Жаһандық стандарттар. Ұлттық басымдықтар
Жылдық есеп 2025

KPI кәсіпорынның жетекші инженері Эльвира Русланқызы Есетова 2025 жылғы есептің мұқабасына шықты. Ұлттық компания әйелдер мен жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған бағдарламаларды қолға алып, біраз жылдан бері дамытып келеді. Эльвира осы қызметкерлеріміздің бейнесін айшықтайды. Сонымен қатар ол энергия, үнемі дамып отыру, жаңа білімге және биік белестерге ұмтылу сияқты ҚМГ мамандарына тән қасиеттерді іс жүзінде көрсетіп жүр десек қателеспейміз.

Эльвира 1992 жылы дүниеге келген. Бала күнінен техникалық бағыттарға қызығып, инженер болуды армандаған. Қазақстан-Британ техникалық университетін «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірген, IPMA жобаларының D деңгейіндегі сертификаты бар менеджер. 2019 жылдан бері жетекші инженер болып еңбек етіп келеді, компанияның жаңа әрі маңызды бағытын дамыту жөніндегі жобаларға атсалысады. «KPI-дағы жұмысым өзіме ұнайды, зауытты іске қосу кезінде құнды тәжірибе жинақтадым», — дейді Эльвира.

2025 жылғы басты оқиғалар
Есепті оқу
Геологиялық барлау
Стратегиялық мақсат

Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ және ҚытайдыңSinopec компаниясы Батыс Қазақстан облысында орналасқан Березовский жер қойнауы учаскесіндегі күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге келісімшарт жасасты.

  • Батыс Қазақстан облысы
  • Жоба 50/50 тепе-тең негізде жүзеге асырылуда, кэрри-қаржыландыру
  • Жоба операторы — «Akkaiyn Operating» ЖШС

Перспективалары: Березовский учаскесінің болашағы Каспий маңы алабында солтүстіктегі борттық аймағының тұзасты шөгінділерімен байланысты, бұл жердегі нысандар күрделі геологиялық технологиялық жағдайлармен қатар үлкен тереңдікте орналасқан.

2025 жылы Қызылорда облысында Торғай Палеозой (тереңдігі 5 585 м) және Атырау облысында Қаратон Подсолевой (тереңдігі 5 750 м) жобалары бойынша екі терең ұңғыманы бұрғылау аяқталды.

Каратон Подсолевой учаскесіндегі (Каспий маңы шөгінді алабының оңтүстік борты) бұрғылау нәтижелері бойынша 2026 жылға сынақ жұмыстары жоспарланған перспективті интервалдар анықталды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ жәнеCNOOC ірі қытай компаниясы Каспий теңізінің солтүстікшығыс бөлігінде орналасқан Жылыой күрделі жобасы аясында көмірсутектерді барлау мен өндіру келісімшартына қол қойды. CNOOC Қазақстанға алғаш рет инвестиция құйып отыр.

  • Атырау облысы

  • Жоба операторы — «Zhylyoi Operating» ЖШС

Перспективалары: Жылыой учаскесі Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі транзиттік аймақта орналасқан. Бұл өз кезегінде белгілі бір технологиялық қиындықтармен қатар жүретініне қарамастан, барлау мен өндірудің озық технологияларды қолдануға жол ашады. Учаскенің болашағы Каспий маңы алабының оңтүстік борт аймағындағы тұзүсті және тұзасты шөгінділерімен байланысты.

Геологиялық барлау жобалары
туралы толығырақ
Өңдеу
Стратегиялық мақсат

компанияның құнын құру тізбегінің тиімділігін арттыру

4
ірі мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) Қазақстанның аумағында орналасқан және
21 ^+9,5% млн тонна
көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі
2
зауыттан тұратын өндірістік кешен Румынияда жұмыс істейді. Олардың барлығы мұнай өңдеп, мұнай өнімдерінің кең желісін шығарады.
14,7 млн тонна
қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарындағы көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша рекордтық көлем.
13,5 млн тонна
қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарындағы мұнай өнімдерін шығарудың ең жоғары тарихи межесі.
4,6 млн тонна
бензин өндірісінің тарихи жоғары көрсеткіші.
5,1 млн тонна
дизель отыны өндірісінің тарихи жоғары көрсеткіші.
90,1 %
мұнай өңдеу тереңдігі бойынша тарихи көрсеткіш.
77,7 %
жеңіл мұнай өнімдерін шығарудың рекордтық көлемі.

Жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісі, %
АМӨЗ (76,72 %)
ПМХЗ (74,34 %)
ПҚОП (81,68 %)
Үш МӨЗ бойынша (77,7 %)
Өңдеу тереңдігі, %
АМӨЗ (88,24 %)
ПМХЗ (93,95 %)
ПҚОП (88,16 %)
Үш МӨЗ бойынша (90,1 %)
Жобалар туралы толығырақ
Өңдеу бөлімінде оқыңыз
Мұнай-газ химиясын
дамыту
Стратегиялық мақсат

бизнесті әртараптандыру және өнім портфелін кеңейту

  • Жылына 500 мың тонна — түйіршікті полипропиленнің жобалық қуаты
  • 15 полипропилен маркасын шығарады, соның ішінде премиум сұрыптары бар. Бес маркасы Қазақстанда бұрын-соңды өндірілмеген.
  • Жоба үлескерлері:
    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (49,5 %),
    «СИБУР Холдинг» ЖАҚ (40 %),
    «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС (9,5 %),
    «Фирма «Алмэкс Плюс» ЖШС (1 %)

2025 жылы
377 ^+51,4 % мың тонна
полипропилен өндірісі
39,2 ^+71,3 % мың тонна
ішкі нарыққа өткізілген полипропилен көлемі
326 ^+44 % мың тонна
экспортқа өткізілген полипропилен көлемі
67 % жоғары
ішкі полипропилен нарығындағы KPI үлесі
149 астам
қазақстандық өңдеуші компания KPI-мен ынтымақтастық орнатқан (2024 жылы — 65 компания)
Қазақстанның полипропилен бойынша импортқа тәуелділігі 2024 жылғы 17 %-дан 2025 жылы
8 %
дейін төмендеді
  • Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында
  • «Силлено» өнімі импорттық полиэтилен түрлерінің шамамен 90 % алмастыруға мүмкіндік береді
  • Жоба үлескерлері:
    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (40 %)
    Sinopec Overseas Investment Holding (30 %)
    «СИБУР Холдинг» ЖАҚ (30 %)

  • Зауыт құрылысы қызған шақта 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылады
  • Өндіріс басталғанда шамамен 800 тұрақты жұмыс орны болады
  • Кәсіпорын 2029 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр
  • 20-дан астам полиэтилен маркасын өндіру жоспарланған (40 % - премиум сұрыпқа жатады)
  • Дайын өнім ішкі нарыққа, сонымен қатар ТМД елдері, Еуропа, Қытай, Түркия нарықтарына бағытталады.

Жылына 1,25 млн тонна
полиэтилен зауытының жобалық қуаты
Қосымша ақпарат алу үшін Негізгі
инвестициялық жобалар бөлімін қараңыз
Технологиялық
көшбасшылық
Стратегиялық мақсат

Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру

Нақты уақыт режимінде жасанды интеллектінің көмегімен бейнеағынды талдайды, ережелердің сақталуын бақылайды және болған бұзушылықтар жөнінде қауіпсіздік қызметтеріне автоматты түрде хабар береді.

TUMAR автоматтандырылған интеллектуалды жүйесі ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу жұмыстары кезінде күрделі технологиялық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  • TUMAR бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайды, қауіпқатер кезінде жарық немесе дыбыс белгілерін қосады.
  • Модельдерді оқыту үшін барлығы 15 мыңға жуық сурет өңделді, 16 санат бойынша 183 мыңнан астам нысан белгіленді.

Жөндеу іс-шараларын алдын ала жоспарлау үшін, сондай-ақ өндірістің тоқтаусыз жұмыс процесін қамтамасыз ету үшін жабдықтың істен шығуын болжамды талдау функцияларын пайдаланатын бағдарламалық жасақтама.

  • Кен орындарда барлау, бұрғылау, пайдалану және экономикалық тиімділікті бағалау процестерін оңтайландыруға бағытталған, көптеген тәуелсіз модульден тұратын интеллектуалды жүйе.
  • Advanced Base Artificial Intelligence — жасанды интеллектінің көмегімен жасалған ауқымды Big Data жобасы.
  • Жүйелерді әзірлеуші — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, 100 % еншілес ұйымы.
ҚМГ-ның инновациялық
жобалары туралы толығырақ
Қаржылық
орнықтылық
  • Бос ақша ағынының тұрақты генерациясы.
  • Өтімділік деңгейі 2018 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті (6,2 млрд АҚШ доллары).
  • Қарызды өтеудің теңгерімді кестесі.
  • Таза қарыз тарихи төмен деңгейге дейін азайып, 742 млн АҚШ долларын құрады.
  • Борыштың төмен жүктемесі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қарызды жеткілікті мөлшерде алуды қамтамасыз етеді.

