Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитетінің есебі

2025 жылы Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитетінің 9 отырысы өткізіліп, 61 мәселе қаралды

Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитетінің құрамы (2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – 2023 жылдың маусымынан бастап Комитет төрағасы;
  2. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – 2019 жылдың мамырынан бастап Комитет мүшесі;
  3. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы – 2023 жылдың маусымынан бастап Комитет мүшесі.
2025 жылы Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеттің
9 отырысы өтті
Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті 2025 жылы қараған негізгі мәселелер
Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік
  • Өндірістік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша есепті қарау
  • Еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшыларының жетекшілік ететін ұйымдарындағы өндірістік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау жағдайы туралы есептерін тыңдау («Қаражанбасмұнай» АҚ, «Oil Services Company» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «ПҚОП» ЖШС)
  • ҚМГ компаниялар тобы үшін жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі корпоративтік стандарттың күшін жою
  • «Қаражанбасмұнай» АҚ‑да анықталған бұзушылықтарды жою бойынша есепті қарау
  • ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы шеңберіндегі іс‑шараларды іске асырудың 2024 жылғы мәртебесін қарау
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ‑да орын алған өліммен аяқталған жазатайым оқиға бойынша жүргізілген тергеу қорытындылары туралы есепті қарау
  • ҚМГ Басқарма мүшесіне тәртіптік жаза қолдану
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитетінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту
  • ҚМГ компаниялар тобы мен мердігер ұйымдарда өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру, жарақаттанудың алдын алу және оны төмендету, сондай‑ақ ҚМГ‑ның корпоративтік талаптары мен стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларды қарау.
Тұрақты даму және ESG рейтингі
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі комитетінің 2024 жылғы қызметі туралы есепті қарау
  • ҚМГ‑ның ұзақ мерзімді құнын арттыру және орнықты дамуын қамтамасыз ету бағытында ҚМГ Директорлар кеңесі қабылдаған шараларды, сондай‑ақ компанияның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және орнықты дамуына әсер ететін факторларды қарау
  • ҚМГ‑ның 2024 жылға арналған орнықты даму туралы есебін бекіту
  • ESG (Environmental, Social, Governance) рейтингі және ҚМГ‑ның ESG тәуекел рейтингісін жақсарту жөніндегі іс‑шаралар жоспарын іске асыру мәртебесін қарау
  • ҚМГ‑ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі (Компания өз қызметінде бизнес‑стратегияға БҰҰ‑ның негізгі қағидаттарын, жаһандық үрдістерді, Қазақстанның даму басымдықтарын және жалпыадамзаттық құндылықтарды біріктіре отырып, орнықты дамуға қол жеткізуге ұмтылады. ҚМГ БҰҰ тұрақты дамуының барлық 17 мақсатын ұстанады және оларды іске асыруға белсенді қатысады)

Қауіпсіздік, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму жөніндегі комитет (бұдан әрі – ҚЕҚОҚжТДК немесе Комитет) өндірістік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өз функцияларын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды алдын ала қарау, сондай‑ақ ҚМГ Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу арқылы жүзеге асырады.

Комитет Басқармасының өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік жағдайы туралы есептерін тұрақты түрде қарайды, жарақаттану деңгейі, авариялар және экологиялық оқиғалар көрсеткіштерін талдайды, ірі өндірістік оқиғалардың себептерін зерделейді және түзету шараларының жеткіліктілігін бағалайды. Қарау нәтижелері бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің шешім қабылдауы үшін қорытындылар мен ұсынымдар қалыптастырылады.

Сонымен қатар Комитет ESG қағидаттарын ҚМГ қызметіне енгізуге жәрдемдеседі. Бұл стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды алдын ала қарау, тәуекелдерді талдау, есептілікті мониторингтеу, ҚМГ Директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу және өндірістік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму салаларында қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.

2024 жылға арналған ҚМГ‑дің Тұрақты даму жөніндегі есебін бекіту, ESG (Environmental, Social, Governance – экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) рейтингі және ҚМГ‑дің ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту жөніндегі іс‑шаралар жоспарының іске асырылу мәртебесі мәселелері аясында MSCI халықаралық рейтинг агенттігінің ESG рейтингіндегі ҚМГ позициясы туралы ақпарат жан‑жақты ұсынылды.

Мәселені қарау барысында экологиялық (E), әлеуметтік (S) және басқарушылық (G) компоненттер бойынша бағалау нәтижелері, негізгі көрсеткіштердің динамикасы, сондай‑ақ Компанияның рейтингін BBB деңгейінде сақтауға әсер еткен факторлар ашылып көрсетілді. Сондай‑ақ ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту жөніндегі іс‑шаралар жоспарының орындалу мәртебесі ұсынылды. Жоспар келесі бағыттар бойынша кешенді шараларды қамтиды:

  • көміртек ізін азайту және ластаушы заттар шығарындыларын басқару;
  • биоалуантүрлілік пен ұтымды су пайдалану саласындағы практикаларды дамыту;
  • еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру;
  • корпоративтік басқару, іскерлік этика және ақпаратты ашық жариялау тетіктерін нығайту.

БҰҰ‑ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ҚМГ үлесі мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл шеңберде Компанияның тұрақты даму мәселелеріне қатысты жүйелі тәсілі көрсетілді. Ол ESG қағидаттарын даму стратегиясына интеграциялау, корпоративтік бастамалардың БҰҰ‑ның Тұрақты даму мақсаттарымен, сондай‑ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік‑экономикалық даму жөніндегі ұлттық басымдықтарымен үйлесімділігіне негізделген.

Ұсынылған материалдар Компанияның тұрақты басқаруды дамыту және корпоративтік жауапкершілік сапасын ұзақ мерзімді перспективада арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқанын растайды.

ҚЕҚОҚжТДК отырыстарында еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша есептер тұрақты түрде тыңдалып отырды. Бұл есептер шеңберінде Комитет мүшелері негізгі тиісті индикаторлар туралы ең өзекті ақпаратты, сондай‑ақ ҚМГ тобына кіретін компанияларда жазатайым оқиғаларды болдырмауға бағытталған алдын алу шаралары туралы мәліметтер алып отырды.

Жалпы, ҚЕҚОҚжТДК отырыстарына шығарылатын мәселелер Компания үшін аса маңызды, сондай‑ақ тұрақты даму, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы өзекті мәселелерге назар аударуға әрі оларды шешуге ықпал етеді.

Комитет мүшелерінің 2025 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырыстарының күні мен нөмері 1/2025 ‑ 03.02.2025 2/2025 ‑ 03.03.2025 3/2025 ‑ 14.04.2025 4/2025 ‑ 12.05.2025 5/2025 ‑ 02.06.2025 6/2025 ‑ 30.06.2025 7/2025 ‑ 08.09.2025 8/2025 ‑ 06.10.2025 9/2025 ‑ 01.12.2025 Қатысу үлесі, %
Комитет мүшесінің аты-жөні
Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы + + + + + + + + + 100
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы + + + + + + + + + 100
Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы + + + + + + + + + 100