Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі
Жаһандық экономикаға үлес қосып отырған Қазақстан ауқымды цифрландыру кезеңіне қадам басты, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым‑Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында белгіленген стратегиялық бағдарларға сәйкес келеді.Нұрлан Жақыпов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Құрметті акционерлер, инвесторлар және серіктестер!
Әлемдік энергетика нарығы 2025 жылы геосаяси тұрақсыздық, сауда шектеулерінің күшеюі және жедел технологиялық даму аясындағы трансформацияны жалғастырды. Сонымен қатар жылдың елеулі оқиғалардың бірі нарықтық баланстың тұрақты ұсыныс профицитіне ауысуы болды, бұл бағаның құбылмалығын және салаға қатысушылардың операциялық тиімділігі мен инвестициялық тәртібіне қойылатын талаптарды күшейтті.
Жаһандық экономикаға үлес қосып отырған Қазақстан ауқымды цифрландыру кезеңіне қадам басты, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым‑Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында белгіленген стратегиялық бағдарларға сәйкес келеді.
Осы сын‑қатерлерге жауап ретінде 2025 жылы Компания негізгі стратегиялық басымдықтарға айрықша көңіл бөлді, соның ішінде операциялық тиімділікті жүйелі түрде жоғарылату және озық технологиялық шешімдерді енгізу есебінен бизнес үлгісінің өзгермелі жағдайларға бейімделуі бар. Мұндай тәсіл компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығының және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізін қалайды.
ҚМГ‑ның ұлттық экономикадағы орны
Мұнай Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің негізін және ішкі жалпы өнімнің 16 % және экспорттың 53 % қалыптастыра отырып, орнықты экономикалық өсудің маңызды факторы болып қала береді.
ҚМГ мұнай‑газ саласының ұлттық көшбасшы компаниясы ретінде ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді, атап айтқанда экономиканың бәсекеге қабілетін нығайтуда және әлеуметтік әл‑ауқатты арттыруда маңызы зор. Бүгінде ҚМГ Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндірудің шамамен 26 %, газ өндірудің 17 %, тасымалдаудың 55 % және өңдеудің 80 % қамтамасыз етеді.
Компанияның өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база
Геологиялық барлау саласын дамыту – бұл ҚМГ‑ның негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Бұл сектор қолданыстағы активтерді қарқынды түрде қосымша барлап, жаңа перспективті учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда, еліміздің минералдық‑шикізат базасын орнықты нығайтуға бағытталған.
ҚМГ‑ның геологиялық барлау жобаларының портфелі халықаралық компаниялармен ынтымақтастықта қолға алынған, сондай‑ақ компанияның толық өз күшімен жүзеге асырылатын жобаларды қамтиды. Мұндай портфельді қалыптастыруға тартымды инвестициялық жағдайлар ықпал етті, соның ішінде Қазақстандағы тұрақты макроэкономикалық жағдай және Қазақстан Республикасының Президенті 2023 жылы қол қойған күрделі жобаларға арналған жақсартылған модельдік келісімшарт бар.
Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру
Компания операциялық активтердің тұрақты жұмысына және бүкіл бағыттар бойынша вертикалды интеграцияны нығайтуға бағытталған жүйелі тәсілді жүзеге асырып келеді.
Компания байырғы активтердегі табиғи жолмен төмендеп жатқан өндіру көлемінің орнын толтыру үшін озық технологиялық шешімдерді енгізу есебінен өндірістік қызметтің тиімділігін барынша арттыруда.
2025 жылы «Теңізшевройл» ЖШС белгіленген мерзімнен бұрын Болашақ кеңейту жобасын іске асырудың маңызды кезеңін аяқтады — Теңіз кен орнындағы жаңа үшінші буын зауыты шикі мұнайды өндіре бастады. Мегажобалардағы ірі инвестициялық бастамалар – бұл өндірістік базаны толықтыруды және өндіру деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, компания өндірісінің өсуі үшін ұзақ мерзімді әлеуетті қалыптастырудың маңызды факторы.
