келесі кезеңіне өту үшін түпкілікті инвестициялық шешім қабылдау үшін құжаттар пакеті дайындалды.

Қатысушылардың FID‑ті қабылдауы 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған болатын. Алайда, 2025 жылғы қарашадан бастап «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ‑қа қатысты енгізілген санкциялық шектеулер елеулі құқықтық, қаржылық және операциялық қиындықтар туғызуда. Осыған байланысты тараптар жобаны одан әрі іске асырудың ықтимал сценарийлерін бағалап, қарастыруда.

Геологиялық барлау бойынша жер қойнауын пайдалануға жаңа келісімшарттар

Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге келісімшарттарға қол қойылды:

  • Солтүстік Өзен жер қойнауы учаскесінде (Маңғыстау облысы);
  • Болашақ жер қойнауы учаскесінде (Маңғыстау облысы);
  • Жылыой жер қойнауы учаскесінде (Атырау облысы);
  • Березовский жер қойнауы учаскесінде (Батыс Қазақстан облысы).
«Рожков кен орнын дамыту» жобасы
Рожков кен орнын дамыту жобасы

Рожков кен орнын дамыту жобасы бойынша жобалық қуаты тәулігіне 1,6 млн м³ газды құрайтын бірінші фаза бойынша жобалық жабдыққа көшу жүзеге асырылды. 2025 жылы нақты газ өндіру көлемі 469 млн м³, газ конденсатын өндіру 343 мың тоннаны құрады. 2026 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер бойынша 548 млн м³ газ және 384 мың тонна конденсат өндірілмек.

Өріктау жобасы

2025 жылы Шығыс Өріктау кен орнында екі пайдалану ұңғымасын бұрғылау мен игеру бойынша жұмыстар кешені атқарылды, сондай‑ақ мұнай құбырын күрделі жөндеу аяқталды. Есепті жылдың қорытындысы бойынша көмірсутек шикізатын нақты өндіру көлемі 95 мың тоннаны, ілеспе газ өндіру 79 млн м³ құрады.

Есепті кезеңнің негізгі бағыты кен орнының газ конденсатты бөлігін өнеркәсіптік игеруге дайындау болды. Жоба 30 млрд м³ табиғи газ қорын игеруге тартуды көздейді. 2025 жылғы 25 желтоқсанда «Өріктау Оперейтинг» ЖШС мен «СНПС‑Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасында 2025 жылғы 16 маусымдағы Шикі газды өңдеу туралы келісімге №1 қосымшаға қол қойылды. 2026 жылы газ өндіруді жылына 1 млрд м³ газ әлеуетіне дейін біртіндеп ұлғайта отырып, Орталық Өріктау кен орнын өнеркәсіптік игеру үшін іске қосу жоспарланып отыр.

Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ мегажобалары

ҚМГ стратегиялық инвесторлармен бірлесіп Теңіз (20 %), Қашаған (16,88 %) және Қарашығанақ (10 %) ірі кен орындарындағы жобаларға қатысады.

Теңіз

ТШО Болашақ кеңейту жобасын/Ұңғыма сағасындағы қысымды басқару жобасын (БКЖ/ҰСҚБЖ) іске асыруды аяқтады. Жоба аясында ТШО‑ның мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға артады.

2024 жылғы сәуірде ҰСҚБЖ нысандары пайдалануға беріліп, өндірістік жүйенің толық жүктемеде жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. 2025 жылдың соңындағы жағдай бойынша жобаға жұмсалған шығындар 47,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бекітілген 48,9 млрд АҚШ доллары көлеміндегі бюджет шегінде болды. Жұмыстардың жалпы орындалу деңгейі 100 %‑ға жетті.

2025 жылдың қаңтарында Үшінші буын зауытында алғашқы мұнай алынды. ТШО мұнайының жалпы тәуліктік өндіру деңгейі ~120 мың тоннаны құрайды. 2025 жылғы маусымдаБКЖ-СҚБЖБолашақ кеңейту жобасы/Сағалық қысымды басқару жобасы. нысандарын пайдалануға беру актісіне қол қойылды.

