Қаржылық қызметке шолу

2025 жылғы басты қаржылық көрсеткіштерСомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша ыңғайлылық үшін АҚШ долларымен көрсетілген (2025, 2024 және 2023 жылдардағы орташа бағам 521,31, 469,31 және 456,21 теңге/долларды құрайды. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы және 2023 жылғы 31 желтоқсандағы кезеңнің соңындағы бағам 505,53, 525,11 және 454,56 теңге/АҚШ долларды құрайды, тиісінше).

Түсім, млрд теңге
EBITDA көрсеткішіEBITDA = кірістер + бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардың кірістеріндегі үлес, таза, ‑ сатып алынған мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа материалдардың өзіндік құны ‑ өндірістік шығындар‑жалпы және әкімшілік шығындар – тасымалдау және сату шығындары‑табыс салығынан басқа салықтар.млрд теңге
Таза пайда, млрд теңге
EBITDA түзетілген көрсеткішіEBITDA түзетілген көрсеткіші = кірістер + бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтер – сатып алынған мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа материалдардың өзіндік құны ‑ өндірістік шығындар‑жалпы және әкімшілік шығындар‑тасымалдау және сату шығындары‑табыс салығынан басқа салықтар.млрд теңге
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайдаБірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардағы пайданың үлесіне түзетілген таза пайда = таза пайда және бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтер, бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардың пайданың үлесін шегергенде.млрд теңге
Бос ақша ағыныБос ақша ағыны = операциялық қызметтен алынған таза ақша ағыны‑негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау және бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтер операциялық қызметтен алынған ақша ағынына кіреді.млрд теңге
Жалпы қарызЕсепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке кірмеген., млрд теңге
Таза қарызТаза қарыз = облигациялар мен несиелер – ақша қаражаттары және олардың баламалары – кезеңнің соңындағы банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке кірмеген.млрд теңге
ХҚЕС бойынша шоғырландырылған қаржылық нәтижелер
Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі 2023 2024 2025 %
Мұнай, Dated BrentДереккөз – S&P Global Platts. АҚШ долл./барр. 82,64 80,76 69,10 (14,4)
Мұнай, KEBCOДереккөз – S&P Global Platts. АҚШ долл./барр. 81,74 80,73 69,88 (13,4)
Орташа бағам теңге/АҚШ долл. 456,21 469,31 521,31 11,1
Кезең соңындағы бағам теңге/АҚШ долл. 454,56 525,11 505,53 (3,7)
Түсім млрд теңге 8 320 8 330 9 371 12,5
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес млрд теңге 534 531 781 46,9
Таза пайда млрд теңге 927 1 094 1 072 (2,0)
Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайдаБірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардағы пайданың үлесіне түзетілген таза пайда = таза пайда және бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтер, бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардың пайданың үлесін шегергенде. млрд теңге 1 012 1 264 1 277 1,0
EBITDAEBITDA = кірістер + бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардың кірістеріндегі үлес, таза, ‑ сатып алынған мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа материалдардың өзіндік құны ‑ өндірістік шығындар‑жалпы және әкімшілік шығындар – тасымалдау және сату шығындары‑табыс салығынан басқа салықтар. млрд теңге 2 007 2 001 2 393 19,6
Түзетілген EBITDA көрсеткішіEBITDA түзетілген көрсеткіші = кірістер + бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтер – сатып алынған мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа материалдардың өзіндік құны ‑ өндірістік шығындар‑жалпы және әкімшілік шығындар‑тасымалдау және сату шығындары‑табыс салығынан басқа салықтар. млрд теңге 2 092 2 171 2 598 19,7
Бос ақша ағыныБос ақша ағыны = операциялық қызметтен алынған таза ақша ағыны‑негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау және бағалау активтерін сатып алу. Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдастырылған компаниялардан алынған дивидендтер операциялық қызметтен алынған ақша ағынына кіреді. млрд теңге 984 1 199 1 233 2,8
Жалпы қарызЕсепті кезеңнің соңындағы жалпы қарыз = облигациялар плюс қарыздар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке кірмеген. млрд теңге 3 757 3 967 3 522 (11,2)
Таза қарызТаза қарыз = облигациялар мен несиелер – ақша қаражаттары және олардың баламалары – кезеңнің соңындағы банктік салымдар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Берілген кепілдіктер есепке кірмеген. млрд теңге 1 645 1 163 375 (67,7)
Кіріс пен шығыс бойынша шоғырландырылған есеп
Көрсеткіш Өлшем бірл. 2023 2024 2025 Өзгеруі %
Түсім және басқа да кіріс
Сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша түсім млн теңге 8 319 543 8 330 261 9 371 488 1 041 227 12,5
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес, нетто млн теңге 534 177 531 230 780 635 249 405 46,9
Еншілес ұйымның шығуынан түскен кіріс млн теңге 186 225 16 410 3 000 (13 410) (81,7)
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолданып есептелген пайыздық кіріс млн теңге 139 449 184 392 197 959 13 567 7,4
Басқа да қаржылық кіріс млн теңге 7 332 123 290 43 005 (80 285) (65,1)
Басқа да операциялық кіріс млн теңге 55 378 52 377 48 626 (3 751) (7,2)
Түсім және басқа да кірістер жиыны млн теңге 9 242 104 9 237 960 10 444 713 1 206 753 13,1
Шығыстар мен шығындар
Сатып алынатын мұнай, газ, мұнай өнімдері және басқа да материалдардың өзіндік құны млн теңге (4 621 881) (4 347 011) (5 039 517) (692 506) 15,9
Өндірістік шығыстар млн теңге (1 219 722) (1 398 604) (1 588 607) (190 003) 13,6
Табыс салығынан басқа салықтар млн теңге (594 080) (592 984) (592 928) 56 0,0
Тозу, сарқылу және амортизация млн теңге (599 543) (642 666) (723 977) (81 311) 12,7
Тасымалдау мен өткізу шығыстары млн теңге (245 525) (267 824) (319 088) (51 264) 19,1
Жалпы және әкімшілік шығыстар млн теңге (165 897) (254 148) (218 624) 35 524 (14,0)
Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың құрылысына берілген ұзақ мерзімді аванстардың және барлау шығыстарының құнсыздануы млн теңге (248 140) (69 733) (35 762) 33 971 (48,7)
Қаржы шығындары млн теңге (321 630) (346 096) (368 055) (21 959) 6,3
(Теріс)/оң бағамдық айырма, нетто млн теңге 25 222 185 459 (84 012) (269 471) (145,3)
Күтілетін кредиттік шығындардың қалпына келтірілуі/(күтілетін кредиттік залалдар) млн теңге (11 874) (8 316) 6 744 15 060 (181,1)
Басқа да шығыстар млн теңге (42 564) (38 703) (49 130) (10 427) 26,9
Шығыстар мен шығындар жиыны млн теңге (8 045 634) (7 780 626) (9 012 956) (1 232 330) 15,8
Табыс салығын есептегенге дейінгі пайда млн теңге 1 196 470 1 457 334 1 431 757 (25 577) (1,8)
Табыс салығы бойынша шығындар млн теңге (269 792) (363 087) (359 703) 3 384 (0,9)
Бір жыл ішіндегі таза пайда млн теңге 926 678 1 094 247 1 072 054 (22 193) (2,0)
Бір жыл ішінде төмендегілерге тиесілі таза пайда пайда/(залал):
Бас компанияның акционерлеріне млн теңге 962 700 1 094 438 1 040 435 (54 003) (4,9)
Бақыланбайтын қатысу үлесіне млн теңге (36 022) (191) 31 619 31 810 (16 654,5)
млн теңге 926 678 1 094 247 1 072 054 (22 193) (2,0)

