Еңбек қауіпсіздігі

Өнеркәсіптегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау

ҚМГ республиканың ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі ретінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және Компанияның өндірістік нысандары орналасқан аймақтарда тұратын персонал мен халықтың денсаулығын сақтауға көп көңіл бөледі. Қызметкерлер Компанияның еңбек қызметі үшін қауіпсіз жағдай жасайтынын және жұмыс орнында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін ең жоғары стандарттарды енгізетінін айтады.

ҚМГ басшылығы еңбек қауіпсіздігі мәселелерін басқаруға барынша белсене атсалысады.

2025 жылғы қаңтар айында Астана қаласында ҚМГ еншілес ұйымдары бас директорларының IX жыл сайынғы «Қауіпсіздік мәдениетін дамытудағы көшбасшылық» атты форумы өтті. Іс‑шараға ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, компанияның еншілес кәсіпорындарының басшылары, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ірі мұнай‑газ компанияларының өкілдері қатысты. Жиында өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқыланды.

2025 жылғы желтоқсанда еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған ЕТҰ‑ның өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің басшыларының қатысуымен HSE форумы өтті. «Біртутас HSE командасы» ұранымен өткен іс‑шара жүйелік проблемаларды терең талдау және қауіпсіздікті дамытудың жол картасын қалыптастыру алаңына айналды. Іс‑шараға ҚМГ басшысы Асхат Хасенов, бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, ҚМГ‑ның 30‑дан астам еншілес компанияларының өкілдері, сондай‑ақ сарапшылар қатысты. Форумда өндірісте жарақат алуды азайту, қауіпсіздік мәдениетін жақсарту мәселелері талқыланды және қатысушылар цифрлық шешімдерді енгізу бойынша тәжірибе алмасты.

2025 жылдың басты көрсеткіштері

2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда жазатайым жағдайлардың саны бойынша оң динамика байқалды: көрсеткіш 2024 жылғы 21 жағдайдан 2025 жылы 20 жағдайға дейін төмендеді, яғни 5 % азайды. Бұл ретте еңбек қызметімен байланысты оқыс оқиғалардың салдарынан зардап шеккендердің саны өткен жылдың деңгейінде қалып, 21 адамды құрады.

Жол‑көлік оқиғаларының саны 2024 жылдың деңгейінде қалды және есепті кезеңде осындай алты жағдай болды. 2025 жылы да, 2024 жылы да өрт шығу оқиғалары тіркелген жоқ.

2025 жылы еңбек қызметімен байланысты адам өліміне әкелген бір жағдай тіркелді. «Өзенмұнайгаз» АҚ слесарь‑жөндеушісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пештің оттығы құлап, салдарынан ол ауыр дене жарақатын алып, қайтыс болды. ӨМГ ұжымдық шарты аясында оның отбасына материалдық көмек көрсетілді.

Тергеу нәтижесінде оқиғаның себептері қайтыс болған адамның өрескел абайсыздығы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны және жұмыс өндірісінің нашар ұйымдастырылғаны анықталды. Бұл жағдайдан кейін тиісті шаралар қабылданды, атап айтқанда нұсқаулықтар, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, технологиялық регламент қайта қаралып, жұмыстарды орындау процесі қауіпсіз әдістермен толықтырылды және барлық жұмысшылармен онымен танысып шықты. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық та қайта қаралып, ӨМГ‑нің барлық жұмысшылары онымен танысты, қауіп‑қатері жоғары жұмыстарды атқару кезіндегі электрондық наряд‑рұқсат беру жүйесі енгізілді.