Қарашығанақ

  1. 2024 жылдың қыркүйек айында бесінші газды кері айдау компрессоры қондырғысы жобасы бойынша өндірістік сынақтар сәтті аяқталды. 2025 жылғы наурызда пайдалануға беру актісіне қол қойылды.
  2. Қарашығанақ кен орнында алтыншы газды кері айдау компрессорын орнату жобасы белсенді құрылыс кезеңінде. Жобаның жалпы орындалу деңгейі 97 % құрады және жұмыстар белгіленген кестеден озық жүргізілуде. Пайдалануға беру 2026 жылғы екінші жартысына жоспарланған.

Аталған жоба көмірсутек шикізатын өндіру көлемін жылына 10–11 млн тонна деңгейінде тұрақты ұстап тұруға бағытталған.

Қашаған

Қашаған кен орнында мұнай өндіру қазіргі уақытта игерудің 1‑кезеңі ішінде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар тәуліктік мұнай мен конденсат өндіру көлемін шамамен 710 мың баррельге дейін (тәулігіне шамамен 89,5 мың тонна) арттыруға бағытталған игерудің 2‑кезеңі аясындағы жобалар қарастырылуда, атап айтқанда:

  1. 2А кезең жобасы мұнай өндіру көлемін тәулігіне қосымша 6,3 мың тоннаға арттыруды көздейді. Нәтижесінде кен орнындағы жалпы өндіріс көлемі тәулігіне шамамен 63 мың тоннаға (тәулігіне 500 мың баррель) жетеді. Бұл өсім қуаттылығы жылына 2,5 млрд м³ болатын QazaqGas жаңа газ өңдеу зауытына шикі газ жеткізу есебінен қамтамасыз етіледі. NCOC және QazaqGas арасында базалық жобалауды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Келесі кезеңде жобаны іске асыруға дайындық деңгейін бағалау, шикі газды жеткізу шарттарын келісу және бірлескен инвестициялық шешім қабылдау жоспарланып отыр.
  2. 2Б кезең жобасы мұнай өндіру көлемін тәулігіне қосымша 26,5 мың тоннаға (тәулігіне 210 мың баррель) арттыруды көздейді. Нәтижесінде жалпы өндіріс деңгейі тәулігіне шамамен 89,5 мың тоннаға (тәулігіне 710 мың баррель) жетеді. Сонымен қатар, жылына қосымша 6 млрд м³ шикі газ өндіру жоспарлануда. Қазіргі уақытта Теңіз кен орнымен ықтимал синергияны анықтау мақсатында тұжырымдамалық зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерінің маркетингі

ҚМГ үшін ішкі нарықты толық қамтамасыз ету басты мақсаттардың бірі. Осы бағытта компания мұнай өнімдеріне деген сұраныстың өсуін ескере отырып, отандық мұнай өңдеу қуаттарын дамыту басым бағыттардың дамытуда. Осыған байланысты «ПҚОП» ЖШС‑нің өндірістік қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін және «ПМХЗ» ЖШС‑нің қуатын жылына 9 млн тоннаға дейін ұлғайту нұсқалары қарастырылуда.

ҚМГ алдында жұмыс істеп тұрған жабдықтардың жай‑күйіне кешенді аудит жүргізу міндеті тұр. Аудит нәтижелері негізінде барлық мұнай өңдеу зауыттарын алдағы 3–5 жыл ішінде техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда. Осы мақсатта ҚМГ барлық МӨЗ‑де жөндеуаралық кезеңді ұзарту жобаларын іске асыруда. Бұл жобалар жабдықтардың сенімділігін арттыруға және оларды 3–4 жыл бойы тоқтаусыз пайдалануға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізуге бағытталған іс‑шаралар кешенін қамтиды.

Атырау МӨЗ‑де жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту зауыт қызметінің тиімділігін арттыру жобасы аясында жоспарлануда. Жоба технологиялық шектеулерді жоюға бағытталған бірқатар кіші жобаларды қамтиды. 2025 жылы аталған кіші жобаларды іске асыруға басымдық берілді. Бұл негізгі бағыттарға шоғырлануға және негізгі қондырғылар мен жалпы зауыттық инфрақұрылымның жұмысын жақсартуға арналған шешімдерді уақтылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін отынмен қамтамасыз етуді күшейту үшін Павлодар мұнай‑химия зауытында қысқы дизель отынын шығару бойынша жобалар, соның ішінде депарафинизация блогының интеграциясымен дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау және сутегі өндіру қондырғысын салу іске асырылуда. Бұл өндіріс қуатын іске қосу жұмыстары 2026 жылы жоспарланған.

