Сыйақы туралы есеп

Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысы

ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшері ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен белгіленеді және тәуелсіз директорлар мен «Самұрық‑Қазына» АҚ өкілдеріне төленеді. Сыйақы белгіленген және Компания қызметінің ауқымын, міндеттерін және стратегиялық мақсаттарын ескере отырып айқындалады.

Сыйақыны қалыптастыру әдістемесі ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы белгілеу тәртібін көздейді және «Самұрық‑Қазына» АҚ компанияларының директорлар кеңестері мен байқау кеңестері құрамдарын қалыптастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес келеді. Бұл тәсіл білікті мамандарды тартуға және оларды ұстап қалуға бағытталған. 2025 жылы ҚМГ сыйақы мөлшерін айқындау үшін сыртқы консультанттарды тартқан жоқ.

Есепті кезең (тоқсан) үшін белгіленген сыйақыны алу үшін негізгі шарт – ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі ҚМГ Директорлар кеңесінің өткізілген барлық отырыстарының (сырттай және ішкі) жартысынан көбіне қатысуы, ауру себепті жіберілген жағдайларды қоспағанда. Осы талап орындалмаған жағдайда, тиісті кезең үшін сыйақы төленбейді.

Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеті сыйақы мәселелерін қажеттілігіне қарай, соның ішінде Директорлар кеңесінің тиімділігін бағалау аясында қарастырады.

2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері тарапынан өздеріне тиесілі сыйақыдан бас тарту жағдайлары, сондай‑ақ болашақта сыйақыдан бас тартуға қатысты қандай да бір келісімдер болған жоқ.

Директорлар кеңесі мүшелерінің 2023‑2025 жылдар кезеңіндегі жиынтық сыйақысы
2023 2024 2025
Директорлар кеңесі мүшелеріне АҚШ долларымен төленген сыйақының жиынтық мөлшері 196 375
Директорлар кеңесі мүшелеріне теңгемен төленген сыйақының жиынтық мөлшері 97 215 050 207 200 000 207 200 000

Басқарма мүшелерінің сыйақысы

ҚМГ Директорлар кеңесі «Самұрық‑Қазына» АҚ компаниялар тобының Адам ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандартына сәйкес ҚМГ Басқармасының мүшелері қызметінің тиімділігін бағалау тәртібі мен сыйақы саясатын айқындайды.

2025 жылы ҚМГ Басқарма мүшелеріне төленген төлемдердің жиынтық мөлшері 519 091 079 теңгені құрады. Бұл сомаға салықтар мен міндетті аударымдар ұсталғанға дейінгі жалақының жиынтық мөлшері, қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша төленген сыйақылар, сондай‑ақ 2025 жылы Басқарма құрамында болған кезеңде төленген ақшалай көтермелеудің барлық түрлері кіреді. Аталған төлемдер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 11 ақпандағы шешімімен бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылды.

Есепті кезеңдегі (жылдағы) жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы Басқарма мүшелеріне өлшенетін, өзара байланысты, қисынды әзірленген және теңдестірілген мотивациялық ҚБК карталарында көрсетілген стратегиялық және басым мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру үшін қызмет тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша төленеді.

Мотивациялық ҚБК картасы корпоративтік және функционалдық ҚБК‑дан тұрады.

Сыйақының тиімді және ашық жүйесін қалыптастыруға байланысты мәселелерді алдын ала қарау үшін Директорлар кеңесінің Тағайындау мен сыйақылар жөніндегі комитеті құрылды.

2023–2025 жылдары Басқарма мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері
Көрсеткіш 2023 2024 2025
Басқарма мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері, теңге 388 673 642 497 815 040 519 091 079
Сыйақы туралы есеп