ЕҚжӨҚЕңбекті қорғау және өнеркәсіптегі қауіпсіздік. негізгі көрсеткіштері Өлшем бірлігі 2023 2024 2025 2025/2024 ауытқу %
Жазатайым жағдайлар жағдай 28 21 20 −1 −5
Жазатайым жағдай кезінде зардап шеккендер адам 29 21 21
  • Өліммен аяқталғандар
адам 2 1 1
Жол‑көлік оқиғалары оқиға 19 6 6
Өрт оқиға 0 0 0
Жазатайым және өлім‑жітім коэффициенті
Көрсеткіш 2023 2024 2025 IOGPIOGP‑дің 2024 жылғы жария көрсеткіштері.
Жұмыс уақытын жоғалтқан жазатайым оқиғалардың коэффициенті (LTIR), 1 млн адам‑сағатқа шаққанда 0,30 0,22 0,21 0,21
Өлім‑жітім коэффициенті (FAR), 100 млн адам‑сағатқа шаққанда 2,11 1,03 1,01 0,57

Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару

Есепті кезеңде ҚМГ компанияларының барлық тобы бойынша технологиялық қауіпсіздікті басқару тәсілдерін дамыту және өндірістік процестердің тұрақтылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Негізгі басымдық корпоративтік орталық пен ЕТҰ іс‑қимылдарының үйлесімдігін қамтамасыз ететін бірыңғай басқарушылық және әдістемелік бағытты қалыптастыруға, сондай‑ақ технологиялық тәуекелдерді бағалау мен төмендетуге салыстырмалы тәсілдерді қолдануға берілді.

Жұмыстың маңызды бағыты – өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқарудың мақсатты моделін нақтылау және одан әрі дамыту (Process Safety Management − PSM). Өзгерістерді басқару жүйесін (Management of Change − MOC) дәйекті нығайту және өндірістік өзгерістерді басқаруды, техникалық деректердің өзектілігін және басқару шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз ететін базалық элементтер ретінде өндірістік қауіпсіздіктің ақпараттық дереккөзін (Process Safety Information − PSI) дамыту жоспарлануда.

2026 жылы технологиялық қауіпсіздік жөніндегі бастамаларды іске асырудағы ұйымдастыру тетіктерін дамыту көзделіп отыр:

  • жобаларды басқару жүйесін жетілдіру;
  • процеске қатысушылардың рөлі мен жауапкершілігін келісу;
  • корпоративтік деңгей мен өндірістік алаңдар арасындағы өзара іс‑қимылдың тұрақты құралдарын қалыптастыру.

Бұл тәсіл технологиялық тәуекелдер деңгейіне әсер ететін өзгерістер мен іс‑шараларды жүзеге асыру кезіндегі міндеттер орындалуының болжамдылығын, бақылау сапасын және басқару шешімдерінің дер кезінде қабылдануын арттыруға мүмкіндік береді.

Персоналдың кәсіби шеберлігін дамыту жеке басымдық болып қала бермек. Жыл бойы өзгерістерді басқару және қауіп‑қатерді анықтау мен талдау тәсілдерін қоса алғанда, технологиялық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары мен құралдары бойынша оқыту тәжірибелерін кеңейту жоспарлануда.

Ақпаратпен қамтамасыз ету бөлігінде технологиялық қауіпсіздік саласындағы шешімдерді қолдау үшін пайдаланылатын техникалық және ұйымдастырушылық ақпаратты басқару тәсілдерін одан әрі дамыту жоспарлануда. Тәуекелдерді дұрыс бағалау және өзгерістер кезінде шешім қабылдау үшін қажетті деректердің реттілігін, қолжетімділігін және өзектілігін арттыру, сондай‑ақ осы ақпаратты өндірістік процестер үшін пайдалану тәжірибесін жетілдіру – бұл негізгі басымдық. Осы бағыт аясында ақпаратты жүйелі есепке алу мен талдауды қамтамасыз ететін негізгі дерекқорлар мен тізілімдерді дамыту көзделеді:

  • технологиялық тәуекелдер тізілімі — тәуекелдерді бағалау мен жіктеу дерекқорлары;
  • оқыс оқиғалар тізілімі — апаттардың алдын алу үшін оқыс оқиғаларды есепке алу мен талдау жүйелері.