Ішкі нарықты жол битумымен қамтамасыз ету үшін 2024‑2025 жылдары «CASPI BITUM» БК» ЖШС‑нің мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту, жол битумын өндірумен жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайту жобасы іске асырылды.

Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу жобасы
Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу жобасы

Жобаны «ҚазГӨЗ» ЖШС жүзеге асыруда (ҚМГ үлесі — 100 %).

Жоба Жаңаөзен қаласында жылына 900 млн м³ дейін табиғи және ілеспе газды өңдеуге арналған газ өңдеу зауытын салуды көздейді. Бірінші іске қосу кешені бойынша 2025 жылғы 17 ақпанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2025 жылғы 3 наурыздан бастап құрылыс‑монтаждау жұмыстары басталып, негізгі технологиялық жабдықтарды дайындау аяқталды. Екінші іске қосу кешені бойынша 2025 жылғы 14 шілдеде дайындық жұмыстары мен қосалқы ғимараттар және құрылыстар салуға оң қорытынды берілді. «П» сатысы бойынша жобалау жұмыстары аяқталып, жобалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

Мұнай‑газ химиясы

ҚМГ еліміздің бүкіл экономикасына мультипликативтік әсер ету әлеуеті жоғары мұнай‑газ‑химия бағытын белсенді дамытуда. Компанияның интеграцияланған газ‑химия кешені келесі негізгі нысандарды қамтиды:

  • полипропилен зауыты (KPI);
  • полиэтилен зауыты;
  • газ сепарациялау кешені (ГСК);
  • Атырау облысында этан мен пропанды тасымалдауға арналған магистралды құбырлар.

2025 жылы Атырау облысында полипропилен өндіретін зауыт (KPI жобасы) құрылысының инвестициялық кезеңі аяқталды. Кәсіпорын 2026 жылы жобалық қуатқа шығады деп күтілуде.

Интеграцияланған газ‑химия кешенінің екінші кезегі аясында 2024‑2025 жылдары түпкілікті инвестициялық шешімдер қабылданды және келесі нысандар бойынша EPC‑келісімшарттар жасалды:

  • полиэтилен өндірісі;
  • ГСК құрылысы;
  • магистралды құбыр жолдарының құрылысы (этан және пропан).

Интеграцияланған газ‑химия кешені толық цикл технологиясы бойынша жұмыс істейтін болады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта негізгі шикізат ‑ пропан Теңіз кен орнынан KPI зауытына теміржол арқылы жеткізіледі. Алайда полиэтилен өндірісіне арналған негізгі шикізат — этанды оның физикалық‑химиялық қасиеттеріне және сақтау мен тасымалдауға қойылатын жоғары талаптарға байланысты теміржол арқылы жеткізу мүмкін емес. Осыған байланысты Теңіз кен орнындағы газ сепарациялау кешенінен (ГСК) интеграцияланған газ‑химия кешеніне дейін сұйытылған этан мен сұйытылған пропанды тасымалдауға арналған екі магистралды құбыр салу жоспарлануда. Бұл жоба сенімді және тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, тұрақты газ‑химиясы кластерін қалыптастырудың маңызды элементіне айналады.

Құрғақ газды өңдеу үшін ГСК‑ға жеткізу жұмыстарын Теңіз кен орнының операторы – ТШО компаниясы жүргізетін болады. Шикізат кешен алаңына тікелей кен орнынан жеткізіледі. Магистралды құбыр жолы арқылы құрғақ газдан алынатын этан полиэтилен зауытына, ал басқа құбыр арқылы пропан полипропилен зауытына түседі.

Мұнай-газ химиясы
Полиэтилен және полипропилен құнын қалыптастыру тізбегі

«Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ‑химиясы кешенін салу» жобасы. Екінші кезең (полиэтилен өндірісі)

Жобалау компаниясы: «Силлено» ЖШС.

Жобаға қатысушылар:

40 % ҚМГ
30 % «СИБУР Холдинг» ЖАҚ
30 % Sinopec

~ 7,4 млрд АҚШ доллары
CAPEX

2025 жылғы 31 наурызда Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақ аумағында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіруге арналған зауыттың негізгі құрылыс жұмыстары басталды.

