Тасымалдау
Мұнай тасымалдау маршруттары
ҚМГ‑да мұнай тасымалы екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: магистралды құбырлар және теңіз флоты арқылы. Жүйе Еуропа мен Қытайды қоса алғанда, негізгі халықаралық нарықтарға мұнай жеткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Каспий және ашық теңіздері (Қара және Жерорта теңіздері) терминалдарына шығатын ішкі, экспорттық және транзиттік бағыттарды қамтиды. Бұл қосымша экспорттық бағыттарды және ҚМГ логистикалық моделінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді
| Көрсеткіш | Магистралды құбырлар арқылы тасымалдау | Теңіз флотымен тасымалдау | |||
|---|---|---|---|---|---|
| Басқарушы компания | ҚазТрансОйл | Қазақстан‑Қытай Құбыры | МұнайТас | Каспий Құбыр желісі Консорциумы | Қазақтеңізкөлікфлоты |
| ҚМГ үлесі | ҚМГ: 90 %Акциялардың 10 %‑ы «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында сатып алған миноритарлық акционерлерге тиесілі. | ҚТО«ҚазТрансОйл» АҚ.: 50 % | ҚТО: 51 % | ҚМГ: 20,75 % | ҚМГ: 100 % |
| Негізгі бағыттар | Еуропа мен Қытайға экспорт, ішкі нарық | Қытайға экспорт, ішкі нарық | Қытайға экспорт, ішкі нарық | Еуропаға экспорт | Еуропаға экспорт |
| Негізгі маршруттар | Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары; Өзен — Атырау — Самара; КҚК және Атасу‑ Алашаңқай жүйелеріне мұнайды ауыстырып тиеу, Ақтау портында мұнайды ауыстырып тиеу | Атасу — Алашаңқай; Кеңқияқ ‑ Құмкөл | Кеңқияқ — Атырау | Теңіз — Новороссийск | Қара теңіз, Жерорта теңізі, Каспий теңізі |
| Жалпы ұзындығы, км | 5 197 | 1 759 | 455 | 1 511 | Қолданылмайды |
| Қуаты, жылына млн тонна | 17,5Турбулентке қарсы қоспа қолдануды есепке алғанда, Атырау — Самара учаскесінің қуаты. 5,2Ақтау портының қуаты (ҚТО айлақтары, құю терминалдары). | 20 | 6 | 81,5 | Қолданылмайды |
Мұнайды магистралды құбырлар бойынша тасымалдау
Қазақстанның құбыр инфрақұрылымы магистралды мұнай құбыры жөнінде ұлттық оператор — ҚазТрансОйл компаниясына, оның екі бірлескен кәсіпорнына (Қазақстан‑Қытай құбыры (ҚҚҚ) мен МұнайТас), сондай‑ақ Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі. Еліміздің жұмыс істеп тұрған құбыр инфрақұрылымының перспективті жобалардың мұнайын тасымалдау көлемін ұлғайту үшін жеткілікті әлеуеті бар.
Мұнайды магистралды құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 3,3 % ұлғайып, 72 629 мың тоннаға жетті. Өсім Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасын іске асыру есебінен КҚК жүйесі бойынша Теңіз мұнайын тасымалдау көлемінің ұлғаюына, сондай‑ақ мұнай өңдеу зауыттары бағытында ішкі нарыққа мұнай жеткізу көлемінің артуына байланысты болды.
