Директорлар кеңесінің құрамы
Компания Директорлар кеңесінің құрамындағы тәуелсіз директорлар санына қатысты Корпоративтік басқару кодексінің талаптарын ұстанады, оған сәйкес тәуелсіз директорлар саны (ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны кезінде бес тәуелсіз директор‑тоғыз) Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының 50 %‑нан астамын құрайды.
2025 жыл ішінде Директорлар кеңесі құрамы тоғыз адамнан тұрды.
Компания акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жылғы 14 тамыздағы шешімімен (№4/2023 хаттама, №1 сұрақ) төрт тәуелсіз директорды қоса алғанда, сегіз адамнан тұратын Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамы жасақталды:
- Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы
«Самұрық‑Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі, ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы (өкілеттілігі 2025 жылдың 27 наурызынан бастап тоқтатылды); - Отыншиев Елжас Мұратұлы
«Самұрық Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі; - Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы
«Самұрық Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі; - Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы
(«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы) (өкілеттілігі 2024 жылдың 15 мамырынан бастап тоқтатылды); - Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы
тәуелсіз директор; - Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы
тәуелсіз директор; - Холланд Филип Малкольм
тәуелсіз директор; - Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы
тәуелсіз директор.
ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2023 жылғы 6 қарашадағы шешімімен (№5/2023 хаттама, №1 сұрақ) 9 адамнан тұратын Директорлар кеңесінің құрамы белгіленіп, Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып Шәкіров Асқар Оразалыұлы сайланды.
ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2024 жылғы 28 мамырдағы шешімімен (№1/2024 хаттама, №7 сұрақ) Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде ҚМГ Басқарма төрағасы Мырзағалиев Мағзұм Маратұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде ҚМГ Басқарма төрағасы Хасенов Асхат Ғалымұлы сайланды.
ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының 2025 жылғы 5 мамырдағы шешімімен
(№1/2025 хаттама, №1 сұрақ) 2025 жылғы 27 наурыздан бастап Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және 2025 жылғы 5 мамырдан бастап ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болып «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделер өкілі Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов жалпы ҚМГ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге сайланды.
Директорлар кеңесінің құрамы (2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) тоғыз адамнан тұрады.
Директорлар кеңесінің төрағасы – «Самұрық Қазына» АҚ өкілі.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесінің құрамы
Директорлар кеңесінің құрылымы2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша.
Директорлар кеңесінің құрылымы түрлі бағыт бойынша құрамның теңдігін (кәсіби білім мен дағдылар тұрғысынан), адамдардың жасы мен гендерлік құрамы бойынша түрлі болуын көрсетіп, Директорлар кеңесі мүшелерінің резиденттік елдерімен сипатталады:
Директорлар кеңесінің тоғыз мүшесінің ішінен сегіз адам – Қазақстан азаматтары, біреуі – Ұлыбритания азаматы
| Директорлар кеңесінің мүшесі | Негізгі құзыреттер | |
|---|---|---|
| 1 | Жақыпов Н.Қ. | Стратегия, корпоративтік басқару, активтерді басқару, қаржы |
| 2 | Хасенов А.Ғ. | Мұнай‑газ саласы |
| 3 | Холланд Ф.М. | Мұнай‑газ саласы, жобаларды бағалау, денсаулық сақтау және қауіпсіздік |
| 4 | Жұбаев А.С. | Қаржы |
| 5 | Мыңшәріпова С.Н. | Аудит, қаржы, комплаенс |
| 6 | Қарабалин Ұ.С. | Мұнай‑газ саласы, стратегия |
| 7 | Отыншиев Е.М. | Инвестициялар, активтерді басқару, стратегия |
| 8 | Арғынғазин А.Ә. | Корпоративтік қаржы, аудит |
| 9 | Шәкіров А.О. | Құқықтану, халықаралық қатынастар |
ҚМГ Директорлар кеңесі мүшелерінің өмірбаяны
2025 жылғы мамырдан бастап ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына кіреді. Туған күні: 1978 жылғы 31 наурыз.
