Корпоративтік хатшы
Корпоративтік хатшы – Компания қызметкері және өз міндеттерін тәуелсіз негізде жүзеге асырады. Ол қызметке ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады және қызметінен босатылады, әрі функционалдық тұрғыдан ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп береді. Корпоративтік хатшының өкілеттік мерзімі, функциялары және бюджеті ҚМГ Директорлар кеңесімен айқындалады. Корпоративтік хатшының қызметі ҚМГ Директорлар кеңесі бекіткен және ҚМГ‑ның ресми веб‑сайтында орналастырылған Корпоративтік хатшы туралы ережемен реттеледі. Ол өз қызметін тәуелсіз негізде жүзеге асырады және ҚМГ‑да өзге функциялармен қатар атқармайды. Корпоративтік хатшының негізгі міндеті – ҚМГ мен акционер, акционерлер мен Директорлар кеңесі, Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі, Омбудсмен, Басқарма және ҚМГ‑ның өзге де органдары арасындағы жүйелі коммуникацияларды қамтамасыз ету.
Корпоративтік хатшының міндеттері Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің қызметін толық қамтамасыз етуді, акционерлер тарапынан корпоративтік шешімдердің уақтылы және сапалы қабылдануына жәрдемдесуді, Директорлар кеңесінің мүшелері үшін олардың қызметінің және Кодекс ережелерін қолданудың барлық мәселелері бойынша кеңесші рөлін орындауды, сондай‑ақ Кодекстің іске асырылуына мониторинг жүргізуді қамтиды. Корпоративтік хатшы ҚМГ‑дағы корпоративтік басқару практикасын жетілдіру процесіне жауап береді. Корпоративтік хатшы – өз міндеттерін тәуелсіз негізде жүзеге асыратын және Директорлар кеңесіне есеп беретін компания қызметкері. ҚМГ Корпоративтік хатшысының байланыс деректері ҚМГ‑ның ресми веб‑сайтында орналастырылған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған күні: 1980 жыл 22 қаңтар.
Білімі:
- Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, мамандығы – «халықаралық құқық»
- Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, «Іскерлік әкімшілік шебері» бағдарламасы (MBA), мамандығы – «менеджмент»
- сертификатталған корпоративтік хатшы, корпоративтік хатшыларға арналған корпоративтік басқару саласындағы сертификатталған тренер, Samruk Business Academy тренері.
Жұмыс тәжірибесі
- 2001–2007 – Атырау облысындағы Теңіз кен орнында түрлі лауазым атқарды
- 2007‑2012 – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ
- 2012‑2014 – ҚМГ және «ҚазТрансГаз» АҚ
- 2015 жылғы 5 қаңтарынан бастап – ҚМГ Корпоративтік хатшысы
- 2023 жылғы 24 қарашадан бастап – Орталық Азия Корпоративтік хатшылар қауымдастығының құрметті мүшесі