Мұнай мен газ өндіру
Мұнай мен газ конденсатын өндіру
ҚМГ өзінің операциялық активтері арқылы өндіруді жүзеге асырады, сондай‑ақ әлемдік ауқымдағы елдің ірі мұнай‑газ жобаларына (мегажобаларға) қатысады, онда өндірістік процестерді тікелей басқарусыз акционер ретінде рөл атқарады.
| Операциялық активтер | ҚМГ үлесі, % |
|---|---|
| Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай, Өріктау Оперейтинг | 100 |
| Доңға | 60 |
| Маңғыстаумұнайгаз, Қаражанбасмұнай, Қазгермұнай, Қазақойл Ақтөбе, Урал Ойл энд Газ | 50 |
| PetroKazakhstan Inc. | 33 |
| Операциялық емес активтер (мегажобалар) | ҚМГ үлесі, % |
|---|---|
| Теңіз | 20 |
| Қашаган | 16,88 |
| Қарашығанақ | 10 |
Компания мұнай‑газ индустриясының жаһандық экожүйесіне табысты интеграцияланып, әлемнің жетекші салалық компанияларымен тиімді ынтымақтастық орнатқан. Бұл өндірісте озық тәжірибелерді, заманауи технологияларды және жоғары стандарттарды енгізуге, сондай‑ақ саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2025 жылы ҚМГ‑ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 26 211 мың тоннаны (тәулігіне 544 мың баррель) құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 10 %‑ға артты.
- «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай өндіруді тұрақты деңгейде сақтап, 5 079 мың тоннаны (‑0,4 %) құрады, газ өндіру шамамен 610 млн м³ болды. «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай өндіру көлемін 2,2 %‑ға арттырып, 2 850 мың тоннаға жеткізді, газ өндіру 242 млн м³ құрады. ЕМГ‑де газ өндірудің өсуі Батыс Прорва кен орнындағы қуаттылықтардың техникалық іске қосылуына байланысты. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай өндіру көлемі 3 083 мың тоннаны құрады.
- Басқа операциялық активтерде өндіру әртүрлі динамиканы көрсетті. 2023 жылдың соңында ұңғымаларды толық пайдалануға енгізу нәтижесінде «Урал Ойл энд Газ» ЖШС‑де (Рожков кен орны) мұнай өндіру 54,4 %‑ға өсіп, 172 мың тоннаға жетті. Доңға кен орнында өндіру 7,5 %‑ға немесе 406 мың тоннаға артты. Сонымен қатар, «PetroKazakhstan Inc.» және «Қазгермұнай» компанияларында қорлардың табиғи сарқылуына және Шығыс Құмкөл кен орны бойынша келісімшарттың аяқталуына байланысты өндіру көлемі тиісінше 13,5 % және 13,1 %‑ға төмендеді.
- Теңіз кен орнында ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай өндіру 40,3 %‑ға айтарлықтай өсіп, 7 802 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштердің рекордтық өсуі Болашақ кеңейту жобасының табысты іске асырылуымен және 2025 жылдың басында Үшінші буын зауытының (ҮБЗ) іске қосылуымен байланысты, бұл өндірістік қуатты едәуір арттыруға мүмкіндік берді.
- Қашаған кен орнында ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай өндіру шамамен 3 025 мың тоннаны құрап, 4,9 %‑ға өсті. Оң динамика 2024 жылдың қазанында Slug Catcher қондырғысын күрделі жөндеуден кейін өндіріс көлемінің қалпына келуімен және 2025 жыл бойы технологиялық желілердің тұрақты жұмысымен қамтамасыз етілді.
- Қарашығанақ кен орнында ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай және конденсат өндіру 0,5 %‑ға төмендеп, 1 091 мың тоннаны құрады. Газ өндіру көлемі 2 525 млн м³ болып, бесінші компрессорды іске қосу есебінен жоспарланған көрсеткіштерден асты.