Білімі
- 1995 – 1999 – Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ). Экономика бакалавры, Халықаралық экономикалық қатынастар факультеті
- 1999 – 2001 – Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ). Экономика магистрі, халықаралық экономикалық қатынастар факультеті
- 2002 – 2005 – Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ). Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент және маркетинг факультеті
Жұмыс тәжірибесі
- 2001 – 2003 – Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық (ENRC), қаржы талдаушысы
- 2003 – 2004 – Chambishi Metals PLC (Замбия, Китве қ.), бизнес менеджері
- 2004 – 2007 – Research, Investment and Development Ltd, жоба менеджері
- 2007 – 2009 – Credit Suisse негізгі материалдар тобы, биржада сатылатын компания акцияларының құны бойынша талдаушы
- 2009 – 2011 – «Тау‑Кен Самұрық» ұлттық тау‑кен компаниясы» АҚ, Басқарушы директор, Басқарма мүшесі
- 2011 – 2012 – «RBS (Kazakhstan) «Еншілес банкі» АҚ, инвестициялық банкинг департаментінің директоры, Астана қаласындағы өкілдіктің басшысы
- 2012 – 2016 – UBS AG Almaty Representative Office, Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астана қаласындағы өкілдіктің басшысы
- 2016 – 2017 – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, даму және инвестициялар жөніндегі Басқарушы директор, Басқарма мүшесі
- 2017 – 2019 – «Астана» ӘКК АҚ, Басқарма төрағасы
- 2019 – 2020 – ROTHSCHILD & СО (ИНВЕСТ БАНК Ротшильд және КО), Қазақстандағы өкілі
- 2020 – 2023 – Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd., басқарма төрағасы
- 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық‑Қазына» ұлттық әл‑ауқат қоры АҚ, Басқарма төрағасы
Қоса атқаратын жұмысы мен Директорлар кеңестеріне мүшелігі
- «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтары
- «Құрмет» ордені, 2024
- «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, 2023
- «Теңгеге 30 жыл» медалі, 2023
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі, 2025
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2016 жылдан бастап кіреді. Туған күні: 1947 жыл 14 қазан.
Білімі
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай‑химия және газ өнеркәсібі институты, мамандығы – «тау‑кен инженері»
- И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай‑химия және газ өнеркәсібі институтының аспирантурасы
- Техника ғылымдарының кандидаты
- Техника ғылымдарының докторы
- Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі
Жұмыс тәжірибесі
- 1973 ‑ 1974 – «ҚазМұнайГаз Барлау» басқармасы (Атырау облысы), Оңтүстік Ембі мұнай‑газ барлау экспедициясын бұрғылау жөніндегі инженер‑технолог
- 1974 ‑ 1988 ‑ Қазақ ғылыми‑зерттеу геологиялық‑барлау мұнай институты (Атырау облысы), директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, бұрғылау технологиясы, жуу сұйықтықтары зертханаларының меңгерушісі
- 1988 ‑ 1990 – «Прикаспийгеология» бас аумақтық басқармасы (Орал қ.), техникалық прогресті дамыту және терең бұрғылау басқармасының бастығы
- 1990 ‑ Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалы. В. И. Ленина (Атырау қ.), кафедра меңгерушісі
- 1991 ‑ 1992 ‑ Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Аппараты (Алматы қ.), өнеркәсіп бөлімінің аға референті
- 1992 ‑ 1994 ‑ Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлігі (Алматы қ.), Мұнай және газ бас басқармасының бастығы
- 1994 ‑ 1995 ‑ Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары (Алматы қ.)
- 1995 ‑ 1997 – «Agip» мұнай компаниясы (Италия), тағылымдамашы
- 1997 ‑ 2000 – «Қазақойл» ұлттық мұнай‑газ компаниясы» ЖАҚ (Алматы қ.), Корпоративтік даму жөніндегі вице‑президенті, перспективалық даму жөніндегі директор, перспективалық даму жөніндегі вице‑президенті, президенттің міндетін атқарушы Бірінші вице‑президент
- 2000 ‑ 2001 – «ҚазТрансГаз» ЖАҚ (Астана қ.), президент
- 2001 ‑ 2003 ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар Вице‑министрі (Астана қ.)
