Глоссарий
ABAI — өндірістік процестерді басқаруға арналған жасанды интеллект элементтері бар, модульдерді қамтитын ҚМГ‑ның ақпараттық жүйесі (бірыңғай цифрлық экожүйе).
ANRE (Autoritatea Națională de Reglementare în Domeniul Energiei) — Румынияның энергетика саласындағы ұлттық реттеуші органы.
API Spec Q2 — мұнай және газ өнеркәсібінде қызмет көрсететін ұйымдардың сапа менеджменті жүйелеріне арналған Америкалық мұнай институтының (American Petroleum Institute) стандарты.
AtJ (Alcohol‑to‑Jet) — спирттен жасалатын авиациялық отын өндірісінің технологиясы.
CAPEX (Capital Expenditures) — өндірістік активтерді салуға, жаңғыртуға және кеңейтуге жұмсалатын күрделі шығындар.
Casing Drilling — құрылыс уақытын қысқарту және апаттық жағдайлардың алдын алу үшін шегендеу құбырында бұрғылау технологиясы.
CCUS (Carbon Capture, Utilization and Storage) — көміртекті тұту, сақтау және пайдалану технологиясы.
CDP (Carbon Disclosure Project) — көміртек шығарындылары туралы ақпаратты жария ету жобасы.
CNAIR (Compania Națională de Administrare a Infrastructurii Rutiere) — Румынияның жол инфрақұрылымын басқару жөніндегі ұлттық компаниясы.
Co‑processing — мұнай өңдеу зауыттарының қолданыстағы гидротазалау қондырғыларында өсімдік шикізатын бірлесіп өңдеу.
COSO (Committee of Sponsoring Organizations of the Treadway Commission) — Тредвей комиссиясының демеушілік ұйымдар комитеті (тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау моделі).
Country‑by‑Country Reporting (OECD Action 13) — қатысушы елдер бойынша компаниялар тобының табыстарын, салықтарын және экономикалық қызметін бөлу жөніндегі көп елдік есептілікті ашуды көздейтін BEPS жоспары аясындағы ЭЫДҰ стандарты.
Data Lake — өндірістік нысандардың дерек ағындарын біріктіретін корпоративтік деректер көлі (орталықтандырылған қойма).
DNV (Det Norske Veritas) — Халықаралық сертификаттау және санаттарға жіктеу ұйымы.
ECD (Equivalent Circulating Density) — эквиваленттік циркуляциялық тығыздық (бұрғылау кезінде бақыланатын параметр).
EOR (Enhanced Oil Recovery) — мұнай өндіруді ұлғайту әдістері.
EPC (Engineering, Procurement, Construction) — Жобалауды, жабдықтарды сатып алуды және нысанды салуды қамтитын толық дайындау келісімшарты.
ESG (Environmental, Social, Governance) — экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару.
FAR (Fatal Accident Rate) — белгіленген базаға есептегенде өлім‑жітім оқиғаларының жиілігін көрсететін өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар коэффициенті.
FCA (Free Carrier) — «Франко‑тасымалдаушы» (Инкотермс термині): сатушы кедендік тазартудан өткен тауарды сатып алушы көрсеткен жерге тасымалдаушыға жеткізеді.
FDP (Field Development Plan) — кен орынды болашақта дамыту сценарийлері (мысалы, Теңіз кен орнында).
FEED (Front‑End Engineering Design) — FID қабылдағанға дейін техникалық шешімдер мен жоба бюджетін қалыптастыратын негізгі жобалау кезеңі.
FID (Final Investment Decision) — жобаның құрылыс және қаржыландыру кезеңіне өтуі туралы түпкілікті инвестициялық шешім.
Fishbone — коллекторларды ынталандыру мақсатында қолданылатын, «балық қаңқасы» әдісіне ұқсас ұңғыманың оқпанын көп тармақты аяқтау технологиясы.
FPSO (Floating Production, Storage and Offloading) — теңізде орналасқан кен орындарында көмірсутектерді өндіруге, дайындауға, сақтауға және жөнелтуге арналған қалқымалы қондырғы.
GHGP (Greenhouse Gas Protocol Initiative) — көміртегі шығарындылары бойынша жаһандық бастама.
GRI — Есептілік бойынша жаһандық бастама (тұрақты даму саласындағы есептіліктің стандарттары).
IATA — Әуе көліктерінің халықаралық қауымдастығы.
ICD (Inflow Control Devices) — ағынды бақылаумен қатар аяқтау жүйелері.
ICF SH&E Limited — ICF жаһандық консалтинг тобының еншілес құрылымы.
