Мұнай өңдеу және маркетинг

ҚМГ‑ның мұнай мен конденсатын өткізу, мың тонна
Активтер 2023 2024 2025
Экспорт Ішкі нарық Барлығы Экспорт Ішкі нарық Барлығы Экспорт Ішкі нарық Барлығы
Операциялық активтер Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қаражанбасмұнай, Қазгермұнай, PetroKazakhstan Inc., Қазақтүрікмұнай, Қазақойл Ақтөбе, Маңғыстаумұнайгаз, Өріктау Оперейтинг, Доңға, Урал Ойл энд Газ. 5 406 8 302 13 708 5 884 8 518 14 402 5 631 8 740 14 371
Соның ішінде ЕТҰ Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай, Өріктау Оперейтинг. 2 955 4 980 7 935 3 169 5 224 8 383 2 985 5 411 8 396
Мегажобалар «ҚМГ Қашаған Б.В.», «ҚМГ Қарашығанақ», ТШО. 9 978 9 9 987 9 616 1,04 9 987 11 908 1,04 11 909
Барлығы 15 384 8 311 23 695 15 500 8 519 24 019 17 539 8 741 26 281

Мемлекет басшысының тапсырмасын және ҚР Үкіметінің тапсырмаларын орындау үшін ҚМГ Қазақстан Республикасының «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңына Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу жөніндегі бөлігіне қазіргі кезде енгізіліп жатқан түзетулерді ескере отырып, мұнай өңдеу зауыттарын аралас схемаға көшіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Аралас схема бойынша және заңға түзетулерге сай жер қойнауын пайдаланушымен байланысты тұлға төменде көрсетілген талаптардың кемінде біреуі сақталған кезде мұнай жеткізуші болып танылады:

  • жер қойнауын пайдаланушы акцияларының (қатысу үлесінің) 50 және одан да көп пайызы мұнай жеткізушіге тиесілі;
  • мұнай жеткізушінің акцияларының (қатысу үлесінің) 50 және одан да көп пайызы жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі;
  • мұнай жеткізуші мен жер қойнауын пайдаланушыны оған/оларға мұнай жеткізушінің және жер қойнауын пайдаланушының акцияларының (қатысу үлестерінің) жиынтықты елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тиесілі тұлға (тұлғалар) басқарады.

ҚМГ‑ның өз мұнайынан мұнай өнімдерін өндіруге арналған шикізат Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг кәсіпорындарынан АМӨЗ, ПМХЗ және ПҚОП‑қа жеткізіледі. Шығарылған мұнай өнімдері ішкі және сыртқы нарыққа көтерме сауда арқылы өткізіледі. Ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа ҚМГ үлесіне тиесілі мұнай мен газ конденсатын жеткізу көлемі 8 741 мың тоннаны құрады (2024 жылы — 8 519 мың тонна), соның ішінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) 5 411 мың тонна шикі мұнайы (2024 жылы – 5 224 мың тонна) өңдеу және мұнай өнімдерін сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Павлодар мұнай‑химия зауытына (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) жіберілді.

Мұнай өңдеу активтерінің құрылымы

ҚМГ‑ның көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу секторындағы өндірістік кешеніне Қазақстан аумағындағы төрт ірі мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) және Еуроодақтағы ҚМГ‑ның жалғыз активі – мұнай өңдеуді және мұнай өнімдерінің кең желісін шығаруды қамтамасыз ететін Румыниядағы екі зауыттан тұратын кешен кіреді.