Жалпы, жоспарланған іс‑шаралар технологиялық қауіпсіздікке бірыңғай көзқарасты нығайтуға, процестерді басқаруды дамытуға, негізгі тәжірибелердің жетілдіруін арттыруға және тұрақты құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған, бұл елеулі технологиялық оқиғалардың ықтималдығын жүйелі түрде төмендетуге және ҚМГ компаниялар тобының өндірістік қызметінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ЕҚжӨҚ саласындағы оқыту

2025 жылы ҚМГ компаниялар тобында 2025‑2027 жылдарға арналған өндірістегі қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасын іске асыру аясында ҚМГ компаниялар тобының және мердігер ұйымдардың 56 046 маманы ҚР заңнамалық талаптарында көзделген міндетті оқумен қатар өндірістегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы халықаралық бағдарламалар бойынша (NEBOSH, IOSH Managing Safely, ISO 45 001, НАССР, Defensing Driving және басқалар) оқудан өтті.

Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту және персоналдың кәсіби құзыреттерін арттыру аясында 2025 жылы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС‑мен бірлесіп әзірленген «Жұмыс орнындағы тиімді нұсқаулық» курсы бойынша еншілес және тәуелді ұйымдардың 2 985 желілік басшылары оқытылды. Оқыту бағдарламасы сапалы нұсқамаларды өткізу, наряд‑рұқсат беру жүйесін қолдану, кәсіптік тәуекелдерді бағалау мәселелерін, сондай‑ақ «Қорғау» бағдарламасы аясындағы қауіпті әрекеттер мен жағдайларға уақтылы араласу дағдыларын қамтиды.

Есепті жылы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС‑мен бірлесіп әзірленген «Қауіпті аймақ: жабдықпен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаттары» мамандандырылған курсы бойынша 7 016 қызметкер онлайн оқудан өтті. Бұл оқыту өндірістік тәуекелдер деңгейін төмендетуге және қауіпті өндірістік нысандарда тұрақты қауіпсіз мінез‑құлық үлгілерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Көлік қауіпсіздігі

2025 жылы «Сапарларды басқару» жобасы аясында мұнай сервистік еншілес ұйымдардың («Oil Services Company» ЖШС, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС, «Oil Construction Company» ЖШС) көлікпен қамтамасыз етуді басқару жөніндегі негізгі процестерді цифрлық форматқа көшіру жұмыстары аяқталды. Есепті кезеңде көлікке және арнайы техникаға өтінімдер беру модулінің өнеркәсіптік пайдалануы қамтамасыз етілді, қажеттілікті жоспарлау, тапсырмаларды бөлу жоспарларын қалыптастыру мен орындау іс‑шараларын автоматтандыру жүргізілді, сондай‑ақ көлік пен жүргізушілердің қолжетімділігіне мониторинг енгізілді. Оқыс оқиғаларға қатысты онлайн‑хабарламалар алу үшін (қозғалыс қауіпсіздігі, жылдамдық режимі, күрт тежеу және жеделдету) көліктің қозғалысын мониторингтеу үшін GPS жүйелерімен интеграция жасалды. Қызметкерлерге онлайн‑режимде өтінімдердің көлемін, олардың орындалу коэффициентін, автопарктің жүктелуін және техниканың нақты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік беретін базалық сараптамалық құралдар қолданысқа енгізілді. Алдағы уақытта есепке алу жүйелерімен біріктіру үшін көліктің жүру уақыты мен техникалық жай‑күйінің өтпелі есебін қамтамасыз ететін «Жол парақтары» және «Жөндеу» модульдерінің функционалдық макеттері дайындалып келісілді.

2026 жылы «Сапарларды басқару» жобасы «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Өзенмұнайгаз»АҚ өндіруші активтеріне таратылатын болады. Бұл жұмыс аясында «Сапарларды басқару» жобасының базалық модульдерін (көлікке электрондық өтінім беру, тапсырыстарды бөлу жоспары және сараптамалық дашборд) іске асыру көзделген.