Жоба екі негізгі қондырғының — пиролиз және полимерлеу, сондай‑ақ жалпы зауыттық нысандардың құрылысын қамтиды.

Пиролиз қондырғысының құрылысы

2024 жылдың қыркүйегінде Пиролиз қондырғысы бойынша ЕРС‑келісімшартқа қол қойылды. 2025 жылдың қаңтарында жасау мерзімі ұзақ жабдыққа тапсырыстар орналастырылды. 2025 жылдың наурыз айында пиролиз орнату бойынша ЕРС‑мердігердің негізгі құрылыс жұмыстары басталды. Қада қағу және іргетастарды құю жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылы ұзақ мерзім бойы жасалатын жабдықты (ҚМЖЖ) жеткізу және металл конструкциялары мен жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда.

Полимерлеу қондырғысын және жалпы зауыттық шаруашылық нысандарын салу

2025 жылғы 29 мамырда Полимерлеу қондырғысы мен жалпы зауыттық шаруашылық нысандарын салуға арналған EPC‑келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі уақытта жер қазу және қада қағу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар инжинирингтік жұмыстар жалғасып, ұзақ өндірістік циклді қажет ететін және ірі габаритті жабдықтарға тапсырыстар орналастырылуда.

2026 жылы металл конструкциялары мен жабдықтарды монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Жобаны қаржыландыру көздері туралы ақпарат

2025 жылы 2 млрд АҚШ доллары көлемінде бридж қаржыландыру тартылды. Негізгі ұзақ мерзімді жобалық қаржыландыруды тарту 2026‑2027 жылдарға жоспарланып отыр.

Газ сепарациялау кешенін салу жобасы

Жобалау компаниясы: «KMG PetroChem» ЖШС.

~ 2,1 млрд АҚШ доллары
CAPEX

2025 жылғы 5 тамызда газ сепарациялау кешенін салу жөніндегі ЕРС‑келісімшартқа қол қойылды. Жобаға сәйкес кешен Теңіз кен орнынан жылына 9,1 млрд м³ дейін құрғақ газды өңдеп, жылына 1,6 млн тонна этан және шамамен 360 мың тонна пропан өндіреді деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жұмыс құжаттамасын әзірлеу және ұзақ өндірістік циклді жабдықтарға тапсырыстар орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аумақты инженерлік дайындауды қоса алғанда, ерте кезеңдегі құрылыс жұмыстары басталды: алаңды тегістеу, құнарлы топырақ қабатын алу және инертті материалдарды жеткізу жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, мердігердің қолданыстағы вахталық қалашығын (CCIC) жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде уақытша кеңселер орналастырылуда. 2025 жылғы қарашада қадалардың жүк көтергіштігін растау мақсатында нақты топырақ жағдайында сынақ қадаларын сынау жұмыстары орындалды.

2026 жылы құрылыстың белсенді кезеңіне көшуге негізгі басымдық беріледі.

Атырау облысындағы бірыңғай дәлізде магистраль құбыржолдарын (этан, пропан) салу жобасы

Жобалау компаниясы: «KMG PetroChem» ЖШС.

~ ~470 млн АҚШ доллары
CAPEX

2025 жылдың 2 тоқсанында жобаны құрылыс кезеңіне көшіру туралы түпкілікті инвестициялық шешім қабылданды. Жоба аясында ТШО объектілерінен және Теңіз кен орнындағы газ сепарациялау кешенінен полиэтилен және полипропилен өндіретін зауыттарға дейін сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдау үшін ұзындығы шамамен 210 км екі магистралды құбыр жолдары (этан құбыры және пропан құбыры) салынатын болады.

2025 жылғы желтоқсанда EPC‑келісімшартқа қол қойылды.

2026 жылы сұйытылған этан мен пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистралды этан және пропан құбыржолдарына қойылатын талаптар жөніндегі Қазақстан Республикасының техникалық регламентін (ҚЖ ТР) әзірлеу және бекіту жоспарлануда. Сонымен қатар жобалау‑сметалық құжаттама бойынша «Мемсараптама» РМК‑ның оң қорытындысын ала отырып, жұмыс жобасын (ЖЖ) әзірлеу мен бекіту, негізгі жабдықтарға тапсырыстар орналастыру және құрылыс‑монтаждау жұмыстарын бастау көзделген.

Мұнай‑газ химиясының перспективті жобалары

Жоғарыда аталған жобалардан бөлек, ҚМГ Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытуға ықпал ететін перспективті жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл бастамалар жергілікті экономиканың өсуіне серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын құруға және бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар елдің экспорттық әлеуетін кеңейтіп, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

«Терефталь қышқылы мен полиэтилентерефталат өндіру зауытын салу» перспективті жобасы

Жобаны «KMG PetroChem» ЖШС іске асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта стратегиялық серіктес анықталған жоқ, әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізілуде. Қаржыландыру құрылымы мен жобаның өзге де параметрлері стратегиялық серіктес пен жобаның түпкілікті конфигурациясы айқындалғаннан кейін нақтыланатын болады.

«Карбамид өндірісі бойынша газ‑химия кешенін салу» перспективті жобасы

Жобалық компания: анықталмаған. 2025 жылы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ҚМГ, Қытай ұлттық мұнай‑газ корпорациясы (CNPC), Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Ақтөбе облысының әкімдігі арасында төртжақты негіздемелік келісімге қол қойылып, мұнай‑газ саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, соның ішінде жобаны бірлесіп іске асыруға бағытталған негізгі уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Ақтөбе облысында карбамид өндіретін кешен салу жобасы аграрлық секторды азот тыңайтқыштарымен, ал өнеркәсіпті сұранысқа ие химиялық шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жоба аталған өнімдер бойынша импортқа тәуелділікті төмендетіп, елдің экспорттық және индустриялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылдың 4‑тоқсанында жобалау алдындағы зерттеулерді әзірлеу аяқталды.

«Желілік алкилбензол өндіру кешенінің құрылысы» перспективті жобасы

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында 2025 жылы «Желілік алкилбензол өндіру кешенін салу» жобасын бірлесіп іске асыру мақсатында ҚМГ мен әлеуетті стратегиялық серіктес — «Өзбекнефтегаз» АҚ арасында негіздемелік келісімге қол қойылды. Желілік алкилбензол – кір жуғыш ұнтақтар, ыдыс жуу құралдары, ағартқыштар және басқа да жуғыш заттарды өндіруде қолданылатын негізгі химиялық шикізат. Жоба дайындықтың алғашқы сатысында және оның құны әлі бағаланбаған.

Тұрақты даму саласындағы жобалар

Маңғыстау облысында теңіз суын тұщыту зауытын салу

ҚМГ тұрақты даму басымдықтарын іске асыру және өз қызметінің әлеуметтік маңызын арттыру аясында Қазақстанның батыс өңірлерін су ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

2025 жылы Маңғыстау облысының Тоқымақ жерінде «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы аяқталып, қазан айында нысан пайдалануға берілді. 2025 жылдың желтоқсанында зауыт Маңғыстау облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтеусіз негізде берілді. Жобаның жалпы құны 121,2 млрд теңгені құрады. Жоба «Өзенмұнайгаз» АҚ‑ның пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша мемлекет ұсынған жеңілдіктер аясында қалыптасқан өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Тұрақты даму саласындағы жобалар
Маңғыстау облысында гибридті электр станциясын салу

Маңғыстау облысында Eni S.p.A. (Италия) компаниясымен бірлесіп гибридті электр станциясын салу жобасы жүзеге асырылуда, мұнда жобаға қатысу үлестері: Eni S.p.A. — 51 %, ҚМГ — 49 %.

Жоба жаңартылатын энергия көздерінен (жел және күн) өндірілетін электр энергиясын газ электр станциясымен (ГазЭС) біріктіруді көздейді. 2024 жылы газ электр станциясы мен күн электр станциясын салуға арналған EPC‑келісімшартқа қол қойылды. 2025 жылғы қыркүйекте күн электр станциясы іске қосылды, ал газ және жел электр станциялары бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Жобаның алдын ала құны шамамен 348 млн АҚШ долларын құрайды.