ҚМГ‑ның мұнай өңдеу зауыттары
Көрсеткіш Қазақстан Румыния
АМӨЗ ПМХЗ ПҚОП Caspi Bitum Петромидия Вега
Орналасқан жері Атырау Павлодар Шымкент Ақтау Нэводарь Плойешть
Пайдалануға берілген жылы 1945 1978 1985 2013 1979 1905
Жобалық өңдеу қуаты, млн тонна 5,5 6,0 6,0 1,5 6,0 Жобалық қуаты жылына 5 млн тонна көлеміндегі мұнай мен жылына 1 млн тонна басқа да КСШ өңдеуді қамтиды. 0,5
2025 жылғы жүктеме, % 99 96 104 46 98 Петромидия МӨЗ‑нің жүктемесі — Соломон әдісі бойынша 97,5 % (Solomon Associates). 79
ҚМГ‑ның иелік ету үлесі, % 99,53 100 49,72 50 54,6 54,6
Нельсон индексі 13,9 10,5 8,2 10,5
Энергия сыйымдылы индексі, EII 114 113 113,3 92,5
МӨЗ‑дің тең иелері CNPC CITIC Румыния Үкіметі Румыния Үкіметі

2025 жылы КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 9,5 % ұлғайып, 20 980 мың тоннаны.

КСШ өңдеудің шоғырландырылған көлемі, мың тонна
Кәсіпорындар 2023 2024 2025
Қазақстандағы МӨЗ
АМӨЗ 5 475 5 547 5 471
ПМХЗ 5 434 5 500 5 765
ПҚОП (50 %) 2 870 2 872 3 114
Caspi Bitum (50 %) 427 327 348
Қазақстандағы МӨЗ бойынша жиыны 14 206 14 246 14 698
Румыниядағы МӨЗ
Петромидия 5 012 4 619 5 886
Вега 374 293 395
Румыниядағы МӨЗ бойынша жиыны 5 387 4 912 6 282
Барлығы 19 593 19 158 20 980

Қазақстанның және Румынияның зауыттарында мұнай өнімдерін шығару көлемі 10,1 % артып, 19 708 мың тоннаны құрады.

  • Қазақстандық МӨЗ‑дер жоғары тарихи межеге жетіп, 13 528 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3,4 % артық.
  • KMG International зауыттарында (Петромидия, Вега) мұнай өнімдерін шығару 28,5 % артық болып, 6 180 мың тоннаны құрады. Бұл негізінен зауыттарда тиісінше өңдеу көлемінің ұлғаюына байланысты болды.
Мұнай өнімдері өндірісінің шоғырландырылған көлемі, мың тонна
Кәсіпорындар 2023 2024 2025
Қазақстандағы МӨЗ
АМӨЗ 4 858 5 025 4 904
ПМХЗ 5 034 5 084 5 385
ПҚОП (50 %) 2 638 2 653 2 894
Caspi Bitum (50 %) 421 323 345
Қазақстандағы МӨЗ бойынша жиыны 12 951 13 085 13 528
Румыниядағы МӨЗ
Петромидия 4 848 4 521 5 786
Вега 373 288 394
Румыниядағы МӨЗ бойынша жиыны 5 221 4 809 6 180
Барлығы 18 172 17 894 19 708

Қазақстандағы мұнай өңдеу

ҚМГ үлесіне көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі, мың тонна
Зауыт 2023 2024 2025
АМӨЗ 5 475 5 547 5 471
ПМХЗ 5 434 5 500 5 765
ПҚОП (50 %) 2 870 2 872 3 114
Caspi Bitum (50 %) 427 327 348
Барлығы 14 206 14 246 14 698

2025 жылы ҚМГ зауыттары мұнай өңдеу бойынша жоғары тарихи межеге жетті, өңдеу көлемі 3,2 % өсіп, 14 698 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштердің өсуіне 2025 жылы ПҚОП‑тың алдын алу жоспарлы жөндеуге тоқтамай, үздіксіз жұмыс істегені, сондай‑ақ жеңіл мұнай өнімдері өндірісін барынша арттыру мақсатында ПМХЗ‑ға мұнай жеткізу көлемдерінің ұлғаюы оң ықпал етті.