| Компания | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| ҚТО (100 %)ҚТО‑ның тасымалдау көлемі 100 %‑ға сәйкес көрсетілген, себебі ҚМГ бұл активтің операциялық қызметін толық бақылайды. | 44 188 | 44 887 | 45 120 |
| ҚҚҚ (50 %) | 9 403 | 9 394 | 9 750 |
| МұнайТас (51 %) | 2 819 | 2 953 | 3 126 |
| КҚК (20,75 %) | 13 171 | 13 074 | 14 634 |
| Барлығы | 69 581 | 70 309 | 72 629 |
| Компания | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| ҚТО (100 %) | 44 188 | 44 887 | 45 120 |
| 16 618 | 17 253 | 16 976 |
| 10 143 | 10 214 | 10 027 |
| 17 426 | 17 420 | 18 118 |
| ҚҚҚ (100 %) | 18 806 | 18 789 | 19 500 |
| 1 209 | 1 200 | 1 095 |
| 9 979 | 9 979 | 9 979 |
| 7 618 | 7 610 | 8 426 |
| МұнайТас (100 %) | 5 527 | 5 791 | 6 129 |
| 1 114 | 1 171 | 879 |
| 4 413 | 4 620 | 5 250 |
| КҚК (100 %), теңіз терминалынан тиеп жөнелтілген жалпы көлем | 63 474 | 63 007 | 70 525 |
| 2023 | 2024 | 2025 | |
|---|---|---|---|
| Ішкі нарыққа жеткізу, соның ішінде | 17,4 | 17,3 | 18 |
| 5,4 | 5,5 | 5,3 |
| 5,7 | 5,7 | 6,2 |
| 5,4 | 5,4 | 5,8 |
| 0,9 | 0,7 | 0,7 |
| Экспортқа жеткізу, соның ішінде | 70,5 | 68,6 | 78,8 |
| 56,6 | 54,9 | 64,8 |
| 9,2 | 8,8 | 9,3 |
| 1,2 | 1,2 | 1,1 |
| 3,4 | 3,6 | 3,5 |
| 0,06 | 0,05 | 0,1 |
| Ресей мұнайының транзиті | 10,1 | 10,2 | 10 |
| Барлығы | 98 | 96,1 | 106,8 |
Мұнай жүк айналымы 6,3 % артып, 66 049 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткішке КҚК жүйесі бойынша экспорт көлемінің және мұнай өңдеу зауыттары үшін мұнайды ішкі тасымалдау көлемінің өсуі оң ықпал етті.
| Компания | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| ҚТО (100 %) | 34 208 | 35 526 | 36 002 |
| ҚҚҚ (100 %) | 16 872 | 16 858 | 17 472 |
| МұнайТас (100 %) | 2 236 | 2 395 | 2 586 |
| КҚК (100 %) | 83 959 | 81 615 | 96 347 |
| Компания | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| ҚТО (100 %) | 34 208 | 35 526 | 36 002 |
| ҚҚҚ (50 %) | 8 436 | 8 429 | 8 736 |
| МұнайТас (51 %) | 1 141 | 1 221 | 1 319 |
| КҚК (20,75 %) | 17 422 | 16 935 | 19 992 |
| Барлығы | 61 206 | 62 111 | 66 049 |
Тариф саясаты
Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдау тарифтері мемлекет тарапынан реттеледі.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығынның өтелеуін, сондай‑ақ табиғи монополия субъектісінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуіне бағытталатын пайда әкелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тыйым салынбаған өзге де мақсаттарды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау қызметтеріне тарифтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау қызметтеріне тарифтерді есептеу Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырыладыҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген..
| Компания | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| ҚТО | 4 602 | 4 742 | 4 462 |
| ҚҚҚ | 4 359 | 4 839 | 3 338 |
| МұнайТас | 5 912 | 5 912 | 8 553 |
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес ел аумағы арқылы өтетін транзит және одан тыс жерлерге экспортқа шығару мақсатындағы мұнай тасымалдау қызметтері табиғи монополиялар саласына жатпайды.