ICP (Integrity Compliance Program) — бизнесті адал жүргізуді қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды, этикалық нормаларды және Компанияның ішкі саясатын сақтауға бағытталған комплаенс‑бақылау бағдарламасы.
IOGP (International Association of Oil & Gas Producers) — өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы салалық стандарттарды, ұсыныстарды және үздік тәжірибелерді әзірлейтін халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығы.
I‑REC (International Renewable Energy Certificate) — Халықаралық жаңартылатын энергия сертификаты.
KPI (Kazakhstan Petrochemical Industries) — газ‑химия кешені.
LDAR (Leak Detection and Repair) — метанол/газдың ағып кетуін анықтайтын және жоятын бағдарлама/технология.
Liquid Casing — «сұйық шегендеу бағанасы» (бұрғылау ерітіндісіне қосылатын, өткізбейтін тосқауыл қоюға арналған қоспа).
LOTO (Lockout/Tagout) — жөндеу жұмыстары кезінде жабдықтың кездейсоқ іске қосылуын болдырмайтын қауіпті энергия көздерін бұғаттау стандарттары.
LTIR (Lost Time Injury Rate) — белгіленген жұмыс уақытының базасына есептегенде жұмыс уақытының жоғалуына әкелген жазатайым оқиғалардың жиілігін көрсететін, жұмыс уақытын жоғалтумен жарақат алу коэффициенті.
MSCI (Morgan Stanley Capital International) — Компанияларды ESG көрсеткіштері бойынша бағалайтын және тиісті ESG рейтингтерін беретін халықаралық рейтинг агенттігі және индекс провайдері.
OECD (Organisation for Economic Co‑operation and Development) — тұрақты даму, корпоративтік басқару және экологиялық жауапкершілік мәселелерін қоса алғанда, экономикалық саясатты, стандарттар мен ұсынымдарды әзірлеу және ілгерілету үшін елдерді біріктіретін халықаралық ұйым.
NCOC (North Caspian Operating Company) — Қашаған кен орны операторы.
OFAC (Office of Foreign Assets Control) — АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы.
OGCI (Oil and Gas Climate Initiative) — парник газдары шығарындыларын азайтуға, климаттық шешімдерді дамытуға және төмен көміртекті энергетикаға көшуді қолдауға бағытталған жетекші мұнай‑газ компанияларының халықаралық бастамасы.
OGMP 2.0 (The Oil & Gas Methane Partnership) — мұнай‑газ саласындағы метан бойынша серіктестік.
OPEX — операциялық шығындар.
PAM (Privileged Access Management) — артықшылығы бар қолжетімділікті басқару жүйесі.
Pre‑FES (Preliminary Front‑End Study) — алдын ала техникалық‑экономикалық негіздеме.
QazaqGas — «QazaqGas» ҰК» АҚ (ұлттық газ компаниясы).
SAF (Sustainable Aviation Fuel) — тұрақты авиациялық отын.
SDN List (Specially Designated Nationals and Blocked Persons List) — ерекше санаттағы азаматтардың және тыйым салынған адамдардың тізімі (АҚШ‑тың санкциялық тізімі).
Slant Drilling — таяз тереңдіктегі тұтқырлығы жоғары мұнайды игеруге арналған көлбеу сағалық бұрғылау технологиясы.
Slim Hole — материалдардың шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін шағын диаметрлі ұңғымаларды бұрғылау технологиясы.
SOC (Security Operations Center) — Қауіпсіздік операциялар орталығы.
Three Lines Model — «Қорғаныстың үш желісі» моделі (тәуекелдерді басқару жүйесінде).
TPM (Trusted Platform Module) — компьютерлерге арналған қауіпсіздіктің аппаратық модулі.
USAID — АҚШ халықаралық даму агенттігі.
WTI (West Texas Intermediate) — АҚШ‑тың жеңіл, күкірті аз эталонды мұнай сұрыпы.
Well‑being (денсаулық, амандық) — әл‑ауқат, сондай‑ақ жақсы хал‑ахуал, орынды құндылық немесе өмір сапасы деп те аталатын ұғым, белгілі бір адам үшін ішкі тұрғыдан құнды болып саналатын нәрселерді сипаттайды.
WEPs (Women’s Empowerment Principles) — гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің экономикалық және корпоративтік қызметке қатысуын кеңейтуге бағытталған БҰҰ әзірлеген әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары.
XDR (Extended Detection and Response) — кеңейтілген анықтау және әрекет ету жүйесі (киберқауіпсіздік саласында).
ЖМҚС — жанармай құю станциясы.
АМӨЗ — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС.