ҚМГ үлесіне мұнай өнімдерінің өндірісі, мың тонна
Мұнай өнімдері 2023 2024 2025
АМӨЗ 4 858 (100 %) 5 025 (100 %) 4 904 (100 %)
Жеңіл мұнай өнімдері Бензин, дизель отыны, авиаотын және сұйытылған газ. 3 602 (74 %) 3 705 (74 %) 4 104 (84 %)
Қою мұнай өнімдері Мазут, вакуумдық газойль және битум. 1 073 (22 %) 1 013 (21 %) 565 (12 %)
Мұнай химиясы Бензол және параксилол. 49 (1 %) 136 (3 %) 96 (2 %)
Басқасы 134 (3 %) 171(4 %) 138 (3 %)
ПМХЗ 5 034 (100 %) 5 084 (100 %) 5 385 (100 %)
Жеңіл мұнай өнімдері 3 895 (77 %) 4 021 (79 %) 4 282 (80 %)
Қою мұнай өнімдері 809 (16 %) 793 (16 %) 746 (14 %)
Басқасы 330 (7 %) 271 (5 %) 357 (7 %)
ПҚОП (50 %) 2 638 (100 %) 2 653 (100 %) 2 894 (100 %)
Жеңіл мұнай өнімдері 2 222 (84 %) 2 262 (85 %) 2 544 (88 %)
Қою мұнай өнімдері 410 (16 %) 385 (15 %) 343 (12 %)
Басқасы 6 (0,3 %) 7 (0,3 %) 8 (0,3 %)
Caspi Bitum (50 %) 421 (100 %) 323 (100 %) 343 (100 %)
Қою мұнай өнімдері 179 (43 %) 121 (38 %) 142 (41 %)
Басқасы 242 (57 %) 201 (42 %) 203 (59 %)
Барлығы 12 951 13 085 13 528
Жеңіл мұнай өнімдерін шығару, %
Зауыт 2023 2024 2025 2024 жылмен салыстырғандағы өзгеріс, т.т.
АМӨЗ 66,85 69,22 76,72 +7,5
ПМХЗ 72,02 73,22 74,34 +1,1
ПҚОП 77,46 78,76 81,68 +2,9
Үш МӨЗ бойынша 72,19 73,8 77,7 +3,9

2025 жылы барлық үш зауытта мұнай өңдеу тереңдігінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізілді. Көрсеткіштердің жақсаруы 2025 жылы ПҚОП‑тың жөндеуге тоқтамай жұмыс істегенімен, АМӨЗ және ПМХЗ жөндеу жұмыстарының мерзімінен бұрын аяқталуымен байланысты болды.

Өңдеу тереңдігі, %
Зауыт 2023 2024 2025 2024 жылмен салыстырғандағы өзгеріс, т.т.
АМӨЗ 82,09 85,06 88,24 +3,2
ПМХЗ 89,63 91,50 93,95 +2,5
ПҚОП 84,88 85,77 88,16 +2,4
Үш МӨЗ бойынша 85,51 87,41 90,1 +2,7
2025 жылғы жөндеу жұмыстарының қорытындысы: сенімділікті қамтамасыз ету

Есепті жылы Компания активтердің тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырды, ұстанған бағыты – елімізде отын балансын сақтау және мерзімдерді оңтайландыру.

Жөндеу жұмыстарының нарыққа тигізетін әсерін азайту үшін ҚМГ мұнай өнімдерінің қажетті қорын алдын ала қалыптастырды және жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, басқа мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік жоспарларына түзетулер енгізді.

Сенімділікті қамтамасыз ету

Өңдеу активтеріндегі инвестициялық жобалардың іске асуы

2025 жылы Компания кәсіпорындардың қуатын кеңейтуге және өнім сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.

Шымкент МӨЗ (ПҚОП)

Өндіріс қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту жобасы келесі кезеңге өтіп жатыр. Есепті жылы алдын ала ТЭН (Pre‑FES) түзету аяқталды. 2026 жылы ТЭН әзірлеу жұмыстары басталды.

