Тұрақты дамуды қамтамасыз ету
Тұрақты дамуды басқару
ҚМГ өзінің 2022‑2031 жылдарға арналған Даму cтратегиясында тұрақты даму мен өндірістегі көміртегі қарқындылығын үдемелі төмендетуді стратегиялық мақсаттардың бірі ретінде айқындайды. Осының негізінде барлық бизнес‑процестер мен шешім қабылдау процестері тұрақты даму принциптерімен біріктіріледі.
ҚМГ Директорлар кеңесі стратегиялық басқаруды жүзеге асырады және тұрақты даму қағидаттарының енгізілуін бақылайды, Компанияның Тұрақты даму туралы жыл сайынғы шоғырландырылған есебін бекітеді.
ҚМГ Директорлар кеңесінің Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму комитеті тұрақты даму мәселелерін қарайды және ұйымдастырады, тұрақты даму саласындағы саясатты, ҚМГ‑ның тұрақты дамуы туралы жыл сайынғы есебін, Директорлар кеңесінің құзыретіне бекітілуі жататын тұрақты даму саласындағы іс‑шаралар жоспарларын және өзге де ішкі құжаттарды бекіту жөніндегі ұсынымдарды дайындайды, тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық компоненттерін енгізуді, тұрақты даму саласындағы басқару жүйесін құруды, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен корпоративті қызмет көрсеткіштерін (бұдан әрі – КҚК) белгілеуді, компанияда тұрақты дамудың енгізілуін бақылауды, тұрақты дамудың ҚМГ‑ның негізгі процестеріне интеграциялануын жүргізеді.
ҚМГ Басқармасы Компанияда тұрақты даму саласындағы қағидаттарды, саясаттарды, стандарттарды және іс‑шаралар жоспарын лайықты түрде іске асырады және енгізеді. Тұрақты даму саласындағы қызметтің мониторингін жүргізеді, тұрақты даму саласындағы мақсаттар мен КҚК орындалуын бағалайды
Тұрақты даму мәселелеріне жетекшілік ететін ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары тұрақты даму саласындағы бастамалар бойынша мақсаттар мен КҚК қол жеткізу жөніндегі тәсілдерді үйлестіреді, тұрақты даму саласындағы есептің дайындалуын, тұрақты даму саласындағы корпоративтік стандарттардың орындалуын бақылайды.
ҚМГ Стратегия және тиімділікті басқару департаментінің Тұрақты даму бөлімі тұрақты дамуды тиімді басқару жүйесіне бастама жасауға, үйлестіру мен енгізуге, бұл жүйені Компанияның бизнес‑қызметімен біріктіруде қолдау көрсетуге, тұрақты даму мәселелері бойынша әдістемелік қолдауды жүзеге асыруға, тұрақты даму саласындағы есепті жыл сайын дайындау және бекітуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіру мен басқаруға, мүдделі тараптар картасын және өзара іс‑қимыл тетіктерін әзірлеуге, компанияға ESG‑рейтингін беру және сақтап тұру мәселелері бойынша рейтинг компанияларымен өзара байланысты жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
ҚМГ құрылымдық бөлімшелері тұрақты даму саласындағы жүйені енгізуді, ішкі және сыртқы ахуалды талдауды, тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді анықтауды, мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) картасын және өзара іс‑қимыл тетіктерін әзірлеуді жүргізеді, тұрақты даму саласындағы бастамаларды іске асырады, халықаралық стандарттарға сәйкес тұрақты даму саласындағы есепке арналған ақпаратты дайындайды.
ҚМГ барлық қызметкері әрқайсысы өзінің деңгейінде жеке бас үлгісін көрсетіп, тиісті саясаттар мен стандарттарды сақтау арқылы тұрақты даму саласындағы қағидаттар мен іс‑шараларды енгізеді.
ҚМГ-да тұрақты даму мәселелерін реттейтін негізгі құжаттар
Экологиялық мәселелер
- Экология саясаты
- Энергетикалық саясат
- Шығарындыларды басқару жөніндегі саясат
- ҚМГ‑ның жер қойнауы учаскелерінде және кен орындарында бұзылған жерлерді қалпына келтіру және нысандарды жабу саласындағы саясат
- ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы
- Су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарт
- Қалдықтарды басқару жөніндегі стандарт
- Экологиялық бағалауды жүргізу жөніндегі стандарт.
- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясат
- Жерүсті көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы саясат
- Адам құқықтары саласындағы саясат
- Кадр саясаты
- Жастар саясаты
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік кодексі
- Денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы жөніндегі корпоративтік стандарт
- Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі корпоративтік стандарт
- Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мердігер ұйымдармен өзара іс‑қимыл жөніндегі корпоративтік стандарт
- Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі
- Шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі регламент
- ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне арналған «Өмірлік маңызы бар қағидалар» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі корпоративтік стандарт.
Басқару мәселелері
- Корпоративтік басқару кодексі
- Тұрақты даму саласындағы кодекс
- Тұрақты даму саласындағы тұжырымдама
- Іскерлік этика кодексі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл саясаты
- Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
- ҚМГ мұнайын сыртқы нарыққа жеткізу регламенті
- Экономикалық қауіпсіздік регламенті
- Сапа саласындағы саясат
- Сапа бойынша нұсқаулық
- ҚМГ қызметтерін тұтынушылардың қанағаттанушылығын бағалау қағидалары
- ҚМГ компаниялар тобында мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін шығаруды жоспарлау ережелері
- Қазақстан Республикасы заңнамасының, ҚМГ және ЕТҰ ішкі құжаттарының бұзылуы туралы өтініштерді қарау регламенті
- ҚМГ компаниялар тобының ЕТҰ омбудсмені туралы үлгілік ереже
- ҚМГ‑ның корпоративтік қақтығыстарды реттеу қағидалары.
Басшылықтың тұрақты даму саласындағы ҚБК
2025 жылға арналған тұрақты даму жөніндегі стратегиялық міндеттердің атқарушылық деңгейде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты даму жүйесінің енгізілуімен байланысты Басқарма төрағасының мотивациялық корпоративтік қызмет көрсеткіштері (Компанияның корпоративтік қызметтің басты көрсеткіштері) бекітілді.
- «Инвестициялық жобаларды іске асыру», оның ішінде тұрақты даму жобалары, Eni компаниясымен қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясының құрылысы;
- «Өндірістік қауіпсіздік бойынша кешенді көрсеткіш», ол оқыс оқиғалардың коэффициентін төмендетуге, сондай‑ақ қауіпті жағдайларды, қауіпті факторларды және т. б. анықтауға және олар туралы бүкіл ҚМГ компаниялары тобына хабарлауға бағытталған.
Басқарма төрағасының орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары деңгейіндегі функционалдық ҚБК ішінде тұрақты даму саласындағы 2025 жылға мынадай ҚБК бекітілді:
- тұрақты даму жобаларын қоса алғанда, инвестициялық жобаларды іске асыру;
- ҚМГ ЕТҰ‑ның және олардың мердігер ұйымдары жұмысшыларының ереуілдері салдарынан болған Маңғыстау облысындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарындағы өндірістің тоқтап қалу күндерінің санын азайту;
- ҚМГ ЕТҰ‑ның әлеуметтік‑тұрмыстық инфрақұрылымын жақсарту (әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу және жөндеу);
- CDP рейтингі;
- ESG рейтингі;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламаларды бекіту;
- еңбек қызметімен байланысты емес өлім-жітім коэффициенті (NWRFNon‑Work‑Related Fatality.);
- еншілес және тәуелді ұйымдарда Қорғау карталарының толтырылуы;
- аварияларды жоюға дайындық және ұйымдастыру бойынша шеберлік сыныптарын өткізу;
- қауіпті өндірістік нысанында ірі апаттың, төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша апатқа қарсы жаттығу;
- ЕТҰ‑да электр энергиясын жоспарлау мен тұтынудың тиімділігін арттыру мақсатындағы іс‑шараларды орындау;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс‑шаралар жоспарын орындау;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадр саясатын іске асыру жөніндегі іс‑шаралар жоспарын орындау;
- ҚМГ корпоративтік орталығында HR‑процестерді автоматтандыру;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік әл‑ауқат бағдарламасын әзірлеу (Well‑being).
