ҚМГ Даму стратегиясы

Мазмұны

2025 жылы мұнай‑газ саласы макроэкономикалық және геосаяси белгісіздік жағдайында дамуын жалғастырды. Әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауы, жетекші елдердің ақша‑кредит саясатындағы өзгерістер, сондай‑ақ шикізат бағасының құбылмалылығы энергетикалық нарық қатысушылары үшін күрделі әрі тұрақсыз сыртқы орта қалыптастырды.

Осы жағдайларда ҚМГ‑ның даму стратегиясы жаһандық энергетикалық нарықтың өзгермелі конъюнктурасына бейімделуге және ұзақ мерзімді тұрақты өсуді қамтамасыз етуге бағытталды. Компания құн тізбегінің тиімділігін арттыруға, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, қызмет бағыттарын әртараптандыруға және жаһандық энергетикалық және климат үрдістерді ескере отырып, бизнесті кезең‑кезеңімен трансформациялауға басымдық берді.

Пайымы

Қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына және тұрақты даму қағидаттарына жауап беретін, қаржылық нәтижені барынша арттыруға бағытталған вертикальды интеграцияланған ұлттық мұнай‑газ компаниясы.

Миссиясы

Біз болашақ ұрпақтың игілігі үшін Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдің дамуы мен өркендеуі мақсатында табиғи ресурстарды тиімді әрі ұтымды игереміз.

ҚМГ Директорлар кеңесі ҚМГ‑ның 2022‑2031 жылдарға арналған даму стратегиясын 2021 жылы қараша айында бекітті.

ҚМГ Даму стратегиясы
Қызметтің стратегиялық бағыттары

ҚМГ төрт стратегиялық мақсатын іске асыру нәтижесінде ұлттық экономиканы әртараптандыруға және елімізде көміртегі ізін азайтуға үлес қосады. ҚМГ Даму стратегиясы, стратегиялық мақсаттар мен міндеттер корпоративтік сайтта жариялау жолымен барлық мүдделі тараптар үшін ақпаратты жария етеді. ҚМГ компаниялар тобында компанияның қызметіне әсер ететін жүйелі және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін жыл сайын стратегиялық сессиялар өткізіледі.

№1 стратегиялық мақсат
ҚМГ өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстық база
2025 жылдың негізгі нәтижелері
PRMS бойынша көмірсутектердің таза қорлары, млн барр. м.э.
PRMS бойынша көмірсутектердің таза қорлары, млн тонна м.э
  • 161 млн тонна – 2022–2025 жылдар аралығында қордың жиынтық өсімі.
  • Жылыой жобасы (Атырау облысы және Каспий теңізінің қазақстандық секторы) және Березовский (Батыс Қазақстан облысы) жер қойнауы учаскелерінде күрделі жобалар бойынша стратегиялық серіктестермен бірге көмірсутектерді барлау мен өндіруге келісімшарттар қол қойылды.
  • Қаратон Подсолевой (Атырау облысы) және Торғай Палеозой (Қызылорда облысы) учаскелерінде екі терең іздеу ұңғымасын бұрғылау жұмыстары аяқталды.
№2 стратегиялық мақсат
Компанияның құн тізбегінің тиімділігін арттыру

Өндіру

Мұнай мен газ конденсатын өндіру, мың тонна
2025 жылдың негізгі нәтижелері
  • 26,2 млн тонна — мұнай мен газ конденсатын өндірудің тарихи ең жоғары деңгейі.
  • 434 мың тонна — технологиялық сын‑тегеуріндер бойынша Жол картасы аясындағы іс‑шараларды іске асыру нәтижесінде өндірілген қосымша мұнай.
  • 11,4 млрд м³ — табиғи және ілеспе газ өндірудің ең жоғары межесі.
  • Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытында шикі мұнайды өнеркәсіптік өндіру басталды.
  • Батыс Прорва (ЕМГ), Рожков (УОГ) және Шығыс Өріктау (ӨО) кен орындарында жаңа ұңғымаларды іске қосу нәтижесінде газ өндіру көлемі артты.

Тасымалдау

2025 жылдың негізгі нәтижелері
  • млрд тонна — 2001 жылдан бастап КҚК теңіз терминалы арқылы мұнайды жөнелтудің жиынтық көлемі.
  • 45,1 млн тонна — ҚТО жүйесі бойынша тасымалдау көлемі (соңғы жеті жылдағы ең жоғары көрсеткіш).
  • 63,8 млн тонна — қазақстандық мұнайды теңіз терминалынан жөнелту көлемі.
  • 2,1 млн тонна — қазақстандық мұнайды Германияға жеткізу көлемі.
  • 1,3 млн тонна — Баку‑Тбилиси‑Жейхан (БТЖ) бағыты бойынша Ақтау портынан қазақстандық мұнайды жеткізу көлемі.