2025 жылы ҚМГ өзгермелі сыртқы жағдайларға қарамастан, экспорттық бағыттарды әртараптандыруды және мұнай жеткізудің сенімділігін нығайта отырып, қосымша тасымалдау маршруттарын дамытуды жалғастырды. Сонымен қатар есепті жылы AD Ports Group‑пен ынтымақтастық аясында Каспий теңізінде жүзуге арналған екі контейнерлік кеменің құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Сондай‑ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты үшін паромдық флотты және контейнерлік кемелерді дамыту мақсатында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жаңа теміржол паромдық жүйесін құру мәселесі зерттеліп жатыр.
Барлық үш ірі мұнай өңдеу зауыты әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін шығару бойынша міндеттемелерді орындап келеді. Өндірістік процестердің тиімділігін нығайту өңдеу көлемінің өсуіне және жеңіл мұнай өнімдері өндірісінің ұлғаюына жол ашты. Жөндеу науқандарының ішкі нарыққа тигізетін әсерін азайту мақсатында Компания мұнай өнімдерінің қажетті қорын алдын ала жасақтап, өндіріс жоспарларына түзетулер енгізді. Бұл, өз кезегінде, отын жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз етті және елімізде жанармай балансын сақтауға мүмкіндік берді.
Бизнесті әртараптандыру және өнім портфелін кеңейту
Әлемде мұнайға деген сұраныстың негізгі қозғаушы күшінің бірі мұнай‑газ химиясы секторын дамыту – бизнесті әртараптандырудың және ішкі мен сыртқы нарықтарға бағдарланған қосылған құны жоғары әрі бәсекеге қабілетті өнім шығарудың стратегиялық маңызы зор бағыт.
Атырау облысында полиэтилен өндірісін, газ сепарациялау кешенін және этан мен пропанды тасымалдауға арналған магистраль инфрақұрылымы құрылысын қамтитын интеграцияланған газ‑химия кластерін қалыптастыру – ел ішінде шикізатты терең өңдеуге жан‑жақты жағдай жасайды.
Корпоративтік басқаруды жақсарту
2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі «Самұрық‑Қазына» АҚ үздік тәжірибелері мен талаптарын басшылыққа ала отырып, корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырды. Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту ҚМГ Директорлар кеңесі мен атқарушы органы жұмысының тиімділігіне қойылатын талаптарды жоғарылатуға, акционерлермен өзара байланыстың өзекті қағидаттарын бекітуге, сондай‑ақ тұрақты даму және ESG мәселелеріне ден қоюды күшейтуге мүмкіндік берді. Корпоративтік басқару мен іскерлік этика қағидаттарын сақтау ҚМГ Директорлар кеңесінің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып қала береді.
Тұрақты даму
Компания экономикалық, экологиялық және әлеуметтік басымдықтарды тең ұстап, корпоративтік басқаруды жетілдіре отырып, тұрақты даму жүйесін дәйекті түрде қалыптастырып келеді.
Жаһандық климаттық күн тәртібін және Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясының мақсаттарын, сондай‑ақ еліміздің халықаралық міндеттемелерін қолдай отырып2009 жылғы Киото хаттамасын, 2016 жылғы Париж келісімін ратификациялау және Global Methane Pledge бастамасына қосылу., ҚМГ 2060 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыруда. Оның мақсаты – 2031 жылға қарай СО2 шығарындыларын 2019 жылдың деңгейінен 15 %, ал 2060 жылға қарай 64 % төмендету.
Бағдарлама келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда: энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, метан шығарындыларын мониторингтеу мен олардың мөлшерін азайту және басқалар. Көміртекті тұту, пайдалану және сақтау (CCUS), сутегі энергиясы сияқты инновациялық әрі төмен көміртекті технологияларды қолданудың мүмкіндіктері зерттелуде. 2025 жылы көгілдір сутегі өндірісінің техникалық‑экономикалық есеп‑қисабы жасалды, сондай‑ақ елдің бірнеше аймақтарына арналған жасыл сутегі өндіру үшін су ресурстарының Цифрлық атласы әзірленді.