ESG рейтингі
ҚМГ Директорлар кеңесі 2023 жылдан бастап функционалдық ҚБК бірі ретінде ESG рейтингін бекітті, бұл ҚМГ‑ның ESG елеулі тәуекелдерін басқаруға тікелей мүдделі екенін және халықаралық мұнай‑газ нарығында тұрақты даму қағидаттарын берік ұстанатынын көрсетеді. Бұл ҚБК‑ны орындау ҚМГ компаниялар тобы үшін ESG басты мәселелерінің іске асырылуын қамтиды.
2025 жылы ҚМГ ESG рейтингін MSCI рейтингтік агенттігі берген «BBB» деңгейінде сақтап қалды, бұл саладағы орташа деңгейге сәйкес келеді. Компания биоәртүрлілікті басқаруда және қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі мәселелерінде тұрақты ілгерілеуді көрсетуде. Сонымен қатар экологиялық және әлеуметтік блоктың бірқатар тақырыбы бойынша орташа деңгейі және корпоративтік басқару, жұртшылықпен және жергілікті қауымдастықтармен өзара іс‑қимыл, ластаушы заттар мен қалдықтар шығарындылары саласындағы әлсіз позициялары байқалады.
ҚМГ‑ның басты ESG сын‑қатерлері – шығарындылар мөлшерін, қалдықтарды азайту, төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыруды жалғастыру, жұртшылықпен байланыс бағытындағы жұмысты күшейту, сондай‑ақ корпоративтік басқару жүйесі мен іскери этиканы озық халықаралық тәжірибелер деңгейінде ұстап тұру.
ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту жөніндегі іс‑шаралар жоспары 43 іс‑шарадан тұрады, олар бизнестің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін, сондай‑ақ компаниядағы корпоративтік басқару тәуекелдерін қамтиды және есепке алады.

ҚМГ‑ның ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту бағытындағы жыл сайынғы іс‑шаралар:
- Carbon Disclosure Project (бұдан әрі – CDP) сауалнамасында ақпаратты ашып көрсету
- ҚМГ есептілігінде және корпоративтік сайтында климаттың өзгеруіне және оның Компанияға әсеріне байланысты іс‑шаралар мен тәуекелдер жөніндегі ақпаратты ашып көрсету
- ҚМГ есептілігінде су балансы және суды пайдалану қарқындылығы туралы ақпаратты ашып көрсету;
- Су сыйымдылығы бойынша көрсеткіштердің есеп‑қисабын жасау және оларды ҚМГ есептілігінде ашып көрсету
- ҚМГ есептілігінде шикі газды жағу жөніндегі іс‑шараларды ашып көрсету
- ҚМГ сайтында және есептілікте теңіз ұңғымаларын басқару туралы ақпаратты ашып көрсету
- ҚМГ сайтында және есептілігінде ҚМГ жер қойнауы учаскелері мен кен орындарында бұзылған жерлерді жабу және қалпына келтіру туралы ақпаратты ашып көрсету
- ҚМГ сайтында және есептілігінде ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде жергілікті қоғамдастықтарды дамыту және тарту туралы ақпаратты ашып көрсету
- ҚМГ сайтында және есептілігінде адами капитал және даму бағдарламалары туралы ақпаратты ашып көрсету
- LTIR (қызметкерлер мен мердігер ұйымдар бойынша) және FAR көрсеткіштері бойынша ақпаратты ашып көрсету
- ҚМГ есептілігінде гендерлік аспектіні, ұлты мен азаматтығын, Директорлар кеңесінің мүшесі қызметінде болудың орташа уақытын, кәсіби еңбек тәжірибесін ескере отырып, Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамы, Директорлар кеңесі мен оның комитеттері жұмысының тиімділігі туралы ақпаратты ашып көрсету
- ҚМГ Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің және ҚМГ Басқарма төрағасының сыйақысы туралы ақпаратты талдай отырып, ҚМГ есептілігінде ашып көрсету
- ҚМГ есептілігінде корпоративтік ҚБК және олардың нәтижесін өлшеу бойынша ақпаратты ашып көрсету;
- GRI стандартына және Country by country OECD Action 13 бастамасына сәйкес салық туралы ақпаратты ашып көрсету
