Әлеуметтік жауапкершілік

Компания Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамалық және нормативтік құқықтық талаптарды, сондай‑ақ мұнай компанияларының қызметін реттейтін халықаралық заңдар мен шарттарды сақтайды, экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға тигізетін әсері үшін, ұзақ мерзімді кезеңде ұзақ мерзімді құнның өсуі және тұрақты дамуы үшін акционерлер, жұртшылық пен инвесторлар алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінеді.

ҚМГ қызметін жүзеге асыратын өңірлерді дамыту

Әлеуметтік‑экономикалық жобалар

ҚМГ қызметін жүзеге асыратын өңірлердің әлеуметтік‑экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Компания жергілікті басқару органдарымен жан‑жақты ынтымақтасады және негізгі мүдделі тараптармен тұрақты диалогты жүргізеді, жас білікті мамандарды дамытуда және даярлауда белсенді жұмыс атқарады, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетеді, офтейк‑шарттарға қол қою арқылы отандық өндірушілерді қолдауға ұмтылады. ҚМГ кәсіпорындары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және кешенді даму жоспары шеңберінде әлеуметтік маңызы бар нысандарды, спорт кешендерінің құрылысын, өңірдің әлеуметтік‑экономикалық дамуын және т.б. қаржыландыруды жүзеге асырады.

2020‑2025 жылдар аралығында 356 млрд теңге сомасына әлеуметтік жобалар іске асырылды.

Іске асырылған ең ірі жобалардың қатарында:

  • Тасшағыл ауылында 300 орындық Мәдениет үйінің құрылысы (200 млн теңге, 2021 жыл);
  • Жылыой ауданының Құлсары қаласында 300 орындық және Атырау қаласы Балауса шағын ауданында 600 орындық мектептер құрылысы (831 млн теңге, 2022 жыл);
  • Атырау облысының Бесікті ауылында 280 орынға арналған балабақша құрылысы (783 млн теңге, 2023 жыл)
  • Жаңаөзен қаласы мен Жетібай кентінде 21 спорт алаңын салу (1 млрд теңге, 2023 жыл);
  • Орал қаласында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы аяқталды (19,9 млрд теңге, 2024 жыл);
  • Қызылорда қаласында «Қазгермұнай» БК» ЖШС қаржысына салынған Оқушылар сарайының ашылу салтанаты өтті (2,4 млрд теңге, 2024 жыл);
  • «Отпан» жобасы жүзеге асырылды: Маңғыстау облысындағы тірек мектептер желісі. ҚМГ Таушық (Түпқараған ауданы), Жетібай (Қарақия ауданы) және Рахат ауылдарының (Жаңаөзен қаласы) мектептерінде 50‑ден астам оқу кабинеттері мен білім беру кеңістігін жаңартты (барлығы 504 млн теңге, 2024‑2025 жылдар);
  • Атырау облысының Жылыой ауданында ерекше балаларды оңалту және қолдау орталығы пайдалануға берілді (983,2 млн теңге, 2024 жыл);
  • Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 4,4 млн сексеуіл көшеті (420 млн теңге, 2024 жыл) және Астана қаласында 600‑ден астам ағаш отырғызылды (68 млн теңге, 2024 жыл);
  • ҚМГ Маңғыстау облысы балаларының білім деңгейін жақсарту мақсатында «Жарқын Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Қазіргі уақытта 1 мыңнан астам грант иегері еліміздің он өңірінде орналасқан 56 білім беру мекемесінде оқып жатыр (4,2 млрд теңге);
  • Маңғыстау облысында Кендірлі теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы (121,2 млрд теңге), сондай‑ақ Жаңаөзен қаласында «Bolashaq Sarayi» Оқушылар сарайының құрылысы (4,2 млрд теңге) бойынша жобалар іске асырылды.

ҚМГ еншілес ұйымдарының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарында өндіріс орындары орналасқан өңірлерді дамытуға және халықтың мұқтаж топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге қомақты ақша қаражатын бөлу көзделген, сондай‑ақ облыстардың әкімдіктерімен жасалған келісімдер мен меморандумдар негізінде ҚМГ ЕТҰ қаражатты жергілікті атқарушы органдарға аударады, олар өз кезегінде жергілікті қоғамдастықтардың қажеттіліктерін негізге ала отырып, қаражатты үлестіреді, соның ішінде:

  • ҚГМ Қызылорда облысының әлеуметтік‑экономикалық дамуына 377 млн теңге аударды;
  • ӨМГ Жаңаөзен қаласының әкімдігіне қарасты «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына коммуналдық шаруашылықты күтіп ұстауға 1,7 млрд теңге бөлді;
  • ЕМГ Мақат ауданының Доссор кентінде жаңа тұрғын үйлер салуға 884 млн теңге бөлді;
  • ММГ Маңғыстау өңірінің әлеуметтік‑экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына 140 млн теңге аударды;
  • ҚОА Ақтөбе облысының әкімдігімен жасалған меморандум аясында Ақтөбе облысының әлеуметтік‑экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына 443 млн теңге бағыттады;
  • «Өріктау Оперейтинг» ЖШС өңірдің әлеуметтік‑экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына 59 млн теңге бөлді;
  • ҚТМ Ақтөбе облысының әлеуметтік‑экономикалық дамуына 326 млн теңге аударды;
  • УОГ Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік‑экономикалық дамуына 59 млн теңге аударды;
  • ҚБМ Маңғыстау өңірінің әлеуметтік‑экономикалық дамуына 230 млн теңге аударды.
Жергілікті атқарушы органдарға аударылған қаражат (жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттар), млрд теңге

Солтүстік Каспий жобасы бойынша әлеумет тік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында 2025 жылдың бекітілген бюджеті 13 млн АҚШ долларын құрады («ҚМГ Қашаған Б.В.» үлесіне 2,19 млн АҚШ доллары). Оның нақты орындалу көлемі – 11,5 млн АҚШ доллары («ҚМГ Қашаған Б.В.» үлесіне 1,94 млн АҚШ доллары). Атырау облы сында Өрлеу тұрғын алабында (Тасқала-2 ауылы) 160 орындық балабақша, сондай-ақ Қадырка (Құрманғазы ауданы) және Доссор кентінде 60 пәтерлі бір-бір үй салу жобалары аяқталды. Есепті жылдың ішінде Мақат ауылында №2 мектепті кеңейту және орталық алаңды реконструкци ялау жобалары, сондай-ақ Мақат аудандық ауру ханасы үшін жедел жәрдем автокөліктерін сатып алу жобасы қолға алынды. Маңғыстау облысында өңірдің жедел жәрдем қызметін қамтамасыз ету жобасы аясында 20 жедел медициналық жәрдем көлігі жеткізілді.

Қарашығанақ жобасы бойынша әлеуметтік‑инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында 2025 жылдың бекітілген бюджеті 118 млн АҚШ доллары болды. Алайда бірқатар әлеуметтік‑инфрақұрылымдық жобалардың 2026 жылға ауыстырылуына байланысты 2025 жылғы бюджет 60,5 млн АҚШ доллары болып түзетілді («ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС үлесіне 6,05 млн АҚШ доллары).