Көрсеткіштер және есептеу нәтижелері жуықтап, дөңгелектеніп көрсетілген. Сонымен қатар кезеңдерді салыстыру кезінде мәндер жуықталмай, нақты қолданылды. Компанияның пікірінше, дөңгелектеуге қатысы бар кез келген ықтимал түзетулер қаржылық нәтижелерге материалдық әсер етпеуі керек.

Түсім

Компанияның 2025 жылғы түсімі 9 371 млрд теңгені (17 977 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 12,5 % жоғары. Әлемде мұнай бағасының арзандауына қарамастан, түсімнің өсуіне жыл сайын теңгенің АҚШ долларына шаққандағы әлсіреуі, сондай‑ақ KMG International және ҚМГ корпоративтік орталығы деңгейінде мұнай өнімдерін сатудан түсетін табыстың ұлғаюы ықпал етті. Есепті кезеңде KMG International зауыттарында өңдеу көлемі жоспарлы күрделі жөндеуден кейін өндірістік қуаттарды қалпына келтіру және 2024 жылы жеңіл гидрокрекинг қондырғысын қайта іске қосу есебінен айтарлықтай өсті.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі 46,9 % ұлғайып, 781 млрд теңгені (1 497 млн АҚШ доллары) құрады. Өсімге Болашақ кеңейту жобасы аясында үшінші буын зауытын табысты пайдалануға берудің және қуатын арттырудың нәтижесіндегі кірістің өсуі есебінен ТШО пайдасындағы үлестің 109 млрд теңгеге (209 млн АҚШ доллары), Теңіз кен орны мұнайын тасымалдау көлемінің өсуі нәтижесінде КҚК пайдасындағы үлестің 101 млрд теңгеге (195 млн АҚШ доллары), сондай‑ақ теңгенің АҚШ долларына бағамының өзгеруі нәтижесінде және де 2024 жылғы жоспарлы жөндеумен салыстырғанда есепті кезеңде зауыттың үздіксіз жұмыс істеуі нәтижесінде көмірсутек шикізатын өңдеу көлемінің ұлғаюы есебінен ПҚОП пайдасындағы үлестің 21 млрд теңгеге (41 млн АҚШ доллары) артуы оң ықпал етті.

Сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны

Сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа да материалдардың өзіндік құны 15,9 % артып, 5 040 млрд теңгеге (9 667 млн АҚШ доллары) жетті. Көрсеткіштің өсуі негізінен Петромидия зауытында өңдеу көлемінің ұлғаюына байланысты KMG International деңгейінде өңдеуге арналған шикі мұнайды сатып алу көлемінің ұлғаюына байланысты.

Өзге шығындар

Өндірістік шығыстар 13,6 % өсіп, 1 589 млрд теңгені (3 047 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерінде (ӨМГ, ҚТО, ЕМГ, KMG International) өндірістік персоналдың еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстардың көбеюі, негізінен KMG International, ӨМГ және ПМХЗ деңгейінде электр энергиясына жұмсалатын шығындардың ұлғаюы, сондай‑ақ «KMG Systems & Services» ЖШС мен ӨМГ деңгейінде жөндеу және қызмет көрсету қызметтеріне жұмсалатын шығыстардың артуы себеп болды.

Есепті кезеңде тасымалдау және сату бойынша шығыстар 319 млрд теңгені (612 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 19,1 % жоғары. Өсім негізінен Қашаған және KMG International деңгейінде мұнайды тиеу, тасымалдау және сақтау бойынша шығындардың ұлғаюына байланысты.

Жалпы және әкімшілік шығыстар 14,0 % төмендеп, 219 млрд теңгені (419 млн АҚШ доллары) құрады, бұл негізінен сенімгерлік басқару шығындарының азаюына байланысты болды. 2025 жылы Компания «QazaqGaz» ҰК АҚ‑ның («Самұрық‑Қазына» АҚ еншілес ұйымы) бірлескен кәсіпорыны «ҚазРосГаз» ЖШС‑дегі 50 % қатысу үлесін сенімгерлік басқару қызметі үшін 19 млрд теңге (37 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі сыйақыны есепке жазды, ал 2024 жылы бұл шығыстар 53 млрд теңгені (114 млн АҚШ доллары) құраған болатын.

Табыс салығынан басқа салықтар 593 млрд теңгені (1 137 млн АҚШ доллары) құрап, 2024 деңгейінде сақталды. Бұл ретте жеңіл мұнай өнімдерін өткізудің ұлғаюына және акциз мөлшерлемесінің жоғарылауына байланысты ҚМГ корпоративтік орталығы деңгейіндегі акциз бойынша шығыстардың өсуі ӨМГ және ЕМГ деңгейінде шикі мұнай экспортына рента салығы бойынша шығыстардың төмендеуімен, сондай‑ақ мұнайдың төмен бағалары салдарынан Қашаған деңгейінде шығыстардың азаюымен өтелді.

2025 жылы жалақы бойынша шығыстар 776 млрд теңгені (1 489 млн АҚШ доллары) құрап, жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте өндірістік шығындар, тасымалдау мен сату шығындары, жалпы және әкімшілік шығындары құрамында көрсетілді.

2025 жылғы қаржылық шығындар 368 млрд теңгені (706 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,3 % көп. Өсім жылдан жылға АҚШ долларына шаққанда теңгенің әлсіреуі салдарынан қарыздар мен облигациялар бойынша пайыздық шығыстардың ұлғаюымен байланысты.

Активтердің құнсыздануы

2025 жылы құрылысқа берілген негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, ұзақ мерзімді аванстардың, сондай‑ақ барлау жұмыстарына жұмсалған шығыстардың құнсыздану сомасы 36 млрд теңгені (69 млн АҚШ доллары) құрады. Негізгі құралдар бойынша құнсыздану шығыстары 15 млрд теңгені (30 млн АҚШ доллары) құрады және негізінен Жаңаөзен қаласындағы теңіз суын тұщыту зауытының және жеткізу инфрақұрылымның құнсыздануына жатады. Барлау және бағалау активтеріндегі құнсыздану шығыстары 20 млрд теңгені (39 млн АҚШ доллары) құрады, оның ішінде 19 млрд теңге (36 млн АҚШ доллары) көлеміндегі шығын «Торғай Палеозой» жобасы бойынша болды.