- 2003 – 2008 – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ, президент
- 2008 ‑ 2009 – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, Бас директордың міндетін атқарушы, президент
- 2010 ‑ 2013 – «Қазақстан Мұнай және газ институты» АҚ, Бас директор
- 2013 – 2014 – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
- 2014 – 2016 – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары
- 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «KAZENERGY» қауымдастығы, төрағаның орынбасары
Өзге де лауазымдары:
- 2001–2002 – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы
- 2001–2002 – «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы
- 2002–2003 – «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы
- 2007–2008 – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі
- 2006–2008 – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы
- 2004–2009 – Қазақстан Республикасының Әуесқой бокс федерациясы, президент
Мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары
- «Отан» ордені, 2011 жыл
- «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы және «Алтын жұлдыз» белгісі, 2011 жыл
- III дәрежелі «Барыс» ордені, 2005 жыл
- «Құрмет» ордені, 1999 жыл
- «Ресей экономикасының көшбасшысы» ордені, 2005 жыл
- «КСРО жер қойнауын барлау ісінің үздігі» белгісі, 1988 жыл
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі, 2005 жыл
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі, 2006 жыл
- «Қазақстан Республикасының спорт саласының құрметті қайраткері» медалі, 2007 жыл
- «Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерейтойлық медалі, 2024 жыл
- «Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушысы» құрметті атағы, 2003 жыл
- «Kazenergy» Еуразиялық энергетика форумы аясында «Жыл тұлғасы» құрметті атағы мен «Алтын Прометей» сыйлығы, 2009 жыл
Ғылыми, әдеби еңбектері, мақалалары:
- 90‑нан астам жарияланымның, мақалалар мен кітаптардың және 11 өнертабыстың авторы.
«ҚазТрансОйл» АҚ‑ның 19 310 жай акциясына иелік етеді.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдан бастап кіреді. Туған күні: 1987 жыл 1 сәуір.
Білімі
- 2004–2008 – Мәскеу физика‑техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы «қолданбалы математика және физика» (бакалавр)
- 2008–2010 – Мәскеу физика‑техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы «қолданбалы математика және физика» (магистр)
Жұмыс тәжірибесі
- 2007–2008 – Ernst&Young (Мәскеу), Аудиторлық және консультациялық қызметтер, технологиялар және қауіпсіздік қызметтері бөлімі, лауазымдары – талдаушыдан аға талдаушыға дейін
- 2008–2009 ‑ Ernst&Young (Мәскеу), Бағалау және бизнес‑модельдеу бөлімі, талдаушы
- 2009–2012 ‑ «Тау‑Кен Самұрық» ұлттық тау‑кен компаниясы» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, Қаржы институттарымен жұмыс департаменті, лауазымдары – менеджерден Департамент директорына дейін
- 2012–2014 ‑ «Самұрық‑Қазына» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, бас менеджер
- 2014–2016 ‑ «Самұрық‑Қазына Инвест» ЖШС («Самұрық‑Қазына» АҚ‑ға іссапарға жіберілді), Қордың инвестициялық қызметін жобалық талдау департаментінің директоры
- 2016–2018 ‑ «Самұрық‑Қазына» АҚ, Жаңа жобаларды дамыту департаментінде жоба директоры (өсіп келе жатқан портфельдік компанияларды басқару)
- 2018–2019 ‑ «Самұрық‑Қазына» АҚ, Активтерді дамыту департаменті Тау‑кен активтерін дамыту секторының басшысы
- 2019 – Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd., Тікелей инвестициялар департаменті, аға талдаушы/VP
- 2019–2021 ‑ «PlanetCare Management» ЖШС, Бас директордың инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары
- 2021–2023 – Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd., Басқарма төрағасының орынбасары
- 2023 – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық‑Қазына» АҚ, Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор
Өзге де қызмет / лауазым түрлері
- 2023 жылғы маусымнан бастап – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- 2023 жылғы мамырдан бастап – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- 2023 жылғы маусымнан бастап – «Нысандардың құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2020 жылдан бастап кіреді. Туған күні: 1954 жыл 25 желтоқсан
Білімі
- Лидс университеті (Ұлыбритания), азаматтық құрылыс саласында ғылым бакалавры
- Крэнфилд технологиялық институты (Ұлыбритания), «инженерия/құрылысты басқару» мамандығы бойынша ғылым магистрі
Жұмыс тәжірибесі
- 1976 жылы Лидс университетін бітіріп, 1980 жылы Ұлыбритания мен Сауд Арабиясында жұмыс істегеннен кейін, әлемнің түрлі елдеріндегі ірі мұнай‑газ жобаларын басқара отырып, Bechtel Corporation‑ға қосылды.