«Игілік» ерікті бағдарламасы аясында ТШО жергілікті мемлекеттік органдармен келісе отырып, Атырау қаласы мен Атырау облысында, оның ішінде Жылыой ауданында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша маңызды жобаларды қаржыландырады. Бағдарламаның жылдық қоры – 25 млн АҚШ доллары. 1999 жылдан 2026 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде «Игілік» бағдарламасы бойынша өңірдің әлеуметтік дамуына 455 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды.

2025 жылы Атырау қаласының Жаңаталап ауылында дене шынықтыру‑сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, сондай‑ақ 5 жоба бойынша дайындық жұмыстары басталды. 2025 жылы Игілік бағдарламасы қаражатының едәуір бөлігі (18,5 млн АҚШ доллары) әкімдіктің сұрауы бойынша медициналық және мамандандырылған жабдықтарды сатып алуға аударылды.

2025 жылғы демеушілік пен қайырымдылық

«Өзенмұнайгаз» АҚ:
  • Daryn Joly білім беру жобасының іске асырылуын қаржыландырды, оның аясында Жаңаөзен, Түпқараған және Қарақия аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 192 мұғалімі мен оқушыларына жалпы сомасы 158 млн теңгеге оқыту жүргізілуде;
  • Жаңаөзен қалалық ауруханасында күйікке қарсы мамандандырылған құрал‑жабдықтар сатып алу жобасын қаржыландырды. Жобаның құны – 223 млн теңге. Сонымен қатар 77,9 млн теңге сомасына нақты салалық он дәрігерге қаржылық қолдау көрсетілді (Жаңаөзен қаласына көшу, баспана жалдап беру);
  • Жаңаөзен қаласының ұйымдарында адам ресурстарын бөлу және жұмысқа орналастыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесін пысықтау мен техникалық сүйемелдеу жұмыстарын 70 млн теңге сомасына қаржыландырды;
  • ардагерлер арасында волейболды отырып ойнау бойынша 12 млн теңгеге республикалық чемпионат өткізді.
«Ембімұнайгаз» АҚ:
  • Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде 868 млн теңгеге кітапхана мен мұражайдың, сондай‑ақ Атырау қаласында құны 1,14 млрд теңгеге оқу‑өндірістік полигонның құрылысын қаржыландырды;
  • «Мектепке жол» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан 536 оқушыны 18,7 млн теңгеге мектеп рюкзактарымен және кеңсе керек‑жарақтарымен қамтамасыз етіп, демеушілік көмек көрсетті;
  • Атырау облысы Қызылқоға ауданының орта мектептеріне спорт жабдықтарын әперу үшін 7 млн теңгеге демеушілік көмек көрсетті;
  • Астана қаласында ҚР Энергетика министрлігінің ғимаратының алдында 42,6 млн теңгеге арт‑нысан — тербелмелі мұнай қондырғысын орнату жобасын іске асыру үшін демеушілік көмек көрсетті.
«ҚазМұнайГаз‑Аэро» ЖШС:
  • Қазақстан премьер‑лигасының екі стадионын жалпы сомасы 200 млн теңгеге интерактивті жарық диодты борттармен (LED борттар) жабдықтау үшін демеушілік жасады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ:
  • Charity Samruk Marathon жобасын іске асыру аясында 15 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті;
  • Қостанай облысында 2022 жылы ірі өрт болған учаскелерінде қарапайым қарағайдың 150 мың көшетін отырғызу үшін ULAN PLUS қоғамдық қорына 19,32 млн теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Кадр саясаты

Жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары арасындағы ішкі коммуникациялардың қолданыстағы жүйелері, жергілікті атқарушы органдармен, кәсіподақтармен өзара іс‑қимыл және еңбек ұжымдарымен тең құқылы ұжымдық келіссөздер компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Компанияның барлық қызметкері қауіпсіз әрі салауатты еңбек жағдайларына, олардың компанияға қосқан үлесін мойындауға және тиісті деңгейде бағалауға, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға жәрдемдесуге, жұмысының сапасы мен тиімділігін ашық және конструктивті талқылауға құқылы. Компания ұлты, нәсілі, діни нанымы, жасы, жынысы, саяси сенімі немесе басқа да белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермейді.

ҚМГ меритократия, әділдік және объективтілік қағидаттарын қолдайды, әрбір қызметкерге жаңа жетістіктерге жету үшін оңтайлы жағдай жасайды және әркімнің компания қызметіне қосқан үлесін әділ бағалайды, барлық деңгейдегі қызметкерлерді түсіну, мүдделі болу және қолдау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Еншілес және тәуелді ұйымдарының ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін талдауды Samruk Research Services (SRS) әдістемесі негізінде «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы» жекеменшік мекемесі (ЖМ) жүргізеді. Талдау кезінде қызметкерлер қызығушылығы, әлеуметтік әл‑ауқаты және әлеуметтік тыныштығы сияқты индикаторлар арқылы бағаланды. Индикаторларды бағалау әлеуметтік сауалнама түрінде өтеді.

Жылдық сауалнаманы 2025 жылы ҚМГ‑ның 19 еншілес және тәуелді ұйымдарының 5 086 қызметкері толтырды. Талдау нәтижелеріне сәйкес ҚМГ компаниялар тобы бойынша SRS индексі 84 % құрады.

SRS бойынша белгіленген шкалаға сәйкес 84 % нәтижесі бар ҚМГ‑дағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейі «орташадан жоғары» болып анықталды, ал Компанияға «әлеуметтік даму мәселелеріне ерекше көңіл бөледі» деген сипаттама берілді.

ҚМГ есепті кезеңде қақтығыстарды реттеуге бағытталған шараларды уақтылы қабылдады.

Нәтижесінде 2025 жылы ереуіл саны 2024 жылмен салыстырғанда екі есеге азайды – ереуілге шығу жағдайлары тоғыз рет болды. Ереуілдер ҚМГ бұл компаниялардың алдында өз міндеттемелерін толық орындайтын мердігер ұйымдарда ғана болғанын атап өткен жөн.

Ереуілдердің себебі – негізінен мердігер мекемелердің жұмысшылары алдындағы міндеттемелерін жосықсыз орындауы болды.

ҚМГ компаниялар тобы қызметін жүргізетін өңірлерде 50 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. 2025 жылдың соңында ҚМГ компаниялар тобындағы қызметкерлердің тізім бойынша саны 52 мың адамды құрады, оның ішінде штаттық қызметкерлер — 48 714 адам, аутстаффинг – 3 321 адам.

