Іскерлік этика

Комплаенс қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл

ҚМГ Комплаенс‑жүйесі компания қызметінің заңнамаға, салалық стандарттарға және өзге де міндетті талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Оның элементтері компанияның қызмет түрлеріне енгізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі саясаттар мен әдістер

Компания өз қызметін заңдылық, адалдық және әдептілік қағидаттарына сай жүргізеді. Компания қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық мүмкін әрекеттерді жасайды, беделіне нұқсан келмеуіне және этика саласына жоғары халықаралық стандарттарды енгізуге ұмтылады.

Комплаенс қызметінің негізгі бағыттары:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл;
  • заңнаманы, корпоративтік және іскерлік этиканың жалпы қабылданған нормаларын сақтау;
  • инсайдерлік ақпаратты басқару;
  • оң іскерлік бедел;
  • мүдделер қақтығысын басқару.

Корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, Компания комплаенс мәселелері бойынша мынадай ішкі құжаттарды бекітті:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл саласындағы саясат;
  • Құпия ақпарат саясаты;
  • Мүдделер қақтығысын реттеу саясаты;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да және оның еншілес пен тәуелді ұйымдарында үшінші тұлғаларды тексеру‑комплаенс ережелері;
  • Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және бұл ақпаратты инсайдерлердің заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін ішкі бақылау қағидалары;
  • Іскерлік этика кодексі;
  • Комплаенс қызметі туралы ереже;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл бойынша нұсқаулық.

Комплаенс қызметі туралы ереженің 8‑тарауына сәйкес Қызмет өз жұмысының нәтижелері туралы ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетіне және ҚМГ Директорлар кеңесіне мерзімдік негізде есеп береді.

Комплаенс қызметі қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жөніндегі ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл жөніндегі уәкілетті органға мерзімді негізде жолдап отырады.

Комплаенс қызметі тұрақты негізде, оның ішінде жоғары басшылықтың қатысуымен, оқыту семинарларын өткізеді, олардың барысында персоналдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл әдістері туралы хабардар болу деңгейі талданады, сондай‑ақ тестілеу мен сауалнама жүргізу арқылы бағаланады.

Айта кетсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑дағы қызметтерді сатып алу туралы шартқа және ҚР СТ ISO/IEC 17021‑1‑2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелерін аудиттеуді және сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» стандартының 9.3.1.1‑тармағына сәйкес, ҚР СТ ISO 37001:2017 «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйелері. Қолдануға арналған нұсқаулықтары бар талаптар» стандартына сәйкестікті растау мақсатында бастапқы сертификаттау аудитінің екі кезеңі өткізілді.

Бастапқы сертификаттау аудитінің бірінші кезеңінде сыртқы аудиторлар төмендегі іс‑әрекеттерді орындайды:

  1. ҚМГ менеджмент жүйесінің құжаттамасын тексеру;
  2. ҚМГ‑ның орналасқан жерін және өндірістік алаңдардың орналастырылуына қатысты ерекше жағдайларды бағалау, сондай‑ақ персоналмен бірге аудиттің екінші кезеңіне дайындықты талқылау;
  3. ҚМГ‑ның жағдайын және стандарт талаптарын түсінуін талдау, атап айтқанда негізгі қызмет түрлерін, маңызды аспектілерді, процестер мен мақсаттарды айқындауға, сондай‑ақ менеджмент жүйесінің жұмыс істеуіне қатысты талаптарды бағалау;
  4. Менеджмент жүйесінің қолданылу саласына қатысты, оның ішінде ҚМГ өндірістік учаскелері бойынша қажетті ақпаратты жинау;
  5. Процестер мен жабдықтарды пайдалану, сондай‑ақ қолданылатын нормативтік‑құқықтық талаптарды талдау;
  6. Екінші кезеңді жүргізуге қажетті ресурстардың бөлінуін талдау және ҚМГ‑мен бірге екінші кезеңнің егжей‑тегжейін келісу;
  7. Екінші кезеңді жоспарлау барысында нақты түсініктің негізінде тиісті басымдықтарды дұрыс айқындауды қамтамасыз ету;
  8. ҚМГ менеджмент жүйесін және өндірістік алаңдардың жұмыс істеуін менеджмент жүйесі стандартының немесе өзге нормативтік құжаттың талаптары тұрғысынан талдау.

