Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитеттің есебі

Тағайындау мен сыйақы жөніндегі комитеттің құрамы (2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Холланд Филип Малкольм – 2020 жылғы қыркүйектен бастап Комитет төрағасы.
  2. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы – 2023 жылғы маусымнан бастап Комитет мүшесі.
  3. Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – 2023 жылғы тамыздан бастап Комитет мүшесі.
  4. Шәкіров Асқар Оразалыұлы – 2024 жылғы ақпаннан бастап Комитет мүшесі.

Кадр мәселелері – Компанияның тиімді жұмыс істеуінің маңызды бөлігі. Тағайындау мен сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін Компания қызметкерлерін тиісті тағайындау мен сыйақылары, сондай‑ақ оларды даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша ұсынымдарды Директорлар кеңесіне береді. Тағайындау үшін негізгі қағидаттар – кандидат құзыреттерінің лауазымның тиісті міндеттерін орындау үшін қажетті жоғары талаптарға сәйкес келуі, кандидаттың дағдыларының сәйкестігі және өз бағытында Компанияның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мүмкіндігі. Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет тұрақты негізде ҚМГ‑ның сабақтастық жоспарына / кадрлық резервіне енгізілген қызметкерлермен жүргізіліп жатқан жұмыстар, ҚМГ‑ның атқарушы органына кірмейтін жоғары әлеуетті қызметкерлерді дамыту және ҚМГ‑да таланттарды басқару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратты тыңдап отырды.

Есепті кезеңде тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет ҚМГ‑ның Адам құқықтары саласындағы саясатын бекіту туралы мәселе бойынша тиісті ұсынымды қарады және әзірледі.