Таза пайда

Компанияның таза пайдасы 2024 жылмен салыстырғанда 2,0 % төмендеп, 1 072 млрд теңгені (2 056 млн АҚШ доллары) құрады. Таза пайданың төмендеуі теріс бағамдық айырманың қалыптасуымен2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде шетел валюталары бағамының теңгеге шаққандағы тұрақсыздығына байланысты компанияда 84  млрд теңге (161  млн АҚШ доллары) мөлшерінде теріс бағамдық айырма, нетто, қалыптасты., өндірістік шығындардың және тозу, сарқылу мен амортизация бойынша шығыстардың өсуімен, сондай-ақ басқа да қаржылық табыстың азаюымен2024 жылы «Самұрық‑Қазына» АҚ‑дан 2022 жылы сатып алған облигациялардың купондық мөлшерлемесі 3,00 %‑дан 9,30 %‑ға дейін өсті, бұл елеулі модификацияға әкелді. Модификациялау күніне есепте тануды тоқтатуға жататын облигациялардың баланстық құны мен әділ құны арасындағы 60  млрд теңге (127  млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі айырма басқа қаржылық кірістердің құрамында көрсетілген. байланысты болды.

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда 1,0 % ұлғайып, 1 277 млрд теңгеге (2 449 млн АҚШ доллары) жетті.

Есепті кезеңде Бас компанияның акционерлеріне тиесілі таза пайда 1 040 млрд теңгені (1 996 млн АҚШ доллары) құрады.

Күрделі шығындар

Есептеу әдісі бойынша күрделі шығындар 4,7 % азайып, 682 млрд теңгені (1 309 млн АҚШ доллары) құрады:

  • Барлау және мұнай мен газ өндіру сегментінде ӨМГ («Ak Su KMG» ЖШС), Қашаған және Доңға компанияларының инвестициялық жобаларын іске асырудың жекелеген кезеңдерінің аяқталуы есебінен;
  • ҚМГ‑ның Корпоративтік орталығы деңгейінде 2024 жылы Абай ұңғымасын бұрғылауға жұмсалған шығынға байланысты;
  • Өңдеу және шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу сегментінде күрделі шығындардың қысқаруы себеп болды, бұл негізінен 2024 жылы KMG International зауытында жүргізілген күрделі жөндеумен байланысты.

Ақша ағындары бөлінісінде күрделі шығындар былтырғымен салыстырғанда 3,5 % өсіп, 668 млрд теңгені (1 281 млн АҚШ доллары) құрады. Көрсеткіштің өсуі негізінен «KMG PetroChem» ЖШС, ПМХЗ, ЕМГ және ӨМГ деңгейінде негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалған шығыстардың ұлғаюымен байланысты.

EBITDA

EBITDA көрсеткіші 2025 жылы 2 393 млрд теңгені (4 591 млн АҚШ доллары) құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,6 % жоғары болды. Көрсеткішке Өңдеу және шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сату, ҚМГ‑ның Корпоративтік орталығы сегменттеріндегі түсімнің ұлғаюы, сондай‑ақ Барлау және мұнай мен газды өндіру, Мұнай тасымалдау және Өңдеу және шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сату сегменттеріндегі бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің өсуі ықпал етті.

2023, 2024 және 2025 жылдардағы EBITDA көрсеткіші
2023, 2024 және 2025 жылдардағы түзетілген EBITDA көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлестің орнына бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтерді көрсететін түзетілген EBITDA көрсеткіші 19,7 % өсім көрсетіп, 2 598 млрд теңгені (4 984 млн АҚШ доллары) құрады.

ҚМГ вертикалды интеграцияланған қызметіне байланысты төмендегі сегменттердің бөлінісінде EBITDA көрсеткішін талдайды. Сегменттік ақпарат ХҚЕС негізінде талданады және ашылып көрсетіледі. Сегменттердің пайдасы кіріс пен таза пайда көрсеткіштері негізінде қарастырылады. ҚМГ компаниялар тобының операциялық сегменттерінің өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлеріне сәйкес келетін жеке құрылымы мен басқаруы бар, жалпы барлық сегменттер – бұл түрлі өнімдерді ұсынатын және әртүрлі нарықтарға қызмет көрсететін бизнестің стратегиялық бағыттары.