ҚМГ компаниялары тобында еңбек ететіндердің тізімдік саны (шоғырланған)Қызметкерлердің тізімдік санына ҚМГ тобы қызметкерлерінің, сондай‑ақ ұзақ уақыт оқу себебінен жұмыста жоқ немесе жүктілік пен босану, бала күтімі бойынша демалыс ресімдеген қызметкерлердің нақты саны кіреді., адам
Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2023 2024 2025
ҚМГ компаниялар тобы персоналының тізімдік саны (штаттағы қызметкерлер)2024 жылдан бастап ҚМГ компаниялар тобы персоналдың тізімдік санын ескереді. Алдыңғы есепті кезеңдерде қызметкерлердің нақты саны есепке алынды. Осыған байланысты персонал бойынша тарихи деректер әртүрлі болуы мүмкін. адам 48 196 49 243 48 714
  • Ерлер
% 81 81 82
  • Әйелдер
% 19 19 18
Өндірістік персонал % 92 92 92
Әкімшілік‑басқару персоналы % 8 8 8
31 жастан 50 жасқа дейінгі қызметкерлер, оның ішінде: % 58 58 58
  • ерлер
% 81 81 81
  • әйелдер
% 19 19 19
50 жастан асқан қызметкерлер, оның ішінде: % 31 30 31
  • ерлер
% 81 81 81
  • әйелдер
% 19 19 19
30 жасқа дейінгі қызметкерлер, оның ішінде: % 11 12 11
  • ерлер
% 87 88 89
  • әйелдер
% 13 12 11
Ашылған жұмыс орындары ед. 918 17 32
Орташа тізімдік санынан есептегенде % 1,9 0,03 0,07
Қабылданған қызметкерлер адам 5 746 3 928 3 619
Жүктілік пен босану, бала күтімі бойынша демалыс ресімдеген қызметкерлер адам 623 527 475
  • ерлер
% 7 8 9
  • әйелдер
% 93 92 91
Ана (әке) болу демалысы аяқталғаннан кейін жұмысқа оралған қызметкерлер адам 290 207 287
  • ерлер
% 8 11 6
  • әйелдер
% 92 89 94
Еңбек қатынастары тоқтатылғандар адам 2 124 3 272 3 209
Барлық деңгейдегі басшылық құрам, оның ішінде: % 10 10 9
  • ерлер
% 85 85 81
  • әйелдер
% 15 15 19
ҚМГ компаниялары тобы бойынша тұрақтамау коэффициенті % 4,5 6,64 6,59

Компания қызметінің бағыты ауыр, қауіпті әрі зиянды еңбек жағдайларымен байланысты болғандықтан, ерлердің үлесі 82 %, әйелдер үлесі 18 % құрап отыр. Өндірістік персоналдың жалпы санындағы үлесі 92 %, әкімшілік‑басқару персоналының үлесі – 8 %.

Жас санаты бойынша қызметкерлердің басым бөлігі 31 жастан 50 жасқа дейінгі топта шоғырланған — 58 %, бұл ретте ер адамдардың үлесі 81 %, әйелдер — 19 % құрайды.

50 жастан асқан қызметкерлер саны жалпы персонал санының 31 % құрайды, бұл ретте ерлер үлесі — 81 %, әйелдер — 19 %.

30 жасқа дейінгі жастардың үлесі персоналдың жалпы санында 11 % құрайды, бұл ретте ерлер үлесі — 89 %, әйелдер — 11 %.

2025 жылы ашылған жұмыс орындарының саны 32 бірлікті немесе орташа тізімдік санының 0,07 % құрайды. Қабылданған қызметкерлер саны 3 619 адам болды. Есепті кезеңде еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлер саны – 3 209 адам.

Жүктілік пен босану және бала күтімі бойынша демалыс ресімдеген қызметкерлер саны 475 адам, бұл ретте ерлер үлесі — 9 %, әйелдер — 91 %. Ана (әке) болу демалысы аяқталғаннан кейін жұмысқа оралған қызметкерлер саны 287 адамды құрады, бұл ретте ерлер үлесі — 6 %, әйелдер — 94 %.

Барлық деңгейдегі басшылық құрамға кіретін қызметкерлердің үлесі — жалпы персонал санының 9 % құрады, оның ішінде әйелдер — 19 % (2024 жылы — 15 %), ерлер — 81 % (2024 жылы – 85 %).

ҚМГ компаниялар тобы бойынша тұрақтамау коэффициенті 2025 жылы 6,59 % құрады (2024 жылы 6,64 %).

Өңірлер бойынша штаттық қызметкерлердің саны
Көрсеткіш Қызметкерлер саны
Барлығы: 48 714
Қазақстан Республикасы 41 975
Ақтөбе облысы 876
Атырау облысы 11 181
Батыс Қазақстан облысы 349
Жетісу облысы 607
Қарағанды облысы 638
Қызылорда облысы 161
Маңғыстау облысы 21 805
Павлодар облысы 3 205
Ұлытау облысы 462
Астана қ. 2 126
Шымкент қ. 565
Қазақстан Республикасынан тыс жерде 6 739

ҚМГ‑ның кадр саясатының негізгі қағидаттары – гендерлік теңдік, әртүрлілік, инклюзивтілік және еңбек құқықтарын кемсітуге жол бермеу. Компания адамның жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне және басқа да сипатына қарамастан түрлі әлеуметтік және жас топтары үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды. Бұндай тәсіл түрлі көзқарасы бар команданың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық рәсімдерде адамның жынысы, жасы немесе өзге де белгілері бойынша шектеулер жоқ. Барлығы үшін бірыңғай еңбекақы мен әлеуметтік қолдаудың бірдей талаптары белгіленеді. Компания әділ еңбекақы төлеу жүйесін қамтамасыз етеді, ол бірдей еңбек үшін ақы төлеуді көздейді.

Тұрақты дамудың гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйел мен қыз балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі жаһандық мақсатын орындау аясында 2025 жылы әйелдер үлесі қызметкерлердің жалпы санының 18 % және барлық деңгейдегі басшы құрамына кіретін қызметкерлер үлесінің 19 % құрады.

Жеке деректерді қорғау

2025 жылы ҚМГ қызметкерлерінің жеке деректерін жинау, өңдеу және қорғау бойынша жұмыс нұсқаулығы әзірленді, оның мақсаты – персоналдың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Бұл құжат Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келеді және мынадай қағидаттарды ұстанады:

  1. адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
  2. заңдылық;
  3. қолжетімділігі шектеулі жеке деректердің құпиялылығы;
  4. субъектілердің, меншік иелері мен операторлардың құқықтарының теңдігі;
  5. жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ҚМГ персоналын дамыту аясында тиімділікті жетілдіру мен арттыру жөніндегі стратегиялық бастамалардың бірі – персоналды мұнай‑газ химиясы, төмен көміртекті даму, цифрландыру мен ақпараттық технологиялар бағытын қоса алғанда, болашағы зор мамандықтар бойынша біліктілікті қайта бағдарлау (біліктілікті арттыру) мүмкіндігін ұсыну.