Шымкент МӨЗ
Павлодар МХЗ (ПМХЗ)

Қысқы дизель отыны өндірісін ұлғайту жөніндегі жоба қарқынды іске асырылып келеді. 2025 жылы гидротазарту қондырғысын қайта жаңарту бойынша (депарафинизация блогымен біріктіру) құрылыс‑монтаждау жұмыстары басталды, оның аяқталуы 2026 жылғы күрделі жөндеуге сәйкес келеді. Сонымен қатар гидротазарту процестерін қамтамасыз етуге қажетті сутегі өндіретін қондырғының (сағатына 12 500 нм³) құрылысы басталды.

Павлодар МХЗ
Caspi Bitum

2025 жылдың 2‑тоқсанында ауқымды жаңғырту жұмыстары табысты аяқталды. Мұнай өңдеу зауытының қуаты 1,5 млн тоннаға дейін, ал жол битумын өндіру жылына 750 мың тоннаға дейін артты, бұл жол‑құрылыс саласының өсіп келе жатқан сұранысын толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Caspi Bitum
Атырау МӨЗ (АМӨЗ)

«АМӨЗ тиімділігін арттыру» кешенді бағдарламаны іске асыру жалғасуда (2023‑2027 жылдар). Іс‑шаралар жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісін ұлғайту үшін негізгі технологиялық қондырғыларды жаңғыртуға бағытталған.

Атырау МӨЗ

Тариф саясаты

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы процессингтік схема бойынша жүзеге асырылады, оған сәйкес зауыттар шикізатты өңдеу бойынша қызмет көрсетеді, ал дайын өнімді өткізу мұнай иелерінің жауапкершілігінде болады. Бұл жұмыс үлгісі өндірістік активтер үшін технологиялық тиімділікті жоғарылатуға, процестерді оңтайландыруға және шығындарды бақылауға мүмкіндік береді.

Бекітілген өңдеу тарифтері экономикалық тұрғыда негізделген және нақты операциялық шығындарды өтеу, сондай‑ақ тартылған қарыздарға қызмет көрсету мен күрделі салымдарды қаржыландыру үшін қажетті инвестициялық құрамдас бөлігі ретінде ескеріле отырып қалыптастырылады.

Алыс‑беріс әдісі бойынша 1 тонна шикізатты өңдеудің орташа тарифтері, тоннасына теңгемен
Зауыт 2023 2024 2025
АМӨЗ 54 079 54 450 49 593
ПМХЗ 23 240 26 500 32 212
ПҚОП 35 336 35 336 35 336
Caspi Bitum 27 791 45 835 34 865
Мұнай өңдеу

2026 жылы мұнай өңдеу зауыттарында өткізілетін жоспарлы алдын алу жұмыстары (мұнайды бастапқы өңдеу қондырғыларында):

  • АМӨЗ: 26 маусымнан 10 шілдеге дейінгі кезеңде (15 тәулік) ЭЛТҚ‑АТ‑2 бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары өтеді;
  • 26 маусымнан 19 шілдеге дейінгі кезеңде (20 тәулік) ЭЛТҚ‑АВТ (АТ блогы) бойынша ағымдағы жөндеу жоспарланған;
  • ПМХЗ: 18 қыркүйектен 17 қазанға дейінгі кезеңде (30 тәулік) күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған;
  • ПҚОП: 27 наурыздан 25 сәуірге дейінгі кезеңде (30 тәулік) күрделі жөндеу жүргізілетін болады;
  • Caspi Bitum: 2 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта (30 тәулік) жыл сайынғы күрделі жөндеу өтеді.