Мұнайды экспортқа және транзитке тасымалдау қызметтеріне тарифтер «ҚазТрансОйл» АҚ‑ның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін транзит және одан тыс жерлерге экспортқа шығару мақсатында мұнайды магистралды құбырлар арқылы тасымалдау қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесі бойынша сәйкес есептеледі.
| Компания | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| ҚТО, 1 мың км‑ге тоннасына теңгемен | 9 490 | 10 150 | 11 300 |
| ҚҚҚ, 1 мың км‑ге тоннасына теңгемен | 6 799 | 6 799 | 6 799 |
| МұнайТас, 1 мың км‑ге тоннасына теңгемен | 5 912 | 5 912 | 8 606 |
| КҚКТоннасына 38 АҚШ доллары – бұл теңіз терминалына дейінгі қазақстандық мұнайдың көлемі үшін., тоннасына АҚШ долларымен | 36 | 36 | 36 |
| Компания | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| ҚТОРесей мұнайының ҚХР‑ға транзитіне тарифтер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімде көзделген тәртіпке сәйкес бекітіледі. | 4,23 | 4,23 | 5,74 |
| ҚҚҚРесей мұнайының ҚХР‑ға транзитіне тарифтер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімде көзделген тәртіпке сәйкес бекітіледі. | 10,77 | 10,77 | 9,27 |
2025 жылдың басты оқиғалары
Каспий Құбыр желісі Консорциумы
2025 жылы маршрутта болған кейбір оқиғаларға қарамастан, КҚК жүйесі бойынша мұнай тұрақты түрде тасымалданды.
Екінші жылжымалы айлақ құрылғысы 2025 жылдың қарашасында болған оқиғадан кейін пайдаланудан шығарылды.
КҚК жүйесі арқылы мұнай тасымалының шектелуіне байланысты Қазақстан мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ‑ның жүйесімен басқа экспорттық бағыттарға жөнелту бойынша жедел жұмыс жүргізілді.
2026 жылға жылжымалы айлақ құрылғыларын кезең‑кезеңімен ауыстыру іс‑шаралары жоспарланған.
Ағымдағы геосаяси жағдайларда тәуекелдерді басқару Корпоративтік бақылау
Баку — Тбилиси — Жейхан маршруты
Баку — Тбилиси — Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы Қазақстан мұнайының транзиті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен SOCAR арасында жасалған бес жылдық Бас келісім аясында жүзеге асырылады. Бұл құжат 2022 жылғы қарашадан бері қолданыста және жылына 1,5 млн тоннаға дейінгі көлемді көздейді.
2024 жылы Ақтау — Баку — Тбилиси — Жейхан маршруты бойынша өтетін Қазақстан мұнайының транзит көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін кезең‑кезеңімен ұлғайту туралы қосымша келісімге қол қойылды, бұл тараптардың бағытты дамытуға және экспорттық логистиканы әртараптандыруға мүдделі екенін көрсетеді.
2025 жылдың қорытындысына сәйкес бұл бағыт бойынша мұнай тасымалдау көлемі 1,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 7 % төмен. Көрсеткіштің төмендеуіне мұнайдың ластануына байланысты БТЖ мұнай құбыры жүйесіне қатысты енгізілген технологиялық шектеулер себеп болды.
ҚМГ SOCAR‑мен бірлесе отырып, маршрутты дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр, соның ішінде транзит көлемін ұлғайту үшін жағдай жасау, тарифтерді төмендету, ашық тарифтік құрылымды қамтамасыз ету және қазақстандық мұнайдың Azeri Light сұрыпының сапалық сипаттамаларына әсерін бағалау бар.
Еуропаға мұнай жеткізу
2025 жылы ҚМГ мұнайды еуропалық бағытқа қарай жеткізудің қосымша маршруттарын дамытуды жалғастырып, құбылмалы сыртқы жағдайлар кезінде логистиканы әртараптандыруды және экспортқа шығару көлемдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етті.
Қазақстан мұнайын Германияға Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізу транзиттік маршруттарды пайдалана отырып, Атырау — Самара бағытын қоса алғанда, магистралды мұнай құбырлары жүйесі және одан әрі «Дружба» құбыры арқылы қолданыстағы инфрақұрылым бойынша жүзеге асырылды. Есепті кезең ішінде ҚМГ еуропалық серіктестермен жеткізу көлемін растау мен шарттарын келісу, сондай‑ақ келісімшарттық талаптарды ұзарту мен жаңарту бағытында жұмыс жүргізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша 2026 жылдан бастап Қазақстан мұнайын Германияның мұнай өңдеу кәсіпорындарына жеткізу көлемін ұлғайту жоспарлары расталды.