Бір қызметкерге шаққанда орташа жылдық академиялық сағат саны 34 сағатты құрады (2024 жылы — 35 сағат, 2023 жылы — 34 сағат), соның ішінде бір ер адамға — 34,8 сағат (2024 жылы — 37,5 сағат, 2023 жылы — 16 сағат), бір әйелге — 30,1 сағат (2024 жылы — 24,5 сағат, 2023 жылы – 27 сағат). Қызметкерлерді оқытуға жұмсалған шығынның жалпы сомасы 5,2 млрд теңге болды.

2025 жылы ҚМГ компаниялары тобының барлық қызметкерлерінің 22,9 %‑ы (2024 жылы — 36,5 %) есепті кезеңнің нәтижесі бойынша бағаланды, соның ішінде: әйелдер— 24,7 % (2024 жылы — 28,5 %), ерлер — 22,4 % (2024 жылы — 38,3 %).

Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарламалардың негізгі тақырыптары

Бизнестегі жасанды интеллект: ChatGPT‑мен бірге алғашқы қадамдар

Қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқу

Экономика және қаржы

Ішкі тренелерді оқыту — Trainer‑to‑trainer: жасанды интеллект бойынша тәжірибелік жұмыстар

Интеграцияланған басқару жүйелері, ISO және OHSAS стандарттары

Көлікті қауіпсіз жүргізу (OPITO, RoSPA)

Заңнама

Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу дағдыларының халықаралық стандарттары

Қазақстандық қамту және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу

Сертификатталған оқыту

Корпоративтік басқару. Жобаларды басқару

Жұмысшы мамандықтарға оқыту

Ақпараттық технологиялар

Корпоративтік мәдениет және коммуникациялар

Өндіріс (барлау және өндіру, тасымалдау, газ бизнесі, өңдеу және маркетинг, сервистік жобалар және басқалар)

Тұрақты даму

«ІЅО (OHSAS) басқару стандарты бойынша интеграцияланған менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы» тақырыбы бойынша 156 қызметкер оқытылды. Халықаралық стандарттарға сай ішкі аудит бойынша 136 қызметкер оқытылды. ICA Certificate in Managing Sanctions Risk бойынша 3 адам оқуға қатысты.

Қызметкерлердің АССА, CIPD, СFA, CIA сияқты және т.б. сертификаттау бағдарламалары бойынша халықаралық біліктіліктері мен сертификаттарын алу үшін 36 адам оқытылды.

Жыл сайын IPMA, PMI PMBOK жобаларын басқарудың халықаралық стандарты бойынша стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруымен айналысатын ҚМГ және ЕТҰ негізгі қызметкерлерін сертификаттау жүргізіледі – 27 қызметкер.

«Самұрық‑Қазына» АҚ қолдауымен IR School, HR School, 7‑Qadam, 7‑Qadam Master бағыттары бойынша модульдік оқыту іске асырылды, оған ҚМГ компаниялар тобының 28 қызметкері қатысты.

Тұрақты даму мәселелеріне арналған оқу

Көмірқышқыл газын тұту, сақтау және пайдалану технологияларымен байланысты оқу (CCS/CCUS Course Proposal (INPEX) — 7 адам Жапониядағы INPEX компаниясына тағылымдамаға жіберілді

Technologies Training Program, CCS/CCUS — 6 адам

Дүниежүзілік банктің Халықаралық қаржы институтының техникалық мамандарының қатысуымен метан шығарындыларын басқару (International Finance Corporation, IFC) — 3 адам

«Көшбасшылық білім беру бағдарламасы»

«МАНСАП» бағдарламасының «А», «B» және «С» пулдарының ізбасарлары үшін ҚМГ компаниялар тобының негізгі позициялары бойынша сабақтастық жоспарын қалыптастыру және дамыту жобасына қатысты жұмыс жалғасуда. 2025 жылы ҚМГ тобының 1000‑нан аса қызметкері арасында төмендегі бағыттар бойынша іріктеу жүргізілді:

  • Барлау және өндіру ‑ 49 резервші;
  • Мұнай сервисі ‑ 8 резервші;
  • Тасымалдау ‑ 7 резервші;
  • Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару ‑ 595 резервші;
  • Газ химиясы ‑ 2 резервші.

Үміткерлерді іріктеуді бағалау қорытындысы бойынша СЕО, СЕО‑1 позициясы үшін «А» пулының және СЕО‑2, СЕО‑3 позициясы үшін «В» пулының резервшілері құрылды.

Жұмысшы мамандықтар жылы

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚМГ компанияның барлық қызметкері белсенді түрде қатысқан іс‑шаралар өткізді:

  1. «Еңбек жолы» республикалық байқаулар;
  2. «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы;
  3. KMG‑SKILLS чемпионаты;
  4. түркітілдес елдерінің өкілдерімен студенттер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты (бақылаушы ретінде).

12 жұмысшы мамандыққа арналған «ҚМГ Кәсіп» және жұмысшы мамандықтағы әйелдерге арналған «JanAru — ЖаңАру» модульдік оқыту бағдарламалары әзірленіп, іске асырылды.

«Үздік мұнайшы»; «Үздік мұнай‑газ өңдеуші»; «Үздік тасымалдаушы»; «Еңбек сіңірген мұнайшы» төсбелгілері әзірленіп, бекітілді.

Тәжірибе алмасу үшін 99 маман серіктестік компанияларға — «Татнефть» ЖАҚ, «Өзбекнефтегаз» АҚ, SOCAR, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» және «Теңізшевройл» ЖШС жіберілді.

«Алып» көшбасшыларға арналған оқыту бағдарламасы

Ақтау қаласында «Алып» бағдарламасы аясында он жобаның таныстырылымы өтті. Жалпы оқудан 13 еншілес және тәуелді ұйымдардың 63 жас маманы өтті. Олар 49 жобаға бастамашы болып, қазіргі кезде 37 жоба жан‑жақты іске асырылып жатыр.

Қатысушылардың жұмыстары ҚМГ‑ның операциялық кәсіпорындарының экономикалық тиімділігін арттыруға, оның ішінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау саласында жақсартуға, ақпараттық жүйелерді жетілдіруге, жаңа техника мен технологияларды енгізуге және т.б. бағытталған. Жобалар нақты өндірістік нысандарда жүргізілген тәжірибелік және эксперименттік жұмыстар негізінде дайындалды.

Әлеуетті экономикалық тиімділік (млн теңге/жыл):

  • тікелей үнемдеу – 619,8;
  • жанама үнемдеу – 368,9.

2025 жылы сегіз номинация бойынша 24 үздік жоба іріктелді:

  • «Үздік өнертабыс»;
  • «Үздік сараптамалық жоба»;
  • «Жобаның үздік көшбасшысы»;
  • «Кеңінен таратылатын үздік жоба»;
  • «Ең аз шығынды қажет ететін үздік жоба»;
  • «Еңбек қауіпсіздігі, экология бойынша үздік жоба»;
  • «Еңбекті ұйымдастыру бойынша үздік жоба»;
  • «Экономикалық тиімділік бойынша үздік жоба».