| 2023 | 2024 | 2025 | |
|---|---|---|---|
| Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі | 23 532 | 23 837 | 26 211 |
| Операциялық активтер | 13 559 | 14 294 | 14 293 |
| Өзенмұнайгаз | 4 877 | 5 098 | 5 079 |
| Ембімұнайгаз | 2 722 | 2 790 | 2 850 |
| Маңғыстаумұнайгаз | 3 075 | 3 085 | 3 083 |
| Қазгермұнай | 594 | 521 | 453 |
| Қаражанбасмұнай | 1 027 | 1 077 | 1 053 |
| PetroKazakhstan Inc. | 515 | 472 | 408 |
| Қазақойл Ақтөбе | 253 | 238 | 241 |
| Қазақтүрікмұнай | 436 | 440 | 453 |
| Өріктау Оперейтинг | 20 | 84 | 95 |
| Доңға | 40 | 378 | 406 |
| Урал Ойл энд Газ | 1 | 111 | 172 |
| Мегажобалар | 9 973 | 9 544 | 11 918 |
| ТШО | 5 779 | 5 562 | 7 802 |
| «ҚМГ ҚашағанБ.В.»ҚМГ үлесі —2022 жылғы қыркүйектен кейін 16,88 %. | 3 108 | 2 885 | 3 025 |
| «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС | 1 086 | 1 097 | 1 091 |
| 2023 | 2024 | 2025 | |
|---|---|---|---|
| Мұнай және газ конденсат көлеміӘрбір актив бойынша баррелизацияның орташа өлшенген жеке индикативтік коэффициенттеріне жол беру кезінде. | 486 | 490 | 544 |
| Операциялық активтер | 268 | 283 | 284 |
| Мегажобалар | 217 | 207 | 260 |
Өндіру бағытындағы ҚМГ активтерінің өлшемшарттары
ҚМГ активтерінде өндірілетін мұнайдың сапасы өңірге байланысты өзгеріп отырады. Баррелизация коэффициенті тоннасына 6,68 баррель болатын ең ауыр мұнай Қаражанбас кен орнында өндіріледі, ал ең жеңілі Қазақтүрікмұнай кен орындарында өндіріліп, бұл көрсеткіш тоннасына 8,49 баррельге жетеді.
| Активтер | Кеуектілігі | APIAPI градусы —API градусымен өлшеу мұнайдың салыстырмалы тығыздығын бірдей температурадағы судың тығыздығына қатысты анықтауға мүмкіндік береді. градусы бойынша тығыздығы | Күкірттің мөлшері, % | Кен орын саны | Жаңа ұңғымалардың орташа дебиті, тәулігіне тонна | Ауыспалы ұңғыма қорындағы ұңғымалардың орташа дебиті, тәулігіне то | Мұнайдың баррелизация коэффициенті, тоннасына баррель |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Өзенмұнайгаз | 0,19 | 36,51 | 0,14 | 2 | 6,8 | 4,0 | 7,23 |
| Ембімұнайгаз | 0,27 | 32,03 | 0,62 | 32 | 12,3 | 3,8 | 7,30 |
| Қаражанбасмұнай | 0,34 | 19,81 | 1–2,5 | 1 | 2,32 | 2,09 | 6,68 |
| Доңға | 0,18–0,32 | 42,15 | 0,052 | 1 | – | 18,3 | 7,984 |
| Қазгермұнай | 0,26 | 39,95 | 0,14 | 6 | 15,8 | 12,6 | 7,25 |
| PetroKazakhstan Inc. | 0,09–0,30 | 51,25 | 0,03–0,08 | 18 | 88,2 | 5,22 | 7,63–7,67 |
| Маңғыстаумұнайгаз | 0,14 | 30,77 | 0,2 | 15 | 9,8 | 4,9 | 7,23 |
| Қазақойл Ақтөбе | 0,07 | 39,4 | 1,13 | 2 | 33,4 | 11,9 | 7,52 |
| Қазақтүрікмұнай | 0,16 | 59,30 | 0,64 | 6 | 0 | 35,0 | 8,49 |
| Өріктау Оперейтинг | 0,1 | 39,2 | 2,7 | 2 | 74 | 51,5 | 7,72 |
| Урал Ойл энд Газ | 0,05 | 48 | 0,2 | 1 | – | 231 | 8,2 |
Шикі мұнайдың сапасын анықтайтын негізгі параметрлер — API тығыздығы және күкірт мөлшері. ҚМГ мегажобалары шеңберінде өндірілетін CPC Blend маркалы мұнай күкірттің төмен құрамымен (0,56 %) және жоғары тығыздығымен (45,3° API) сипатталады, бұл оны әлемдегі ең сапалы мұнай қатарына қосады.
| Марка | API градусындағы тығыздық | Күкірт мөлшері, % |
|---|---|---|
| CPC Blend (Қазақстан, Новороссийск) | 45,3 | 0,56 |
| West Texas Intermediate (АҚШ, Кушин) | 40,0 | 0,42 |
| Arab Extra Light (Сауд Аравиясы) | 39,4 | 1,09 |
| Brent (Ұлыбритания) | 37,5 | 0,40 |
| Urals/KEBCO (Ресей, Новороссийск) | 31,3 | 1,36 |
ҚМГ операциялық активтерінде мұнай өндіру
ҚМГ компанияның портфелінің негізгі бөлігін құрайтын байырғы кен орындардың тиімді басқарылуына ерекше назар аударады. Операциялық активтерде мұнай өндірудің 85 % жуығы 7 негізгі кен орынға тиесілі, атап айтқанда Өзен және Қарамандыбас (Өзенмұнайгаз), Қаламқас және Жетібай (Маңғыстаумұнайгаз), С.Нұржанов және Шығыс Молдабек (Ембімұнайгаз), Қаражанбасмұнай.