ҚМГ‑ның өз мұнайынан мұнай өнімдерін шығару және өткізу

ҚМГ‑ның корпоративтік орталығы бас компанияның функцияларын орындай отырып, еншілес және тәуелді ұйымдардан (ЕТҰ) мұнай сатып алу және өңдеу бойынша операциялық қызметті атқарады. Шығарылған мұнай өнімдерін өзі сатады. Есепті жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС өндірген мұнай АМӨЗ, ПМХЗ және ПҚОП үш қазақстандық зауытта өңделді:

2025 жылы 5 612 мың тонна мұнай өңделіп, одан 5 555 мың тонна тауарлық мұнай өнімдері шығарылды:

  • жеңіл мұнай өнімдері (71 %) — автобензин, дизель отыны және авиаотын;
  • қою мұнай өнімдері (11 %) — мазут, вакуумдық газойль, битум;
  • мұнай‑химия өнімі (1 %) — бензол, параксилол;
  • басқалары (17 %) — сұйытылған газ, күкірт, кокс, технологиялық отын.

Экспорттың негізгі бағыттары Нидерланд, Қытай, Әзербайжан және Түркия болды. Тауарлық мұнай өнімдерінің 5 607 мың тоннасы өткізілді, оның 91 % ішкі нарық жеткізілсе, 9 % экспортқа жөнелтілді.

2025 жылы МӨЗ‑де ҚМГ‑ның өз мұнайынан тауарлық мұнай өнімдерін шығару, мың тонна
Мұнай өнімдері АМӨЗ ПМХЗ ПҚОП Барлығы 2025 жылдың 12 айындағы мұнай өнімдеріне орташа көтерме баға, бір тоннаға теңгемен
Жеңіл мұнай өнімдері 2 096 1 296 563 3 954 246 608
Қою мұнай өнімдері 299 245 82 626 122 613
Мұнай химиясы 54 0 0 54 252 130
Басқалары 465 349 106 920 27 537
Барлығы 2 914 1 890 751 5 555 196 407

Сапа мен стандарттар

Шығарылатын өнім К‑4 және К‑5 экологиялық стандарттарына (Еуро‑4 және Еуро‑5 аналогы) сай келеді. 2018 жылы аяқталған модернизациялау нәтижесінде мұнай өңдеу зауыттары зиянды заттардың мөлшерін азайтты:

  • күкірт — он есеге.
  • ароматикалық көмірсутек — бір жарым есеге.
  • бензол — бес есеге.

Экспорт және ішкі нарық

Экспортқа 495 мың тонна мұнай өнімдері жеткізілді, соның ішінде мазут, параксилол, бензол және кокс. Ішкі нарыққа жіберілген мұнай өнімдері ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік инфрақұрылымның қажеттіліктерін қамтамасыз етті, соның ішінде жылыту үшін мазут және авиациялық қызметтерге авиаотын жеткізілді.

Қазақстан Республикасында шығарылған ҚМГ‑ның мұнай өнімдерін көтерме бағамен сату, мың тонна
Мұнай өнімдері 2023 2024 2025
Ішкі нарық Экспорт Барлығы Ішкі нарық Экспорт Барлығы Ішкі нарық Экспорт Барлығы
Бензин 1 529 1 529 1582 1582 1833 9 1842
Дизель отыны 1 512 1 512 1 673 1 673 2009 2009
Авиациялық отын 165 165 213 213 205 205
Мазут 205 504 708 215 382 596 183 296 478
Вакуумдық газойль 81 81 112 112 1 1
Битум 87 87 130 130 134 134
Кокс 50 103 154 62 124 186 31 127 158
Күкірт 12 9 21 21 6 27 14 10 25
Бензол 12 12 13 13 19 19
Параксилол 8 8 52 52 33 33
Сұйытылған газ 230 230 256 256 257 257
Пеш отыны 3 3 2 2
Технологиялық отын 411 411 407 407 427 427
Басқасы 21 21 23 23 21 21
Барлығы 4 224 716 4 940 4 583 688 5 272 5 113 495 5 607
Жеткізудің үлесі мен бағыттарына бөле отырып, мұнай өнімдерінің экспортқа сатылуы
Мұнай өнімдері 2024 2025
Көлемі, тонна Мемлекет Үлесі, % Көлемі, тонна Мемлекет Үлесі, %
Мазут 346 759 Нидерланд 100 295 539 Нидерланд 100
Вакуумдық газойль 107 552 Нидерланд 100 1 137 Нидерланд 100
Тазалығы жоғары параксилол 51 790 Қытай 100 32 669 Қытай 100
Бензол 11 937 Қытай 100 19 262 Қытай 100
Күңгірт кокс 79 866 Қытай 79 110 360 Қытай 94
19 967 Әзербайжан 20 2 708 Түркия 2
680 Тәжікстан 1 4 123 Тәжікстан 4
Күйдірілген кокс 4 704 Әзербайжан 100 3 836 Түркия 39
464 Тәжікстан 5
5 453 Қытай 56
Күкірт 760 Швеция 30 7 652 Еуропа 74
1 806 Түркия 70 2 757 Түркия 26
Бензин АИ‑92 (ПҚОП) 1 276 Қырғызстан 14
6 825 Өзбекстан 76
923 Ауғанстан 10
Барлығы 625 823 494 983

