Аудит жөніндегі комитеттің есебі

Аудит жөніндегі комитет – ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп беретін орган. Оған ҚМГ‑ның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қатысты тәсілдері үшін жалпы жауапкершілік жүктелген, сондай‑ақ қаржылық есептілік пен ішкі бақылау мәселелері бойынша ҚМГ акционерлерінің мүдделерін тиісінше қорғауды қамтамасыз етеді. Аудит жөніндегі комитет ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен сыртқы және ішкі аудит, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау мәселелерін, сондай‑ақ комплаенс, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын және ҚМГ‑ға қолданылатын өзге де реттеуші талаптарды сақтау саласындағы мәселелерді терең әрі сапалы қарау мақсатында құрылған. Комитет өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жан‑жақты талдау жүргізіп, ҚМГ Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар әзірлейді.

2025 жылы Аудит жөніндегі комитеттің 19 отырысы өткізіліп, 168 мәселе қаралды.

Аудит жөніндегі комитеттің құрамы (2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы – 2024 жылдың маусымынан бастап Комитет төрағасы.
  2. Холланд Филип Малкольм – 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Комитет мүшесі.
  3. Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – 2023 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі.

Аудит жөніндегі комитеттің әрбір мүшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында, ҚМГ Корпоративтік басқару кодексінде және ҚМГ Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген тәуелсіз директорларға қойылатын тәуелсіздік талаптарына сәйкес келеді.

2025 жылы Аудит жөніндегі комитеттің
19 отырысы өтті

Кодекске сәйкес, ҚМГ Директорлар кеңесі мен Аудит жөніндегі комитет жыл сайын ҚМГ Директорлар кеңесі бекіткен құрылымдалған рәсім шеңберінде Аудит жөніндегі комитет қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді.

Бағалау, оның ішінде, мынадай мәселелерді қарауды қамтиды:

  1. Аудит жөніндегі комитеттің қызмет тиімділігі және оның ҚМГ Директорлар кеңесімен және ҚМГ Басқармасымен өзара іс‑қимылы;
  2. Аудит жөніндегі комитет отырыстарындағы талқылаулардың сапасы.

Аудит жөніндегі комитет мүшелері ҚМГ‑ның қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау процесіне қатысады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 %-дан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне (2022 жылғы 3 наурыздағы Қор Басқармасының №193 хаттамасымен бекітілген) сәйкес Қор мен ҚМГ компаниялар тобы үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін жүргізетін Бірыңғай комиссия құрылған. Аудиторлық ұйымды таңдау рәсімінің нәтижелері бойынша Бірыңғай комиссия ҚМГ уәкілетті органына 2025–2029 жылдары ҚМГ қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін сыртқы аудитор ретінде «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС-ні айқындауды ұсынды (2024 жылғы 10 қаңтардағы хаттама).

2024 жылғы 28 мамырдағы ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен (№1/2024 хаттама, №5 мәселе) ҚМГ-ның 2025–2029 жылдардағы қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС бекітілді.

ҚМГ‑ның аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатына сәйкес, сыртқы аудитор аудитке жатпайтын қызметтерді көрсету үшін Аудит жөніндегі комитеттің рұқсатын алуы тиіс.

Сыртқы аудитордың аудитке жатпайтын қызметтер көрсетуіне рұқсат беру мәселелерін қарау барысында Аудит жөніндегі комитет ҚМГ Директорлар кеңесі бекіткен аталған саясатты басшылыққа алады. Бұл саясат сыртқы аудитордың аудиттік және аудитке жатпайтын қызметтер көрсету кезінде тәуелсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге, мүдделер қақтығысын болдырмауға және аудитке жатпайтын қызметтерді көрсету үшін сыртқы аудиторды тартудың бірыңғай рәсімдерін енгізуге бағытталған.

Саясат аудиттік қызметтерді, аудитпен байланысты қызметтерді және басқа да аудитке жатпайтын қызметтерді көрсету қағидаларын қамтиды, сондай‑ақ қандай қызметтер Аудит жөніндегі комитеттің алдын ала арнайы мақұлдауын талап ететінін және қай қызметтер бойынша сыртқы аудитор комитетті тек хабардар етуі тиіс екенін айқындайды.

2025 жылғы желтоқсанда Аудит жөніндегі комитет алдын ала қарап, ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы ҚМГ саясатын жаңа редакцияда бекітті.

2025 жылы Аудит жөніндегі комитет аудитке жатпайтын қызметтер көрсетуге сыртқы аудиторға рұқсат беру мәселелерін тұрақты түрде қарады.