Басымдықтар мен бастамалар
Мұнай өндірудің тиімділігін оңтайландыру және өнім көлемін арттыруға ұмтылады, бұл ҚМГ стратегиясының – маңызды бөлігі. Негізгі бағыттар:
- Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- Жөндеуаралық кезеңді ұлғайту
- Шығынды азайту
- Өзенмұнайгаз кен орындарын оңалту жобасы
- Ембімұнайгаздың инвестициялық жобалары
- Автокөліктер мен арнайы техникаларды жаңарту шаралары
- Өндірісті автоматтандыру және цифрландыру
Доңға кен орнын игеру жобасы
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан Доңға кен орны – топтың жалпы өндіру көлеміне тұрақты үлес қосуды қамтамасыз ететін ҚМГ портфеліндегі негізгі өндіруші активтердің бірі. 2023 жылдың соңында TotalEnergies концернінен 60 % қатысу үлесін сатып алған сәттен бастап жоба ҚМГ операциялық басқаруына көшті, бұл қаржы ағындарын шоғырландыруға және дамудың 3‑кезеңін іске асыруға бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.
Стратегиялық серіктестік және акционерлер құрылымы
Өнімді бөлу туралы шарт (ӨБШ) аясындағы меншік құрылымы:
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 60 % (Dunga Operating GmbH еншілес компаниясы арқылы);
- Oman Oil Company Limited — 20 %;
- PTTEP (Kazakhstan) Corporation — 20 %.
Кеңейту жобасын іске асыру (3‑фаза)
Қазіргі кезеңде өндірістің өсуінің негізгі драйвері — кеңейту жобасының 3‑фазасын толық көлемде іске асыру болып отыр. Осы кезеңнің стратегиялық мақсаттары — өндіру деңгейін тұрақты ұстап тұру және инфрақұрылымды 2039 жылға дейін (ӨБК қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін) кеңейту.
Мына жұмыстар аяқталды:
- жерүсті инфрақұрылымын кеңейту аяқталды;
- бұрын бұрғыланған 61 ұңғыма өндіруге қосылды;
- 17 ұңғыманың 16‑сы су айдауға ауыстырылды, қалған 1 ұңғыманы ауыстыру 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған;
- экспорттық мұнай құбырын салу бойынша мердігер анықталып, жобалау жұмыстары басталды.
Перспективалар мен тұрақты даму
Доңға жобасы жаңа экологиялық стандарттарды және мұнай өндіруді ұлғайту технологияларын (EOR) енгізуге арналған пилоттық алаң ретінде қарастырылады.
- Газ әлеуеті: кен орнындағы газдың геологиялық қоры 10 млрд м³‑тен астам деп бағаланады. Қазіргі негізгі басымдық газды кәдеге жарату деңгейін 99 %‑ға жеткізуге бағытталған.
- Декарбонизация: кен орнының Каспий жағалауына және Ақтау өнеркәсіптік кластеріне жақын орналасуын ескере отырып, көмірқышқыл газын тұту бойынша пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда.
- Жергілікті қамту: 2025–2029 жылдарға арналған жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленіп, бекітілді. Доңға жобасы аясында қазақстандық жеткізушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алу үлесі жоғары деңгейде сақталуда. 2025 жылы ұсынылған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жергілікті қамту үлесі 74 %‑ды құрап, 2024 жылғы 65 %‑бен салыстырғанда айтарлықтай өсті.
Өндіру тиімділігін арттыру бойынша іс‑шаралары
Мұнай алуды ұлғайту және жаңа технологияларды енгізу
2025 жылы ҚМГ технологиялық сын‑тегеуріндер жол карталары (ТСЖК) аясында технологияларды зертханалық зерттеулер кезеңінен толық ауқымды өнеркәсіптік қолдану кезеңіне көшіруді аяқтады. Жыл қорытындысы бойынша ТСЖК іс‑шараларын іске асыру нәтижесінде қосымша 334 мың тонна мұнай өндірілді. Қолданыстағы «Тәжірибелік‑өнеркәсіптік сынақтар орталығы» порталы Fishbones көпарналы аяқтау және суланған учаскелерді оқшаулау жүйелері сияқты озық технологияларды талдау мен енгізуге арналған бірыңғай терезе ретінде жұмысын жалғастыруда. Су айдау процестерін басқару және геологиялық‑техникалық іс‑шараларды іріктеу үшін ABAI жүйесінің жасанды интеллект модульдерін енгізуді қоса алғанда, технологиялық даму бағыттары «Инновациялық‑технологиялық даму» бөлімінде егжей‑тегжейлі ұсынылған.