Өңдеу

Өңдеу тереңдігі, %
2025 жылдың негізгі нәтижелері:
  • 14,7 млн тонна — қазақстандық МӨЗ‑дерде көмірсутек шикізатын өңдеудің жалпы көлемі бойынша тарихи межеге қол жеткізілді (100 % үлесін есептегенде жалпы өңдеу көлемі – 18,2 млн тонна).
  • 90,1 %— қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу тереңдігі бойынша тарихи ең жоғары көрсеткіш тіркелді.
  • 77,7 %— қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында жеңіл мұнай өнімдерінің көлемі тарихи межеге жетті.
  • 4,6 млн тонна— қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында бензин өндіру көлемі бойынша тарихи межеге қол жеткізілді (100 % үлесін есептегенде жалпы көлемі - 5,7 млн тонна).
  • 5,1 млн тонна — қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында дизель отынын өндіру бойынша тарихи рекордтық көрсеткіш тіркелді (100% үлесін есептегенде жалпы көлемі – 6,1 млн тонна).
  • Caspi Bitum зауытын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде мұнай өңдеу қуаты жылына 1,0 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін, ал битум өндіру көлемі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Стратегия
№3 стратегиялық мақсат
Бизнесті әртараптандыру және өнім портфелін кеңейту
2025 жылдың негізгі нәтижелері
  • 377 мың тонна — интеграцияланған газ‑химия кешенінде полипропилен өндіру көлемі.
  • Қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіруге арналған «Силлено» интеграцияланған газ‑химия кешенінің құрылысы басталды.
  • Газ сепарациялау кешенін (ГСК) салу жобасы бойынша EPC‑мердігер анықталды.
  • Этан және пропан тасымалдауға арналған магистралды құбырларды салу жобасының мердігері анықталды.
  • CNPC (ҚХР) компаниясымен ынтымақтастық аясында «Карбамид» жобасы бойынша төртжақты негіздемелік келісімге қол қойылды.
Бизнесті әртараптандыру және өнім портфелін кеңейту
№4 стратегиялық мақсат
Тұрақты даму және өндірісте көміртек сыйымдылығын жүйелі төмендету
2025 жылдың негізгі нәтижелері
  • «BBB» —MSCIMorgan Stanley Capital International — жаһандық инвестициялық қауымдастық үшін халықаралық индекстер мен ESG рейтингтерін ұсынатын провайдер. рейтингтік агенттігі берген ESG рейтингі
  • «B» —CDPCarbon Disclosure Project отчетность —көміртектік есептілік жөніндегі климаттық бағдарлама климаттық рейтингі.
  • Климат және ақпаратты жариялы ету: OGMP 2.0Oil & Gas Methane Partnership 2.0 (OGMP 2.0) —мұнай‑газ саласындағы метан шығарындыларын есеп беру және азайту үшін құрылған UNEP флагмандық бағдарламасы. бағдарламасы бойынша серіктестік аясында ЕТҰ-дағы (еншілес және тәуелді ұйымдардағы) метан шығарындылары бойынша UNEPUnited Nations Environment Programme —қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, БҰҰ‑ның Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі органы. есеп берілді.
  • Төмен көміртекті энергетика: Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт болатын күн электр станция сы пайдалануға берілді.
  • Экологиялық және әлеуметтік бастамалар: Маңғыстау облысында тәулігіне 50 мың текше метр теңіз суын тұщытуға қауқарлы «Кендірлі» зауыты іске қосылды.
  • Метан шығарындыларын басқару: ҚГМ, ЕМГ және ММГ‑де метанның ағып кетуін анықтау бойынша аспаптық өлшеулер жүргізілді.
Тұрақты даму және өндірісте көміртек сыйымдылығын жүйелі төмендету

Корпоративтік қызмет көрсеткіштері

2025 жылы ҚМГ қызметінің корпоративтік басты көрсеткіштерінің негізгі іс‑шаралары іске асырылды және жоспарланған мақсаттары орындалды.