2025 жылғы мұнай өнімдерінің импорты

Үкіметтің тапсырмасына сәйкес 2025 жылы ҚМГ «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС‑ін қамтамасыз ету үшін 295 мың тонна көлемінде дизель отынын импорттады. Бұл дизель отыны Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарынан жеткізілді.

Сонымен қатар Қазақстанның ішкі нарығындағы авиациялық отын тапшылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ Үкіметтің қаулысына сәйкес Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарынан 25,1 мың тонна көлемінде авиаотын импортын жүзеге асырды.

«KC Energy Group» ЖШС қызметі

Стратегиялық трансформация

Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығында тиімді жұмыс істеу және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы 27 желтоқсанда «KC Energy Group» ЖШС тіркелді.

Акционерлік капиталдың құрылымы

«КС Energy Group» ЖШС‑нің жұмысы және оны басқару «PETROSUN» ЖШС қызметіне ұқсас және қатысу үлесі де ұқсас қағидаттарға негізделген:

  • «Қазақстандағы кннқ интернационал» ЖШС (51 %);
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (49 %).

Операциялық қызметі

Компанияның бизнес үлгісі белгілі бір тұйық циклдан тұрады және мыналарды қамтиды:

  1. Өзара байланысты мұнай өндіруші ұйымдардан шикі мұнай сатып алады,
  2. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында шикізат өңдейді,
  3. Мұнай өнімдерін ішкі нарықта және экспорттық бағыттарға көтерме бағамен өткізеді.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әлеуметтік міндеттемелер

«KC Energy Group» ЖШС‑нің негізгі басымдығы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің отын жеткізу жоспарларына сәйкес экономиканың стратегиялық салаларын отынмен үздіксіз қамтамасыз ету.

2025 жылы «КС Energy Group» ЖШС‑нің Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауытында өңдеудің жалпы көлеміндегі өңдеу үлесі 46 % құрады.

2025 жылы «КС Energy Group» ЖШС мұнай өнімдерін сатудың жалпы көлемі 8 021,3 мың тоннаны құрады. Бұл ретте, өткізілген мұнай өнімдерінің негізгі көлемі ішкі нарыққа тиесілі, бұл компанияның Қазақстандағы тұрақты сұранысы мен позициясын растайды.