2025 жылы ҚМГ қытай юанімен ұсынылған облигацияларды шығарды. Гонконг қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (Astana International Exchange, AIX) биржасында айналымға шыққан Dim Sum дебюттік облигациялары компанияның халықаралық капитал нарықтарындағы қатысуын кеңейте түсті.

Шығарылымның өлшемшарттары:

  • купондық мөлшерлемесі — 2,950 %;
  • кіріс мөлшерлемесі — 3,150 %;
  • көлемі — 1,25 млрд юань;
  • айналым мерзімі — 5 жыл.

Жалпы өтінім көлемі шамамен 3,8 млрд юаньға жетті. Бұл инвесторлардың ҚМГ-ға деген қызығушылығы жоғары деңгейде екенін растап отыр.

«Бұл шығарылым — жай ғана қаржы операциясы емес, сонымен қатар қаржыландыру көздерін әртараптандыруға, инвесторлар ортасын кеңейтуге және Азияның капитал нарықтарына қарқынды шығуға бағытталған стратегиялық қадам».

Диана Арысова,
ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары

ҚМГ кредиттік рейтингтері Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтерінің деңгейінде.

Кредиттік рейтингтер: Қазақстанның, ҚМГ-ның тәуелсіз рейтингтері

Қазақстан Baa1
(тұрақты)
BBB-
(жағымды)
BBB
(тұрақты)
ҚМГ Baa1
(тұрақты)
BBB-
(тұрақты)
BBB
(тұрақты)
Толығырақ Қаржылық шолу
бөлімінде оқыңыз
Әлеуметтік
жауапкершілік

«Кендірлі» зауыты: Жаңаөзен қаласында ауызсу беретін жаңа кәсіпорын бой көтерді

ҚМГ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жаңаөзеннен 100 шақырым жерде теңіз суын тұщыту зауытын салды.

  • Компанияның Маңғыстау облысындағы ірі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың бірі
  • Кәсіпорынның өндірістік қуаты — тәулігіне 50 мың текше метрге дейін су тұщытады
  • Жобаны «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның еншілес ұйымы «Ak Su KMG» ЖШС іске асырды

Жаңаөзен қаласында Bolashaq Sarayi заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы ашылды

  • Кешен аумағы 3 мың шаршы метрден асады
  • Бір уақытта 350 оқушыны қабылдай алады
  • Аусыммен келетін 1,5 мыңға дейінгі оқушылар санына есептелген
  • Заманауи оқу және шығармашылық бөлмелермен жабдықталған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. ҚМГ елімізде алғашқылардың бірі болып бұл бастаманы қолдады.

  • ҚМГ өндірістерінде 44 мыңнан астам жұмысшы мамандығының өкілі еңбек етеді

JanAru (Жаңару) білім беру бағдарламасы ҚМГ Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және елімізде гендерлік саясатты қолдау мақсатында мұнай-газ саласында еңбек ететін жұмысшы әйелдерді қолдауға бағытталған бағдарламасын іске қосты.

Бағдарламаның мақсаты — өндірісте еңбек ететін әйелдердің кәсіби және тұлға ретінде дамуына жәрдемдесу.

  • 47 қатысушы
  • 12 еншілес және тәуелді ұйым
  • Мамандықтар: сорғы станцияласының машинисі, қабат қысымын ұстап тұру, мұнай-газ өндіру, ұңғымаларды зерттеу және пульттерді басқару жөніндегі оператор, тауар операторы, химиялық талдау зертханашысы, электромонтер мен аспаз.

«АЛЫП» мамандардың кәсіби дамуы және ысырапсыз өндіріс мәдениетін қалыптастыру жөніндегі бағдарлама

  • 63 жас маман өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған бастамаларын ұсынды
  • 13 еншілес және тәуелді ұйым
  • Операциялық тиімділікті, HSE және цифрлық процестерді жетілдіру бойынша 49 жоба іске асырылды
  • ~989 млн теңге — күтілетін жылдық экономикалық тиімділік
Толығырақ «Әлеуметтік жауапкершілік»