Бизнес үлгісі
ҚҰНДЫ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫЗ
Бүкіл құн тізбегі бойынша толық вертикалды интеграция сегменттер арасындағы синергияны қамтамасыз етеді, операциялық тиімділікті арттырады, шығындарға бақылауды күшейтеді және шикізат тауарларына баға өзгерісінің бизнеске әсер ету деңгейін төмендетеді.
Мұнай мен газды барлау және өндіру
Дәлелденген және ықтимал қорлар (2Р):
Мұнай мен конденсат өндіру:
Газ өндіру
Мұнай тасымалдау
- құбыр арқылы тасымалдау — 72,6 млн тонна;
- теңіз арқылы тасымалдау — 10,7 млн тонна
Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу және өткізу
Мұнай өңдеу көлемі
- Қазақстандағы МӨЗ‑дер — 14,7 млн тонна;
- Румыниядағы МӨЗ‑дер — 6,3 млн тонна
ҚМГ үлесіне полипропилен өндірісі:
Мақсаттар мен міндеттер – 2031:
240 млн тонна — 2022 жылдан 2031 жылға дейінгі жиынтықты мұнай өндіру көлемі
Газ өндіруді ұлғайту
Қорларды өндіру кезеңіне тездетіп көшіру
Перспективті учаскелер бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеу
Экспортқа мұнай тасымалдаудың қосымша бағыттарын дамыту
Қуаттардың пайдалану тиімділігін жоғарылату
Мұнай‑газ химиясы жобаларын жүзеге асыру
Мүдделі тараптардың құндылықтары
Еліміздің мұнай‑газ саласының әрбір сегментіне қатысу және көшбасшылық позицияға ие болу — геологиялық барлаудан бастап мұнай өнімдерін сатуға дейін — Компанияға көптеген мүдделі тараптар үшін құндылық жасауға мүмкіндік береді. ҚМГ акционерлерге тұрақты төлемдерді жүргізеді, инвесторлар мен кредиторлар алдындағы міндеттемелерді тиісінше орындайды, ірі жұмыс беруші және салық төлеуші, серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтеді, әлеуметтік жобаларға инвестиция құяды және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз етеді.
Инвестициялық тартымдылығы
Қазақстанның бірегей географиялық орналасуы
Қазақстан – географиялық тұрғыдан бірегей, едәуір ресурстар қоры бар және негізгі сауда бағыттарының қиылысында ұтымды орналасқан мемлекет. Еліміздің аумағы бойынша Еуропа мен Қытай арасындағы құрлық арқылы жүк тасымалы көлемінің шамамен 85 % өтеді.
Тұрақты экономикалық жағдайы
Қазақстан экономикасы Орталық Азиядағы ең ірі болып саналады және өңірдегі жиынтықты ішкі жалпы өнімнің 50 % астамын құрайды. Қазақстан экономикасының динамикасы тұрақты өсіп келеді.
Қолайлы инвестициялық орта және тұрақты реттеу режимі
Теңіздегі жаңа жобалар бойынша мұнайға салынатын экспорттық кеден бажын алып тастаудың, сондай‑ақ 2023 жылы Жақсыртылған модельдік келісімшартты (ЖМК) пайдалана отырып, күрделі жобаларды іске асыру үшін жаңартылған заңнамалық және салық базасын енгізудің нәтижесінде Қазақстан инвесторлар үшін әлдеқайда қолайлы әрі болашағын болжауға болатындай елге айналды.
Ұлттық мұнай‑газ компаниясының мәртебесі
- ҚМГ — көмірсутек секторында мемлекеттің мүддесін қорғауға уәкілеті бар Қазақстанның ұлттық мұнай‑газ компаниясы, бұл институционалдық қолдауды және мемлекеттік саясат тетіктерін пайдалануды қамтамасыз етеді.
- Мемлекеттік қолдау ескі активтердің экономикасын оңтайландыруға және босатылған қаражатты олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін фискалды әрі салық преференцияларын қамтиды.
- Қолайлы және болжамды дивиденд саясаты компанияның бос ақша ағыны мен қарыз жүктемесінің деңгейін ескеріп отырады.
ҚМГ‑ның Қазақстан экономикасына ықпалы
- Нарықтағы үлесі басым. ҚМГ‑ға еліміз бойынша мұнай өндірудің 26 % және газ өндірудің 17 %, ұлттық мұнай тасымалдаудың 55 % жуығы және ішкі өңдеудің шамамен 80 % тиесілі.