Сарқылып бара жатқан кен орындарды игеру
«Ембімұнайгаз» АҚ‑ға қарасты Балғымбаев, Ботақан, Қошқар және т.б. сынды ескі кен орындардағы қызмет шығындарды оңтайландыру мен басқарудың жаңа үлгілерін енгізуге бағытталған.
- Шығындарды оңтайландыру: жетілген қоры бар кен орындарында шағын диаметрлі ұңғымаларды (Slim Hole) бұрғылау технологиясын енгізу күрделі шығындарды 30 % дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
- Сервистік басқару: ҚМГ төмен дебитті қорларды игеру үшін тәуекел‑сервистік келісімшарттар негізінде жеке сервистік модельге көшу және шағын сервистік компанияларды тарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
- Өндіру қарқындылығы: «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарында көпсатылы қабатты гидравликалық жару (ҚГЖ) қолданылатын көлденең ұңғымаларды бұрғылау негізгі драйверге айналып, жоспарланған деңгейден екі есе жоғары дебит алуға мүмкіндік берді.
Қарамандыбас және Өзен кен орындарын оңалту жобасы
«Өзенмұнайгаз» АҚ‑ның Қарамандыбас және Өзен кен орындарын оңалту жобасы салықтық жеңілдіктердің арқасында босатылған қаражатты белсенді игеру кезеңіне өтті.
- Салық режимі: кен орындарын суланған кен орындарының тізіміне енгізу нәтижесінде 2036 жылға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың 2,6 % мөлшеріндегі төмендетілген ставкасын қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
- 2025 жылдың нәтижелері: босатылған қаражат есебінен 38 млрд теңге инвестиция салынып, нәтижесінде қосымша 161,3 мың тонна мұнай өндірілді.
- Технологиялық жетістіктер: Slim Hole технологиясы сәтті масштабталды — жалпы әсері 4,6 млрд теңгені құрайтын 41 ұңғыма бұрғыланды. Сонымен қатар, тұз тұндыру ингибиторларын енгізу ұңғымалардың жөндеуаралық кезеңін (ЖАК) 54 тәуліктен 141 тәулікке дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
ҚМГ нысандарын энергиямен қамтамасыз ету
2024–2025 жылдары энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардағы электр энергиясының жүйелі авариялық ажыратуларына байланысты тіркелген ажыратулар саны және мұнай өндірудің жалпы көлемінің төмендеуі:
| Еншілес ұйымдар | 2024 жыл қорытындысы бойынша | 2025 жыл қорытындысы бойынша | ||
|---|---|---|---|---|
| Ажыратудың жалпы саны | Мұнай жоғалтудың жалпы көлемі, мың тонна | Ажыратудың жалпы саны | Мұнай жоғалтудың жалпы көлемі, мың тонна | |
| «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ | 7 | 453 | 16 | 6 869 |
| «Өзенмұнайгаз» АҚ | 10 | 547 | 18 | 31 149 |
| «Қаражанбасмұнай» АҚ | 5 | 1 267 | 18 | 8 050 |
| «Ембімұнайгаз» АҚ | 122 | 1 133 | 88 | 1 625 |
| Барлығы | 144 | 3 400 | 256 | 47 693 |
2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда энергияны авариялық ажырату жағдайдарының артуы МАЭКМаңғыстау атом энергетикалық комбинаты. тарапынан энергия блоктарын тоқтатумен байланысты болды және ҚМГ үлесіне шаққандағы жиынтық өндіру көлемінің 0,2 % құрады.
Энергия қуатын жоғарылату және энергетиканы тиімді пайдалану бағытындағы жобалар
Маңғыстау облысында (Жаңаөзен қ.) Eni (Plenitude) компаниясымен бірлесіп іске асырылып жатқан қуаты 247 МВт болатын Қазақстандағы алғашқы гибридті электр станциясын салу жобасы 2025 жылы іске қосу кезеңіне өтті.
- Бірінші кезеңнің іске қосылуы: 2025 жылғы 25 қыркүйекте Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясы (КЭС) ресми түрде пайдалануға берілді. Күн электр станцияларынан өндірілген және желіге шығарылған электр энергиясының нақты көлемі 2025 жылы 11 630,1 МВт*сағ құрап, 534 миллион теңгені құрады, ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15 932 МВт*сағ құрап, 579 миллион теңгені құрады.
