Стратегия және портфельді басқару комитетінің есебі

2025 жылы Стратегия және портфельді басқару комитетінің 12 отырысы өтіп, 122 мәселе қаралды.

Стратегия және портфельді басқару комитетінің құрамы (2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

  1. Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы — 2024 жылғы маусымнан бастап Комитет төрағасы;
  2. Холланд Филип Малкольм — 2022 жылдың маусымынан бастап Комитет мүшесі;
  3. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – 2017 жылдың тамызынан бастап Комитет мүшесі;
  4. Отыншиев Елжас Мұратұлы – 2023 жылдың шілдесінен бастап Комитет мүшесі;
  5. Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы – 2023 жылдың тамыз айынан бастап Комитет мүшесі;
  6. Шәкіров Асқар Оразалыұлы — 2024 жылдың ақпанына бастап Комитет мүшесі.
2025 жылы Стратегия және портфельді басқару комитетінің
12 отырысы өтті
2025 жылы комитет мүшелерінің отырыстарға қатысуы
Комитет отырысының күні және нөмері 1/2025 ‑ 05.02.2025 2/2025 ‑ 04.03.2025 3/2025 ‑ 15.04.2025 4/2025 ‑ 13.05.2025 5/2025 ‑ 03.06.2025 6/2025 ‑ 01.07.2025 7/2025 ‑ 04.08.2025 8/2025 ‑ 09.09.2025 9/2025 ‑ 07.10.2025 10/2025 ‑ 20.10.2025 11/2025 ‑ 02.12.2025 12/2025 ‑ 18.12.2025 Қатысу үлесі, %
Комитет мүшесінің аты‑жөні
Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы + + + + + + + + + + + + 100
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы + + + + + + + + + + + + 100
Холланд Филип Малкольм + + + + + + + + + + 83
Мыңшәріпова Сая Найманбайқызы + + + + + + + + + + + + 100
Шакиров Аскар Оразалиевич + + + + + + + + + + + + 100
Отыншиев Елжас Мұратұлы 0
Комитет 2025 жылы қараған негізгі қызмет бағыттары бойынша мәселелер
Даму стратегиясы, оның ішінде қызметтің басым бағыттары
  • ҚМГ‑ның 2022–2031 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру туралы 2024 жылғы есеп
  • ҚМГ‑ның 2022–2031 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру туралы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп
  • Әлемде қолданылып жатқан және ҚМГ компаниялар тобының кен орындарында пайдаланылатын өндіру технологиялары, сондай‑ақ ҚМГ компаниялар тобының көмірсутектерді өндіру технологияларын жетілдіруі мен инновациялар туралы ақпаратты қарау
  • ҚМГ‑ның стратегиялық қаржы‑экономикалық моделін әзірлеудің ағымдағы мәртебесі туралы мәселе
  • Жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы практикалық шешімдерді ҚМГ өндірістік процестеріне енгізу жөніндегі Жол картасын бекіту туралы, оның периметріне ҚМГ және 14 ЕТҰ кіреді, ол: барлау мен өндіруден құн тізбегінің барлық кезеңдерінде тиімділікті, қауіпсіздікті және орнықтылықты арттыруға бағытталған ЖИ‑технологияларды дамыту және енгізу жөніндегі іс‑қимыл жоспары тасымалдауға және сатуға дейін; болжамды аналитикада, ұңғымалардың цифрлық егіздерін құруда, бұрғылауды автоматтандыруда және шығарындыларды басқаруда ЖИ нәтижелілігіне қол жеткізу.
Инвестициялық тартымдылықты арттыру
  • 2024 жыл қорытындысы бойынша ҚМГ компаниялар тобының инвестициялық жобаларын іске асыру мәртебесі туралы ақпарат
  • 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларын іске асыруға жүргізілген мониторинг пен талдау нәтижелері туралы есепті қарау.
Қаржы‑шаруашылық қызметті лайықты түрде жоспарлауды қамтамасыз ету
  • ҚМГ‑ның 2024–2028 жылдарға арналған шоғырландырылған даму жоспарын іске асыру туралы 2024 жылғы есепті қарау
  • ҚМГ‑ның 2026–2030 жылдарға арналған шоғырландырылған даму жоспарын (бизнес‑жоспарын) бекіту
  • ҚМГ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 1 қарашадағы шешімімен (№22/2023 хаттама, №9 мәселе) айқындалған ҚМГ облигацияларын шығару шарттарына толықтыру енгізу, ҚМГ облигацияларын ішінара кері сатып алу (мерзімінен бұрын өтеу) және олардың ішінара кері сатып алу (мерзімінен бұрын өтеу) бағасын айқындау
  • Облигацияларды шығару (шығарылымдар) және орналастыру шарттарын айқындау, облигацияларды шығару, сондай‑ақ құны тиісті кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамына (базалық сценарий) сәйкес айқындалатын бағам бойынша теңгемен 200 000 000 (екі жүз миллион) АҚШ долларына баламалы шектен асатын мүлікті ҚМГ‑ның иеліктен шығаруына (немесе шығару мүмкіндігіне) әкелетін мәмілелерді немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімді келісу