ҚМГ қызметі мынадай операциялық сегменттерді қамтиды: барлау және мұнай мен газ өндіру, мұнайды тасымалдау, өңдеу және шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу, корпоративтік орталықтың қызметі және басқалар (мұнай сервистік және басқа да маңызды емес ұйымдар). Компания корпоративтік орталықтың қызметін бөліп көрсетеді, өйткені ҚМГ бас компанияның функцияларын орындап қана қоймай, операциялық қызметті де (АМӨЗ‑де және ПМХЗ‑да шикі мұнайды өңдеу, алынған мұнай өнімдерін ішкі және экспорттық нарықтарда сату) жүзеге асырады.

EBITDA
Активтердің құрылымы
Барлау және мұнай‑газ өндіру Мұнай тасымалдау Өңдеу және шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу Корпоративтік орталық Басқалары
«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) — 100 % «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) — 90 % «Павлодар мұнай‑химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) — 100 % «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның КО «KMG Drilling & Services» ЖШС — 100 %
«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) — 100 %
  • «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ— 100 %
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) — 99,53 % «Oil Services Company» ЖШС — 100 %
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) — 100 %
  • «Қазақстан‑Қытай Құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) — 50 %
KMG International N.V. — 100 % «Oil Construction Company» ЖШС — 100 %
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС (ӨО) — 100 %
  • «МұнайТас» СБҚК» ЖШС — 51 %
  • Rompetrol Rafinare SA «Петромидия» (Петромидия) — 54,6  %
«Кен‑Құрылыс‑Сервис» ЖШС — 100 %
«KMG Barlau» ЖШС — 100 % «Каспий Құбыр желісі Консорциумы — Р» АҚ (КҚК‑Р)19 % үлесі ҚМГ‑ға тікелей, 1,75 % үлесі Қазақстан Пайплайн Венчурс компаниясы арқылы тиесілі. — 20,75 %
  • Rompetrol Rafinare SA «Вега» (Вега) — 54,6%)
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС (ҚазГӨЗ) — 100 %
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС — 100 % «Каспий Құбыр желісі Консорциумы — Қ» АҚ (КҚК‑Қ)19 % үлесі ҚМГ‑ға тікелей, 1,75 % үлесі Қазақстан Пайплайн Венчурс компаниясы арқылы тиесілі. — 20,75 % «ҚазМұнайГаз ‑ Аэро» ЖШС — 100 % «KMG PetroChem» ЖШС — 100 %
Dunga Operating Gmbh (Доңға)Dunga Operating GmbH – 100 % шоғырландырылған еншілес кәсіпорын, Доңға жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы келісімшартта 60 % үлеске иелік етеді. –60 % «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) — 100 % «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП)49,72 % — Valsera Holdings B.V.‑ге өткізілген 50 % иеленуі арқылы жанама қатысу үлесі, аталмыш компания өз кезегінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС‑нің (ПҚОП) 99,43 % иелік етеді. ПҚОП‑қа қатысты Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік нәтижелерін бағалау кезінде өндіріске қатысудың 50 % үлесі ескеріледі. — 49,72 % «ҚазРосГаз» ЖШС (ҚРГ) — 50 %
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) — 50 % «KC Energy Group» ЖШС — 49 % «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) — 49,5 %
«Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) — 50 % «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС — 49 %
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (ҚОА) — 50 % «KMG Parker Drilling Company» ЖШС — 49 %
«Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) — 50 % «KMG Automation» ЖШС — 49 %
PetroKazakhstan Inc. — 33 % «ТеңізСервис» ЖШС — 48,996 %
«Силлено» ЖШС29,9 % үлесі ҚМГ‑ға тікелей тиесілі, 10,1 % үлесі еншілес кәсіпорны «KMG PetroChem» ЖШС арқылы тиесілі. –40 %
Мегажобалар:
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО, Теңіз) — 20 %
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО, Қарашығанақ)«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС – 100  % шоғырландырылған еншілес кәсіпорын, Қарашығанақ жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімде 10  % үлеске иелік етеді. –10 %
North Caspian Operating Company N.V. (NCOC, Қашаған)«ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясы ‑ 100  % шоғырландырылған еншілес кәсіпорын, Солтүстік Каспий жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы келісімде 16,88 % үлеске иелік етеді. — 16,88 %