Сыртқы аудитордың тәуелсіздігін жоғалту тәуекелін ескере отырып, сыртқы аудиторға тыйым салынған қызметтер санатына жататын аудитке жатпайтын қызметтерді көрсетуге рұқсат берілген жоқ.

Сонымен бірге сыртқы аудиторға келесі аудитке жатпайтын қызметтерді көрсетуге рұқсат берілді: CIPD біліктілігі бойынша оқыту өткізу; корпоративтік семинарлар және DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) бағдарламасы бойынша ашық форматтағы семинарлар өткізу; мұнай мен күкіртті экспорттау мәмілелерін Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан талдау; қайта құрылымдау жоспарына түзетулер енгізу және жеке кредиторды тексеруді қамтитын есеп дайындау; ESG есептілігін растау қызметтері; ACCA, DipIFR, CIMA, Business Coaching Diploma бағдарламалары бойынша қызметтер; ҚМГ облигацияларын орналастыруға байланысты растау хаттарын беру және басқа да қызметтер.

Аудит жөніндегі комитет ҚМГ Ішкі аудит қызметінің қызметіне жетекшілік етеді. ҚМГ Директорлар кеңесі тәуекелдер мен бақылаулар мәселелері бойынша объективті кепілдіктер мен консультациялар алуы мүмкін, ал мұндай кепілдіктер мен консультацияларды тиісті ресурстармен қамтамасыз етілген ішкі аудит функциясы ұсына алады.

Аудит жөніндегі комитет ҚМГ Ішкі аудит қызметінің тиімділігін бағалайды және оның сапасы, тәжірибесі мен білімі ҚМГ қажеттіліктеріне сәйкес келетініне көз жеткізеді. Бұл үшін комитет тоқсан сайын және қажет болған жағдайда Ішкі аудит қызметінің қызметі туралы есептерді тыңдайды, сондай‑ақ ҚМГ Директорлар кеңесіне Ішкі аудит қызметінің рөлі мен өкілеттіктері, оның жұмыс тәртібі бойынша ұсынымдар береді және қызметтің сандық құрамы, басшысы мен қызметкерлерін тағайындау немесе олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныстар енгізеді. 2025 жылы Аудит жөніндегі комитет сондай‑ақ: ҚМГ ішкі аудитінің сапасын қамтамасыз ету және арттыру бағдарламасын; ҚМГ‑да ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың жаңа редакциясын; ҚМГ Ішкі аудит қызметі туралы ереженің жаңа редакциясын; ҚМГ Ішкі аудит қызметінің 2026–2028 жылдарға арналған қызмет стратегиясын қарады.

Аудит жөніндегі комитеттің күн тәртібінде қаржылық есептілік мәселелері дәстүрлі түрде негізгі орын алады.

2025 жылы комитет ҚМГ басшылығынан және сыртқы аудитордан тоқсандық қаржылық есептілік, есеп саясаты және есептілікке қатысты маңызды мәселелер бойынша егжей‑тегжейлі есептер алып отырды.

Комитет ҚМГ сыртқы аудиторы және ҚМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары, сондай‑ақ бас бухгалтер қатысқан отырыстар арқылы ҚМГ менеджментімен тұрақты түрде өзара іс‑қимыл жасады.

Аудит жөніндегі комитет 2025 жылдың 3, 6 және 9 айының қорытындылары бойынша ҚМГ‑ның қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарады. Қаржылық есептілікке қатысты мәселелерді қарау барысында аудит есебі және аудит жүргізу барысында туындаған негізгі мәселелер сыртқы аудитордың қатысуымен талқыланды.

Бұдан басқа, есепті кезеңде аудит жөніндегі комитет ҚМГ және оның жекелеген еншілес ұйымдарының активтерін мемлекет мүддесіне пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша аудиторлық қорытындыны да қарады.

ҚМГ Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетпен бірлесіп тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізуге жауапты болғандықтан, комитет тоқсан сайын ҚМГ‑ның негізгі тәуекелдері (соның ішінде қаржылық тәуекелдер) бойынша есептерді және ҚМГ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін және қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесін енгізу мәртебесі туралы ақпаратты қарады. Сонымен қатар 2025 жылы Аудит жөніндегі комитет ҚМГ‑ның тәуекел‑тәбет туралы мәлімдемесін, тәуекелдер тізілімін және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс‑шаралар жоспарын, ҚМГ тәуекелдер картасын, тәуекелдерге төзімділік деңгейлерін, 2025 және 2026 жылдарға арналған негізгі тәуекел көрсеткіштері тізілімін (ҚМГ стратегиялық тәуекелдерін ескере отырып), сондай‑ақ ҚМГ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі саясатын жаңа редакцияда қарады.