Жобаларын қорғап шыққан үздік 20 қатысушы «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Өзбекнефтегаз» АҚ, «Татнефть» ЖАҚ және SOCAR сияқты серіктес компанияларға тәжірибе алмасуға жіберілді, сондай‑ақ 4 қатысушы Жапонияда JCCP бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

«ҚМГ Кәсіп» біліктілікті арттыру бағдарламасы

Бағдарлама аясында ҚМГ‑ның 17 еншілес кәсіпорнының 270 жұмысшысы модульдік оқытуды аяқтағаны туралы сертификат алды. Салтанатты іс‑шараға ҚМГ басшылығы, сала ардагерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Энергетика министрлігінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар мұнайшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында бағдарлама қатысушыларына Жұмысшы мамандықтар жылының естелік белгілері табысталды.

Мамандықтар саны — 12:

  1. мұнай және газ өндіру операторы;
  2. ұңғымаларды зерттеу операторы;
  3. технологиялық қондырғылар операторы;
  4. ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы;
  5. технологиялық сорғы машинисі;
  6. слесарь жөндеуші;
  7. көтергіш қондырғысының машинисі;
  8. электргазбен дәнекерлеуші;
  9. электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;
  10. химиялық талдау зертханашысы;
  11. ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғышының көмекшісі;
  12. тауар операторы.
Оқыту төрт модульден тұрды

Кәсіби шеберлік модулі (қамтылған блоктар: «Ысырапсыз өндіріс», «Еңбек қауіпсіздігінің мәдениеті», бейіндік оқыту) – оқу Атырау қаласында Apec Training Centre базасында өткізілді

Бригаданы басқару негіздері (Crew Leadership), (NCCER)‑аттестация мен сертификаттау — оқу Атырау қаласында өтті

Қаржылық және цифрлық сауат (қамтылған блоктар: «Мұнай‑газ саласының экономикасы», «Өндірістік қақтығыстардың қаржылық салдары», «Еңбекақы төлеу», «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы», «Өмір мен денсаулықты сақтандыру», «Жеке қаржы», «Цифрлық сауат», кәсіптік бағдар) — оқу Ақтау қаласында ұйымдастырылды

Қызметкерлердің амандығы мен денсаулығы (қамтылған блоктар: «Жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету», «Қызметкердің денсаулығы мен амандығы», «Денсаулықтың алдын алу», «Күрделі жағдайларда стресті басқару») — оқыту Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің Сенат Холы аудиториясында жүргізілді

«Жұмысшыдан – жұмысшыға» нетворкингі

Наурыз айында Атырау қаласында «Жұмысшыдан – жұмысшыға» нетворкинг кездесу өтіп, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорындарының 40 маманы қатысты. Оқыту сабақтары биікте жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік; болтинг (гидротестерлеу); дәнекерлеу жұмыстарының технологиялары сынды негізгі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды.

Тәжірибе алмасу және озық тәжірибелерді үйрену мақсатында қатысушылар «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, АМӨЗ өндірістік нысандарына, сондай‑ақ «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау қаласындағы филиалының керн материалын зерттеумен айналысатын зертханасына барды.

Тәжірибе алмасу үшін қыркүйек айында «Өзенмұнайгаз» АҚ‑ның 12 жұмысшысы «Ембімұнайгаз» АҚ‑ға, қазан және қараша айларында ЕТҰ‑ның 23 жұмысшысы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясына, қыркүйек және қараша айларында 16 жұмысшы «Теңізшевройл» ЖШС‑не, қараша айында 24 жұмысшы «Татнефть» ЖАҚ‑қа барды.

Жұмысшы әйелдерге арналған «JanAru‑ЖаңАру» модульдік бағдарламасы

Есепті жылы ҚМГ-ның 12 еншілес және тәуелді ұйымдарының мұнай-газ саласындағы жұмысшы мамандық бойынша еңбек ететін 47 әйел оқытылды: Ақтау қаласында 28 мен 29 сәуірде, Алматы қаласында 9-11 маусым аралығында, сондай-ақ Астана қаласында 1-3 қазан аралығында өтті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастамасымен іске асырылған бағдарламаның мақсаты – мұнай‑газ саласындағы жұмысшы әйелдерді дамыту, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

Қатысушылар арасында сорғы станциясының машинистері, қабат қысымын ұстап тұру, мұнай‑газ өндіру, ұңғымаларды зерттеу операторлары, басқару пультінің операторлары, тауар операторлары, химиялық талдау зертханашылары, электромонтерлер мен аспаздар бар.

Бағдарлама модульдері әйелдер құқықтары, эмоционалдық интеллект, отбасы құндылықтары, үнемді әрі экологиялық ойлау, цифрлық және қаржылық сауат тақырыптарын қамтыды.

«Жеті қадам» модульдік оқыту бағдарламасы

«Жеті қадам» жас көшбасшыларды дамытуға арналған модульдік бағдарламаны іске асыру аясында:

  1. 7 Qadam Master бағдарламасына қатысқан жеті маманның екеуі іріктеуден өтіп, оларды тәлімгерлер оқытып жатыр. Екі қатысушы 2025 жылғы қыркүйекте тәжірибе алмасу үшін Дацын қаласына (Қытай) барды, қараша айында Екатеринбург қаласында өткен (Ресей Федерациясы) чемпионатқа қатысып келді.
  2. 7 Qadam Pro бағдарламасына төрт қатысушы жобаларын қорғап, оның біреуі іріктеуден өтті.
  3. 7 Qadam Hub бағдарламасына 28 адам қатысып, 28 жоба әзірленді, оның жетеуі іріктеуден өтті.
Жалпы корпоративтік іс‑шаралар
«KMG Skills» кәсіби дағдылар чемпионаты

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚМГ ЕТҰ қызметкерлері арасында чемпионат өткізілді. Іс‑шараға 19 компанияның 100‑ге жуық маманы қатысты.

Байқау 12 мамандық бойынша өткізілді, атап айтқанда: мұнай‑газ өндіру, ұңғымаларды зерттеу, мұнай дайындау операторлары, технологиялық қондырғылар операторы, химиялық талдау зертханашысы, электромонтер, электр газ дәнекерлеуші, бақылау‑өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь, технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету слесарі, компрессорлық қондырғылардың машинисі, технологиялық сорғылардың машинисі және токарь.

2025 жылғы желтоқсан айында байқаудың 12 жеңімпазы тәжірибе алмасу аясында «Өзбекнефтегаз» АҚ‑ның «Бұхара мұнай өңдеу зауыты» ЖШҚ мен «Шортан газ‑химия кешені» ЖШҚ‑ға барды.