Шоғырландыру периметрі

Сегменттер бойынша 2023, 2024 және 2025 жылдардағы EBITDA көрсеткіші

Сегмент Өлшем бірлігі 2023 2024 2025 Өзгеруі
Барлау және мұнай мен газ өндіру млн теңге 1 442 479 1 491 060 1 596 547 105 487
млн АҚШ долл. 3 162 3 177 3 063 (115)
% 72 74 67 (7) т.т.
Мұнай тасымалдау млн теңге 199 090 219 479 346 481 127 002
млн АҚШ долл. 436 468 665 197
% 10 11 15 4 т.т.
Өңдеу және шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу млн теңге 397 248 371 741 480 614 108 873
млн АҚШ долл. 871 792 922 130
% 20 19 20 1 т.т.
Корпоративтік орталық млн теңге (21 397) (65 614) (12 684) 52 930
млн АҚШ долл. (47) (140) (24) 115
% (1) (3) (1) 2 т.т.
Басқасы млн теңге 8 779 2 412 (12 425) (14 837)
млн АҚШ долл. 19 5 (24) (29)
% 0 0 (1) (1) т.т.
Элиминация млн теңге (19 584) (18 158) (5 174) 12 984
млн АҚШ долл. (43) (39) (10) 29
% (1) (1) 0 1 т.т.
EBITDA млн теңге 2 006 615 2 000 920 2 393 359 392 439
млн АҚШ долл. 4 398 4 264 4 591 328

Ақша қаражатының қозғалысы

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2023 2024 2025 Өзгеруі
Операциялық қызметтен түскен таза ақша ағындары млн теңге 1 667 614 1 843 852 1 900 424 56 572
Инвестициялық қызметте пайдаланған таза ақша ағындары млн теңге (759 636) (1 042 955) (1 175 772) (132 817)
Қаржы қызметінде пайдаланған таза ақша ағындары млн теңге (604 362) (780 560) (681 273) 99 287
Айырбастау бағамы өзгерісінің ақша қаражаты мен олардың баламаларына ықпалы млн теңге (15 942) 145 268 (61 633) (206 901)
Күтілетін кредиттік шығындар үшін резервтегі өзгеріс млн теңге 14 (27) (12) 15
Ақша қаражаты мен олардың баламаларындағы таза өзгеріс млн теңге 287 688 165 578 (18 266) (183 844)
Ақша қаражаты мен олардың баламаларындағы таза өзгеріс млн АҚШ долл. 631 353 (35) (388)
Қаражаттың және бос ақша ағыны көздері және оларды пайдалану, млн АҚШ доллары

Ақша қаражаты және олардың баламалары

Шоғырландырылған ақша қаражаттары мен олардың баламалары, оның ішінде депозиттер түріндегі ақша қаражаттары 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2024 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 12,2 % ұлғайып, 3 147 млрд теңгені құрады. Доллардағы көрсеткіш 2024 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 16,6 % артып, 6 225 млн АҚШ долларын құрады.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд, млн АҚШ доллары
Компания 2023 2024 2025
 ТШО 936 831 1 311
 КҚК 250 226 276
 Petrosun 86 104
 KC Energy Group 77
 ҚГМ 35 50 55
 ММГ 95 38
 ҚРГ 1 114 37
 PetroKazakhstan Inc. 6 38 29
 ҚҚҚ 5 17 29
 Басқалары 40 19 38

Алынған дивиденд

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд көлемі 40,5 % өсіп, 2024 жылғы 701 млрд теңгемен (1 494 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 985 млрд теңгені (1 890 млн АҚШ доллары) құрады. Өсудің негізгі драйверлері – ТШО‑дан түскен дивидендтердің 390 млрд теңгеден (831 млн АҚШ доллары) 684 млрд теңгеге дейін (1 311 млн АҚШ доллары) өсуі, КҚК жобасынан дивидендтердің 35,8 %, яғни 144 млрд теңгеге дейін (276 млн АҚШ доллары) артуы, сондай‑ақ ҚҚҚ және ҚГМ түсетін дивиденд көлемінің өсуі дивидендтердің артуына байланысты.

Төленген дивиденд

2025 жылы Компания 2024 жыл үшін бір акцияға 491,71 теңге мөлшерінде дивиденд есептеп, жалпы сомасы 300 млрд теңгеге (575 млн АҚШ доллары) дивиденд төледі. 2024 жылы ҚМГ 2023 жыл үшін бір акцияға шаққанда 491,71 теңге мөлшерінде дивиденд есептеп, жалпы сомасы 300 млрд теңгеге (639 млн АҚШ доллары) төледі.