Аудит жөніндегі комитет 2025 жылы қараған негізгі мәселелер
Ішкі аудит
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің қызметі туралы тоқсандық есептерді қарау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған бюджетін бекіту
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына кандидаттарды бағалау рәсімдерін жүргізу қажеттілігін қарау және осы лауазымға ұсынылған кандидаттар бойынша ұсынымдар беру
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі басшысының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, оны тағайындау, сондай‑ақ лауазымдық жалақысының мөлшерін, еңбекақы төлеу шарттарын, сыйақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын айқындау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің 2024 жылғы қызмет қорытындылары бойынша есебін қарау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің 2025 жылға арналған жылдық аудит жоспарына өзгерістер енгізу
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі мен ҚМГ Комплаенс қызметі лауазымдарының бағалау нәтижелерін қарау
  • ҚМГ ішкі аудитінің сапасын қамтамасыз ету және арттыру бағдарламасын мақұлдау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі басшысының 2024 жылғы қызмет нәтижелері бойынша мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің нақты орындалу мәндерін бекіту
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі басшысына 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі басшысының 2025 жылдың III және IV тоқсандарына арналған мақсаттарын бекіту
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі басшысының 2025 жылдың IV тоқсанына арналған мақсаттарын бекіту
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі басшысының лауазымдық нұсқаулығын қарау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе оларды тағайындау, сондай‑ақ олардың лауазымдық жалақысының мөлшерін, еңбекақы төлеу шарттарын, сыйақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын айқындау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ‑да ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың жаңа редакциясын қарау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің 2026–2028 жылдарға арналған қызмет стратегиясын қарау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған жылдық аудит жоспарын бекіту
  • ҚМГ Директорлар кеңесі мен оның Аудит жөніндегі комитетінің тапсырмаларын орындау мақсатында, ҚМГ тобы бойынша тәуекелдер мен ішкі бақылау жүйесін бағалауды ескере отырып, Ішкі аудит қызметінің мақсатты ұйымдық құрылымын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды қарау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі басшысының 2026 жылға арналған мақсаттарын қарау
  • ҚМГ Ішкі аудит қызметі басшысының 2026 жылға арналған негізгі қызмет көрсеткіштерін қарау.
Есепке алу және сыртқы аудит
  • ҚМГ‑ның аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілігін тоқсан сайын келісу
  • 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін ҚМГ‑ның шоғырландырылған қаржылық есептілігін келісу
  • ҚМГ‑ның 2024 жылға арналған жеке жылдық қаржылық есептілігін алдын ала мақұлдау
  • 2024 жылы ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарына «Эрнст энд Янг» ЖШС және Ernst & Young Global Limited құрамына кіретін басқа да компаниялар көрсеткен аудиттік және аудитке жатпайтын қызметтер туралы ақпаратты, сондай‑ақ 2024 жылы Ernst & Young Global Limited тарапынан ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарына көрсетуге рұқсат етілген аудитке жатпайтын қызметтер туралы ақпаратты бекіту
  • ҚМГ‑ның аудиторлық ұйымдардың қызметтерін тарту саласындағы саясатын жаңа редакцияда бекіту
  • 2024 жылға арналған ҚМГ‑ның шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелері бойынша дайындалған ҚМГ басшылығына арналған сыртқы аудитордың хат‑есебін талқылау және сыртқы аудитор ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс‑шаралар жоспарын алдын ала қарау
  • ҚМГ сыртқы аудиторының 2025 жылға арналған аудитті жоспарлау есебін қарау және талқылау
  • ҚМГ компаниялар тобының сыртқы аудиторы көрсететін аудитке жатпайтын қызметтерді мақұлдау
  • ҚМГ‑ның тәуелсіз аудиторы — «Эрнст энд Янг» ЖШС‑нің 2024 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша берген ұсынымдарын орындау жөніндегі іс‑шаралар жоспарын алдын ала қарау
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және оның жекелеген еншілес ұйымдарының активтерін мемлекет мүддесінде пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша аудиторлық қорытындыны қарау
Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару
  • ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарында ішкі бақылау жүйесі мен қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесін енгізу мәртебесі туралы ақпаратты тоқсан сайын қарау
  • ҚМГ‑ның тәуекел‑тәбет туралы мәлімдемесін, Тәуекелдер тізілімін және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс‑шаралар жоспарын, ҚМГ тәуекелдер картасын, тәуекелдерге төзімділік деңгейлерін және 2025 жылға арналған негізгі тәуекел көрсеткіштері тізілімін бекіту
  • ҚМГ‑ның негізгі тәуекелдері бойынша тоқсан сайынғы есептерді қарау
  • Келесі мәселелер бойынша ақпаратты қарау:
    • регламенттеуді талап ететін процестер картасы;
    • қолданыстағы әдіснаманың ағымдағы жай‑күйін талдау;
    • әдіснаманы оңтайландыру және оны үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкестендіру;
    • әдіснаманы еншілес және тәуелді ұйымдарға каскадтау;
    • оны холдингтің жалпы стратегиясымен және операциялық моделіне сәйкестендіру;
    • техникалық стандарттармен және заңнамалық талаптармен өзара байланысы;
    • персоналды оқыту және әдіснамаларды қолдану дағдылары мен білімін тексеру;
    • тәуекелдер мен Ішкі аудит қызметінің анықтаулары ескерілген жекелеген қызмет бағыттарын тақырыптық талдау
  • ҚМГ‑ның ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай‑ақ ҚМГ‑да корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын және ҚМГ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі саясатты жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі басшысының ҚМГ мен оның еншілес ұйымдарындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы есебін қарау
  • 2025 жылдың III тоқсаны бойынша ҚМГ‑ның негізгі тәуекелдері туралы есепті, сондай‑ақ 2026 жылға арналған ҚМГ‑ның тәуекел‑тәбет деңгейін, тәуекелдерге төзімділік шектерін, тәуекелдер картасын, тәуекелдер тізілімін, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс‑шаралар жоспарын және негізгі тәуекел көрсеткіштерін бекіту
  • 2026 жылға арналған ҚМГ‑ның банк‑контрагенттеріне қатысты ішкі лимиттерін белгілеу
Корпоративтік басқару
  • 2024 жылға арналған ҚМГ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау / сақтамау туралы есепті келісу
  • 2024–2025 жылдарға арналған ҚМГ‑да корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс‑шаралар жоспарының 2024 жылғы орындалу мәртебесін қарау
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің ҚМГ Басқармасымен бірлесіп қызметкерлермен кездесулер өткізу және ҚМГ‑ның негізгі өндірістік нысандарына бару мерзімдерін айқындау
  • ҚМГ‑дағы корпоративтік басқару жүйесіне диагностика жүргізу үшін консультациялық қызметтерді сатып алу бойынша техникалық ерекшелікті қарау
  • ҚМГ‑дағы корпоративтік басқару жүйесіне диагностика жүргізу бойынша консультациялық қызметтерді сатып алу жөніндегі техникалық ерекшелікке өзгерістер енгізу
  • ҚМГ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына дайындық барысының мәртебесін қарау
  • ҚМГ‑ның 2024 жылға арналған жылдық есебін алдын ала мақұлдау
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің 2024 жылғы қызметі туралы есепті қарау
  • 2024 жылы ҚМГ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштерін және оларды қарау нәтижелерін қарау
  • ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің құрамына өзгерістер енгізу
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті сарапшысының қызметінің тиімділігі мен тәуелсіздігін бағалау
  • ҚМГ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • ҚМГ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережені жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ тобының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есепті қарау
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту
  • KMG International N.V. және KazMunayGas Trading AG компанияларының қаржылық жағдайы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты қарау (қаржыландыру тарту және ҚМГ тобының мұнай өндіруші компанияларына төлемдер жүргізу қабілеті)
  • ҚМГ‑ның ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне толықтыру енгізу, сондай‑ақ ҚМГ‑ның ішкі аудит, корпоративтік хатшы, комплаенс және омбудсмен қызметтері қызметкерлерінің еңбекақы төлеу қағидаларын, лауазымдық жалақы схемаларын, штаттық кестелерін жаңа редакцияда бекіту, осы қызметтер қызметкерлерін бағалау қағидаларын бекіту және олардың лауазымдық жалақыларының мөлшерін айқындау
  • ҚМГ‑ның ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізу, ішкі аудит, комплаенс, корпоративтік хатшы және омбудсмен қызметтеріне персоналды қабылдау және бейімдеу қағидаларын бекіту, сондай‑ақ осы қызметтерге персоналды іздеу, іріктеу және таңдау қағидаларының күшін жою