Екінші кезең аясында ҚМГ‑ның құжаттамасы мен қызметінің ҚР СТ ISO 37001:2017 стандарты талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесіне сертификаттық аудит жүргізілді, сондай‑ақ жүйенің тиімділігі мен нәтижелігіне баға берілді. Аудит барысында аудиторлар Басқарма төрағасымен және ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен сұхбаттар өткізді.

2025 жылғы 11 желтоқсанда аудиторлармен қорытынды жиналыс өтті.

Өткізілген сертификаттық аудиттің нәтижелері бойынша аудиторлар ҚМГ‑ның парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ұлттық стандарт — ҚР СТ ISO 37001:2017 талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды ұсынды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ҚР СТ ISO 37001:2017 «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйелері. Қолдануға арналған нұсқаулықтары бар талаптар» стандартына сәйкестігін растайтын сертификатталған аудиттен сәтті өтті.

Сәйкестік сертификаты 2025 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді және 2028 жылғы 25 желтоқсанға дейін жарамды.

Комплаенс‑бақылаудың рәсімдері

Этикалық мінез‑құлық және бизнесті адал жүргізу стандарттарына сәйкес келу мақсатында комплаенс қызметі компанияның контрагенттерін тексереді. Мұндай тәжірибе жосықсыз контрагенттермен келісімшарт жасасудың алдын алуға, шарттық міндеттемелерді бұзу тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Комплаенс қызметі ұйымдық‑өкімдік және әкімшілік‑шаруашылық функцияларды орындаумен байланысты бос лауазымдарға орналасуға кандидаттардың сенімділігін тексереді. Бұл компания басшылығының сенімділігі мен кәсібилігін қамтамасыз етуге, жоғары лауазымдарда сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің мүмкіндігін төмендетуге мүмкіндік береді. Жұмысқа қабылдау талаптарының бірі сатып алуды жүргізу құзыретіне кіретін кандидаттар үшін психологиялық тексерулер мен полиграфтағы тесттер (өтірік айту детекторы) болды.

ҚМГ компаниялар тобында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл бойынша маңызды қадам – сыбайлас жемқорлыққа мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс‑шаралар жоспары қабылданады.

Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру бойынша 2020 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының барлық қызметкерлері бойынша мүдделер қақтығысын жалпыға бірдей декларациялауды жүргізеді.

Құқық бұзушылықтарға қарсы күресте тиімді құрал ретінде өз еркімен ақпараттандыру жүйесі (жедел желі) қолданылады. ҚМГ шығарған бағалы қағаздардың қор биржаларында саудаланатын тізімге енгізілуіне және болуына байланысты комплаенс қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар адамдардың инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу жөніндегі іс‑шараларды жүргізеді.

Комплаенс қызметі компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және корпоративтік шешімдерінде комплаенс‑тәуекелдерді болдырмау мақсатында тұрақты негізде іс‑шаралар өткізеді, ҚМГ басқармасы мен Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын материалдарды қарап отырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022‑2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында компания есепті кезеңде «Парақорлыққа қарсы іс‑қимыл менеджменті жүйелері» ҚР СТ ISO 37001 Ұлттық сертификатын алды.

Персоналды оқыту

ҚМГ өз қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ұмтылады. Бұл қызмет бағытының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту, ол үздіксіз, дәйекті және өзекті болуы тиіс.

2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту, комплаенс‑функцияны және корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша іс‑шаралар кешені (семинарлар, кеңестер) өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл саласындағы саясатты жүргізу аясында түрлі ұйымдарда қызметкерлерге ақпарат беру және оқыту бойынша жұмыс атқарылды.

Комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін көздейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс‑шараларды, соның ішінде компания қызметкерлері үшін оқыту және ақпарат беру іс‑шараларын жүргізеді, компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының талаптары бойынша көрнекі материалдар көпшілік жүретін жерлерде орналастырылған. Бұдан басқа, компания қызметкерлері мен басшыларының консультациялары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл мәселелері бойынша ҚМГ компанияларының барлық тобының басшылығымен тұрақты негізде жиындар өткізіледі, заңнама талаптары туралы ақпарат таратылады.