ҚМГ Спартакиадасы

Жұмысшы мамандықтар жылына арналған спорттық іс‑шара 2025 жылғы 20‑24 шілде аралығында өтті. Жарысқа ҚМГ‑ның 30 еншілес және тәуелді ұйымдарынан 700‑ден аса адам қатысты. Жарыс келесідей спорт түрлері бойынша өткізілді: футзал, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, садақ ату, шахмат, киберспорт, жүзу, тоғыз құмалақ, арқан тарту, армрестлинг және асық ату.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1‑орын — «ҚазТрансОйл» АҚ (13 алтын медаль);
  • 2‑орын — «Өзенмұнайгаз» АҚ (2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль);
  • 3‑орын — «АМӨЗ» ЖШС (1 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль).
Қысқы спартакиада

2025 жылғы ақпан айында Астана қаласында «Самұрық‑Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері арасында алғашқы қысқы спартакиада өтті. Екі күн қатарынан командалар шайбалы хоккейден жарысқа түсті. Оның қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамасы жеңімпаз атанды.

2025 жылғы 14 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да Амал мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Іс‑шара аясында ҚМГ басшысы «Самұрық‑Қазына» бірінші қысқы спартакиадасының чемпионы атанған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның шайбалы хоккейден құрама командасына алғыс хаттар табыс етті.

Қайырымдылық марафоны

Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған Munaily Marathon‑2025 қайырымдылық жарысына 1 мың адам қатысты, олардың арасында ҚМГ мен оның еншілес компанияларының қызметкерлері, кәсіби спортшылар және Маңғыстау облысының тұрғындары болды. Қатысушылар 5 км және 10 км қашықтықты еңсерді.

Қайырымдылық жарыс барысында жиналған барлық қаражат Жаңаөзен қаласындағы ерекше балаларға көмек көрсететін «Балақай» оңалту орталығына жіберілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұқаралық спортқа үнемі қолдау көрсетіп келеді. Өзінің қызметін жүргізетін өңірлердегі қайырымдылық бастамаларына тұрақты түрде қатысады және әлеуметтік жобаларды белсенді іске асырады.

«SK Әзіл Fest» әзіл фестивалі

Есепті жылдың қыркүйек айында Астана қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен «SK Әзіл Fest: Samruk Battle» әзіл фестивалінің финалы өтті. ҚМГ атынан әзіл‑сықақ байқауында ӨМГ қызметкерлері өнер көрсетіп, өздерінің өткір әзілімен, сахналық шеберлігімен және командалық рухымен ерекшеленді. Финал қорытындысы бойынша ҚМГ командасы жеңіске жетті.

Ішкі бірыңғай коммуникация жүйесі

ҚМГ компаниялар тобында персоналдың қызығушылығын арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және орнықты әлеуметтік климатты қамтамасыз етуге бағытталған ішкі бірыңғай коммуникациялар жүйесі құрылып, дәйекті дамып келеді.

Жүйе ҚМГ‑ға қарасты 24 еншілес кәсіпорынды қамтиды, ол ұйымдарда тұрақты кері байланыс желілері жұмыс істейді, соның ішінде:

  • бірінші басшылардың қызметкерлерді жеке қабылдауы;
  • корпоративтік цифрлық коммуникация арналары;
  • кәсіподақ ұйымдары арқылы өзара әрекет ету.

Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша олардың 80 % астамы ЕТҰ деңгейінде шешіледі, шамамен 15 % ҚМГ‑ның корпоративтік орталығы деңгейіне шығарылады және 5 % функционалдық пысықтауды немесе іс‑шаралардың орта мерзімді жоспарларына енгізуді талап етеді.

Ішкі коммуникациялар аясында келіп түсетін кері байланыс – қызметкерлердің әлеуметтік‑тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс‑шараларды қалыптастыру көздерінің бірі. Іс‑шаралардың 60 % астамы еңбек ұжымдарының өтініштері мен бастамалары ескеріліп қалыптастырылды.

2024‑2025 жылдары ішкі коммуникациялар жүйесі шеңберінде жас мамандармен 50‑ден астам кездесу өткізіліп, оған 2 мыңнан астам қызметкер қатысты. Бұл форматтар қызметкерлерді тарту деңгейін арттыруға және әлеуметтік шиеленістің алдын алуға бағытталған.

ҚМГ компаниялар тобының барлық ұйымдарында бірінші басшылардың қызметкерлерді жеке қабылдау практикасы енгізілген, бұл өтініштерді шұғыл қарауға және ұжымдар ішінде сенімді арттыруға ықпал етеді.

ҚМГ компаниялар тобында түрлі кері байланыс құралдары пайдаланылады, соның ішінде бірінші басшылардың блогтары, корпоративтік порталдар, ақпаратты іште тарату мен мессенджерлер бар. Бұл арналар басқару шешімдерін жедел жеткізуді және қызметкерлердің басшылықпен тікелей байланыс орнату мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

ҚМГ компаниялар тобының барлық мекемесінде әлеуметтік‑еңбек мәселелерін келісуге және әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға бағытталған кәсіподақ ұйымдарымен үнемі әлеуметтік диалог жүргізіліп тұрады.

Қызметкерлерді ақпараттандыру үшін бейнехабарландырулар, корпоративтік БАҚ, цифрлық арналар мен ақпараттық стендтер белсенді пайдаланылады. ҚМГ компаниялар тобының барлық ұйымдарында ұжымдарды шоғырландыруға және ортақ корпоративтік бірегейлікті қалыптастыруға ықпал ететін корпоративтік және спорттық іс‑шаралар өткізіледі.

Қызметкерлердің еңбек жағдайлары

ҚМГ компаниялар тобында еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі негізде жүргізіледі. Қызметкерлердің тұруын, тамақтануын ұйымдастыру мәселелері ЕТҰ‑ның әлеуметтік тұрақтылықты жақсарту жөніндегі жоспарларында көзделген. Бұдан басқа, аталмыш жұмысты күшейту үшін ҚМГ‑ның барлық еншілес және тәуелді ұйымдары персоналдың еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту бойынша бес жылға арналған (2023‑2027 жылдарға) жеке жол карталары әзірледі.

ЕТҰ жоспарларына сәйкес 2025 жылы жалпы бюджеті бөлінген 21 млрд теңгеден астам қаражатқа 275 әлеуметтік‑тұрмыстық инфрақұрылым нысандарын жақсарту көзделген болатын, оның 190 нысаны аяқталды. Қалған 85 нысан 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Кәсіподақтар

Компанияның кәсіподақтармен өзара іс‑қимылы еңбек заңнамасында салалық және өңірлік деңгейде белгіленген әлеуметтік серіктестік аясында жүзеге асырылады. Салалық деңгейде өзара іс‑қимылдың негізгі өлшемшарттары (әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті ұйымдастыру мәселелері, еңбекақы төлеу, жұмыспен қамту, гендерлік және жастар саясаты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаттары, еңбек қақтығыстарының алдын алу мен шешу және т. б.) Қазақстан Республикасының мұнай‑газ, мұнай өңдеу және мұнай‑химия салаларындағы салалық келісімде айқындалған, оны әзірлеуге ҚМГ мен оның кәсіпорындарының өкілдері белсене атсалысты.

