Директорлар кеңесінің комитеттері

ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелері комитеттер жұмысына қатыса отырып, өзара байланысты функцияларды, мәселелер мен бағыттарды жан‑жақты қарау мен талдауға ерекше назар аударады. ҚМГ Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстары шақырылған сарапшылардың, бизнес көшбасшылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен өтеді. ҚМГ Директорлар кеңесінің комитеттері тиісті шешімдер қабылдау үшін ҚМГ Директорлар кеңесіне ұсынымдар береді. Комитеттердің құрамына ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері кіреді, олардың басым бөлігі — тәуелсіз директорлар, ал комитет төрағалары да тәуелсіз директорлар. 2024 жылы ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет, Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитет, сондай‑ақ Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған орта және орнықты даму жөніндегі комитеттің құрамына дауыс беру құқығынсыз сарапшылар енгізілді. 2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен Тағайындау мен сыйақы жөніндегі комитеттің және Стратегия және портфельді басқару жөніндегі комитеттің құрамындағы сарапшылар (дауыс беру құқығынсыз) қайта сайланды. ҚМГ Директорлар кеңесі комитеттері мен ҚМГ менеджменті арасындағы өзара іс‑қимыл ашық және адал жұмыс қатынастарына, сондай‑ақ жоғары деңгейдегі өзара құрметке негізделген. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында комитеттер ҚМГ Басқармасына конструктивті сын айтып, қандай да бір үстемдіктің болмауын қамтамасыз етеді және ең маңызды мәселелерді жан‑жақты талқылауға жеткілікті уақыт бөледі. ҚМГ Директорлар кеңесі комитеттерінің функциялары мен міндеттері ҚМГ‑ның 2025 жылға арналған жылдық есебінің 233-бетінде мазмұндалған.