- 2004 жылы Shell компаниясында Shell Global Solutions жобалар жөніндегі вице‑президент лауазымында жұмыс істей бастады.
- 2009 жылы Shell жаңадан құрылған жобалар және технологиялық бизнес жөніндегі бөлімшесінде даунстрим жобалары жөніндегі атқарушы вице президент болды.
- 2010 жылы Қазақстанда Қашаған жобасының екінші сатыдағы директоры болып тағайындалды. Одан кейін «Әл‑Қараана» Shell\\QP мұнай‑химия жобасында жұмысын жалғастырды.
- 2013 жылдан бастап жобаларды басқару бойынша тәуелсіз кеңесші болып жұмыс істеді. Ол – Velocys PLC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, сондай‑ақ EnQuest plc компаниясының атқарушы емес директоры және қауіпсіздік, климат және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдан бастап кіреді. Туған күні: 1978 жыл 1 желтоқсан
Білімі
- Boston University School of Management (Бостон, АҚШ), іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым бакалавры, «корпоративтік қаржы» саласына маманданған, декан тізіміне енді (оқудағы жоғары нәтижелері үшін)
Жұмыс тәжірибесі
- 2000 – Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ), қаржы талдаушысы
- 2001–2003 – HSBC Bank Kazakhstan (Алматы), клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, маман, бизнесті дамыту бөлімі бастығының орынбасары
- 2004–2006 – ABN AMRO Bank Kazakhstan (Астана), Астана қ. филиалының басқарушысы/ коммерциялық банкинг жөніндегі вице президенттің орынбасары
- 2006 – ABN AMRO Bank Kazakhstan (Астана), Астана қ. филиалының басқарушысы/ металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру бағытының басшысы (Metals және Mining)
- 2006–2012 – RBS Kazakhstan (Алматы), корпоративтік банкинг басшысы, Басқарма мүшесі, атқарушы директор
- 2012–2021 – UBS AG Өкілдігі (Алматы), Басқарушы директор
Өзге де қызмет/ лауазым түрлері
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор
- Kazakhstan Investment Development Fund Директорлар кеңесінің мүшесі
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдан бастап кіреді. Туған күні: 1977 жыл 28 қаңтар.
Білімі
- 1997–1999 – Дюкейн университеті (Питсбург, АҚШ), «бизнесті басқару» (BSBA) мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі
- 2002–2003 – Оксфорд университеті (Ұлыбритания), салыстырмалы әлеуметтік саясат ғылымдарының магистрі (MSC Comparative Social Policy)
- 2005–2007 – Калифорния университеті (Беркли қ., АҚШ), МВА дәрежесі
- 2012 жылдан бастап – сертификатталған қаржылық талдаушы, CFA
Жұмыс тәжірибесі
- 2006–2008 – SAP компаниясы (АҚШ), маркетинг маманы
- 2009–2010 – Маккинзи компаниясы (Мәскеу, Ресей), кеңесші
- 2010–2012 – Полиметалл компаниясы (Қазақстан)
- 2012–2013 – «КПМГ» компаниясы (Қазақстан), аға менеджер
- 2013–2020 – PwC компаниясы (Қазақстан), аға менеджер, директор
- 2020 – бүгінге дейін – STRATEGYLAB ЖШС консультациялық компаниясының негізін қалаушы.
Өзге де қызмет/ лауазым түрлері
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- «Тау‑Кен Самұрық» ұлттық тау‑кен компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
- «Самұрық‑Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
Мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары:
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медалі
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ-ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылдан бастап кіреді. Туған күні: 1970 жыл 19 қазан.
Білімі
- 1987–1992 – Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті Алматы)
- 2008–2010 – Ломоносов атындағы ММУ Жоғары бизнес мектебі (Мәскеу), Executive MBA
- Сертификатталған тәуелсіз директор (Certificate IOD), Institute of Directors (Ұлыбритания)
- Аудитор, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің №0000174 мемлекеттік лицензиясы
- 1‑ші санаттағы салық кеңесшісі
Жұмыс тәжірибесі
- 1995–2008 – аудитор, коммерциялық ұйымдарда бас бухгалтер
- 2008–2015 – «Самұрық‑Қазына» АҚ Аудит және бақылау департаментінің директоры
- 2015–2018 – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
- 2018– 2023 – «АХҚО әкімшілігі» салық саясаты департаментінің директоры
Өзге де қызмет/ лауазым түрлері
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
- «Samruk‑Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары:
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, 2011 жыл
- Қазақстан Республикасы Премьер‑Министрінің Алғыс хаты, 2011 жыл.