2026 жылы пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты КҚК теңіз терминалында бірінші және екінші жылжымалы айлақ құрылғыларын ауыстыру жұмыстары жоспарланып отыр.
Теңіз арқылы тасымалдау
Қазақстанның теңіз арқылы тасымалдау бойынша негізгі операторы – ҚМГ еншілес ұйымы, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС (ҚТКФ). Ол Каспий теңізі және халықаралық маршруттар бойынша мұнай және басқа да жүк түрлерін тасымалдаумен айналысады. Компания заманауи флотты басқарады, соның ішінде логистика мен жалға беруді қамтамасыз ететін танкерлер, контейнерлік, құрғақ жүк кемелері мен сүйреткіштер бар. ҚТКФ заманауи технологиялар мен экологиялық стандарттарды енгізе отырып, өз қуатын барынша кеңейтуде. Транскаспий маршруттарының стратегиялық қатысушысы ретінде компания экспортқа жеткізу ісінде және Қазақстанның теңіз логистикасын дамытуда маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта ҚТКФ теңіз флоты түрлі үлгідегі 15 кемеден тұрады, олардың жалпы салмағы 300 мың тоннадан асады, атап айтқанда:
- «Афрамакс» үлгісіндегі танкерлер — 2 бірлік;
- Дедвейті 12 000 тонналық танкерлер — 3 бірлік;
- Дедвейті 8 000 тонналық танкерлер (CIMS БК) — 2 бірлік;
- Контейнерлік кемелер — 3 бірлік;
- Құрғақ жүк таситын кемелер — 2 бірлік;
- Сүйреткіштер — 3 бірлік.
Көрсететін қызмет түрлері:
- Мұнай тасымалдау (Каспий, Қара және Жерорта теңіздері);
- Контейнерлік және басқа да жүктерді тасымалдау;
- Офшорлық жобалар үшін сервистік флот қызметтері.
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемі 18,7 % төмендеп, 10 701 мың тоннаны құрады. Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау көлемінің төмендеуіне негізінен 2025 жылғы наурыз айынан бастап КҚК тарапынан Aframax үлгісіндегі танкерлер үшін партияларды бөлу жоспарларының өзгеруіне байланысты ашық теңіздерде тасымал көлемінің азаюы әсер етті.
Баку–Тбилиси–Жейхан мұнай құбырындағы технологиялық шектеулерге байланысты 2025 жылдың тамыз–қазан айлары аралығында Ақтау‑Баку бағыты бойынша мұнай жеткізуді уақытша тоқтату, сондай‑ақ Taraz және Liwa танкерлеріне жоспарлы модернизация жүргізу қосымша себеп болды.
| Теңіз | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| Ашық теңіздер | 10 045 | 11 086 | 8 752 |
| Каспий теңізі | 733 | 2 083 | 1 949 |
| Барлығы | 10 778 | 13 169 | 10 701 |
Abu Dhabi Ports‑пен серіктестік
AD Ports Group‑пен (ADP) орнаған ынтымақтастық аясында 2023 жылғы маусымда ҚТКФ (ҚМГ еншілес компаниясы) және IMI Ltd. (AD Ports Group еншілес компаниясы) қатысатын Caspian Intergrated Maritime Solutions Ltd бірлескен кәсіпорын (бұдан әрі — CIMS) меншігіне дедвейті 8 мың тонна Taraz және Liwa танкерлері сатып алынды. Олар 2023 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді. 2023‑2025 жылдар кезеңінде бұл танкерлер шамамен 1,7 млн тонна мұнай тасымалдады.
