Қорлар

Халықаралық тәуелсіз DeGolyer and MacNaughton компаниясы жүргізген аудитке сәйкес, PRMSPetroleum Resources Management System. халықаралық стандартымен 2025 жылдың
31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 724 млн тонна м.э. (5 626 млн баррель м.э.) құрады. 2024 жылмен салыстырғанда 2P санатындағы қорлар деңгейі өзгеріссіз қалды, өндірілетін көмірсутектер көлемін толықтыру 100 % болды. Қорды толықтыру жүргізілген геологиялық‑техникалық іс‑шаралар нәтижелерін ескере отырып қорлар санатын өзгерту, жекелеген кен орындарында қайта бағалау жүргізу, сондай‑ақ Қашаған мен Доңға жобалары бойынша қорларды қайта есептеу есебінен қамтамасыз етілді.

Халықаралық PRMS жүйесі бойынша қорларды жыл сайынғы бағалау компанияның қорлармен қамтамасыз етілуін қолдау бойынша жобалық және нақты іс‑шаралар тұрақты бақылауда екенін көрсетеді. Дәлелденген қорлардың еселігі (1P) 13 жылды құрайды, бұл әлемдегі ең ірі халықаралық мұнай компаниялары арасындағы орташа көрсеткіштен жоғары (шамамен 11 жыл). Бұл ретте 2Р санаты бойынша қорлардың еселігі (дәлелденген + ықтимал) 22 жылды құрайды.

2Р санаты бойынша қорлардың толықтыру коэффициенті — 100 %.

Қорлар
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша PRMS бойынша таза қорНетто‑қорлар: 1) басқа Тараптарға тиесілі барлық үлестерді шегергеннен кейін ҚМГ қатысу үлесіне; 2) ҚМГ‑ға жатпайтын, бірақ компания бақылауға алатын үлестерге қатысты барлық қорлардың бөлігі ретінде айқындалады. (алдын ала)
Қор санаты Көмірсутек, млн барр. м.э. КөмірсутекСұйық көмірсутектер (мұнай + конденсат, сұйытылған табиғи газды қоса алғанда) және тауарлық газ бойынша деректер мұнай эквивалентінде (м.э.) келтірілген. Газды аудару коэффициенттері: 1 млн м³ = 0,7728 мың т м.э.; 1 млн куб. фут = 0,1667 мың барр. м.э., млн тонна м.э.
2023 2024 2025 2023 2024 2025
Дәлелденген (1P) 3 943 3 497 3 533 507 452 455
Дәлелденген + ықтимал (2P) 5 680 5 551 5 626 733 716 724
Дәлелденген+ықтимал+ болжамды (3P) 6 502 6111 6 214 842 794 805
2025 жылғы PRMSPRMS бойынша қор көлемдері (мұнай + конденсат) табиғи газды, ілеспе газды және өзге де көмірсутектерді есепке алмағанда көрсетілген. стандарттарына сәйкес сұйық көмірсутектер бойынша (мұнай+конденсат) 2Р‑қорының өзгеру себептерін талдау, млн тонна

PRMS (2Р санаты, ~592 млн тонна) стандарттары бойынша сұйық көмірсутектер (мұнай және конденсат) қорларын жылдық бағалау компанияның ресурстық базасындағы динамика мен негізгі өзгерістерді көрсетеді. Есепті кезеңде өндірудің нақты көлемі 26,2 млн тоннаны құрады, бұл қорлардың тұрақтылығын талдау кезінде маңызды фактор болып саналады.

Қорларды толықтыру бірнеше маңызды факторлар — қолданыстағы ұңғымалар қоры бойынша геологиялық‑техникалық іс‑шаралар көлемінің ұлғаюымен игеру жоспарларының өзгеруі және қорлар санаттарын қайта бағалау есебінен қамтамасыз етілді, бұл «Ембімұнайгаз» (С.Нұржанов, Шығыс Молдабек, Оңтүстік‑Шығыс Новобогатинск, Батыс Прорва) және «Маңғыстаумұнайгаз» (Жетібай) активтеріндегі кен орындарында техникалық көлемдердің қайта қаралуына әкелді. Сонымен қатар қорларды толықтыруда Қашаған және Доңға жобалары үшін сату бағасының төмендеуі өз септігін тигізді, нәтижесінде ҚМГ‑ның есептік үлесі ұлғайып, бұл кен орындарды пайдалану мерзімдері ұзартылды.

PRMS стандарттары бойынша қор көлемдерін бағалауға экономикалық факторлар жағымсыз әсер етті, соның ішінде USD/KZT бағамының бір АҚШ доллары үшін 470 теңгеден 540 теңгеге дейін өзгерунің макроэкономикалық болжамдары, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 75 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына дейін түсуі, сондай‑ақ эксплуатациялық шығындардың артуы бар (ӨМГ, ҚБМ және басқалар).

Осылайша, макроэкономикалық факторлардың кері әсеріне және операциялық шығындардың ұлғаюына қарамастан, ескі кен орындарында жүргізілген геологиялық‑техникалық іс‑шаралар бойынша жұмыстардың тиімділігі есебінен қорларды толықтыру және Қашаған мен Доңға кен орындары жобаларын пайдалану мерзімдерін ұзарту компанияның ресурстық базасының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді.