Ірі мәмілелер және мүдделі мәмілелер туралы мәліметтер
Ірі мәмілелерҚұны қоғам активтерінің баланс құнының жалпы мөлшерінің 25 % және одан астамын құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығы.
Есепті кезеңде Директорлар кеңесі және (немесе) акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес ірі деп танылатын мәмілелер бойынша шешім қабылданған жоқ.
Мүдделі мәмілелерБұл эмитенттің жасауға мүддесі бар мәмілелер және оларды жасасу туралы уәкілетті орган шешімді шешім қабылдаған күні құны эмитент активтерінің жалпы баланстық құнының мөлшерінен 10 % және одан көп болатын мүлікті сатып алумен немесе иеліктен шығарумен байланысты болады.
Есепті кезеңде Директорлар кеңесі және (немесе) акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес мүдделі мәмілелер деп танылатын мәмілелер бойынша шешім қабылданған жоқ.