ESG тәуекел‑рейтингін жақсартуға бағытында 2024–2025 жылдары іске асырылған іс‑шаралар:
- ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасын бекіту (орындалды)
- ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасының іс‑шараларын жоспарын бекіту және жүзеге асыру (орындалды)
- АМӨЗ, ПМХЗ, ПҚОП өндірістерінің паспорттарында және ұлттық стандаттарында заманауи есептеу әдістерін пайдалана отырып, технологиялық ысыраптар мен жағу нормаларын төмендету бағытында қайта қарау (орындалды)
- Дүниежүзілік банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын факел етіп тұрақты жағуды толық тоқтату» бастамаларын іске асыру
- ҚМГ‑ның жер қойнауы учаскелерінде және кен орындарында бұзылған жерлерді жабу және қалпына келтіру қағидаларын әзірлеу (орындалды)
- «Көгілдір» сутегі өндірісінің техникалық‑экономикалық есебін әзірлеу (орындалды)
- «Жасыл» сутекті өндіру үшін Су ресурстары атласын әзірлеу (орындалды)
- Адам құқықтары жөніндегі саясатты жаңарту (орындалды)
- ҚМГ‑ның Кадр саясатын жаңарту және бекіту (орындалды)
- 2023‑2027 жылдарға арналған ҚМГ компаниялар тобында өндірістік қауіпсіздікті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай‑күйін жақсарту жөніндегі жол картасының іс‑шараларын жаңарту және іске асыру (орындалды)
- LTIR және FAR көрсеткіштерімен есептеу кезінде мердігер ұйымдардың периметрін айқындау бөлігінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың негізгі бағыттары бойынша есептілікті ұсыну жөніндегі қағидаларды» жаңарту (орындалды)
- ҚМГ Директорлар кеңесі тәуелсіз директорларының құрамынан ғана Тағайындау мен сыйақы жөніндегі комитет мүшелерін сайлау (орындалды)
- Тұрақты даму жөніндегі ҚБК ескере отырып, басшы қызметкерлері мен басқарушы қызметкерлер, Ішкі аудит қызметінің басшысы, корпоративтік хатшы, Комплаенс қызметінің, Омбудсмен қызметінің басшысы атқарған жұмысты бағалау қағидаларының жаңарту және бекіту (орындалды)
- Қазақстан Республикасының ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйелері. Талаптар және пайдалану жөніндегі нұсқау» стандартына сәйкес сертификатталған аудит
ҚМГ‑ның ESG тәуекел‑рейтингін жақсарту бойынша атқарылып жатқан іс‑шаралар
- ҚМГ‑да суды пайдалану көлемін азайту бойынша сандық мақсат пен мерзімдерді ескере отырып, Су ресурстарын басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және бекіту
- Биоәртүрлілікті сақтауға байланысты мақсаттар мен мерзімдерді, биоәртүрлілікті сақтау мәселелері бойынша жергілікті немесе халықаралық табиғат қорғау ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтитын Биоәртүрлілік бағдарламасын әзірлеу
- Ластаушы заттардың шығарындыларын азайту бойынша тиісті мақсаттарды белгілеу
- СО2 тұту, сақтау және пайдалану (CCUS) бойынша пилоттық жобаны енгізу
- ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде жергілікті қоғамдастықтарды дамыту мен жұмылдыру бағдарламасын әзірлеу және бекіту
- Адам құқықтары жөніндегі бағдарламаны әзірлеу
- Адам құқықтарына әсерді бағалауды жүргізу
- «Жасыл кеңсе» жобасын іске асыру және оны ҚМГ ЕТҰ‑ға тарату
- Директорлар кеңесінде және бақылау кеңестерінде әйелдердің үлесін кезең‑кезеңімен 30 % дейін арттыру
- Алуандылық қағидатын ескере отырып, ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету саясатын жаңарту және бекіту
- ҚМГ Басқарма төрағасының өкілеттігін тоқтату тәртібін әзірлеу және бекіту
Компанияда тұрақты даму мәдениетіне ерекше көңіл бөлінеді. Корпоративтік орталық пен ЕТҰ қызметкерлері үшін тұрақты даму тақырыбы бойынша оқу курстары үнемі жүргізіліп келеді.
БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын берік ұстану және тұрақты даму мақсаттарына компанияның қосқан үлесі
ҚМГ‑ның Тұрақты даму мәселелеріне деген көзқарасы Компанияның мүдделері мен жоспарларының БҰҰ басты қағидаттарына, жалпы адамзат құндылықтарына, жаһандық тенденцияларға және Қазақстанның даму басымдықтарына сай болуына негізделген.
| Тұрақты даму мақсаттары | Басым міндеттер | ҚМГ үлесі |
|---|---|---|
| Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамның амандығына ықпал ету | 3.6. Жол‑көлік оқиғалары салдарынан болатын адам өлімі мен жарақат алу санын азайту | «Сапарларды басқару» жобасы — қозғалыстың қауіпсіздігіне ден қоя отырып, көлікті басқару жүйесін енгізу 2025 жылы:
|
| 3.8. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту, соның ішінде сапалы негізгі медициналық‑санитариялық қызметтерге қолжетімділік және қауіпсіз, тиімді, сапалы әрі арзан негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға қолжетімділік | 2024–2028 жылдарға арналған қызметкерлерді сауықтыру бағдарламасы — созылмалы аурулары бар қызметкерлердің жағдайын бақылау, алдын алу, ауысым алдындағы тексерулердің инновациялық әдістерін пайдалану, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту. Медициналық сақтандыру — қызметкерлерді жүйелі түрде медициналық тексеру және вакцинациялау. 2025 жылы:
| |
| 3.9. Қауіпті химиялық заттардың, ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының салдарынан болатын өлім‑жітім мен аурулардың санын едәуір азайту | Қызметкерлердің денсаулығы үшін өндірістік тәуекелдерді бақылау мен азайту және ластаушы факторлардың теріс әсерін болдырмау жөніндегі іс‑шаралар кешенін енгізу. ЕТҰ‑ларда қызметтерді сатып алу арқылы жыл сайын өндірістік санитариялық‑эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі (ауызсуды, жұмыс аймағының ауасын, микроклиматты және т. б. зерттеу және адам мен тіршілік ету ортасы үшін қауіпсіздікті және (немесе) зиянсыздықты қамтамасыз ету бойынша сынақтар). | |
| Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйел мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту | 5.1 Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жаппай жою. 5.5 Саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық деңгейінде шешім қабылдау үшін әйелдердің жан‑жақты әрі нақты қатысуын, сондай‑ақ олардың көшбасшылығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету | WEPs бастамасын енгізу, соның ішінде гендерлік алшақтықтың өзін‑өзі бағалауы және гендерлік құрам бойынша деректерді ашып көрсету 2025 жылы ҚМГ‑да WEPs өзін‑өзі бағалау жүргізілді. Кемсітушілікке жол бермеу бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қатаң сақтау. Толығырақ Әлеуметтік жауапкершілік JanAru білім беру бағдарламасы Әйелдердің кәсіби және жеке дамуына ықпал ету, гендерлік саясатты қолдау мақсатында және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында мұнай‑газ саласындағы жұмысшы әйелдерге арналған JanAru білім беру бағдарламасы іске асырылды. ҚМГ компаниялары тобының жоғары басшылық қызметтердегі әйелдер үлесін 2030 жылға қарай 30 % дейін ұлғайту 2025 жылғы ҚМГ тобының директорлар кеңестері мен бақылау кеңестеріндегі әйелдердің үлесі — 13,1 % |
| Қымбат емес, сенімді, тұрақты әрі заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету. Өндірісте энергия тиімділігін арттыру. Қолжетімді таза энергия үлесін ұлғайту. | 7.1. Қымбат емес, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға қолжетімділікті қамтамасыз ету | Жабдықтарды жаңғырту және есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу арқылы энергия тиімділігін арттыру. ЖЭК дамыту: TotalEnergies Renewables SAS және Qazaq Green Power PL‑мен бірлесіп, ЖЭС жобасы (1 ГВт) және Eni‑мен бірге гибридті электр станциясы (247 МВт) 2025 жылы: |
| 7.2. Қазіргі заманғы және тұрақты энергиямен жабдықтау үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту | Жасыл электр энергиясын сатып алу (2031 жылға қарай жалпы көлемнің 15 %). 2025 жылы 10 мың жасыл сертификат (I‑REC) сатып алынды. Этанол негізіндегі тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру. Толығырақ Климат | |