  • 7 468,1 мың тонна (93,1 %) — ішкі нарық, оның 5 828,8 мың тоннасын (78,1 %) жеңіл мұнай өнімдері құрады.
  • 553,22 мың тоннасы (6,9 %) экспортқа шығарылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «КС Energy Group» ЖШС әлеуметтік бағдарламаларды орындау аясында 1 396,1 мың тонна мұнай өнімдерін жеткізді, атап айтқанда:

  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін нарықтық конъюнктурадан төмен, уәкілетті орган ұсынған бағамен 360,8 мың тонна (25,8 %) арзандатылған дизель отыны;
  • әлеуметтік‑өндірістік нысандар үшін нарықтық конъюнктурадан төмен, уәкілетті орган ұсынған бағамен 114,2 мың тонна (8,2 %) әлеуметтік мазут;
  • әуежайлар мен әуе компанияларға арналған 331,9 мың тонна (23,8 %) авиаотын;
  • газ желісі ұйымдарының атына уәкілетті орган ұсынған бағамен 420,1 мың тонна (30,1 %) сұйытылған мұнай газы;
  • Қазақстан Республикасының жол‑құрылыс компанияларының атына нарықтық конъюнктурадан төмен, уәкілетті орган ұсынған бағамен ПМХЗ шығарған 163,9 мың тонна (11,7 %) жол битумы;
  • Тәжікстан Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 4,965 мың тонна (0,4 %) мазут жеткізілді.

2025 жылы электрондық сауда алаңдары (ЭСА) арқылы АИ‑92/АИ‑95 маркалы бензиннің, дизель отыны мен авиаотынның өндірілген көлемінің 10 % үлесі сатылды. ЭСА арқылы мұнай өнімдерін өткізудің жиынтық көлемі 398,9 мың тоннаны құрады. 2025 жылы биржадағы бағалар құбылмалы болғанына қарамастан, «КС Energy Group» ЖШС қолданыстағы бағалармен салыстырғанда 3,321 млн теңге (ҚҚС қоса алғанда) мөлшерінде қосымша табыс тапты. Бұл ретте, ең жоғары қосымша табыс биржадағы авиаотын мен дизель отыны саудасынан түсті.

Өңірлік мұнай базаларынан 534,3 мың тонна көлемінде АИ‑92 маркалы бензин мен дизель отынын өткізу бойынша едәуір жұмыс атқарылды, бұл сұраныс болмаған кезеңде зауыттардың операциялық қызметінің тоқтап қалуына жол бермей, сұраныстың өсуі кезінде ЖМҚС өңірлік желілерін әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері түрлерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында АИ‑92 маркалы бензинге сұраныстың бұрын‑соңды болмаған төмендеуі жағдайында «КС Energy Group» ЖШС‑нің ҚМГ корпоративтік орталығымен және уәкілетті органмен жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде 2025 жылғы сәуір‑мамыр айларында 50,2 мың тонна көлемінде АИ‑92 маркалы артық бензинін рұқсат етілген экспортын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл, өз кезегінде, Қазақстанның ішкі нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға ықпал етті.

KMG International қызметі

Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 27,9 % ұлғайып, 6 282 мың тоннаға жетті. Айтарлықтай өсімге 2024 жылы жоспарланған күрделі жөндеуден және жеңіл гидрокрекинг қондырғысын қайта іске қосқаннан кейін өндіріс қуатының қалпына келуі оң ықпал етті.

КСШ өңдеу көлемдері, мың тонна
Зауыт 2023 2024 2025
Петромидия 5 012 4 619 5 886
Вега 374 293 395
Барлығы 5 387 4 912 6 282

KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру 28,5 % артып, 6 180 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне негізінен зауыттарда өңдеу көлемінің тиісті ұлғаюы ықпал етті.

ҚМГ үлесіне мұнай өнімдерін шығару көлемдері, мың тонна
Зауыт 2023 2024 2025
Петромидия 4 848 4 521 5 786
Жеңіл Бензин, дизель отыны, авиаотын және сұйытылған газ. 4 269 3 974 5 125
Қою Мұнай коксы, мазут, газолин. 411 548 661
Басқасы 168
Вега 373 288 394
Қою 105 75 93
Басқасы 268 213 301
Барлығы 5 221 4 809 6 180

Өңдеудің нарықтағы маржасы былтырғы деңгейден жоғары, бұған дайын өнімнің, әсіресе бензин бағасының өсуі, сондай‑ақ шикі мұнай бағасының түсуі себеп болды. Алайда Азиядан және Таяу Шығыстан келетін импорттың жоғары көлеміне және дизель отынына сұраныстың қалыпты болуына байланысты маржаға деген қысым сақталып отыр.