  • 2047 және 2048 жылдары өтеуге жататын орта мерзімді жаһандық ноталарды кері сатып алу (мерзімінен бұрын өтеу) және олардың кері сатып алу (мерзімінен бұрын өтеу) бағасын айқындау, сондай‑ақ ҚМГ‑ның мүдделілік бар мәмілелерді – Offer to Purchase (сатып алу туралы ұсыныс) және Dealer Manager Agreement (дилер‑менеджер қызметтерін көрсету туралы келісім) жасасуын қарау.
Активтер портфелін басқару
  • «Қашаған»,«Қарашығанақ»,«Теңізшевройл»,«Қаламқас‑теңіз / Хазар» жобалары бойынша ақпарат
  • Мұнай‑газ‑химия кәсіпорындарын (зауыттарын) салу және пайдалануға беру жобаларын іске асыру мәртебесі, оның ішінде«PetroChem» ЖШС –«Полиэтилен»,«Газ сепарациялау кешені»,«Магистральды құбырлар»; Атырау облысындағы интеграцияланған газ‑химия кешені«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС жобаларының құрылыс барысы
  • «Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу» жобасын іске асырудың ағымдағы мәртебесі
  • Стратегиялық емес активтерді шығару жөніндегі жол карталарын бекіту
  • «Самұрық‑Қазына» АҚ компаниялар тобы құрылымынан 2023–2032 жылдары шығарылуға жататын ҚМГ стратегиялық емес активтерінің тізбесін бекіту
  • ҚМГ‑ның«Болашақ» жер қойнауын пайдалану жобасы бойынша инвестициялық жобасын келісу, Маңғыстау облысында (ішінара Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан)«Болашақ» жер қойнауы учаскесінде күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында жасалатын келісімшартты бекіту
  • «Жылыой» жобасын іске асыру үшін ҚМГ мен CNOOC HONG KONG HOLDING LIMITED арасында бірлескен қызмет туралы келісім мен қаржыландыру туралы келісім жасасу, «Zhylyoi Operating» ЖШС‑ні құруға ҚМГ‑ның қатысуы, сондай‑ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Жылыой» жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNOOC HONG KONG HOLDING LIMITED арасында келісімшарт жасасу; сондай‑ақ ҚМГ‑ның мүдделілік бар мәміле – ҚМГ, CNOOC HONG KONG HOLDING LIMITED және «Zhylyoi Operating» ЖШС арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімге қосылу туралы шарт жасасуы
  • Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысындағы «Өзен Солтүстік» жер қойнауы учаскесінде күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (құзыретті орган) мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (жер қойнауын пайдаланушы) арасында келісімшарт жасасу
  • «Атырау облысында бірыңғай дәлізде магистралды құбырларды (этан, пропан) салу» инвестициялық жобасының «Анықтау / Іске асыру» біріктірілген кезеңін келісу. Бұл жоба ҚМГ және/немесе дауыс беретін акциялары немесе қатысу үлестері тікелей немесе жанама түрде ҚМГ‑ға тиесілі ұйымдар тарапынан құны макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамына сәйкес теңгемен 200 млн АҚШ долларынан асатын инвестициялар салуды көздейді
  • «KMG PetroChem» ЖШС‑нің құны теңгемен 200 млн АҚШ долларынан асатын мүлікті сатып алуына әкелуі мүмкін мәмілені келісу – Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ‑химия кешенін салу (екінші кезең – газ бөлу кешенін салу) жобасы бойынша жобалау, материалдық‑техникалық қамтамасыз ету және құрылыс (EPC) туралы шартты Tecnimont S.p.A., «Текнимонт КЗ» ЖШС, Consolidated Contractors Company W.L.L. және Consolidated Contractors International Company S.A.L. консорциумымен жасасу
  • «KMG PetroChem» ЖШС‑нің құны теңгемен 200 млн АҚШ долларынан асатын мүлікті сатып алуына әкелуі мүмкін мәмілені келісу – Атырау облысында бірыңғай дәлізде магистралды құбырларды (этан, пропан) салу жобасы бойынша жобалау, материалдық‑техникалық қамтамасыз ету және құрылыс (EPC) жұмыстарын сатып алу туралы шартты China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd., CITIC Construction Co., Ltd. және «ЧППИ Қазақстан» ЖШС консорциумымен жасасу
  • «Ak Su KMG» ЖШС‑нің «Кендірлі» тұщыландыру зауыты» ЖШС жарғылық капиталындағы 100 % үлесін Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне өтеусіз беруін мақұлдау.