Персоналды оқыту

Жедел желі

Бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жағымсыз салдарын болдырмау, заңнама мен ішкі нормативтерді сақтау, беделі мен имиджін сақтау, корпоративтік мәдениетті жақсарту мақсатында «Самұрық‑Қазына» АҚ компаниялар тобында, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑да және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында орталықтандырылған «жедел желі» жұмыс істейді. Оның операторы – KPMG тәуелсіз аудиторлық компаниясы.

«Жедел желі» сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік, сондай‑ақ Компанияның қызметкерлері мен контрагенттері және оның ЕТҰ тарапынан өзге де бұзушылықтар туралы белгілі фактілерді құпия түрде мәлімдеуге мүмкіндік береді.

«Жедел желі» байланыстары Компанияның және оның ЕТҰ корпоративтік сайттарында жарияланған. Оны кеңінен насихаттау шаралары жалғасуда.

Кез келген адам мінез‑құлық кодексінің түрлі бұзушылықтары, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез‑құлық және өзге де бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Компания өтініштердің 100 % құпия қаралатынына және анонимділігіне кепілдік береді.

Жедел желі

Телефоны: 8- 800- 080-47 -47
WhatsApp нөмірі: 8- 771- 191-88-16
Интернет порталы: www.sk‑hotline.kz
Электронды пошта: mail@sk‑hotline.kz
Жедел желіде тәуелсіз оператор – KPMG компаниясы жұмыс істейді

«Нысана» жедел желісі

Телефоны: 8-800-080-30-30
WhatssApp нөмері: 8-702-075-30-30
Интернет порталы: nysana.cscc.kz
Электронды пошта: nysana@cscc.kz
«Нысана» колл орталығы барлық әлеуметтік‑еңбек бұзушылықтары бойынша тегін қоңырауларды демалыссыз, тәулік бойы қабылдайды.

2025 жылы жедел желіге
146 өтініш
келіп түсті (оның ішінде «E‑otinish» АЖ арқылы)

2025 жылы жедел желіге (оның ішінде «E‑otinish» ақпараттық жүйесі арқылы) 146 өтініш келіп түсті, олардың ішінде 9‑ы расталды, 36‑сы ішінара расталды, 92‑сі расталмады, 2 өтініш қаралу процесінде, 7 өтінішті қарау тоқтатылды.

Өтініштердің ең көп таралған тақырыптары — сыбайлас жемқорлық, еңбек даулары және сатып алулар. Расталған өтініштер бойынша алдағы уақытта ұқсас құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданды.

2025 жылы сыбайлас жемқорлық баптары бойынша үш қылмыстық іс (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету, өкілеттіктерді теріс пайдалану) аяқталып, олар бойынша сот айыптау үкімдерін шығарды. Осыған байланысты қылмыстық істердің фигуранттары атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2025
GRI 205‑3. Сыбайлас жемқорлықтың расталған жағдайлары және қабылданған шаралар
Сыбайлас жемқорлықтың расталған жағдайлардың жалпы саны бірл. 3
Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жұмыстан босату немесе жазалау жағдайларының жалпы саны бірл. 3
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты бұзушылықтарға байланысты іскер серіктестермен келісімшарттарды жандандырмау немесе бұзу туралы расталған жағдайлардың жалпы саны бірл.
Есепті кезең ішінде ұйымға немесе оның қызметкерлеріне қарсы қозғалған сыбайлас жемқорлық туралы жария сот істері және осындай істерді қарау нәтижелері бірл.

2025 жылы өтініштердің саны 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,2 % артты. Бұл қызметкерлер мен контрагенттердің қызығушылығы мен белсенділігінің өскенін, осы функцияға деген сенімнің нығайғанын және оның танымалдылығының артқанын, сондай‑ақ ҚМГ‑дағы комплаенс функциясына деген сенімнің күшейгенін көрсетеді. Компания қызметкерлер мен өзге де тұлғалардың жедел желі мүмкіндіктерін пайдалануын арттыруға ықпал ететін жедел профилактикалық шараларды тұрақты түрде қабылдайды.

Компания бастамашыл хабардар ету арналарының бұзушылықтар туралы ақпарат берудің негізгі көздері ретіндегі маңызын түсінеді және бастамашыл хабардар ету арналарына деген сенімді арттырудың ең тиімді тәсілі – өтініштерді жан‑жақты, толық әрі объективті түрде қарау деп санайды.