| Үдемелі, жан‑жақты және тұрақты экономикалық өсуге, толыққанды әрі өнімді жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу | 8.5. Әйелдер мен ерлерді, оның ішінде жастар мен мүгедектерді толыққанды әрі өнімді, лайықты жұмыспен қамту және құндылығы бірдей еңбегі үшін тең жалақы төлеуді қамтамасыз ету | ҚМГ 49 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етедіДеректер тек штаттық қызметкерлер бойынша ұсынылған, оның 82 % — ерлер, 18 % — әйелдер. Толығырақ Әлеуметтік жауапкершілік |
| 8.6. Жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастар үлесін едәуір қысқарту | Компания өндіріске жас мамандарды тарту және дамыту бағдарламаларын іске асырады. Толығырақ Әлеуметтік жауапкершілік | |
| 8.8. Еңбек құқықтарын қорғау және барлық еңбеккер үшін сенімді әрі қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу |
ҚМГ‑да қауіпті еңбек жағдайларын анықтау мен алдын алуға бағытталған бағдарлама іске асырылуда. Мақсаты — «Қорғау» карталарын толық енгізу мен пайдалану. 2025 жылы 12 530 «Қорғау» картасы толтырылды. | |
| Төзімді инфрақұрылым құру, тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу | 9.1. Экономикалық даму мен адамдардың амандығын қолдау мақсатында өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, төзімді және тұрақты инфрақұрылымды дамыту | ҚМГ тобының барлық өндірістік ақпаратын орталықтандыру және оны жасанды интеллект пен машинаны оқыту тәсілін қолдану арқылы өңдеу үшін ABAI ақпараттық жүйесін дамыту және енгізу 2025 жылы:
|
| 9.4. Инфрақұрылымды жаңғырту және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді кеңінен қолдану есебінен өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау | ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітілді, 2025 жылы іс‑шаралар жоспары жаңартылды, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметтің басым бағыттары айқындалды. Толығырақ Климат | |
| Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету | 11.6. 2030 жылға қарай қалалардың жан басына шаққандағы жағымсыз экологиялық әсерін, оның ішінде ауа сапасына және қалалық пен басқа да қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару арқылы азайту. | «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы — бұл Президент Қасым‑Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бастамасы. «Таза Қазақстан» акциясына қатысу: 9 мыңнан астам адамның қатысуымен 282 сенбілік өткізілді. Толығырақ Қоршаған ортаны қорғау 2025 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша 263,7 мыңнан астам ағаш, сондай‑ақ Қостанай облысында орманды қалпына келтіру жұмыстары аясында 150 мың қарағай көшеті отырғызылды. 2025 жылдың қазан айында Астана қаласында 1,3 мыңнан астам түп ағаш егілген ҚМГ паркінің техникалық ашылуы болды. Толығырақ Қоршаған ортаны қорғау Қоршаған ортаға теріс әсерді кезең‑кезеңімен төмендетуге бағытталған ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу Толығырақ Қоршаған ортаны қорғау Ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі бағдарламаны әзірлеу Толығырақ Қоршаған ортаны қорғау Дүниежүзілік банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын факел етіп тұрақты жағуды толық тоқтату» бастамаларын іске асыру Толығырақ Қоршаған ортаны қорғау Жасыл кеңселерді және қалдықтарды бөлек жинауды дамыту Корпоративтік жасыл бағыт белсенді дамып келеді және кеңсе үй‑жайларында қалдықтарды бөлек жинау, су және энергия үнемдеу сияқты жасыл кеңсе қағидаттары кезең‑кезеңімен енгізілуде. Толығырақ Қоршаған ортаны қорғау |
| Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету | 12.4. 2020 жылға қарай келісілген халықаралық қағидаттарға сәйкес химиялық заттарды және барлық қалдықты олардың бүкіл өмірлік циклі бойы экологиялық тұрғыдан ұтымды пайдалануға қол жеткізу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа таралуын барынша азайту | Қалдықтарды басқару стандарты ҚМГ компаниялар тобында Қалдықтарды басқару жөніндегі стандарт әзірленді және бекітілді Толығырақ Қоршаған ортаны қорғау |
| 12.5. Қалдықтардың пайда болуын болдырмау, оларды азайту, өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қабылдау арқылы 2030 жылға қарай олардың көлемін едәуір азайту | Бұрыннан жиналған мұнай қалдықтарын утилизациялау бағдарламасы Толығырақ Қоршаған ортаны қорғау | |