«Мирный» жел электр станциясының құрылысы (Ақтас Энерджи БК)

ҚМГ (20 %), «Самұрық‑Энерго» АҚ (20 %) және TotalEnergies (60 %) қатысу үлесі бар Ақтас Энерджи бірлескен кәсіпорны Жамбыл облысында энергияны жинақтау жүйесінің қуаты 300 МВт және сыйымдылығы 600 МВт болатын жалпы қуаты 1 ГВт құрайтын «Мирный» жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасын іске асыруда. Бұл жоба Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы ең ірі бастамалардың бірі болып саналады. Жоба әрқайсысының қуаты 6,5–7,7 МВт болатын 150 жел генераторын орнатуды көздейді. Жел генераторларының жеткізушілері — жаңартылатын энергия көздері секторына арналған жабдықтардың әлемдік жетекші өндірушілері – Envision Energy және SANY Renewable Energy. 2025 жылы базалық жобалау аяқталды, егжей‑тегжейлі жобалау жұмыстарының дайындық деңгейі шамамен 81 %‑ды құрады. Қазіргі уақытта техникалық құжаттамаға сараптама жүргізілуде.

Жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінде энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және электр энергиясы тапшылығын төмендетуге бағытталған. Сонымен қатар, жоба парник газдары шығарындыларын жылына 2 млн тоннадан астам СО2‑ға қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл бастама ҚМГ‑ның көміртегі ізін азайту, ESG күн тәртібін іске асыру және компанияның энергетикалық портфелін әртараптандыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосады.

Тұрақты авиациялық отын (SAF) өндірісін дамыту жобасы

Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы таза авиациялық отын (SAFSustainable Aviation Fuel — Экологиялық тұрақты авиациялық отын.) өндіру зауытын салу жобасын әзірлеу аясында 2025 жылы ҚМГ, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), «ҚМГ-Аэро» және Air Astana компанияларының қатысуымен техникалық-экономикалық зерттеу (ICF SH & E Limited) жүргізілді. Жоба Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясына, сондай-ақ IATAThe International Air Transport Association. ұйымының 2050 жылға қарай авиация саласында нөлдік шығарындылар деңгейіне жету жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес келеді. SAF көмірқышқыл газы шығарындыларын едәуір азайтуға мүмкіндік беретіндіктен, дәстүрлі қазба отынына перспективті балама ретінде қарастырылады.

Жүргізілген техникалық-экономикалық зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда SAF өндірісі үшін бірінші кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында шикізат базасының болуына байланысты alcohol-to-jet (AtJ) ең үздік технология болып айқындалды. Технология кез келген биологиялық немесе биологиялық емес шикізаттан алынған этанолмен жұмыс істей алады және парник газдары шығарындыларын азайтуға айтарлықтай үлес қосады, бұл шығарындыларды 95 % төмендетуге және энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Экономиканы декарбонизациялау және жасыл энергетиканы дамыту жөніндегі міндеттерді одан әрі іске асыру мақсатында 2025 жылғы 31 наурызда америкалық LanzaJet компаниясы, «ҚазМұнайГаз‑Аэро» ЖШС және «Dostyk Leasing» ЖШС (Bio Operations) арасында таза авиациялық отын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаның техникалық‑экономикалық негіздемесін (Feasibility Study) дайындау туралы үшжақты келісім жасалды Қазақстан Республикасының аумақтары. Жоба озық американдық технологияларды оқшаулауды және Қазақстанның климаттық және энергетикалық күн тәртібінің негізгі басымдықтарына сәйкес келетін, сондай‑ақ Америка Құрама Штаттарымен ұзақ мерзімді өнеркәсіптік және технологиялық әріптестік үшін мүмкіндіктер ашатын аймақтағы алғашқы SAF өндірісін құруды көздейді.

2025 жылғы қыркүйекте «ҚазМұнайГаз‑Аэро» ЖШС техникалық‑экономикалық негіздеменің (Feasibility Study) нәтижелерін қабылдап, ҚМГ жобаны одан әрі іске асыруға қатысты оң шешім шығарған жағдайда, «Қазақстан Республикасында ATJ технологиясы бойынша SAF өндірісі туралы» жобасының келесі кезеңдеріне – Pre‑FEED (Pre‑Front‑End Engineering Design) and FEED (Front End Engineering Design) – өтетіні туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

2026 жылғы қаңтарда ҚМГ инвестициялық комитетінің шешімімен «ҚазМұнайГаз‑Аэро» ЖШС мен «KazFoodProducts» ЖШС бірлесе отырып, PDP (Detailed Process Design Package) кезеңіне көшуі мақұлданды.