ҚМГ компаниялар тобында 35 мыңнан астам қызметкердің мүддесін қорғайтын 30 кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.

Өңірлік деңгейде әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық комиссиялар бар, олардың шеңберінде өңірлік жұмыспен қамту және еңбекті қорғау мәселелерінен басқа нақты ұжымдық еңбек даулары қаралады. ҚМГ компаниялар тобының барлық ЕТҰ‑да келісу комиссиялары құрылған және жұмыс істейді.

ҚМГ 2023‑2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай‑газ, мұнай өңдеу және мұнай‑газ химиясы салаларындағы әлеуметтік серіктестік туралы салалық келісімнің баптарын мүлтіксіз сақтап, онда көзделген әлеуметтік кепілдіктерді, еңбекақы төлеу, жұмыспен қамту және еңбекті қорғау саласындағы міндеттемелерді орындайды, сондай‑ақ жұмысшылардың өкілдерімен сындарлы өзара ықпалдастық тетіктерін іске асырады. Есепті кезеңде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2026‑2028 жылдарға арналған жаңа салалық келісімді дайындауға және келісуге белсенді қатысып, әлеуметтік серіктестік тараптарының мүдделерінің тең болуын қамтамасыз етуге, кәсіпорындардың тұрақтылығын арттыруға және еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған ұсыныстар енгізді. 2026‑2028 жылдарға арналған салалық келісім әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның 2025 жылғы 29 қазандағы хаттамасымен келісілді.

Осы Келісімнің негізгі ережелері персоналдың әлеуметтік қорғалуын жақсарту, кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыру, қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және т.б. бөлігінде орындалады. Салалық еңбекақы төлеу жүйесінің қағидаттарын айқындау бөлігінде ҚМГ‑ның еншілес ұйымдары тарифтік разрядтар арасындағы коэффициенттердің ең төменгі деңгейлерін және бірінші разрядты жұмысшының айлық тарифтік мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейін ұстанады.

Кәсіподақтармен тұрақты кері байланысты сақтап тұру үшін ҚМГ‑ның және еншілес кәсіпорындардың басшылығы кәсіподақ комитеттерімен үнемі кездесулер ұйымдастырады, онда ұжымдық шартты, еңбек тәртібін орындауға, еңбек ұжымының өтініштерін қарауға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, әлеуметтік жеңілдіктер мен өтемақы беруге қатысты аса өзекті мәселелер және кәсіпорындағы басқа да әлеуметтік маңызы бар сұрақтар талқыланады.

ҚМГ зейнеткерлеріне көмек көрсету бағдарламалары

Ұжымдық шарттарға сәйкес ҚМГ өз тарапынан жұмыс істемейтін зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау бойынша қосымша міндеттемелерді орындайды. Зейнет жасына толып, еңбек сіңірген демалысқа шыққан кезде, сондай‑ақ зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қызметкерлерге қаржылық қолдау көрсетіледі: Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мейрамдарына, мерейтой жасына жеткен кезде ақшалай көмек, олардың құнын ішінара өтей отырып, санаторийге жолдама беріледі және т.б.

2025 жылы компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне 3,4 млрд теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілді.

ҚМГ жұмысшы кәсіптеріне және жаңа сұранысқа ие, оның ішінде мұнай‑газ химиясы саласындағы мамандықтарға ерекше назар аудара отырып, кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін көтеру жүйесін дамытуды жалғастыруда. Бүгінде ҚМГ компаниялар тобында 13,5 мың жас маман еңбек етеді.

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған Жастар форумының үш күндік оқыту бағдарламасы аясында ҚМГ‑ның 32 еншілес ұйымынан 214 жас маман қатысты. Қатысушылар өндірістік процестерді басқарудың озық әдістемелерін нақты мысалдар арқылы игеруге, цифрландыру мен жасанды интеллектіні қоса алғанда, өзекті технологиялық трендтер бойынша білімдерін кеңейтуге, сондай‑ақ көшбасшылық және командалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар оқу орындары мен кәсіпорындар арасында меморандумдар мен шарттар жасасу арқылы студенттерді дуалды оқыту бойынша жұмыс жалғасуда. Студенттерге оқу барысында кәсіби білімін үйрететін және практикалық сабақтарда бірге жүретін кәсіпорындардан тәлімгерлер бекітіледі. Тәлімгерлер өз білімдерін ішкі бағдарламалар арқылы да, «Атамекен» ҰКП бағдарламалары арқылы жетілдіріп отырады. Жоба аясында 39 студент жұмысқа орналасты, 352 студент оқуын жалғастырып жатыр.

Оқу орындары мен кәсіпорындардың өзара іс‑қимылы бойынша жұмыстар жүргізілуде. ЕТҰ персоналы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге, түлектерді қорытынды аттестаттауға, колледждің индустриялық кеңесінің жұмысына қатысады. Тәжірибе алмасу мақсатында кәсіпорындардың жоғары білікті мамандары оқушыларға дәріс оқиды, шеберлік сыныптарын өткізеді, оқытушылар мен өндірістік оқытумен айналысатын шеберлерге тағылымдамалар ұйымдастырылады. 800 студент ҚМГ кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтеді, олардың арасындағы ең белсенділері компанияның волонтерлік іс‑шараларына қатысады.

ҚМГ жас мамандарды (жұмысшыларды) жастар форумдарына, спартакиадаларға, марафондарға, көңілді тапқырлар клубына және мұнай‑газ саласының еңбек ардагерлерімен кездесулерге шақырып, жан‑жақты қолдау көрсетеді.

«Еңбек адамының» беделі мен моделін насихаттау мақсатында подкасттар түсірілді, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жарияланып, бейнероликтер шығарылды.

«Жас маман» жобасы – бұл АМӨЗ‑ге жас мамандарды тарту және оларды дамыту бағдарламасы. 2025 жылы жаңа қабылдау кезінде бір студент іріктеліп алынды. Алты студент оқуын жалғастыруда, оның төртеуі 2026 жылы оқуын аяқтайды.

KMGE School – бұл «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС үшін арнайы салалық мамандарды даярлау бағдарламасы. Іріктеу бакалавриаттың бірінші курсын (техникалық және кәсіптік білім беру базасында) немесе екінші курсын (жалпы орта білім базасында) бітірген студенттер арасында жүргізіледі. Оқу қорытындысы бойынша студент оқудан өткені туралы сертификат алады және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС‑де кемінде үш жыл жұмыс істейді. 2025 жылы он адам оқуын жалғастырды.

«Тағылымгер» жобасы бойынша мамандарды даярлау аясында үш мамандық бойынша оқыту жүргізіледі: технологиялық қондырғылардың операторы, технологиялық сорғылар мен компрессорлардың машинисі, бақылау‑өлшеу аспаптары мен автоматиканың аспапшысы мен слесарі. 69 тағылымгер АМӨЗ‑ге жұмысқа қабылданды.