2024 жылы ҚМГ ЕТҰ жұмысшыларының қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеті туралы хабардар болу деңгейін арттыру үшін ҚОА мен ЕМГ кәсіпорындарында 2 бірлік конвинсерКонвинсер — жол‑көлік оқиғасы кезінде бет‑бетпе соқтығысуының тренажер имитаторы. Құрылғы қауіпсіз жағдайда 10 км/сағ жылдамдықта фронтальды соқтығысу кезіндегі соққының күшін сезінуге мүмкіндік береді. сатып алынды. Есепті кезеңде ҚМГ компаниялар тобына қарасты келесі ЕТҰ‑да 5 конвинсер бар: ҚТО, ӨМГ, ОТК, ҚОА, ЕМГ. 2025 жылы «ЖКО‑ны тоқтат» науқаны аясында ЕТҰ мен мердігер ұйымдардың 22 394 маманы қатысқан конвинсердің тәжірибелік көрсетілімі өткізілді.

Өрт қауіпсіздігі

2025 жылы ҚМГ нысандарында өрт жағдайлары тіркелген жоқ.

ҚМГ ЕТҰ нысандарында өртке қарсы қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында 2025‑2027 жылдарға арналған ҚМГ компаниялар тобында өндірістік қауіпсіздіктің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай‑күйін жақсарту жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітілді. Жол картасы аясында жыл бойы өртке қарсы профилактикалық шаралар жүргізілді. Сонымен қатар 2025 жылдың ішінде Жол картасына сәйкес барлық ЕТҰ‑да жоспарлы өрт‑тактикалық жаттығулар өткізілді.

Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Татнефть» ЖАҚ, «Өзбекнефтегаз» АҚ арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған төртжақты меморандумға сәйкес 2025 жылғы 29 тамызда «Ембімұнайгаз» АҚ ұңғымасында жанған және зардап шеккен адамы бар апатты жою бойынша оқу‑жаттығу өткізілді. Оқу‑жаттығуға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдары, шетел делегациялары қатысты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Самұрық‑Қазына» АҚ‑ның және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының өкілдерінің қатысуымен «CASPI Bitum» БК» ЖШС‑де мұнайы бар вертикалды болат резервуарында шартты өртті сөндіру бойынша жаттығу өткізілді.

ҚМГ корпоративтік орталығында 2025 жылдың ішінде адамдарды эвакуациялаумен және ғимаратта шартты өртті сөндірумен екі өртке қарсы жаттығу өткізілді.

Әдістемелік көмек көрсету және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін есепті жылы ҚМГ ЕТҰ‑да өртке қарсы қорғанысты күшейту (өрт қауіпі жоғары, жылыту маусымында және мереке күндері), өрт қауіпсіздігі нормаларын түсіндіру жөнінде хаттар дайындалып, жолданды.

ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚӨнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау. саласындағы өзара іс‑қимыл

2025 жылы ҚМГ компаниялар тобында 2025‑2027 жылдарға арналған ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде «Өндіру» және «Мұнай сервисі» бизнес‑бағыттарында жұмыстарды орындау кезінде болған оқиғаларды талдауды ескере отырып, мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарда өндірістік тәуекелдердің жоғары деңгейімен сипатталатын ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ деңгейін арттыру жөніндегі іс‑шаралар кешені іске асырылды.

Жауапкершілікті бөлудің және өлшенетін қызметтің басты көрсеткіштері (ҚБК) айқындаудың мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін тәуекел деңгейлері бойынша (төмен, орташа және жоғары) жіктеу, сондай‑ақ мердігер ұйымдар үшін өндірістік қауіпсіздікке қатысты ҚБК‑ны енгізу қамтамасыз етілді.