Контейнерлік кемелер
Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша контейнерлік кемемен тасымалдау көлемінің өсуіне байланысты ADP‑мен бірлесіп, Каспий теңізіне арналған екі контейнерлік кеме салу жөніндегі жоба іске асырыла бастады. ҚТКФ, ADP және CIMS бірлесе отырып, сыйымдылығы 780 ЖФЭ болатын контейнерлік кеменің дизайн жобасын әзірледі. 2025 жылғы 1 мамырда ҚТКФ мен ADP арасында контейнерлік кемелер салу жөніндегі жобаны іске асырудың негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қойылды. 2025 жылғы 12 мамырда Абу‑Дабидің Тақ мұрагері шейх Заид Әл Нахаянның Қазақстанға сапары аясында мемлекет басшыларының қатысуымен ҚМГ мен ADP арасында жобаны бірлесіп іске асыру туралы хаттамаға қол қойылды.
ADP өткізген тендердің қорытындысы бойынша Baku Shipyard (AP) кеме жасау зауыты мердігер ретінде таңдап алынды. 2025 жылғы 16 қыркүйекте бұл зауытпен екі контейнерлік кемені салуға келісімшарт жасалды. Кемелерді Тапсырыс берушіге ұсынудың жоспарланған мерзімі — 2027 жылғы желтоқсан айы. Жобаның қаржыландыруын кейіннен кемелерді CIMS меншігіне беру мүмкіндігімен ADP қамтамасыз етуде. Тараптар контейнерлік кемелерді жалға беру, пайдалану және сатып алу шарттарын келісіп жатыр.
Паромдар
ADP‑мен бірлесіп ТХКБ үшін паром флоты мен контейнерлік кемелерді дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Әзербайжанның мүдделі компанияларымен Каспий өңіріне арналған бірыңғай паром жүйесін құру мәселесі талқыланып жатыр. Жоба Қазақстан мен Әзербайжан арасында жаңа теміржол паромдық жүйесін құруды зерделеу мен негіздеуге бағытталған, Орталық Азиядан әлем нарықтарына жаппай жүктерді тасымалдауға мүмкіндік бермек. Жоба ұзақ мерзімді перспективада көлік дәлізінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық бастама ретінде қарастырылуда.
2025 жылдың қаңтарында жобаны талқылау үшін Әзербайжанның Каспий кеме қатынасы компаниясымен (АЅСО), Баку портымен, ADY Express компаниясымен (Әзербайжан темір жолдарының еншілес құрылымы), EVRASCON (паром терминалдарын жобалаушы), Грузин теміржолы компаниясымен, сондай‑ақ ТРАСЕКА хатшылығымен (ағылш. Transport Corridor Europe‑Caucasus‑Asia, TRACECA) кездесулер ұйымдастырылды. Барлық компания жобаға қатысуға қызығушылық білдіріп, қолдау көрсететіндерін жеткізді – алдағы іс‑шараларды бірлесіп үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 2025 жылдың наурыз айында жоба ТХКБ қауымдастығының мүшелеріне таныстырылып, ол жерде да жоба қолдау тапты.
2025 жылғы 1 шілдеде ҚТКФ, ADP, ASCO және CIMS Құрық және Алят порттары арасында транскаспий паром тасымалдарын дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Техникалық‑экономикалық негіздемені әзірлейтін консультантты таңдау жұмыстары бірлесіп жүргізілуде, бұл құжат әлеуетті жүк базасын, инфрақұрылымдық қажеттіліктерді, инвестиция көлемін және жобаны одан әрі іске асыру форматын айқындайтын болады. Жобаның бұл кезеңіне қатысу үшін «Қазақстан Темір Жолы» АҚ да шақырылды. Сонымен қатар World Bank‑тің International Finance Corporation (IFC) бөлімшесі жобаның техникалық‑экономикалық негіздемесін (ТЭН) бірлесіп қаржыландыруға мүдделі екенін білдірді. ТЭН әзірлеу жұмыстары 2026 жылдың бірінші жарты жылында аяқталады деп күтілуде, оның қорытындысы бойынша жобаны одан әрі іске асыру туралы шешім қабылданады.