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2023 2024 2025 Өзгеруі
Активтер
Негізгі құралдар млн теңге 7 171 242 7 834 160 7 590 629 (243 531)
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға құйылған инвестиция млн теңге 4 821 427 5 378 513 4 933 962 (444 551)
Ұзақ мерзімді банк салымдары млн теңге 63 891 74 329 73 271 (1 058)
Өзге де ұзақ мерзімді банк салымдары млн теңге 1 447 504 1 641 975 1 761 943 119 968
Қысқа мерзімді банк салымдары млн теңге 997 012 1 513 816 1 875 464 361 648
Ақша қаражаты және олардың баламалары млн теңге 1 050 873 1 216 451 1 198 185 (18 266)
Өзге де қысқа мерзімді банк салымдары млн теңге 1 388 972 1 274 898 1 414 493 139 595
Сатуға арналған деп жіктелген активтер млн теңге 180 505 498 (7)
Активтер, барлығы млн теңге 16 941 101 18 934 647 18 848 445 (86 202)
Активтер, барлығы млн АҚШ долл. 37 269 36 058 37 285 1 226
Капитал және міндеттемелер
Капитал, барлығы млн теңге 10 396 614 11 924 284 11 924 284 462 041
Капитал, барлығы млн АҚШ долл. 22 872 22 708 24 502 1 793
Міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қарыздар млн теңге 3 365 736 3 644 111 3 243 524 (400 587)
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер млн теңге 1 644 533 1 922 569 1 806 204 (116 365)
Қысқа мерзімді қарыздар млн теңге 391 358 323 290 278 423 (44 867)
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер млн теңге 1 142 860 1 120 393 1 133 969 13 576
Міндеттемелер, барлығы млн теңге 6 544 487 7 010 363 6 462 120 (548 243)
Міндеттемелер, барлығы млн АҚШ долл. 14 397 13 350 13 350 12 783 (567)
Капитал мен міндеттемелер, барлығы млн теңге 16 941 101 18 934 647 18 848 445 (86 202)
Капитал мен міндеттемелер, барлығы млн АҚШ долл. 37 269 36 058 37 285 1 226

Қарызды басқару

Компанияның қаржылық міндеттемелері облигациялар мен қарыздардан тұрады. Қарыз портфелі негізінен негізгі кірістердің валютасы — АҚШ долларымен есептеледі. Осылайша, туынды қаржы құралдарын қолдану қажетінсіз валюталық тәуекелді органикалық түрде хеджирлеу әсеріне қол жеткізіледі.

Жалпы қарыз

ҚМГ‑ның жалпы борышы негізінен АҚШ долларымен номинацияланған (2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 69 %). Есепті кезең ішінде Компания қарыз деңгейін 2024 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда доллармен 7,8 %, яғни 6 967 млн АҚШ долларына дейін және теңгемен 11,2 %, яғни 3 522 млрд теңгеге дейін төмендетті.

2025 жылғы қазанда Компания 1 250 млн қытай юані мөлшерінде, купондық мөлшерлемесі 2,95 %, кірістілігі 3,15 % және өтеу мерзімі 5 жыл болатын қытай юанімен номинацияланған облигациялар шығарды. Шығарылым Гонконг қор биржасында және Астана халықаралық биржасында тіркелді.

2025 жылдың желтоқсанында Компания 2047 және 2048 жылдары өтелуі тиіс және номиналды құны 500 млн АҚШ доллары мөлшерінде Лондон қор биржасында орналастырылған облигацияларды мерзімінен бұрын ішінара сатып алды.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыздар АМӨЗ және KMG International қарыздарының толық және ішінара өтелуін көрсетіп, 29,0 %, яғни 482 млрд теңгеге дейін (954 млн АҚШ доллары) азайды.

2025 жылы АМӨЗ Халық банкінен алған қарызды жалпы сомасы 65 млрд теңге көлемінде, оның ішінде пайыздарды толық өтеді.

2025 жылы KMG International Bank of Tokyo‑Mitsubishi UFJ, Ltd. қарызын, соның ішінде пайыздық мөлшерлемерін 76 млн АҚШ доллары (40 млрд теңгеге тең) сомасына ішінара өтеді.

2025 жылы ҚР Энергетика министрлігінің Абай жобасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу туралы хабарламасы негізінде Компания Эни Исатайдан 25 млрд теңге сомасында алынған қарызды, оның ішінде пайыздарды есепке алуды тоқтатты.

Таза қарыз

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза қарыз 375 млрд теңгені (742 млн АҚШ доллары) құрады, 2024 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда теңгемен 67,7 % және доллармен есептегенде 66,5 % төмендеді.