Петромидия МӨЗ‑нің өңдеу маржасы
Өлшем бірлігі 2023 2024 2025
Тоннасына АҚШ доллары 64,8 39,7 61,8
Барреліне АҚШ доллары Тоннаны баррельге ауыстыру үшін 7,6 коэффициенті қолданылды. 11,5 5,2 8,1

KMG International трейдингтік операциялары аясында 2025 жылы қайта сатуға арналған шикі мұнай көлемі 15 млн тоннаны құрады. Қайта сату үшін мұнай сатып алу көлемі 2024 жылғы деңгейден 1,4 млн тоннаға асып түсті. Негізгі өсімді «Теңізшевройл» ЖШС қамтамасыз етті (+1 939 мың тонна), бұл өсім басқа жеткізушілерден шикі мұнай жеткізу көлемдерінің төмендеуімен теңестірілді.

Қайта сатылатын шикі мұнай, мың тонна
Көрсеткіш 2023 2024 2025
Қайта сатылатын шикі мұнай 7 638 13 690 15 049

2025 жылдың негізгі нәтижелері

  1. Инфрақұрылымдық бастамалар

«ЖЭО құрылысы» жобасы: Нысанды тәжірибелік пайдаланудың екінші кезеңі аяқталды және ANRE‑денAutoritatea Națională de Reglementare în Domeniul Energiei, Румынияның ұлттық реттеуші органы. мемлекеттік органынан өндірістік лицензия алынды, EPC‑келісімшартқа қосымша келісім жасасу бойынша келісссөздер жүруде. 2025 жылдың 30 қаңтарында нысанды қабылдау актісіне қол қойылып, ЖЭО‑ның коммерциялық қызметі басталды. Алдағы уақытта қондырғыны DNV (Det Norske Veritas) сертификатын алу және Transelectrica‑ға өтініш беру жоспарланып отыр, ANRE‑нің түпкілікті лицензиясын алу мерзімі – 2026 жылдың бірінші жартысы. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында келіссөздерді аяқтап, ескертулер тізімі толық жабылады деп күтілуде.

  1. Бөлшек сауда желісін дамыту

CNAIR 1 Compania Națională de Administrare a Infrastructurii Rutiere. бағытындағы 12 станцияның құрылысы 2023 жылы аяқталды, барлық нысан 2024 жылдың ақпанында ашылды. CNAIR 2 алты локациясына рұқсат алынды. CNAIR 2 алты автомагистралдық станцияның құрылысы басталды, EPC‑келісімшартқа қол қойылды, жұмыстар қараша айында басталып кетті. 2026 жылы жеті стандартты станцияны, ал 2027 жылы тоғызын іске қосу жоспарда. Төрт стандартты станцияның құрылысына тендер жарияланады.

  1. Экологиялық орнықтылық және тұрақты дамуға стратегиялық бағыт

2025 жылы KMG International экологиялық бастамаларды енгізуді жалғастырды. 2025 жылы Петромидия МӨЗ‑і энергия қарқындылығы индексінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізілді — 92,75.

2025 жылы KMG International экологиялық бастамаларды енгізуді жалғастырды. 2025 жылы электромобильдерді қуаттауға арналған инфрақұрылымды дамытуды және тұрақты авиациялық отын өндіру технологияларын интеграциялауды қоса алғанда, декарбонизация саласындағы жобалардың іске асыруын жалғастырды.

KMG International‑дың 2026 жылға арналған жоспарлары

Екінші буын биоотын өндірісін ұлғайту.

Электр көліктеріне арналған қуат беру станциялары сияқты озық технологияларды назарға ала отырып, бөлшек сауда желісін кеңейту.

2026 жылға арналған жоспарлар