| 12.6. Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға өндірістің тұрақты әдістерін қолдануға және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты жария етуге кеңес беру | Су ресурстарын басқару бағдарламасы Су ресурстарын басқару жөніндегі бағдарламаның жобасы, сонымен қатар ЕТҰ бойынша іс‑шаралар жоспарлары әзірленді. Бағдарлама 2026 жылдың соңына дейін бекітіледі деп жоспарланып отыр. Carbon Disclosure Project Компания су ізін есептейді және Carbon Disclosure Project алаңында корпоративтік сауалнаманы орналастырады. | |
| Климаттың өзгеруіне қарсы және оның салдарымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау | 13.2. Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын саясатқа, стратегияға және жоспарлауға енгізу | ҚМГ‑ның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс‑шаралар жоспары Толығырақ Климат Метан шығарындыларын азайту Толығырақ Климат OGMP 2.0 бастамасына қосылу Толығырақ Климат Орман климаттық жобалар Толығырақ Климат |
| 13.3. Климаттың өзгеру күшін жұмсарту мен салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте алдын алу бойынша оқу‑ағарту, ақпаратты таратуды және адамдар мен мекемелердің мүмкіндіктерін жақсарту | Компания көміртегі ізін есептейді және Carbon Disclosure Project алаңында корпоративтік сауалнаманы орналастырады. Толығырақ Климат | |
| Құрлықтағы экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және оларды тиімді пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды тиімді басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату мен кері қайтару және биологиялық алуандылықты жоғалту процесін тоқтату | 15.3. Шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, шөлейттену, құрғақшылық және су тасқыны әсер еткен жерлерді қоса алғанда, тозған жерлер мен топырақты қалпына келтіру және бүкіл әлем бойынша жердің жағдайын нашарлатпауға ұмтылу | Тәулігіне 50 мың м3 су тұщытуға қауқарлы Кендірлі теңіз суын тұщыту зауытынының құрылысы 2025 жылдың қазан айында зауыт жергілікті атқарушы органдардың меншігіне өтуімен пайдалануға берілді. Жерді қалпына келтіру Компанияда ластанған жерлерді қалпына келтіруге және ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Биоалуандылыққа әсер ету салдарын жұмсартуға бағытталған шаралар иерархиясы |
| 15.5. Табиғи мекендеу ортаның деградациясын тежеу жөнінде маңызды шараларды дереу қабылдау, биологиялық алуандылықтың жоғалуын тоқтату, сондай‑ақ жойылу қаупі бар түрлердің сақталуын қамтамасыз ету | Биоалуандылықты сақтау бағдарламасы Биоалуандылықты сақтау бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама 2026 жылы бекітіледі деп жоспарланып отыр. | |
| Тұрақты даму мүддесі үшін жаһандық серіктестік аясында іске асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру | 17.1. Салық пен басқа да кірісті жинау бойынша ұлттық мүмкіндіктерді арттыру үшін ішкі көздерден, соның ішінде дамушы елдердің халықаралық қолдауының арқасында ресурстарды жұмылдыруды күшейту. 17.16. Білімді, тәжірибені, технологияларды және қаржылық ресурстарды жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестіктермен толықтырылатын тұрақты даму мүддесіндегі Жаһандық серіктестікті нығайту. 17.17. Серіктестердің тәжірибесі мен ресурстарды пайдалану стратегияларына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар арасындағы, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы және азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді серіктестікті ынталандыру және көтермелеу | GRI стандартына және Country by country OECD Action 13 бастамасына сәйкес салық туралы ақпаратты ашып көрсетеді. Компания тұрақты даму саласындағы жобаларды іске асыруда халықаралық агенттіктермен және мемлекетаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтасады. Компания IOGP (Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығы), CDP (Carbon Disclosure Project), World Bank Zero Routine Flaring, GRI (Global Reporting Initiative), OGMP 2.0 (Мұнай‑газ метаны бойынша серіктестік) сияқты халықаралық бастамаларға қосылып, соларға мүшелік етеді. |
ҚМГ-ның БҰҰ-ның ТДМ қол жеткізуге қосқан үлесі туралы толық ақпарат GRI халықаралық стандарттарына сәйкес шығарылатын Тұрақты даму туралы жыл сайынғы есепте көрсетілген. Есепті компанияның веб-сайтынан оқи аласыз.