АҚ — акционерлік қоғам.
ТП АБЖ — технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесі.
ӘБП — әкімшілік‑басқару персоналы.
АТҚҚ — автоматтандырылған тактілі құю қондырғысы (мұнай өнімдерін герметикалық құю жүйесі).
ҰҰА — ұшқышсыз ұшу аппараты.
ЭЖК — экипажы жоқ катер (теңіз дроны).
БКҚ — бұрама кенжарлы қозғалтқыштар (бұрғылау кезінде ротторлы басқарылатын жүйелерге үнемді балама).
ЖЭК — жаңартылатын энергия көздері.
ӘЖ — электр берудің әуе желісі (мысалы, ӘЖ‑110 кВ).
ҚПТ — қабылдау профилін теңестіру (су айдауды басқару технологиясы).
ЖАЖ — жоспарлы алдын алу жұмыстары.
ЖЭС — жел электр станциясы.
ГазЭС — газ электр станциясы.
ҰГДЗ — ұңғымалардың гидродинамикалық зерттеулері.
ЖГЗ — жер қойнауын геологиялық зерттеу (алаптардың өңірлік әлеуетін зерттеуге бағытталған бағдарлама).
ҰГЗ — ұңғымалардың геофизикалық зерттеулері.
ГӨЗ — газ өңдеу зауыты.
БТҚС — басты төмендеткіш қосалқы станция.
ҚСЖ — қабатты сумен жару (өндіруді қарқындату тәсілі).
ГСК — газ сепарациялау кешені.
ГТМ — геологиялық‑техникалық іс‑шаралар (бүйір оқпандарын жөндеу, қарқындату және бұрғылау).
ЕТҰ — еншілес және тәуелді ұйым.
ЭД — Экология департаменті
КБОК — көлденең орналасқан бүйір оқпандарды кесу (өндіруді қалпына келтіру әдісі).
ЕБЗ — екінші буын зауыты (ТШО нысаны).
ШГА — шикі газды айдау жүйесі (ТШО нысаны).
ШГАҮБ — шикі газды айдаудың үшінші буын жүйесі (ТШО нысаны).
ҮБЗ — үшінші буын зауыты (3GP, Теңіз кен орнындағы жаңа зауыт).
ҚазГӨЗ — Қазақ газ өңдеу зауыты.
АКИАМН — ақпараттық‑коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды нысандары.
ІЭК — Іскерлік этика кодексі.
МАК — мұнай алу коэффициенті.
ККО — «Kalamkas‑Khazar Operating» ЖШС (жоба операторы).
ҚМГ — «ҚазМҰнайГаз» ҰК АҚ.
ББТЖ — бұрғылау бағанысының түбін жинақтау.
ҚХР — Қытай Халық Республикасы.
ҚТГ — қысылған табиғи газ.
ҚӨК — Қарашығанақ өңдеу кешені.
ТТҚ — толық тарату құрылғысы.
КТБЖ — корпоравтитік тәуекелдерді басқару жүйесі.
КК‑I — карбонатты көкжиек I.
КТЖ — кешенді технологиялық желілер (ТШО нысаны).
КТЭБ — кешенді технологиялық эксплуатациялық бағалау.
КҚК — Каспий құбыр желісі консорциумы.
ЭРБК — Экологиялық реттеу және бақылау комитеті.
ВСБТ — вертикалды сейсмикалық бейіндеу тәсілі (геофизикалық зерттеулердің түрі).
ЖАО (жергілікті атқарушы органдар) — атқарушы биліктің функцияларын, оның ішінде коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын басқару және пайдалану саласындағы функцияларды жүзеге асыратын өңірлік және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік басқару органдары.
ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы) — лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және әлеуметтік әділеттілікке бағытталған халықаралық еңбек стандарттарын әзірлейтін және насихаттайтын БҰҰ мамандандырылған мекемесі.
ЖАК — жөндеуаралық кезең (жөндеу арасындағы ұңғыманың немесе жабдықтың жұмыс уақыты).
ЖҚ — жергілікті қамту (қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесі).
ХҚЕС — Халықаралық қаржы есептілігің стандарттары.
МҰТ — мұнай алуды ұлғайту тәсілдері (мысалы, полимерлі су айдау).
ПҚӨС — пайдалы қазбалар өндіру салығы.
ҒЗТКЖ — ғылыми‑зерттеу және тәжірибелік‑конструкторлық жұмыстар.
МӨЗ — мұнай өңдеу зауыты.
МТЖ — мұнай химиясының технологиялық жүйесі.
САШ — су ағынын шектеу (полимерлі су айдауды технологиясы).
