Корпоративтік басқару жүйесі
ҚМГ корпоративтік басқару жүйесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын, сондай‑ақ акционерлер (соның ішінде мажоритарлық акционерлер: «Самұрық‑Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» РММ), Директорлар кеңесі, Басқарма және мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым қатынастар жүйесін білдіреді.
ҚМГ органдары құзыреттерінің аражігі нақты ажыратылған және ҚМГ Жарғысында бекітілген.

Корпоративтік басқару жүйесінің құрылымы
ҚМГ корпоративтік басқару жүйесі акционерлердің және негізгі мүдделі тараптардың: мемлекеттің, стратегиялық серіктестер мен контрагенттердің (жеткізушілер мен сатып алушылар), инвесторлардың, ҚМГ қызметкерлерінің, муниципалитеттердің, жергілікті қоғамдастықтардың және Компания қызметін жүзеге асыратын өңірлер тұрғындарының құқықтары мен заңдық мүдделерін құрметтеуге негізделеді.
Компанияның корпоративтік басқару жүйесі қазақстандық және халықаралық корпоративтік басқару тәжірибесінің талаптары мен стандарттарын ескере отырып, үнемі жетіліп отырады.
Корпоративтік басқару жүйесін дамыту
ҚМГ корпоративтік басқару саласындағы үздік тәжірибелерге сәйкес болуға ұмтылады және жоғары корпоративтік басқару стандарттары мен ашықтық Компанияның инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тиімділігін арттырудың маңызды факторлары екенін түсінеді. Бұл өз кезегінде әлеуетті инвесторлар, контрагенттер және өзге де стейкхолдерлердің сенімін нығайтуға, Компания ресурстарын тиімсіз пайдаланумен байланысты тәуекелдерді азайтуға, оның құнын арттыруға және жалпы әл‑ауқаттың өсуіне ықпал етеді.
2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі мажоритарлық акционер «Самұрық‑Қазына» АҚ‑ның үздік тәжірибелері мен талаптарын басшылыққа ала отырып, компаниядағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырды. 2025 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі мақұлдаған, оның ішінде ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының бекітуіне шығарылған негізгі өзгерістер ҚМГ‑ның негізгі құжаттары мен ішкі саясатына әсер етті.
2025 жылдың қазан айында ҚМГ Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясы бекітілді. Жаңартылған құжат акционерлермен өзара іс‑қимылдың өзекті қағидаттарын айқындап, Директорлар кеңесі мен атқарушы орган жұмысының тиімділігіне қойылатын талаптарды күшейтті, сонымен қатар тұрақты даму және ESG қағидаттарына ерекше назар аударылды.
2025 жылы Директорлар кеңесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ‑ның Іскерлік әдеп кодексін, ҚМГ және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі саясатты, сондай‑ақ аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы ҚМГ саясатын жаңа редакцияда бекітті.
Бұл шешімдер ҚМГ‑дағы корпоративтік басқару жүйесінің ашықтығын, есептілігін және тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.
Корпоративтік басқару мен іскерлік әдеп қағидаттары мен нормаларының сақталуын бақылау – ҚМГ Директорлар кеңесі қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Ал ҚМГ корпоративтік хатшысы корпоративтік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіру жұмыстарын үйлестіреді.
ҚМГ‑ның корпоративтік басқару тәжірибесін қалыптастыру мен жақсартудың көздейтін басты құжат – ҚМГ‑ның корпоративтік басқару кодексі 2025 жылдың 13 қазанындағы ҚМГ Акционерлерінің жалпы жылдық жиналысында бекітілген (№3/2025 хаттама, №1 мәселе). (бұдан әрі – Корпоративтік басқару кодексі, Кодекс). Кодекс Қазақстанда және әлемде дамып келе жатқан корпоративтік басқару тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Самұрық Қазына» АҚ‑ның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.
Кодекс компаниядағы корпоративтік басқару жүйесі негізделетін қағидаттарды бекітеді.
ҚМГ‑ның Директорлар кеңесі мен Аудит жөніндегі комитеті Кодекстің ережелерін компанияға енгізуді бақылайды.
Кодекстің талаптарына сәйкес, Корпоративтік хатшы жыл сайын компанияның Comply or explain («Ұстан немесе түсіндір») тәсілін қолдана отырып, оның қағидаттары мен ережелерінің сақтауын талдайды. Қазіргі уақытта Кодекс талаптарының басым бөлігі сақталып келеді. Оның жекелеген ережелерін ішінара ұстанбау жағдайлары себептерімен бірге Кодекстің қағидаттары мен ережелерін ұстану/ұстанбау туралы 2025 жылдың есебінде (бұдан әрі – Ұстану туралы есеп) көрсетілген. ҚМГ-ның 2025 жылы Кодекстің қағидаттары мен ережелерін ұстану туралы есебімен жылдық Есепке берілген. ҚМГ-ның 2025 жылы Кодекстің қағидаттары мен ережелерін ұстану туралы есебімен жылдық Есепке берілген қосымшада танысуға болады.