Тұрақты авиациялық отын бағытын (SAF) дамытуды компания өңдеу сегментін әртараптандырудың стратегиялық элементі және көлік саласын декарбонизациялауға қосқан үлесі ретінде қарастырады. Есепті жылы Қазақстан Республикасында SAF өндіретін зауыт құрылысының техникалық‑экономикалық негіздемесін әзірлеу туралы келісімге қол қойылды, бұл болашақ жобаның техникалық және экономикалық параметрлерін кешенді пысықтауды көздейтін жобалаудың келесі кезеңіне өтуін айқындады. Жобаны іске асыру Орталық Азияда қосылған құны жоғары тұрақты авиациялық отын өндірісінің экспортқа бағдарланған алғашқы сегментін құруға, Қазақстанның транзиттік авиациялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға және ұлттық климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін үлес қосуға мүмкіндік береді.
2025 жылы Компанияның тұрақты дамуды басқару жүйесін MSCI «BBB» деңгейінде бағалады. Биоалуантүрлілік, сондай‑ақ денсаулық пен қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, экологиялық және әлеуметтік блоктардың жекелеген бағыттары бойынша ілгерілеу бар екені атап өтілді. Сонымен қатар бірқатар ESG‑тәуекелді басқару ісін жетілдіруді қажет ететін тұстар анықталды, Компания оларды азайтуға бағытталған жұмысын жалғастырады. ҚМГ 2024 жылдың қорытындысы бойынша Carbon Disclosure Project (CDP) климаттық рейтингін «B» деңгейінде сақтап қалды.
ҚМГ энергия тиімділігін арттыру бойынша кезең‑кезеңімен іске асырылатын модельді жолға қойды. 2031 жылға қарай 300‑ден астам іс‑шараны жүзеге асыру нәтижесінде 500 мың тоннадан астам отын‑энергетикалық ресурстарды үнемдеу жоспарлануда.
Экономикаға қосқан үлесі және жергілікті қамтуды дамыту
Компания Қазақстан Республикасы бюджетінің кірісін молайтуға елеулі үлес қосып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ еліміздегі ең ірі салық төлеушілердің бірі мәртебесін сақтап қалды – Қазақстанның бюджетіне аударылған салық пен өзге де міндетті төлемдердің жалпы көлемі 2,3 трлн теңгеге жетті.
Отандық өндірушілердің ҚМГ жобаларына қатысуы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етіп, ел экономикасын дамытуда елеулі рөл атқарады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сатып алудың ұзақ мерзімді келісімшарттарын қоса алғанда, жеткізілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің көлемі 2,3 трлн теңгеге жетіп, елішілік құндылық үлесі 78 % болды. Айта кетсек, ҚМГ отандық өндірушілерді офтейк‑келісімшарттар тетігі арқылы қолдауда, есепті жылы ҚМГ 16 млрд теңгеге есептелген 124 офтейк‑келісімшарт жасасты. Компания 2025‑2029 жылдарға арналған сатып алу жоспарларына талдау жүргізді, нәтижесінде жалпы сомасы 350 млрд теңгеге жергілікті деңгейде жасалуға ұсынылатын 5 мың тауар позициясының тізбесі жасалды.
Қаржылық орнықтылық
Өзінің кредит төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын жақсарту аясында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚМГ‑ның кредиттік рейтингін «тұрақты» болжамымен «BB+»‑тен «BBB–» дейін көтерді. Тұрақты қаржылық нәтижелер компанияға үш жыл қатарынан акционерлерге рекордтық жоғары дивиденд төлеуге мүмкіндік береді, бұл жиынтығында 900 млрд теңгені құрады. 2025 жылы ҚМГ акциялары бір жарым есеге жуық өсті, бұл инвесторлар тарапынан жоғары сұраныс пен сенімді растайды.
Қорытынды
ҚМГ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясы әлемдік энергетика саласы құрылымындағы өзгерістер мен сыртқы ортаның құбылмалығы жағдайында өз өзектілігін растап отыр. Бұл құжат энергетикалық қауіпсіздік, ұзақ мерзімді өсу және мемлекет пен барлық тараптардың мүддесі үшін жауапты даму міндеттерінің теңдігін сақтай отырып, Компанияның стратегиялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
2025 жылдың көрсеткіштері бизнестің тұрақтылығын және сыртқы сын‑қатерлер жағдайындағы стратегиялық бағыттың тиімділігін дәлелдеді.
Есепті жылдың қорытындысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дамуына үлес қосқан менеджменттің, компания қызметкерлерінің, серіктестердің және барлық мүдделі тараптың үйлесімді жұмысының арқасында нәтижелі болды.