ҰУДЖ — ұзақ уақыт дайындалатын жабдық.
ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) — Әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру үшін мұнай өндіру саласындағы саясатты үйлестіретін мұнай экспорттаушы елдердің халықаралық үкіметаралық ұйымы. Құрамына: Алжир, Конго, Экваторлық Гвинея, Габон, Иран, Ирак, Кувейт, Ливия, Нигерия, Сауд Арабиясы, БАӘ және Венесуэла кіреді.
ОПЕК+ — ОПЕК елдері мен ұйымға кірмейтін мемлекеттерді (Әзербайджан, Бахрейн, Бруней, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан және Оңтүстік Судан) біріктіретін ынтымақтастық туралы декларация шеңберіндегі кеңейтілген ынтымақтастық форматы.
ТӨС — тәжірибелік‑өнеркәсіптік сынақтар.
АТҚ — ашық тарату құрылғысы (мысалы, АТҚ‑110 кВ).
ӨБТК — Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (Қарашығанақ).
ЖАҚО — жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы.
ЖАҚ — жария акционерлік қоғам.
БКЖ — болашақ кеңейту жобасы (Теңіз кен орны).
ПГ — парник газдары.
Пиролиз — этилен алу үшін көмірсутектердің жоғары температурада ыдырау процесі.
ІҚК‑1, ІҚК‑2 — іске қосу кешені (нысан құрылысының кезеңдері).
ПҚОП — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент МӨЗ‑і).
ІМГ (ілеспе мұнай газы) — мұнай кен орындарын игеру процесінде мұнаймен бірге өндірілетін және оны өндіру кезінде түзілетін газ.
ТКДБ — ҚМГ‑ның Төмен көміртекті даму бағдарламасы (2031 немесе 2060 жылға дейін).
ПМХЗ — «Павлодар мұнай‑химия зауыты» ЖШС.
Полимерлеу — мономерлерді полимерлерге айналдырудың химиялық процесі.
ӨП — өндірістік персонал.
ЖАЖ — жоспарлы алдын алу жұмыстары.
ҰЖЖ — ұңғымаларды жерасты жөндеу.
СҚБЖ — сағалық қысымды басқару жобасы (Теңіз кен орны).
ҚР — Қазақстан Республикасы.
ЖЖ — жұмыс жобасы.
РБЖ — роторлы басқарылатын жүйелер (бұрғылауға арналған жоғары технологиялық жабдық).
ІАҚ — Ішкі аудит қызметі.
ІБЖ — Ішкі бақылау жүйесі.
ҚМЖ — құрылыс‑монтаждау жұмыстары.
СМГ — сұйытылған мұнай газы (өңдеу саласында СКГ синонимі ретінде қолданылады).
БК — бірлескен кәсіпорын.
СТГ — сұйытылған табиғи газ.
ӨБК — Өнімді бөлу туралы келісімі.
СКӨБТК — Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (Қашаған).
ҚР СТ ISO 37 001 (Парақорлыққа қарсы басқару жүйесі. Талаптар және пайдалану жөніндегі басшылық) — ISO 37001 халықаралық стандартына негізделген, ұйым қызметіндегі парақорлықтың алдын алуға, анықтауға және оған қарсы іс-қимылға бағытталған менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты.
СКГ — сұйытылған көмірсутек газы.
ҚҮБЖ — қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі.
ТБІБҚ — Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі.
КЭС — күн электр станциясы.
ЖШС — жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
ТЖҚ — тауарлар, жұмыстар мен қызметтер.
ТШО — «Теңізшевройл»ЖШС.
ТЭН — техникалық‑экономикалық негіздеме.
КСШ — көмірсутек шикізаты.
БКҚ — баяу кокстеу қондырғысы (МӨЗ‑дегі процесс).
ГКДҚ — газды кешенді дайындау қондырғысы.
КЖАК — кеңейтілген жөндеуаралық кезең (МӨЗ‑дің үшжылдық циклға ауысуы).
БҰҰ ТДМ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары) — 2030 жылға дейін тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік әділеттілікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған БҰҰ қабылдаған жаһандық мақсаттар.
БСАК — бу мен суды кезектесіп айдау (қабатқа жылумен әсер ету әдісі).
ЖККФ — жеңіл көмірсутектердің кең фракциясы.
ЭЛТҚ‑АТ/ЭЛТҚ‑АВТ — атмосфералық түтікшені / атмосфералық‑вакуумдық түтікшені электрмен тұзсыздандыратын қондырғы (мұнайды бастапқы өңдеу қондырғылары).
ЭСА — электронды сауда алаңы.