- Техникалық сипаттамалары: 80 га аумақта LONGi 80 000‑нан астам екіжақты панельдер орнатылған, олар жылына 86 млн кВт*сағ «таза» электр энергиясын өндіреді.
- Нысаналы мақсаты: өндірілетін электр энергиясы «Өзенмұнайгаз» АҚ және «ҚазГӨЗ» ЖШС өндірістік нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өңірдің энергия жүйесіндегі іркілістерге байланысты өндірістің тоқтап қалу тәуекелдерін төмендетуде маңызды рөл атқарады.
- Алдағы жоспарлар: 2026 жылдың соңына дейін қуаты 77 МВт жел электр станциясы мен 120 МВт газ электр станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл ЖЭК үлесі 40 % дейін жететін толыққанды гибридті энергия кешенін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Газ поршенді электр станциялары (ГПЭС): Энергетикалық дербестікті қамтамасыз ету және сыртқы электр энергиясына тәуелділікті төмендету мақсатында (атап айтқанда, 2024–2025 жылдары ӨМГ, ММГ, ЕМГ және ҚБМ кен орындарында тіркелген шектеулерді ескере отырып) ҚМГ тобы өз электр энергиясын өндіру жобаларын іске асыруда.
- Қаражанбас кен орны («Қаражанбасмұнай» АҚ): Қазіргі уақытта «Қаражанбасмұнай» АҚ ұзақ мерзімді негізде инвесторларды тарту және генерациялайтын қондырғыларды лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігін қоса алғанда, электр энергиясын өндіру жобасын іске асырудың түрлі нұсқаларын жан‑жақты талдауда. 2025 жылғы 23 желтоқсанда ҚБМ қаржылық лизинг және қуаты 5 МВт ГПЭС жалдау мәселесін Директорлар кеңесінің қарауына ұсынды. 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №05 хаттамалық шешіммен ҚБМ Директорлар кеңесі лизингті мақұлдады. Сонымен қатар «Борусан Макина» ЖШС‑мен құпиялылық туралы келісімге қол қойылды.
- Жетібай және Қаламқас кен орындары («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ): Қуаты 25 МВт (Жетібай) және 10 МВт (Қаламқас) болатын газ поршенді электр станцияларын салу жобаларын 2026 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Аталған станциялар жылына 85 млн м³ астам газды өңдеп, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік нысандарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін шамамен 320 млн кВт·сағ электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Бұл кен орындарының энергияға деген ішкі қажеттіліктерін тұрақты әрі сенімді түрде қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұңғымалар қорының жұмысқа қабілеттілігін арттыру
ҚМГ еншілес ұйымдарында активтердің тұрақты өндіру деңгейін сақтау және олардың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында 2025 жылы пайдалану тиімділігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі бағдарламалар кешені іске асырылды.
- Геологиялық‑техникалық іс‑шаралар (ГТШ): көпсатылы ГТШ және бүйір оқпандарды кесу сияқты жоғары технологиялық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде тоқтап тұрған ұңғымалар қайта іске қосылып қана қоймай, бірқатар учаскелерде жоспарланған дебит деңгейінен айтарлықтай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді.
- Ұңғымаларды жерасты жөндеу (PRS): PRS бағдарламалары алдын ала қызмет көрсетуге және жабдықтың сенімділігін арттыруға бағытталған. Күрделі пайдалану жағдайларына арналған арнайы сорғыларды (механикалық қоспалар, коррозия) енгізу және тұз тұндыру ингибиторларын қолдану бірқатар активтер бойынша орташа жөндеуаралық кезеңді (ЖАК) ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Ұңғыма қоры: 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ‑ның операциялық басқаруындағы ұңғымалардың жалпы қоры 18 200 бірлікті құрады, оның ішінде 14 135 ұңғыма қолданыстағы өндіруші қорға жатады.
| Көрсеткіш | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| Жаңа ұңғымалар | 513 | 517 | 518 |
| Ұңғымалардың ауыспалы қоры, оның ішінде тоқтап тұрған ұңғымалар | 13 142 771 | 13 313 828 | 13 647 689 |
| Айдау ұңғымалары | 3 869 341 | 4 084 379 | 4 336 286 |
| ҚМГ операциялық активтері бойынша жиыны | 17 524 | 17 914 | 18 501 |
Қолданыстағы бұрғылау қондырғыларының саны — 48 бірлік.
Негізгі іс‑шаралар байырғы кен орындарды дамытуға бағытталған.