Директорлар кеңесінің қызметін бағалау

Кодекске сәйкес Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің комитеттері және мүшелері Директорлар кеңесі бекіткен құрылымдық процесс бойынша жыл сайын бағаланады. Бұл процесс «Самұрық‑Қазына» АҚ әдіснамасына сәйкес келеді. Бұл ретте бағалау кемінде үш жылда бір рет тәуелсіз кәсіби ұйымды тарта отырып жүргізіледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің қызметіне бағалау өзін‑өзі бағалау түрінде жүргізілді. Бағалау нәтижелері ҚМГ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитетінде және ҚМГ Директорлар кеңесінде қаралды. Бағалау қорытындылары негізінде ҚМГ Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің және корпоративтік хатшының қызметін жетілдіруге бағытталған іс‑шаралар 2026–2027 жылдарға арналған Директорлар кеңесінің қызметін жетілдіру жөніндегі іс‑шаралар жоспарына енгізілді. Жақсартудың негізгі бағыттары менеджментпен, ҚМГ‑мен өзара іс‑қимылдың тиімділігін арттырумен стратегиялық тәуекелдерді талдауды тереңдетумен және корпоративтік басқару практикасын одан әрі дамытумен байланысты.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің, сондай‑ақ ҚМГ корпоративтік хатшысының қызметіне сыртқы бағалау жүргізіледі. Бағалау нәтижелері бойынша есептер 2026 жылы ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылып, талқыланады. Нәтижесінде Директорлар кеңесі қызметін жетілдіру қажет бағыттар бойынша іс‑шаралар 2026–2027 жылдарға арналған Директорлар кеңесінің қызметін жетілдіру жоспарына енгізіліп, өзектендіріледі.

Осы есепті дайындау сәтінде консультантты таңдау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталмады, осыған байланысты оларға ҚМГ немесе байланысты ұйымдарға соңғы үш жыл ішінде өзге де қызметтер көрсету туралы ақпарат жоқ. Бұл мәліметтер бағалау аяқталғаннан кейін 2026 жылғы жылдық есепте ашылады.