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты тәуекелдерді анықтау туралы деректер

Компанияда есепті кезеңде ҚМГ ішкі нормативтік құжаттарындағы, ұйымдастыру‑басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ұйымдастыру‑басқару қызметінде, сондай‑ақ ішкі құжаттарға қатысты анықталды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл агенттігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс‑шаралар жоспары әзірленді, сондай‑ақ оларды компанияның жалпы тәуекелдер картасына енгізу үшін анықталған тәуекелдерді бағалау шаралары қабылданды.

Мүдделер қақтығысы

Компанияда мүдделер қақтығысы туралы деректерді жария ету рәсімі бар. Мүдделер қақтығысы туралы деректерді жария ету тәртібі мен тәсілдері компания қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының мүдделер қақтығысын реттеу саясатында көрсетілген. Бұдан басқа, жұмысқа қабылдау кезінде, басқа құрылымдық бөлімшеге жоғары лауазымға ауыстыру кезінде, функционалы өзгерген кезде және өзге де мүдделер қақтығысы туралы деректерді бастапқы жария ету жүзеге асырылады.

Омбудсмен қызметі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Омбудсмен – қызметі корпоративтік этика, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік‑еңбек тәуекелдерін басқару жүйесінің маңызды элементі. Омбудсменнің жұмысы өтініштерді әділ, объективті және құпия қарауды қамтамасыз етуге, сондай‑ақ қақтығыстардың алдын алуға және ҚМГ компаниялар тобының еңбек ұжымдарында қолайлы моральдық‑психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған.

Өтініш беру арналары және олардың жұмыс қағидаттары

Компанияда іскерлік этика кодексін, қызметкерлердің еңбек құқықтарын және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын бұзу фактілері туралы хабарлауға арналған қауіпсіз, қолжетімді және құпия байланыс арналары жұмыс істейді. Компанияның, сондай‑ақ еншілес және мердігер ұйымдардың персоналы қызметкерлердің, басшылардың, контрагенттердің және Компаниямен өзара әрекеттесетін өзге де мүдделі тұлғалардың әрекетінің, әрекетсіздігінің немесе шешімдерінің этикалық немесе заңдылыққа сәйкестігіне күмән туған жағдайда анықталған бұзушылықтар туралы, оның ішінде анонимді түрде хабарлай алады.

ҚМГ‑да өтініштермен жұмыс істеу процесі тәуелсіздік, бейтараптық, құпиялылық және бейресмилік қағидаттарына негізделеді.

  • Өтініштер беру арналары: қызметкерлер өтініштерді тікелей омбудсменге, электрондық поштаға (ombudsman@kmg.kz), телефон желісіне немесе «Нысана» және «Самұрық‑Қазына» жедел желісі сияқты мамандандырылған байланыс арналарына жібере алады.
  • Қорғау кепілдігі: Компания бұзушылықтар туралы хабарлаған қызметкерлерге қатысты қудалаудың болмауына ресми түрде кепілдік береді, ал басшылар сын үшін кез келген кек алу әрекеттеріне жол бермеуге міндетті.

2025 жылы жеке қабылдау, электрондық пошта және «Нысана» арнасы арқылы іскерлік этиканың, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты 107 өтініш келіп түсті. Әрбір өтініш бойынша материалдарды талдауды, тексерулерді, сауалнамалар мен сұхбаттарды, оның ішінде еншілес және өндірістік ұйымдарға шығумен жүргізілген әңгімелесулерді қамтитын жан‑жақты жұмыс жүргізілді.

Өтініштердің тақырыбы іскерлік этика кодексін бұзудан (этикаға жатпайтын мінез‑құлық, психологиялық қысым, басшылықпен қақтығыстар) бастап еңбек дауларына, еңбекақы төлеу және өтемақы төлемдеріне дейінгі көптеген мәселелерді қамтты. Өтініштердің 70 % жуығы омбудсменнің тікелей құзыретіне жатқызылды және іскерлік этика кодексінің сақталуына, еңбек құқықтарына, кемсітушілікке жол бермеуге, сондай‑ақ ұжымдардағы әлеуметтік‑еңбек қатынастары мен моральдық ахуал мәселелеріне қатысты болды.

Өтініштердің қалған бөлігі еншілес ұйымдар мен мердігер компаниялардың операциялық қызметімен, соның ішінде өндірістік мәселелермен, келісімшарттық қатынастармен және орындалған жұмыстар үшін есеп айырысулармен байланысты болды.