- Ел экономикасында жүйе жасаушы рөл атқарады. ҚМГ мемлекет бюджетіне тұрақты түсімдерді, акционерлерге сенімді төлемдерді және инвесторлар мен кредиторлар алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді. Компания – Қазақстандағы ірі жұмыс берушілердің бірі.
Құнды қалыптастырудың барлық тізбегі бойынша толық вертикалды интеграция
- ҚМГ‑ның геологиялық көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдау, өңдеу, мұнай‑газ химиясы мен сервистік компанияларға дейінгі мұнай‑газ тізбегінің барлық кезеңдерін қамтитын әртараптандырылған активтер портфелі бар.
Саладағы көшбасшылық орны
Барлау
- Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқықтарына басым түрде қол жеткізе алады.
- Барлау активтерінің перспективті портфелі бар.
- Қарқынды геологиялық барлау қызметі (ЖГЗ 1.0 және ЖГЗ 2.0).
- Едәуір ресурстық әлеуеті және мұнай өсімін арттыру мүмкіндігі бар.
- Геологиялық‑геофизикалық деректері ауқымды.
- Стратегиялық серіктестерді кэрри‑қаржыландыру негізінде тарта алады.
Толығырақ Геологиялық барлау
Өндіру
- ҚМГ өзінің өндіруші активтерінен тұратын портфелінен бөлек, Қазақстанның үш ірі мегажобасында (Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған) елеулі үлестеріне иелік етеді, бұл сенімді ресурстық базаны және өндірудің тұрақты деңгейін қамтамасыз етеді.
Толығырақ Мұнай мен газ өндіру
Өңдеу және маркетинг
- Мұнай өңдеу саласында көшбасшылық орынға ие.
- Заманауи әрі жаңғыртудан өткен кәсіпорындары бар.
- Озық өңдеу технологияларын енгізеді.
- Өңдеу қуаттарының өсу әлеуеті бар.
- Шикізат базасына кепілді түрде қол жеткізе алады.
- Өңдеу тереңдігі мен қосылған құны артып келеді.
Толығырақ Мұнай өңдеу және маркетинг
Мұнай тасымалдау
- Басты экспорттық бағыттарға сенімді қол жеткізу.
- Мұнай тасымалдау активтерінің әртараптандырылған портфелі.
- Магистралды инфрақұрылымды бақылау.
- Жеке танкерлік флоты.
- Мұнай тасымалдау секторы бойынша нарықта көшбасшылық етеді.
- Экспорттық көлемдердің өсу әлеуеті.
- Тасымалдау активтері басты экспорттық бағыттарға сенімді қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
- «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚМГ‑ға 90 % үлесі тиесілі еншілес ұйым) — Қазақстан Республикасының магистралды мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы.
- «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС (ҚМГ‑ның 100 % еншілес ұйымы) — Қазақстандағы ең ірі кеме қатынасы компаниясы.
Толығырақ Тасымалдау
Қаржылық орнықтылық
- Үш жетекші халықаралық рейтинг агенттігі тарапынан инвестициялық кредиттік рейтингтері бар.
- Теңгерімді қарыз құрылымы.
- Халықаралық капитал нарықтарына тұрақты қол жеткізу.
- Жүйелі қаржы саясаты.
Толығырақ Қаржылық қызметке шолу
Мұнай‑газ химиясы жобалары – Компания өсуінің жаңа қозғаушы күші
Мұнай‑газ химиясының дамуы Компанияның тігінен интеграцияланған жүйесін күшейтеді және бүкіл құн тізбегі бойынша қосылған құн көлемін арттырады.
Толығырақ Басты инвестициялық жобалар
Салмақты әрі тәжірибелі менеджмент
Менеджмент тобы операциялық тұрақтылық пен инвестициялық ресурстарды дұрыс бөлуді қамтамасыз ете отырып, тәуекелдер мен капиталды басқарудың жүйелі тәсілімен қатар саладағы терең сараптаманы ұштастырады.
Толығырақ Директорлар кеңесінің құрамы, Басқарма құрамы
Заманауи корпоративтік басқару жүйесі
Компанияда үздік халықаралық тәжірибелер мен жария капитал нарықтарының талаптарына сай заманауи корпоративтік басқару жүйесі енгізілген.
Толығырақ Корпоративтік басқару жүйесі
Тұрақты даму қағидаттарын ұстануы (ESG)
ҚМГ ESG‑тәсілдерін Стратегиямен, операциялық қызметпен және инвестициялық шешімдермен біріктіре отырып, тұрақты даму қағидаттарын жүйелі түрде ұстанып келеді.
Толығырақ Тұрақты дамуды басқару