Мердігер ұйымдармен жасалатын өзара іс‑қимыл бойынша бақылау деңгейін күшейту мақсатында келісімшарт әкімшілерінің, желі басшыларының және ӨҚ, ЕҚ мен ҚОҚ қызметтерінің бөлігіндегі рөлін арттыру тетіктері пысықталды:

  • мердігер ұйымдардың және қосалқы мердігер ұйымдардың ішкі тексерістерін (аудит) жүргізу;
  • оқиғалар мен сәйкессіздіктердің негізгі себептерін талдау;
  • түзету іс‑шараларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау.

2025 жылғы қарашада мердігер ұйымдардың бірінші басшыларының, бас директорларының және «Өндіру» мен «Сервис» бизнес‑бағыттары бойынша ЕТҰ шарттары әкімшілерінің қатысуымен HSE форумын өткізу шеңберінде өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне серіктестік көзқарасты қалыптастыруға және мердігерлердің өз қызметінің нәтижелері үшін саналы жауапкершілігін арттыруға бағытталған негізгі басқарушылық және коммуникациялық бағдарлар айқындалды.

2025 жылы мердігер ұйымдардың қатысуымен болған оқиғалар санын азайту мақсатында ҚМГ корпоративтік орталығы 18 ЕТҰ‑да ӨҚ, ЕҚ және ҚОҚ саласындағы мердігер ұйымдармен өзара іс‑қимыл процестерінің сәйкестігіне аудит жүргізді. Аудит нәтижелері бойынша мердігер ұйымдарда да, ЕТҰ‑да да жағдайды жақсарту бойынша 824 ұсыныс берілді. Сондай‑ақ ЕТҰ/филиалдар аумағында мердігер ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жай‑күйіне 5 883 тексеру жүргізілді.

2025 жылы мердігер ұйымдардың қатысуымен болған оқиғалардың нәтижелі жұмысын бағалау өндірістік оқиғалардың ең көп саны мынадай бағыттарда тіркелгенін көрсетті: ұңғымаларды бұрғылау және жөндеу — 35 %, сервистік қызметтер — 26 %, көлік қызметтері — 26 %.

Мердігер ұйымдарда көрсетілген қызметтер бойынша болған оқиғалардың пайызы, %
Мердігер ұйымдардың қатысуымен болған жазатайым, өлім‑жітім жағдайларының, жол‑көлік оқиғаларының коэффициенттері
Көрсеткіш 2023 2024 2025 IOGPIOGP‑дің 2024 жылғы жария көрсеткіштері.
Жұмыс уақытын жоғалтқан жарақат алу коэффициенті (LTIR), 1 млн адам‑сағатқа шаққанда 0,36 0,32 0,45 0,24
Өлім‑жітім коэффициенті (FAR), 100 млн адам‑сағатқа шаққанда 12,0 3,86 10,38 0,84
Жол‑көлік оқиғаларының коэффициенті, жүріп өткен 1 млн километрге шаққанда 0,28 0,05 0,07 0,03

ЕҚжӨҚ бағытын цифрландыру

2025 жылы қауіпті технологиялық операцияларды жүргізу, ұңғымаларды жерасты жөндеу кезінде оқыс оқиғалардың алдын алуға және қызметкерлерге кері әсерді азайтуға бағытталған TUMAR өндірістік қауіпсіздік жөніндегі автоматтандырылған интеллектуалды жүйені әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылғы қаңтарда TUMAR ӨҚ жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) сервисі «Oil Services Company» ЖШС‑нің Жетібай және Қаламқас («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ) кен орындарында ұңғымаларды күрделі жөндеудің (ҰКЖ)/ұңғымаларды жерасты жөндеудің (ҰЖЖ) он бригадасында пилоттық тәсілмен іске қосылды, онда барлық үш модуль штаттық режимдежұмыс істеп тұр.

«Oil Services Company» ЖШС‑де Жетібай және Қаламқас орындарында 60 ҰКЖ/ҰЖЖ бригадасында жобаны енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.