Атырау облысындағы полиэтилен өндіретін болашақ «Силлено» зауытының пиролиз қондырғысының EPC мердігерлерінің бірі – Tecnicas Reunidas (TR) жобасы бойынша Испанияда инжиниринг саласында қазақстандық студенттерді оқыту бастады. Испаниялық компания инжиниринг және жобаларды басқару саласына қазақстандық мамандарды тарту үшін бағдарламаны іске қосты.

Нәтижелері:

  • 120 түлек;
  • бағыты: жобалау мен инжиниринг;
  • мәртебесі: 31 түлек оқуын аяқтады;
  • 22 түлек TR басшылық ететін жобаларда жұмыс істеуге шақырту алды.

2025 жылы ҚМГ‑ның 14 ЕТҰ жоғары оқу орындарындағы 2 691 студентке қаржылай көмек көрсетті. Бұдан басқа, ҚМГ компаниялар тобында студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикасын ұйымдастыру мен өткізу бойынша Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беретін жоғары оқу орындарымен және мекемелерімен өзара іс‑қимыл бойынша жұмыс жүргізіледі. 2 272 студент 23 компанияда тәжірибеден өтті.

Ұжымдық шарттар

Компания қызметкерлермен ұжымдық шарт жасасу, оны өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздерге белсенді қатысады, келіссөздер жүргізу мерзімдерін қатаң сақтайды және тиісті бірлескен комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етеді, келіссөздер жүргізу үшін қажетті ақпаратты береді, ұжымдық шарт ережелерінің талаптарын қатаң орындайды. Еңбек заңнамасына сәйкес кез‑келген қызметкер өзінің өкілі арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу жұмыстарына қатысуға, сондай‑ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға құқылы.

Компания қызметінде қауымдастықтың еркіндігіне және қызмет түрлері немесе аумақтық сипаты бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығына қандай да бір шектеулер көзделмеген. ҚМГ әлеуметтік жауапты компания ретінде бұл құқықты толығымен қолдайды және қызметкерлердің бірлестікке қатысу еркіндігі құқығын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасайды.

ҚМГ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында компания ЕТҰ персоналы арасында наразылық пен шиеленістің туындауының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыруда. Қабылданған шаралар кәсіпорындардағы жағдайды бақылауға және өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еңбек ұжымдарының әлеуметтік тұрақтылығын қолдауға қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері елеулі үлес қосып келеді.

2025 жылға ҚМГ компаниялар тобының 27 ЕТҰ‑да ұжымдық шарттар қолданылды, онда қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері, сондай‑ақ жұмыс істемейтін зейнеткерлер үшін әлеуметтік қолдаудың 70‑тен астам түрі көзделген. Сондай‑ақ ұжымдық шарттар жасалмаған компанияларда ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес персоналға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

2025 жылы ұжымдық шарттармен қамтылған ҚМГ компаниялар тобындағы қызметкерлердің саны 41 357 адамды құрады.

Қызметкерлерді қолдау шаралары

ҚМГ‑ның Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар облыстарында орналасқан еншілес кәсіпорындары толық жұмыспен қамту жағдайында еңбек ететін өз қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады:

  • жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру арналған материалдық көмек;
  • қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері ауырған жағдайда медициналық ерікті сақтандыру (медициналық қызмет көрсету, дәрі‑дәрмек пен стоматология қызметтеріне жұмсалатын шығынды өтеу);
  • ауруларына байланысты диспансерлік есепте тұрған қызметкерлерге жолдама сатып алу;
  • профилактикалық тексеру қорытындысы бойынша санаторий‑курорттық емделуге жолдама шығыстарын өтеу;
  • өмірде қиын жағдайға тап болған, мұқтаж адамдарға материалдық көмек (емдеу, операциялар);
  • Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен қызметкерлерге, Ауған, Тәжік‑Ауған соғыстарының ардагерлеріне және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдарға материалдық көмек;
  • қызметкерге мүгедектік берілген байланысты төлем (өндірісте еңбек жарақатын алған жағдайда);
  • еңбекке жарамсыздық парақтарына қосымша ақы төлеу;
  • мүгедектігі бар қызметкерлерге материалдық көмек;
  • еңбек міндеттерін орындаумен байланысты кәсіптік ауру анықталған кезде толық қалпына келгенше немесе мүгедектік берілгенше жәрдемақы төлеу;
  • бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалысқа кеткен қызметкерлерге материалдық көмек;
  • мүгедек баласы бар қызметкерге жыл сайын материалдық көмек;
  • жүктілікке және босануға байланысты демалысқа ақы төлеу;
  • қызметкер зейнет жасына толған кездегі жәрдемақылар;
  • қызметкерлердің мерзімінен бұрын зейнетке шығуы кезіндегі төлемдер;
  • ем алу және дәрі‑дәрмек шығындарын өтеу;
  • мерекелерге, санаторлық емдеуге, мерейтой жасқа және т. б. материалдық көмек;
  • қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне қарастырылған басқа да жеңілдіктер.

2025 жылы ҚМГ кәсіпорындарында ерікті әлеуметтік жеңілдіктер берудің бірыңғай жүйесін белгілеу және олардың транспаренттілігін, кәсіпорынның қаржылық‑экономикалық мүмкіндігіне қарай айқындау және бөлу кезінде қағидаттар мен тәсілдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұжымдық шарттарды стандарттау бағытындағы жұмыс жалғасты.

2025 жылы ҚМГ компаниялар тобында барлық әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер сақталып, ұжымдық шарттарға сәйкес төленді. Жалпы, 2025 жылы қызметкерлерге және жұмыс істемейтін зейнеткерлерге 31 млрд теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау
Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шығыстарыЕсепке қатысу үлесі 51 % және одан көп шоғырландырылатын компаниялар алынған.млрд теңге
ҚМГ қызметкерлері арасында әлеуметтік қолдаудың бөлінісі
Көрсеткіш %
1. Қызметкерлерді сауықтыруға және демалуға арналған әлеуметтік төлемдер: 20
  • медициналық сақтандыру
  • қызметкерлердің демалысы
  • спорт және дене тәрбиесі
  • жеңілдікті талаптармен еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеу
2. Қызметкерлердің отбасы мүшелеріне байланысты әлеуметтік төлемдер: 13
  • бала туған кезде
  • қызметкерлер балаларының демалысы
  • балабақшаларға жұмсалатын шығынды төлеу
  • мектеп керек‑жарақтарын сатып алу
3. Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге материалдық көмек 7
4. Әлеуметтік қолдаудың басқа түрлері 60

2025 жылы ҚМГ компаниялар тобының 3 326 қызметкері сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік, ведомстволық және өзге де наградалармен марапатталды, оның ішінде:

  • мемлекеттік наградалар — 84 қызметкер;
  • кәсіби наградалар («Самұрық‑Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚМГ наградалары) — 1 794 қызметкер;
  • өзге наградалар (министрліктердің, қауымдастықтардың, сондай‑ақ зауыттар мен басқа да мекемелердің марапаттары) — 1 448 қызметкер.