  • ҚМГ‑ның еншілес және тәуелді ұйымдарының ІТ‑дайындығының даму динамикасы және корпоративтік ІТ‑архитектураның жай‑күйі туралы есепті қарау
Комплаенс
  • ҚМГ Комплаенс қызметінің 2024 жылғы қызметі туралы есепті қарау
  • Комплаенс қызметінің қызметі және «сенім телефонына» келіп түскен өтініштер туралы тоқсан сайынғы есептерді қарау
  • ҚМГ Комплаенс қызметі басшысының 2024 жылғы қызмет нәтижелері бойынша мотивациялық негізгі көрсеткіштерінің нақты орындалу мәндерін бекіту
  • ҚМГ‑ның ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізу, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында үшінші тұлғаларды комплаенс‑тексеру қағидаларын бекіту, сондай‑ақ ҚМГ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының контрагенттердің сенімділігін тексеру саясатының күшін жою
  • ҚМГ‑да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл жөніндегі нұсқаулықты бекіту және ҚМГ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 11 қарашадағы шешімімен (№19/2022 хаттама) бекітілген ҚМГ‑ның ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесіне толықтыру енгізу
  • ҚМГ Комплаенс қызметі басшысының 2025 жылдың III және IV тоқсандарына арналған мақсаттарын бекіту
  • ҚМГ Комплаенс қызметі басшысының 2025 жылдың IV тоқсанына арналған мақсаттарын бекіту
  • ҚМГ Комплаенс қызметі басшысына 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша төленетін сыйақы мөлшерін айқындау
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Комплаенс қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту
  • ҚМГ Комплаенс қызметінің қызметкерлерін тағайындау, олардың лауазымдық жалақысының мөлшерін, еңбекақы төлеу шарттарын, сыйақы беру және әлеуметтік қолдау шарттарын айқындау
  • ҚМГ Комплаенс қызметінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту
  • ҚМГ Комплаенс қызметі басшысының мотивациялық негізгі көрсеткіштері картасын және 2026 жылға арналған олардың мақсатты мәндерін бекіту
  • ҚМГ Комплаенс қызметі басшысының 2026 жылға арналған мақсаттарын бекіту
Жасалуына мүдделілік бар мәмілелер
  • ҚМГ Басқармасы қабылдаған, мүдделілік бар мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есептерді қарау
  • ҚМГ мүдделі тарап болып табылатын мәмілені жасасу – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (құзыретті орган), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (жер қойнауын пайдаланушы) және «Кокел Мұнай» ЖШС (жер қойнауын пайдаланушы) арасында 2015 жылғы 17 маусымдағы №4152‑УВС‑МЭ келісімшарты бойынша Маңғыстау облысында орналасқан Бектұрлы Шығыс учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі №4152‑УВС‑МЭ келісімшартына №9 толықтыру енгізу
  • ҚМГ мүдделі тарап болып табылатын мәмілені жасасу – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Кокел Мұнай» ЖШС арасында 2015 жылғы 24 желтоқсанда жасалған қаржыландыру туралы келісімге №2 қосымша келісім жасасу (Маңғыстау облысында орналасқан Бектұрлы Шығыс учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау жөніндегі 2015 жылғы 17 маусымдағы №4152‑УВС‑МЭ келісімшартына қатысты)
  • ҚМГ мүдделі тарап болып табылатын мәмілелерді жасасу – 2018 жылғы 26 желтоқсанда ҚМГ мен «Каспий Құбыр Консорциумы‑Р» АҚ арасында жасалған №R‑OD‑18‑0409 мұнай тасымалдау шартына №02 қосымша келісімді және ҚМГ мен «Каспий Құбыр Консорциумы‑К» АҚ арасында жасалған №K‑OD‑18‑0196 мұнай тасымалдау шартына №02 қосымша келісімді бекіту
Жергілікті билік органдарының (оның ішінде салық бойынша), сыртқы және ішкі аудиторлардың және ҚМГ басшылығының заңнаманы сақтау туралы есептерін зерделеу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарына және (немесе) олардың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және (немесе) қылмыстарға байланысты мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін тергеулер және (немесе) тексерулер туралы ақпарат
Комитет мүшелерінің 2025 жылы өткен отырыстарға қатысуы
Комитет отырыстарының күні мен нөмері 1/2025 ‑ 14.01.2025 2/2025 ‑ 30.01.2025 3/2025 ‑ 03.02.2025 4/2025 ‑ 03.03.2025 5/2025 ‑ 05.03.2025 6/2025 ‑ 26‑27.03.2025 7/2025 ‑ 14.04.2025 8/2025 ‑ 12.05.2025 9/2025 ‑ 19.05.2025 10/2025 ‑ 02.06.2025 11/2025 ‑ 30.06.2025 12/2025 ‑ 04.08.2025 13/2025 ‑ 14.08.2025 14/2025 ‑ 08.09.2025 15/2025 4/2025 06.10.2025 16/2025 ‑ 19.11.2025 17/2025 ‑ 24.11.2025 18/2025 ‑ 01.12.2025 19/2025 ‑ 17.12.2025 Қатысу үлесі, %
Комитет мүшелерінің аты‑жөні
Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Холланд Филип Малкольм + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100
Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100