2026 жылы жобаны «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ сияқты ЕТҰ‑да енгізу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы

Қазақстан Республикасы заңнамасының және қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес компанияда денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы мәселелерін басқару жүзеге асырылады. ҚМГ өндірістік процеске қарамастан, өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және оларды сауықтыру бойынша белсенді саясат жүргізеді.

2025 жылы ЕТҰ қызметкерлері арасында еңбек қызметімен байланысы жоқ өлім‑жітім саны 2024 жылмен салыстырғанда орташа есеппен төртке немесе 33 % қысқарды. Бұл оқиғалардың негізгі себептері – қызметкерлердің жүрек‑қан тамыры аурулары болды.

Еңбек қызметімен байланысы жоқ өлім‑жітім саны

ҚМГ‑да «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының персоналын сауықтыру бағдарламасының 2025‑2027 жылдарға арналған іс‑шаралар жоспары қолданылады, ол өндірістік кәсіпорындарында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және шұғыл медициналық көмек көрсетуге, ҚМГ компаниялар тобында қызметкерлерді сауықтыру жөніндегі іс‑шараларды енгізуге және іске асыруға бағытталған.

ҚМГ қызметкерлерін сауықтыру бағдарламасы бойынша іс‑шаралар жоспарының негізгі бағыттары:

  • кәсіптік аурулардың және қауіп факторларының алдын алу, қызметкерлердің денсаулық жағдайын мониторингтеу;
  • кешенді сауықтыру іс‑шаралары;
  • еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс‑шаралар;
  • санитарлық бағыттағы ағарту жұмыстары.

Корпоративтік стандарттардың талаптарын қамтамасыз етуді бақылау және мониторингтеу мақсатында кешенді тексерулер (аудиттер) жүргізу үшін ҚМГ корпоративтік орталығы мен ЕТҰ мамандарынан жұмыс тобы құрылды.

2025 жылы өндірістік нысандарда өлім қаупін жою үшін алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары бойынша ЕТҰ‑ның 21 546 маманы оқытылды.

Шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі регламентке сәйкес ҚМГ компаниялар тобында өндірістік нысандарында, соның ішінде өндірістік аумақтарда орналасқан мердігер ұйымдардың қатысуымен Шұғыл медициналық әрекет ету жоспарына сәйкес 1, 2 және 3‑деңгейлі 1 633 медициналық оқу дабылы өткізілді.

Аппараттық кешендерді енгізу жұмыстары жалғасуда: медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесі (МТАЖ) іске қосылды, 2025 жылы ҚМГ‑ның ЕТҰ‑да 69 бірлік МТАЖ енгізілді.

Созылмалы аурулардың қауіп факторларын ерте анықтау және пациенттерді бақылау процестерін жақсарту және жоспардан тыс госпитализация деңгейін төмендету мақсатында «Ембімұнайгаз» АҚ‑да маңызды медициналық артықшылықтары бар киілетін құрылғыларды енгізу жобасы іске асырылуда. Әлеуметтік‑экономикалық жағынан технология салауатты өмір салтына деген ынтаны арттырады, емдеу шығындарын азайтады, сондай‑ақ осындай шешімдерді таратудың экономикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС‑де Әлібекмола кен орнында интеллектуалды медициналық кешеннің пилоттық жобасы іске асырылуда, оған пупиллометриясы бар және оттегі коктейльдерін дайындауға арналған аппараттық МТАЖ жабдықтар кіреді. Жүйе сағат сайын автоматты түрде өлшемдер жасайды, өшірілген кезде сигнал береді, қашықтықтан бақылауды және HealthLink пен Trust Meплатформаларымен интеграцияны қамтамасыз етеді.

«АМӨЗ» ЖШС‑де НАССР тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыс тобы құрылды және «АМӨЗ» ЖШС асханаларында ҚР СТ ISO 22000‑2019 талаптарына сәйкес тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі іс‑шаралар жоспары әзірленді.