2025 жылы Тағайындау және сыйақы жөніндегі комитетінің
16 отырысы өтті
Комитет 2025 жылы қараған негізгі қызмет бағыттары бойынша мәселелер
Сабақтастықты жоспарлау
  • ҚМГ‑ның сабақтастық жоспарына / кадрлық резервіне енгізілген қызметкерлермен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы, ҚМГ‑ның атқарушы органына кірмейтін жоғары әлеуетті қызметкерлерді дамыту және ҚМГ‑да таланттарды басқару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар
  • ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің корпоративтік басқару мәселелері бойынша оқуға деген қажеттілігі (халықаралық және/немесе ұлттық стандарттар бойынша сертификаттар алу мақсатында)
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің аға тәуелсіз директорын сайлау
  • ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасарын қызметке тағайындау
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа мүшесін сайлау
  • «қМГ Қарашығанақ» ЖШС Байқау кеңесі мүшелерінің және төрағасының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және оларды сайлау
  • «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС Байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату / жаңа мүшелерін сайлау
  • ҚМГ цифрлық даму департаментінің директорын қызметке тағайындау
  • ҚМГ‑ның еншілес және тәуелді ұйымдарында, сондай‑ақ бірлескен кәсіпорындарында кадрлық тағайындауларға қатысты бірқатар мәселелер
  • ҚМГ Корпоративтік хатшы қызметінің маманы Сания Әділқызы Мықтыбекованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату
  • ҚМГ Басқарма мүшесіне тәртіптік жаза қолдану
  • ҚМГ Басқарма мүшелерінің жеке даму жоспарларының орындалуы туралы есеп
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетінің 2024 жылғы қызметі туралы есеп
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Қызметті тұрақты және тиімді бағалауды қамтамасыз ету
  • ҚМГ‑ның корпоративтік басқаруын диагностикалау бойынша консультациялық қызметтерді сатып алуға арналған техникалық ерекшелікті қарау
  • ҚМГ Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің лауазымдарын бағалауды, Басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық жалақы схемасын жаңа редакцияда, ҚМГ басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қағидаларын жаңа редакцияда бекіту және Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақы мөлшерін айқындау
  • ҚМГ Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің лауазымдарын бағалауды жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ Корпоративтік хатшы қызметінің және ҚМГ Омбудсмені – Омбудсмен қызметінің басшысы лауазымдарының бағалауын қарау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі, Корпоративтік хатшы қызметі және Омбудсмен – ҚМГ Омбудсмен қызметінің басшысы лауазымдарының бағалауын бекіту
  • ҚМГ‑ның кейбір басшы қызметкерлерінің мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері карталарын және олардың 2025 жылға арналған нысаналы мәндерін жаңа редакцияда бекіту; ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасарының (корпоративтік даму бағыты бойынша) мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері картасын және олардың 2025 жылға арналған нысаналы мәндерін бекіту; ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасарының (газ жобалары және төмен көміртекті даму бағыты бойынша) мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері картасын және олардың 2025 жылға арналған нысаналы мәндерін күшін жойған деп тану
  • ҚМГ Басқарма төрағасының корпоративтік негізгі тиімділік көрсеткіштері және ҚМГ басшы қызметкерлерінің мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері карталары бойынша 2024 жылғы қорытынды нәтижелілікті бағалау
  • ҚМГ басшы қызметкерлерінің мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг жүргізу
  • ҚМГ Басқарма төрағасының корпоративтік негізгі тиімділік көрсеткіштері және олардың 2025 жылға арналған нысаналы мәндері, сондай‑ақ ҚМГ басшы қызметкерлерінің мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері карталары мен олардың 2025 жылға арналған нысаналы мәндерін жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ Корпоративтік хатшысының 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған мақсаттарын бекіту
  • ҚМГ Басқарма төрағасының корпоративтік негізгі тиімділік көрсеткіштері мен олардың 2026 жылға арналған нысаналы мәндерін, сондай‑ақ ҚМГ басшы қызметкерлерінің мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері карталары мен олардың 2026 жылға арналған нысаналы мәндерін бекіту
  • ҚМГ омбудсменінің мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері картасын және олардың 2026 жылға арналған нысаналы мәндерін бекіту
  • ҚМГ Омбудсмені – Омбудсмен қызметінің басшысына 2026 жылға арналған мақсаттарды бекіту
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС корпоративтік негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша (бас директор – Басқарма төрағасының мотивациялық көрсеткіштері) 2024 жылғы қорытынды нәтижелілікті бекіту және 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша бас директорға (Басқарма төрағасына) сыйақы төлеу
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директорының (Басқарма төрағасының) мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері болып табылатын корпоративтік негізгі тиімділік көрсеткіштерін және олардың 2025 жылға арналған нысаналы мәндерін бекіту
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директорының (Басқарма төрағасының) мотивациялық негізгі тиімділік көрсеткіштері болып табылатын корпоративтік негізгі тиімділік көрсеткіштерін және олардың 2026 жылға арналған нысаналы мәндерін бекіту
  • ҚМГ Омбудсменінің 2025 жылғы қызмет қорытындылары бойынша есебін қарау (ҚМГ Омбудсмен қызметінің 2025 жылғы жұмыс жоспарының орындалуы және атқарылған жұмыстар туралы есеп)
  • 2025 жылдың 11 айы ішінде келіп түскен өтініштер мен еңбек даулары бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелерін қарау (ҚМГ Омбудсменінің 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған мақсаттары)
  • ҚМГ Омбудсменінің қызмет нәтижелерін бағалау және қолданыстағы омбудсмен – Омбудсмен қызметінің басшысының өкілеттігін ұзарту арқылы омбудсменді қайта сайлау
  • ҚМГ Омбудсменінің 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған мақсаттарын бекіту
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің және ҚМГ корпоративтік хатшысының қызметін бағалау туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің, төрағасы мен мүшелерінің және корпоративтік хатшысының қызметін бағалау тәртібін бекіту
  • ҚМГ ішкі аудит, корпоративтік хатшы, комплаенс және омбудсмен қызметтері қызметкерлерін еңбекақы қоры бойынша үнемделген қаражат есебінен сыйақымен көтермелеу.
Тиімді кадр саясатын, еңбекақы төлеу және сыйақы жүйесін қамтамасыз ету
  • ҚМГ орталық аппаратының құрылымын бекіту
  • ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2025–2026 жылдарға арналған кәсіби даму бағдарламасын бекіту
  • ҚМГ Басқарма төрағасының лауазымдық нұсқаулығын және ҚМГ‑ның CEO‑1 деңгейіндегі лауазымдарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту
  • ҚМГ Іскерлік әдеп кодексін жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне өзгеріс енгізу және ҚМГ‑ның Адам құқықтары саласындағы саясатын бекіту
  • ҚМГ‑дағы CEO‑1 лауазымдарына кандидаттарды іздеу және іріктеу қағидаларын жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне өзгеріс енгізу және ҚМГ компаниялар тобына кіретін заңды тұлғалардың атқарушы органдары басшыларын іздеу және іріктеу, тағайындауды (сайлауды) келісу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту
  • ҚМГ ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесін толықтыру, сондай‑ақ жаңа редакцияда: ҚМГ ішкі аудит, корпоративтік хатшы, комплаенс және омбудсмен қызметтері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қағидаларын; аталған қызметтердің лауазымдық жалақы схемаларын; ішкі аудит, корпоративтік хатшы, комплаенс және омбудсмен қызметтерінің штаттық кестелерін; аталған қызметтердің қызметкерлерін бағалау қағидаларын бекіту, сондай‑ақ олардың лауазымдық жалақы мөлшерін айқындау
  • ҚМГ Басқарма мүшелерінің 2025 жылға арналған жеке даму жоспарларын қарау
  • 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша ҚМГ басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу
  • 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша ҚМГ Омбудсмені – Омбудсмен қызметінің басшысына төленетін сыйақы мөлшерін айқындау
  • ҚМГ ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізу және ҚМГ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету саясаты мен қағидаларының күшін жою
  • ҚМГ ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізу және ҚМГ ішкі аудит, комплаенс, корпоративтік хатшы және омбудсмен қызметтеріне персоналды қабылдау және бейімдеу қағидаларын бекіту, сондай‑ақ осы қызметтерге персоналды іздеу, іріктеу және таңдау қағидаларының күшін жою
  • ҚМГ Омбудсмен қызметінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Комитет мүшелерінің 2025 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырысының күні мен номері 1/2025 ‑ 04.02.2025 2/2025 ‑ 05.02.2025 3/2025 ‑ 03.03.2025 4/2025 ‑ 30.03.2025 5/2025 ‑ 15.04.2025 6/2025 ‑ 20.04.2025 7/2025 ‑ 13.05.2025 8/2025 ‑ 20.05.2025 9/2025 ‑ 23.05.2025 10/2025 ‑ 03.06.2025 11/2025 ‑ 01.07.2025 12/2025 ‑ 04.08.2025 13/2025 ‑ 09.09.2025 14/2025 ‑ 07.10.2025 15/2025 ‑ 02.12.2025 16/2025 ‑ 17.12.2025 Қатысу үлесі, %
Комитет мүшесінің аты‑жөні
Холланд Филип Малкольм + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы + + + + + + + + + + + + + + + 94
Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Шәкіров Асқар Оразалыұлы + + + + + + + + + + + + + + + + 100