Сервистік жобалар

ҚМГ инфрақұрылымды жаңғыртуға және операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған мұнай сервисі блогын дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыруда. Бағдарламаның стратегиялық басымдықтары – компания өз қызметін жүргізетін өңірлерді сумен сенімді жабдықтау, сервистік активтердің залалсыз деңгейіне қол жеткізу, сондай‑ақ арнайы техника паркін және өндірістік базаларды жаңарту.

Сервистік кәсіпорындардың инфрақұрылымына жөндеу базалары, логистикалық орталықтар және көлік парктері кіреді. 2025 жылы процестерді автоматтандыруға және халықаралық сапа стандарттарын (API Spec Q2) енгізуге баса аударылды.

Мұнай сервисі активтерінің тиімділігін арттыру

Компания бөлек есепке алу және автоматтандыру жүйесін енгізу арқылы сервистік кәсіпорындарды залалсыздық деңгейіне шығару бағдарламасын іске асырып келеді.

  • «Мұнайтелеком» ЖШС American Petroleum Institute тарапынан қорытынды аудит жүргізді және 2026 жылы API Q2 сертификатын алуды жоспарлап отыр (мұнай сервисі бөлімшелері арасында екінші сертификат). 2026 жылға басқа активтерді сертификаттау жұмысы жоспарланған.

Автокөліктер мен техниканы жаңарту

2024‑2026 жылдарға арналған арнайы техниканы жаңарту бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Қаламқас және Жетібай кен орындары үшін («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ) 408 бірлік көлік құралын жаңарту қарастырылған.

ҚМГ ЕТҰ‑ның автопаркін жаңарту, бірл.

Компанияның атауы, 100 % ҚМГ үлесі 2025 2026
Нақты Жоспар
ОТК («Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС) 105 96
ОСК («Oil Services Company» ЖШС) 2 25
ӨМС («ӨзенМұнайСервис» ЖШС) 0 5

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

  • «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС: Жетібай кен орнында жаңа өндірістік база салуға келісімшарттар жасасты, мердігер компаниясының техникасын жұмылдыру жүргізілуде.
  • «ӨзенМұнайСервис» ЖШС: өндірістік базаның құрылысы аяқталды, нысанды пайдалануға қабылдау актісіне 2025 жылғы 3 желтоқсанда қол қойылды.