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ-ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2023 жылғы қарашадан бастап кіреді. Туған күні: 1956 жыл 2 ақпан
Білімі
- 1973–1978 – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері институты
- 1985 – заң ғылымдарының кандидаты
Қызметтік шені
- Төтенше және Өкілетті Елші.
Жұмыс тәжірибесі
- 1978–1987 – КСРО Ішкі істер министрлігінің Академиясы БҰҰ‑ның қылмысқа қарсы күрес және қылмыстық сот төрелігі комитетіндегі Кеңес Одағы өкілінің жұмысын қамтамасыз ету тобындағы ғылыми қызметкері, адъюнкті, аға инспекторы
- 1987–1989 – КСРО Ішкі істер министрлігі Сыртқы қатынастар бөлімінің референті
- 1989–1992 – КСРО Ішкі істер министрлігінің Бүкілодақтық ғылыми‑зерттеу институты қазақстандық бөлімінің бастығы
- 1992–1995 – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шарттық‑құқықтық бөлімінің меңгерушісі, бастығының орынбасары, шарттық құқықтық басқармасының бастығы
- 1995–1996 – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенім білдірілген өкіл
- 1996–1996 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар бойынша елшісі
- 1996–1998 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
- 1998–2004 – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
- 2004–2006 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
- 2006–2007 – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
- 2007–2019 – Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі өкілі
Сайланбалы лауазымдар, депутаттығы
- 2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты
- 2019–2023 – Сенат төрағасының орынбасары
- 2020–2022 – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты Директорлар кеңесінің төрағасы
- 2021–2023 – Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары, тұрақты даму мақсаттары бойынша ЕҚЫҰ ПА арнайы өкілі
- 2023 жыл – Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар
- Ордендері: «Құрмет», «Парасат»
- Медальдері: 22, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін»
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ-ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына 2024 жылдың 28 мамырынан бастап кіреді. Туған күні: 1983 жыл 13 қазан.
Білімі
- 2000–2005 — Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, мамандығы «мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау»
- 2009–2013 — Халықаралық бизнес университеті, мамандығы «менеджмент» Іскерлік әкімшілендіру магистрі
Жұмыс тәжірибесі
- 2005–2006 — «Торғай Петролеум» АҚ (Қызылорда қ.) мұнай және газ өндіру цехының 3‑разрядтағы операторы
- 2006–2010 — «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ, жетекші, бас маман, мұнай‑газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице‑президент
- 2010–2011 — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Техникалық реттеу және метрология комитетінің мемлекеттік бақылау және талдау басқармасының мониторинг басқармасының басшысы
- 2011–2014 — Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Мұнай‑газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы,
- 2014 – 2019 – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Мұнай‑химия және техникалық реттеу департаментін директоры
- 2019 – 2019 – «ADAEnergy» ЖШС, басқарушы директор
- 2019–2022 — «KLPE» ЖШС, Басқарма төрағасының орынбасары
- 2022–2024 — Қазақстан Республикасы Энергетика вице‑министрі (жер қойнауын пайдалану және мұнай‑газ химиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті, сондай‑ақ Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияны басқарды)
- 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтары
- «Парасат» ордені, 2026
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Құрмет» ордені, 2023
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медаль, 2011
- «KAZENERGY» қауымдастығының мерейтойлық медалі
- «Атамекен» ҚР ҰКП мерейтойлық медалі
- «Қазақстан мұнайына – 120 жыл» мерейтойлық медалі
- Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы, 2015
- Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы
- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасы
- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Құрмет грамотасы
ҚМГ не оның еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдарының акцияларына иелік етпейді (тікелей немесе жанама), ҚМГ‑ның, еншілес және (немесе) тәуелді ұйымдардың акцияларымен мәміле жасамаған.
ҚМГ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінде дағдылар, тәжірибе және білім теңгерімі сақталған. Бұл Компания мүдделерін және ҚМГ‑ның барлық акционерлеріне әділ қатынасты ескере отырып, тәуелсіз, объективті әрі тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.