Бірнеше жыл бойы ҚМГ Корпоративтік хатшысының қызметіне сәйкес корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіру бойынша ҚМГ қызметін дәйекті және жүйелі негізде ұйымдастырып келеді. Корпоративтік басқару саласын жақсарту мақсаттарын белгілеу мен процесті қадағалау үшін компания 2016 жылдан бастап дауыс беретін акцияларының 50 %‑дан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық – Қазына» АҚ‑ға тиесілі заңды тұлғаларда корпоративтік басқаруды диагностикалау әдістемесін (бұдан әрі – Әдістеме) пайдаланады.
Әдістеме тәуелсіз тараптың компанияны корпоративтік басқару бойынша сараптамасының (аудитінің) нәтижелері бойынша рейтинг беруді көздейді. Мұндай сараптама тұрақты негізде жүргізіледі.
Сараптама нәтижелері бойынша әдістеме негізінде ҚМГ Корпоративтік хатшысының қызметі корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша жоспар жасайды, оны орындау нәтижелері тұрақты негізде Директорлар кеңесінің және компанияның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің назарына жеткізіледі.
2021 жылы тәуелсіз консультант PricewaterhouseCoopers компаниясы жүргізген корпоративтік басқарудың кезекті тәуелсіз сараптамасының нәтижелері бойынша Әдістеме негізінде ҚМГ‑ге корпоративтік басқару рейтингі «ВВВ» деңгейінде берілді, бұл компания қол жеткізген прогресті көрсетті (2018 жылы жүргізілген алдыңғы сараптаманың нәтижелері бойынша компанияға «ВВ» рейтингі берілген) және Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің көпшілігіне жауап беретінін және бұл ретте компанияда жүйенің тиімді жұмыс істейтінін растады.
Компания жоғарыда көрсетілген ұсынымдарды ескеріп, оларды корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспарға енгізді. Осыған байланысты 2025 жыл ҚМГ корпоративтік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған іс‑шараларды жоспарлы түрде іске асыруға арналды. Атап айтқанда, бұл жұмыс ҚМГ акционерлерінің құқықтары, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит, тұрақты даму, ҚМГ Директорлар кеңесінің жұмыс динамикасын (стратегия мен нәтижелер мониторингіндегі Директорлар кеңесінің рөлі, Директорлар кеңесінің комитеттері, атқарушы органды басқару, ESG, ашықтық) сондай‑ақ ҚМГ Директорлар кеңесі мен атқарушы органы қызметінің тиімділігі сияқты бағыттарды қамтыды. Жоспар Әдістеменің бөлімдеріне сәйкес құрылымдалып, нақты іс‑шараларды, күтілетін нәтижелерді және оларды іске асыру мерзімдерін қамтиды. Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспардың мақсаты – «А» рейтингіне қол жеткізу. Бұл корпоративтік басқару жүйесінің белгіленген өлшемдердің басым көпшілігіне сәйкес келетінін және оның барлық маңызды аспектілер бойынша тиімділігі жеткілікті деңгейде расталғанын білдіреді.
Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, ҚМГ корпоративтік хатшысы корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізеді және осы жоспардың орындалуы туралы есептерді Аудит жөніндегі комитет пен Директорлар кеңесі қарап, ҚМГ менеджментіне кері байланыс беріп отырады.
2025 жылы ҚМГ корпоративтік басқармасының тәуелсіз диагностикасы жүргізілген жоқ.
Корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында «Самұрық‑Қазына» АҚ және ҚМГ‑ның 2031 жылға дейінгі даму стратегияларында «Корпоративтік басқару рейтингі» ҚБК‑ның жоғары көрсеткіштеріне жету бойынша негізгі кезеңдер айқындалды. Бұл ҚМГ ның мажоритарлы акционері – «Самұрық‑Қазына» АҚ, Директорлар кеңесі, Аудит жөніндегі комитеті және компанияның менеджмент тарапынан корпоративтік басқаруға жоғары көңіл бөлінгенін айғақтайды.
Жалпы, компаниядағы корпоративтік басқаруды жетілдіру – үздіксіз жүретін процесс, оның маңызды міндетіне тәуелсіз тараптан рейтинг алу және жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар алу жатады.