2025 жылы корпоративтік қызмет көрсеткіштерініңорындалуыКҚК орындау барысы бағаланады. ҚМГ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы көрсеткіштердің нақты мәндерін түпкілікті бекітуі 2026 жылғы шілдеде күтіледі.
Корпоративтік қызмет көрсеткіштері Факт 2025 (факт 2024), көрсеткіштік сипаттамасы
Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 26 211 мың тонна (2024: 23 837 мың тонна)
Бұл көрсеткіш операциялық активтерінде және ірі мұнай‑газ активтерінде Компанияның қатысу үлесіне өндірілген мұнай мен газ конденсатының көлемін сипаттайды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру 8 жоба (2024: 6 жоба)
  1. «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы (пайдалануға берілді).
  2. Қолданыстағы «ЭЛТҚ‑АВТ» қондырғысын жаңғырту арқылы Caspi Bitum зауытының мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру (пайдалануға берілді)
  3. Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу («Мемсараптама» РМК‑дан №2 іске қосу кешенінің жұмыс жобасына оң қорытынды алу, ПК‑1 іске қосу кешені бойынша жалпы құрылыс жұмыстарын аяқтау).
  4. Интеграцияланған газ‑химия кешенінің құрылысы. Екінші кезең (полиэтилен): полимерлеу қондырғысы және қосалқы өндірістік шаруашылық (компрессорлар, колонналар, реакторлар, сорғылар, экструдер және т.б.) үшін ұзақ дайындалатын жабдықтарға тапсырыс беру, сондай‑ақ пиролиз қондырғысы бойынша жер және қадалау жұмыстарын бастау.
  5. Газ сепарациялау кешенінің құрылысы (ұзақ дайындалатын жабдықтарға, оның ішінде компрессорларға тапсырыс беру, сондай‑ақ жобаны қаржыландыру туралы СУНФ және (немесе) өзге кредиторлардың, оның ішінде ҚМГ‑ның шешімін алу).
  6. «Қаламқас‑теңіз» және «Хазар» жобалары (Қазақстандағы кеме жасау зауыттарында теңіз платформаларын салуға тапсырыс беру, сондай‑ақ FEED – жобалау алдындағы инженерлік жобалау жұмыстарын аяқтау).
  7. Eni компаниясымен бірлесіп қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясын салу.
  8. Атырау облысында бірыңғай дәлізде магистральды құбыр жолдарын (этан, пропан) салу (ЕРС‑мердігерді таңдау).

EBITDA margin, трейдингті есепке алмағанда 45 % (2024: 44 %)
Бұл көрсеткіш Компанияның табыстылығын анықтайды және компания салық, кредиттер бойынша пайыздар мен амортизация шығынын төлегенге дейін түсімнен түскен пайызды көрсетеді.

TSRTotal Shareholder Return. (акционердің жалпы кірісі) 40,65 % (2024: 28,55 %)
Көрсеткіш салынған инвестициялардың рентабельділігін (қайтарымдылығын) көрсетеді. 40,65 % = (есепті жыл акцияларының орташа бағасы (17 893 теңге) ‑ өткен жылы акциялардың орташа бағасы (13 071 теңге) + бір акцияға дивиденд (491,71 теңге) – бір акцияға шаққанда жарғылық капиталға салым (0 теңге)) / өткен жылы акциялардың орташа бағасы (13 071 теңге) × 100 %

Өндірістегі қауіпсіздік бойынша кешенді көрсеткіш 75 % (2024: 125 %)
Көрсеткіш еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар коэффициентінің төмендеуін, сондай‑ақ қауіпті жағдайды/мінез‑құлықты/іс‑әрекетті / қауіпті жағдайды/ факторды анықтау мен хабарлауды көрсетеді.

2025 жылы ӨМГ‑да өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды, осыған байланысты көрсеткіш 75 % шекті деңгейде есептеледі.

ҚМГ компаниялар тобы бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алудағы елішілік құндылықтың үлесі ЕҚҮт — 70 % ЕҚҮжқ— 90 % (2024: ЕҚҮт — 55 % ЕҚҮжқ— 89 %)
Көрсеткіш ҚМГ компаниялар тобының 2025 жылғы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуының елішілік құндылығының үлесін көрсетеді (ҚМГ ЕТҰ — «Самұрық‑Қазына» АҚ сатып алу рәсімдерінің субъектілері).

Жасанды интеллектіні қолдана отырып, жобаларды іске асыру жөніндегі Жол картасын бекіту ҚБК жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жобалардың жол картасын бекітуді көздейді (жол картасына кемінде алты жоба енгізілуі тиіс).

Жол картасы ҚМГ Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы шешімімен бекітілді.

(Көрсеткіш 2025 жылы енгізілген)