Таза қарыз, млн АҚШ доллары
Қарызды өтеу кестесі (номинал бойынша)KMG International кредиттік желілерін, овердрафт пен сауда қаржыландыруды қоспағанда (2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша).млн АҚШ доллары
Компания 2026 2027 2028 2029 2030 2031 2032 2033 2035 2047 2048
 Облигация 16 266 16 16 1 445 16 16 760 1 487 1 000 1 250
 Қарыз 99 57 39 41 20 11 22 6 0 0 0
Таза қарыз
Борыштық жүктемені тиімді басқару

Борыштық жүктемесі жоғары болған кезеңнен бастап таза қарыздың тарихи төмен деңгейіне дейін

Алғышарттары: Жоғары борыштық жүктемені қалыптастыру (2005–2014 жылдар):

2005‑2014 жылдары ҚМГ борыштық жүктемесінің өсуі капиталды қажет ететін өсу стратегиясының іске асырылуына байланысты болды. Бұл кезеңде Компания қаржыны ірі активтерді сатып алуға және инвестициялық бағдарламаны іске асыруға жұмсады, атап айтқанда:

Бұл стратегияны іске асыру Компанияның болашақ операциялық өсуінің негізін қалағанымен, борыштық жүктеменің едәуір ұлғаюына әкелді: 2014 жылдың соңына қарай ҚМГ‑ның жалпы қарызы шамамен 19,2 млрд АҚШ долларын, таза қарыз — 10,3 млрд АҚШ долларын құрады.

ҚМГ‑ның жалпы қарыз бен таза қарызының динамикасы, млн. АҚШ доллары
2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
 Жалпы қарыз 19 161 9 496 9 219 12 943 10 810 10 030 9 690 8 676 8 980 8 265 7 555 6 967
 Ақша қаражаттары мен депозиттер 8 853 5 196 6 334 8 881 5 149 3 859 3 528 4 082 4 324 4 646 5 341 6 225
 Таза қарыз 10 308 4 300 2 885 4 062 5 661 6 171 6 162 4 594 4 655 3 620 2 214 742

Борыштық жүктеме траекториясының өзгеруі (2015)

2015 жылы қолайсыз баға конъюнктурасы жағдайында ҚМГ өтімділіктің жоғары қысымына және қаржы келісімдерін бұзу тәуекеліне тап болды, бұл борыштық міндеттемелерді басқару тәсілдерін қайта қарауды талап етті.

Мемлекеттің ҚМГ‑ға стратегиялық маңызы бар ұлттық актив ретінде көрсеткен қолдауының арқасында активтер құрылымын оңтайландыру жөніндегі іс‑шаралар кешені іске асырылды, оның аясында 4,7 млрд АҚШ доллары қамтамасыз етілді, нәтижесінде төмендегі шаралар қолға алынды:

  • қарыздың шамамен 2,2 млрд АҚШ долларын денконсолидациялау;
  • номиналды құны 3,7 млрд АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу.

Аталған шараларды іске асыру ҚМГ‑ға өтімділігін тұрақтандыруға және қаржы ковенанттарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Борыштық жүктемені жүйелі түрде азайту және қаржы тәртібі (2016–2025 жылдар)

ҚМГ 2016 жылдан бастап бос ақша ағынын тұрақты генерациялау кезеңіне көшті. Операциялық көрсеткіштердің, соның ішінде жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу және негізгі инвестициялық жобаларды аяқтау нәтижесінде жақсаруы, борыштық жүктемені азайту саясатын дәйекті жүзеге асыруға негіз болды.

Аталған кезеңде ҚМГ борышты басқарудың жүйелі шаралар кешенін іске асырды, соның ішінде:

  • еурооблигациялар мен банктік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеуді қоса алғанда, қарыз алу көлемін қысқарту
  • ковенанттар пакетін қайта қарау мен жақсартуды қоса алғанда, жария қарыз параметрлерін оңтайландыру;
  • мұнай авансын мерзімінен бұрын өтеу;
  • бейінді емес активтерді сату.

2025 жылғы ҚМГ‑ның борыштық позициясы: стратегияның нәтижесі

Таза қарыздың тарихи төмен деңгейі

  • Таза қарыз — 742 млн АҚШ доллары
  • Net Debt / EBITDA — 0,16x (АҚШ долларымен)

Өтімділіктің жоғары деңгейі

  • Ақша қаражаты және депозиттер — 6,2 млрд АҚШ доллары

Сенімді қарыз алушы ретіндегі беделі

  • Инвестиялық кредиттік рейтинг
  • Халықаралық капитал нарықтарына шамамен 20 жыл бойы қатысу.

Мемлекеттің қолдауымен қаржы саясатын дәйекті іске асыру ҚМГ‑ға борыштық жүктемені едәуір төмендетуге және инвестициялық қызмет пен борышты басқаруда теңгерімді тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Компания 2021 жылы қабылданған қаржылық стратегия аясында борышты басқаруға және қаржылық тұрақтылықты сақтауға қатысты консервативті көзқарасын сақтап келеді.