Қызметкерлердің іскерлік этикасын, құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу мәселелері бойынша жеке мақсатта, сондай‑ақ 2025 жылы «Нысана» электрондық поштасы мен каналы арқылы
107 өтініш түсті
Өтініштердің
70 %
омбудсменнің құзыретіне тікелей қатысты болды

Қақтығыстарды реттеу және қызметкерлердің құқығын қорғау

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша баяндалған фактілердің сипаты мен мәніне қарай тиісті шешімдер қабылданды. Бұзушылықтар расталмаған жағдайларда өтініш берушілерге дәлелді түсініктемелер берілді.

Бірқатар өтініш ішкі нормативтік құжаттарды түзетуді талап ететін жүйелік мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Талдау нәтижелері бойынша омбудсмен Компания басшылығына нормативтік базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындап, жолдады, оның ішінде:

  • аутстаффинг жүйесі бойынша жұмысқа қабылданған қызметкерлермен келісімшарттық қатынастар регламентін өзгерту бойынша;
  • персоналдың барлық санаттарына қатысты әлеуметтік қолдау шараларын бірыңғай етіп қолдану бойынша.

Жекелеген өтініштер бойынша компания басшылығы мен еншілес ұйымдардың атына қызметкерлерді Іскерлік этика кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізілді. Бұл ретте бірыңғай тәсіл ҚМГ қызметкерлеріне қатысты да, компания қызметкерлері тарапынан әдепті емес мінез‑құлық фактілері анықталған мердігер ұйымдар қызметкерлерінің өтініштері бойынша да қолданылды.

Кейбір жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою үшін іскерлік этика кодексінің ережелері мен қағидаттарын қайталап бұзған кезде ықтимал тәртіптік зардаптар туралы ескертумен дербес түсіндіру жүргізу жеткілікті болды. Сондай‑ақ, омбудсмен бөлімшелердегі моральдық‑психологиялық ахуалды сауықтыруға бағытталған шараларды қабылдау бойынша тікелей басшыларға ұсынымдар жолдады.

Ұжымдық өтініштерді қарау кезінде еншілес ұйымдарға міндетті түрде барып, қызметкерлермен кездесулер өткізіліп, көптеген адамдармен сауалнама жүргізілді.

Директорлар кеңесінің қадағалауы

ҚМГ Директорлар кеңесі омбудсменнің тәуелсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады:

  • бағыну және тағайындау: омбудсмен қызметі тікелей Директорлар кеңесіне бағынады, ол сонымен қатар омбудсменді тағайындау немесе босату туралы шешім қабылдайды;
  • жоспарлар мен есептерді бекіту: Директорлар кеңесі омбудсменнің жылдық жұмыс жоспарын бекітеді және Қызмет туралы тұрақты есептілікті қарастырады;
  • нормативтік бақылау: Директорлар кеңесі Қызмет туралы ережені, омбудсменнің лауазымдық нұсқаулығын және іскерлік этика кодексін жаңа редакцияларда бекітеді.

Персоналды оқыту және ақпараттандыру

2025 жылы омбудсмен қызметінің жұмысы Директорлар кеңесі жаңа редакцияда бекіткен ҚМГ жаңартылған Іскерлік этика кодексін енгізу бойынша ауқымды жұмыспен тығыз байланысты болды.

Корпоративтік орталықтың қызметкерлері үшін Кодекстің негізгі ережелері таныстыру мақсатында онлайн‑таунхолл өткізілді. Бұл құжатпен Корпоративтік орталықтың барлық қызметкері электронды құжат айналымы жүйесі арқылы танысты.

ҚМГ еншілес ұйымдарында Іскерлік этика кодексі және Омбудсмен қызметі туралы ақпарат корпоративтік сайттарда жарияланған. Барлығы дерлік өндірістік еншілес ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді, олардың аясында Кодекстің ережелері мен омбудсменге жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар кейбір өтініштерді қарау нәтижелері бойынша ҚМГ‑ның жекелеген құрылымдық бөлімшелері мен оның еншілес ұйымдары үшін қайталама бұзушылықтардың алдын алуға және әдептілік мәдениетін нығайтуға бағытталған мақсатты түсіндіру іс‑шаралары ұйымдастырылды.